Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Содержимое работы - 1 файл

Банк жұйесі.doc

— 242.00 Кб (Скачать файл)

      2006 жылдан бастап Ұлттық банктің  негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын қамтамасыз ету  ақша несие саясатындағы мүлдем  жаңа айқындама болып табылады.

      Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке келесідей міндеттер жүктелген:

      - мемлекеттің ақша несие саясатын  әзірлеу;

      - төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

      - валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

      - қаржы жүйесінің тұрақтыығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

      Ұлттық  банктің негізгі мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банктің жауапкершілігін  күшейтеді және ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық  таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

      Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзыында қалады. Осы міндетті  шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қарды нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.

      2007 жылы Америкадан басталған қаржы дағдарысы әлемнің көптеген мемлекеттерінде өз әсерін тигізіп отырғаны анық. Соған орай барлық елдер өздерінің қаржы жүйесін қорғап қалу мақсатында іс шаралар жасап жатыр. Біздің Үкімет те қаржы тұрақтылығын қорғау үшін банктерге қолдау жасауда. Альянс Банк, БТА Банк, Халық Банкі және Казкомерцбанк Үкіметтің қолдауына ие боды.

      Жалпы, банктердің қаржы айналымын тұрақты  жүргізудегі қызметтері алуан түрлі  болатыны анық. Атап айтқанда, өнеркәсіп  орындарына, шағын кәсіпкерлік иелеріне, жеке тұлғалардың үй алуына және басқа  да жобалар бойынша несиелер береді. Банктердің қызметі сонысымен қарқынды жүргізіледі. Алайда, ондай қызметтерді кең көлемде жүргізуге қазіргі таңда банктердің қаражаты жетпей жатыр. Сондықтан Үкімет төрт банкке қолдау жасап отыр.

      Берілген  қаражатты банктер тиімді пайдалануы қажет. Яғни, ел азаматтарының сұранысын қамтамасыз етіп, шағын кәсіпкерлерге, басқа да жобаларды жүзеге асыруға, құрылысы жүріп жатқан ірі нысандардың жұмысы тоқтап қалмауы үшін несие беруі керек.

      Үкіметтің «Қазақстанның Халық банкі» АҚ және «Казкомерцбанктерінің» несиелік саясатындағы ең басты артықшылықтардың бірі Қазақстанның барлық аумағындағы нақты секторлар жобаларын қаржыландыру болып табылады. Мәселен, биылғы 2008 жылдың 1 қазанындағы банк жүйесінің активтерінің үлесі -34,8 пайыз, займда  -36,9 пайыз, жеке тұлғалардың депозиттерінде -41,6 пайыз және заңды тұлғалардың депозиттерінде 42,6  пайызды құрайды. 2007 жылы бұл екі банк өз акциялары мен депозитерлық қолхаттарын Лондон қор биржасында орналастырған атты белгі банктер блып саналатындықтан көп нәрседен хабар болып отыр.

      Үкімет  атынан келісімге қол жеткізген  «Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры «Халық банк», «Казкомға» акционерлік капиталдың  25 пайызы көлеміндегі жай акциялардың қосымша эмиссиясына өз қатысуын шектейді.

      Қаржы саласын басқару тетіктері бақылауды тұр. Қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау үшін Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаражат бөлінді.

        «Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры рыноктық қағидаларды басшылыққа ала отырып, инвестор ретінде қызмет етпек. Банктердің корпоративті органдары өз жұмыстарын қазіргі заңнамаға сәйкес жүргізіп, акционерлік капитал мен акцияны сатып алуды ұлғайту жұмыстары «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес жүргізілмек.

      Қаржы дағдарысын болдырмау жөніндегі  іс шараларды жүргізу бірінші  кезектегі мәселе.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Бұл курс жұмысында Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жүргізген  реформаларының негізгі бағыттары, негізгі үрдістері  және олардың келешегі баяндалады.

     Қазақстанның  экономикасы соңғы жылдар ішінде жылдам қарқынмен өсіп келеді. Қазақстанның дамуындағы табыстың маңызды құрамдас бөлігі банк жүйесін жоспарлы реформалау болып табылады.

     Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының  орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылы 31 тамызында қабылданған «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

     Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет  реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының  банк жүйесі болып табылады.

1993-1994 жылдары Ұлттық банк халықаралық принциптер мен стандарттарға негізделген, оның ішінде пруденциалдық реттеудің нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру бойынша банк қадағалауының тиімді жүйесін құру жөнінде жұмыс жүргізді.

1995 жылы банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасымен экономиканы несиелеудің нарықтық нысандарына көшу және қаржы рыногын қалыптастыру міндеттері шешілді.

1996 жылы банк жүйесін реформалау бағдарламасымен банктердің халықаралық стандарттарға көшу міндеті айқындалды.

2000 жылдың басында жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі қосылды.

2000 жылғы наурызда салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында банктік құпия жөніндегі заңдар күшейтілді.

     Банк  операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Ұлттық банк банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін 2001жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банк қадағалауының осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдірді.

     Сонымен, сенімді банк жүйесі ұлттық валютаның тұрақтылығының және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың табысты болуының кепілі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның экономикасын реформалаудың барлық кезеңінде Ұлттық банк, еліміздің банк жүйесін сауықтандыру жөніндегі шараларды іске асырып отырды. 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

  1. «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі туралы»  ҚР Президентінің Заң күші бар  Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155.
  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444.
  3. Н.Назарбаев Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқытының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, - 1997. – 176 бет.
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы: Атамұра, 2005. – 48 бет.
  5. ҚР Ұлттық банкінің 2004 жылғы Жылдық есебі. Алматы: - 2005 ж. – 93 бет.
  6. ҚР Ұлттық банкі. № 032 Баспасөз Релизі 2005 ж. 17 қазан. 2-бет.
  7. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000 – 328 бет.
  8. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ - Алматы: Издат. Маркет,2004. – 246 бет.
  9. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. /-  Алматы: Издат. Маркет,2004. – 246 бет.
  10. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001 – 165 бет.
  11. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. - Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
  12. Банки и банковские операции: Учебник. / Под ред.Проф. Н.Ф. Жукова.
  13. Основы банковского менеджмента Учебное пособие/ Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: Инфра, 1995. – 141 с.
  14. Банковское дело/ Под ред. О.М.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 576 с.
  15. Усоскин В.М. Современные коммерческие банки. – М., 1994. – 320 с. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 471 с.
  16. «Банк саласы дамудың жаңа сатысына көтерілді». Дала мен қала № 4 (81) 28 қаңтар, жұма, 2005ж.
  17. Қазақстанда қаржы-банк жүйесі қалай қалыптасты? Қазақ тарихы 2005 ж. № 4, – 74-77 бет.
  18. Теңізбаева А.С. «Қазақстанда банк жүйесі мен банк заңдарының қалыптасуы және дамуы» Құқық және мемлекет – 2003 (№3) 28-29 бет.

                                              
     
     
     

Қосымша мәліметтер А

 

    Жеке  тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық  кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктердің  
2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 
 
ТІЗІЛІМІ

     
 
1.«ТұранӘлемБанкі» АҚ 
2.«БанкЦентрКредит» АҚ 
3.«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ 
4.«АТФБанкі» АҚ 
5.«AБН АМРО Банк Қазақстан»ЕАБ» ЖАҚ 
6.«Темірбанк» АҚ 
7.«Демир Қазақстан Банк» ААҚ 
8.«Казкоммерцбанк» АҚ 
9.«Нұрбанк» АҚ 
10.«Каспий Банкі» АҚ 
11.«Ситибанк Қазақстан» АҚ 
12.«Нефтебанк» АҚ 
13.«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ 
14.«Еуразиялық банк» АҚ 
15.«Цеснабанк» АҚ 
16.«Альянс Банк» АҚ 
17.«Альфа-Банк» ЕБ АҚ 
18.«Валют-Транзит Банк» АҚ 
19.«TEXAKABANK» АҚ 
20.«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ 
21.«ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ ЖАҚ  
22.«Бірлескен банк «ЛАРИБА-БАНК» АҚ 
23.«Сенім-Банк» АҚ 
24.«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 
25.«Заман-Банк» АҚ 
26.«Қазақстанның Индустриалды Банкі» АҚ 
27.«Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» ЖАҚ 
28.«Еншілік банк «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЖАҚ 
29.«Данабанк» АҚ 
30.«Алаш-Банк» ЖАҚ 
31.«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіптік банкі» ЖАҚ 
32.«Казинвестбанк» АҚ 
33.«Алматы» Халықаралық Банкі» АҚ 
34.«Пакістан Ұлттық банкісінің» Қазақстандағы еншілес банкі ЖАҚ

Информация о работе Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы