Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:15, реферат

Краткое описание

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы.docx

— 28.97 Кб (Скачать файл)

2. Әлемдік деңгейдегі  менеджмент қызметі құлдырау  жағдайында болған аса ірі  кәсіпорындарды қысқа мерзімде  қайта өркендетуге мүмкіндік  берді. 

3. Әлемдік рынокка  шығу жоне әлемдік шаруашылық  байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз  етілді.

3. Ескі экономикадан  — жаңа экономикаға: жолды  анықтау 

Мемлекеттің таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде  табиғи байлықтар қоры мен минералдық-шикізаттық ресурстар ескеріле отырып, республиканың  экономикадағы дәстүрлі артыкшылығын барынша пайдалану қажеттігі  көрсетілген. Қазақстан олардың  кейбірінің абсолюттік қоры бойынша  да, сондай-ақ өндіру, соның ішінде жан  басына шаққандағы өндіру бойынша да әлемдік біріншілікке ие екені белгілі. Республика бүгінде вольфрам, ванадий  рудаларының қоры бойынша — әлемде бірінші орын, құрамында хром бар  рудалар қоры бойынша — екінші (23 пайыз), марганец рудаларының коры бойынша үшінші орын алады. Қазақстанның үлесіне уранның әлемдік корының  — 25 пайызы, қорғасынның — 19, мырыштың — 13, мыс пен темірдің 10 пайызы келеді. Қазақстан геологиялық, тау-кен істерінің  дәстүрлі дамуын калпына келтіріп, нығайта, руда өңдеу мен металл балқыту  жөніндегі осы заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік  минералдық-шикізаттық кешендегі өзінің күшті позициясын сақтауға қабілетті  және солай етуі тиіс. Әлемде ұлттық экономиканың шикізаттық құрамына көзқарас келеңсіз емес екенін атап өткен жөн. Аса ірі 200 әлемдік компаниялардың 90-ы шикізаттық секторға жатады, олардың  үлесіне рейтингке барлық қатысушылар  өткізген өнімнің жалпы көлемінің 80 пайыздан астамы келеді. Минералдық шикізатты әлемдік өндірушілер  көшбасшыларының қатарына АҚШ, Австралия, ОАР, Канада, Қытай және Ресей секілді  әлемнің ірі елдері кіреді.

Сарапшылар атап көрсеткеніндей, табиғи ресурстарды  сату мемлекеттің мешеулігінің немесе оның үкіметінің білікті еместігінің  тіпті де дәлелі емес. Көптеген шикізаттық елдерде экономикалық дамудың жоғары деңгейіне өндіруді интенсивтендіру  және өз табиғи ресурстарын өңдеу  есебінен қол жеткізілген. Канада мен  Австралия секілді бірқатар жетекші  минералдық-шикізаттық мемлекеттердің тәжірибесі осы әлеуеттің ІЖӨ  өндіру көлеміне елеулі ықпалын дәлелдейді.

Қазақстанда минералдық-шикізаттық кешен әлемдік рыноктың талаптарына  барынша жедел бейімделді және бұл  экспорт құрылымынан да көрінеді. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы