Ақша қаражаттарының қозғалысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................3
I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі
1.1 Ақша қаражаттар операцияларын
есепке алудың мәні мен мақсаты.......................................................4
1.2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі............................6
1.3 Валюталық шот операцияларының есебі..................................11
ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі
2.1 Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі............................21
2.2 Төлем карточкаларының есебі...................................................27
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп беру.......................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................35

Содержимое работы - 1 файл

Фин учет Акша кар ес коз.DOC

— 263.50 Кб (Скачать файл)

2.   қолма-қол   валютаның   берілуі   (шығысы)   -валюталық   шығыс   касса ордерімен (тапсырмамен);

3.  шетелдік жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым үтінішімен ресімделеді.

Валюталық  шоттар  бойынша операциялардың  есебі  түмендегі  активтік шоттары бойынша жүргізіледі:

-    431-«Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақшалар»

-  432 «Шетелдегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақшалар. 432-шотты шетелдегі банктерде шоттары бар заңды түлғалар пайдаланады. Мүндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР Ұлттық Банкінің берген алдын ала рүқсаттың болуын талап етеді.  Бұл  орайда шаруашылық жүргізуші субъектісі аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша және басқа да мэліметтер бойынша  есептемені   ҚР  Ұлттық  Банкі   белгілеген   нысанда  және  мерзімде тапсыруға   міндетті.   431   шоттың   дебеті   бойынша   бастапқы   қалдық,   ақша қаражаттарының түсуі және  соңғы қалдық күрсетіледі.  431-шоттың кредиті бойынша субьектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарылуы (аударылуы, берілуі) күрініс табады. 431- шоттың кредиті бойынша операциялар банк күшірмесінің негізінде №2 журнал-ордерге, 431-шоттың дебеті бойынша №2 ведомостьке жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында Бас кітапқа күшіріледі.

431 - шот бойынша түмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:

1.   Экспортқа   жүнелтілген   өнімдер   мен   күрсетілген   қызметтер   үшін шетелдік сатып алушылардан түсім түскен кезде Д-т 431 К-т 301;

2.   Әртүрлі шетелдік дебиторлардан берешектің келіп түсуі Д-т 4312 К-т 334;

3.  Бүрын берілген аванстардың түсуі (қайтарылуы) Д-т 431 К-т 351,352;

4.  Шетелдік валютадағы шоттан ел ішіндегі валюталық шотқа келіп түскені Д-т 431 К-т 432

5.  Қүрылтайшылардың жарғылық капиталға салымы шетелдік валюртамен түскен кезде Д-т 431 К-т 511

6.  Шетелдік валютамен несие, займ алу Д-т 431 К-тр 601-603;

7.  Шетелдік валютамен аванс алынғанда Д-т 431 К-т 661,661;

8.   Тауарлы материалдық қорларды жеткізуге, жұмыс және қызмет үшін шетелдік валютамен  берілген аванс (алдын ала төлем) Д-т 351, 352 К-т 431;

9.   Шетелдік валюта аккредетивке есептелді Д-т 421 К-т 431;

10.  Банктерден қолма қол шетел валютасын алу Д-т 452 К-т 431;

11. Несиелер, займдар берешек үтелді (қайтарылды) Д-т 601-603 К-т 431;

12. Шетелдік жеткізушілердің шотын түлеу Д-т 671 К-т 431;13

13.  Өзге кредиторларға берешектерді үтеу Д-т 687 К-т 431;

14. Еншілес,    тэуелді    және    бірлесіп    бақыланатын    заңды    түлғаларға берешектерді үтеу Д-т 641-643 К-т 431;

15. Теріс бағамдық айырма Д-т 844 К-т 431;

Есеп айырысу мен валюталық шот боынша операциялардың есебін келесі беттегі №1 сызбадан күруге болады.

 

 

 

Есеп айырысу мен валюталық шотгар операцияларын есепке алудың сызбасы.1[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 сызба

Ақшалай чектер

 

Нақты жарнаға хабарландыру

 

Төлем тапсырмасы

 

Төлем талап тапсырмасы

 

 

г

 

 

 

 

 

ғ

 

1

 

 

Банк күшірмесі

 

 

 

 

т

 

 

43

і,432,441 дебеті бойьшша №2 ведомость   431, 432, 441 кредиті бойынша журнал ордер

 

 

 

 

г

 

 

Бас кітап

 

 

 

 

 

 

 

г

 

 

 

 

 

Қаржылық есеп беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жүмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса - бүл қолма қол ақшалар мен үзге қүндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бүлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.  Бұл  сейфтің кілті мен сургуч басатын мүр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген эрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен үііымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ¥лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сэйкес жүзеге асырылады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол үкілеттік берген түлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мүртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге үтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжахта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куэландыратын басқа да құжаттарын күрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса   қызметкері   осы   күрсетілген   құжаттарда   берілген,   яғни   жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бүлігін жазумен, ал тиынын сандармен күрсетеді.

Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс.  Бұл  құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады.  Бұл  ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жэрдемақы және сыйақыларды түлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша түлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бүл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде күрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті.  Бұл  операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері үз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мүртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «түленді» жазуымен үтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нүмірленген және мүрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы ... парақ номерленген». Жэне басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады.  Бұл  деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бүлігінде ("жұмыс күнінің басындағы қалдық" жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бүлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бүлігі кітапта қалатын бүлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бүлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бүлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.

Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса опреациялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бүхгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа кү-жатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бүл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектнінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 451, 452-шоттар қолданылады.  Бұл  шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша - берілуі күрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне үқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы күрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда күлік пен байланыстың объектілері 451-шотта мынадай аралық шоттар аша алады: 451/1- субъект кассасы,451/2-операциялық касса.

Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің, аялдама, үзен үткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 451/2 шотта ескеріледі.

451-452 шоттар бойынша шаруашылық операциялры

1.   Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражатары түсті Д-т 451,452 К-т 3 01

2.   Вексель бойынша түсті Д-т451,452 К-т 302

3.   Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жүмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 451,452 К-т 333

4.   Еншілес кәсіпорындардан және үзге серіктестерден берешектің түсуі Д-т 451,452 К-т 321-322

5.   Банк шоттарынан қолма қол ақшаның түсуі (чек бойынша) Д-т 451, 452 К-т431,441

6.   Қолма қол ақшалардың қү.рылтайшылардан түсуі Д-т 451, 452 К-т 511

7.   Займдар қолма қол ақшамен алынды Д-т 451, 452 К-т 602, 603

8.   Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқа да түленгендер Д-т 451, 452 К-т 611

9.   Өнімдерді, құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма қол ақшаға сату Д-т451,452К-т701,702

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы