Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Содержимое работы - 1 файл

Банк жұйесі.doc

— 242.00 Кб (Скачать файл)

    КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда  салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:

    1. Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

    2. Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның  қызметтері КСРО Мембанкі мен  Құрылысбанк арасында үлестірілді.

    3. Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк өз  жұмысын тоқтатты, ал активтері  мен пассивтері 1959 ж таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.

    4. Ценкомбанк, 1959 ж таратылды да  оның қызметтері КСРО Құрылыс  банк мен Мембанк арасында  үлестірілді. /3, 165 б./

    КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жианқ банкі, құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік- есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

    Банк  жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң  – «Мемлекеттік банк туралы» Заң  және «Банктер және банк қызметі туралы»  Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады.

    Тәуелсіз  Қазақстан Республикасының  Банк жүйесінің қалыптасу  мен даму жолдарын бірнеше кезеңге  бөлуге болады (1-кесте).

    Бірінші кезең, 1917 мен 1930 жылдар аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

    Екінші  кезең, 1930-1987 жылдардың аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

    Үшінші  кезең, 1988-1991 жылдар аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі (банктердің банкісі) ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативті актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

    Төртінші  кезең, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы /7.,180 б./

    Төртінші  кезең өзгеріп отырған қызмет жағдайына қарай банк жүйесі икемделуімен сипатталады.

    1995 жылы Қазақстандағы банк жүйесін қайта құрудың алғашқы бағдарламасы әзірленіп жатты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 15 ақпанда бекітілді. Атаулы құжат 1) өз кезегінде ақшалай несиелік саясатты тиімді жүргізіп, Ұлттық банк үшін заңдармен көзделген негізгі міндеттерді барынша толығымен орындауға ықпал жасар еді;  

    1 – кесте.

    Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу  және даму кезеңдері 

1930 жылға дейінгі банк жүйесі 1930-1987 жж.

(Одақтық  бір деңгейлі банк  жүйесі)

1988-1990 жж.

(Одақтық  бір деңгейлі маманданған  банктер жүйесі)

1991 жылдан бастап (дербес  екі деңгейлі банк  жүйесі)
Ресей Мемлекеттік Банкі және көптеген несие-банк мекемелері 1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі).

2. КСРО Мемлекеттік  Құрылыс банкі.

3. КСРО Сыртқы- сауда банкі.

1. Банк жүйесін  қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі  және Маманданған банктер: КСРО  Өнеркәсіп құрылыс банкі. КСРО  Агроөнеркәсіп банкі. КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы-эконом банкі.

2. Жаңадан кооперативтік  және коммерциялық банктердің  құрыла бастау.

1. Егемен Қазақстанда  өзінің банк жүйесінің құрылуы.  Екі деңгейлі банк жүйесі - Ұлттық  банк және коммерциялық банктер.
 

    2) экономикалық көтермелеу шараларын  және нормативтік жетілдіру құралдарын  дұрыс қолдану көмегімен және  Ұлттық Банк тарапынан бақылауды  күшейту халықаралық стандарттарға  жақын келетін банктер тобына  сай деңгейдегі, барлық коммерциялық  банктер қызметін сапалы жақсартуға әкелуі мүмкін; 3) банкаралық ақша-несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолымен, олар арқылы пайыздық ставкалар мен айырбастау курсы айқындаушы жағдайға дейін жетіп, және Ұлттық Банк оларға тек өзінің жалпы реттеу әдісі және іріктеп тексеру әдісі арқылы ғана әсер етуі; 4) республикалық деффицитті Ұлттық Банктің тікелей несиелеуден бас тартып, оны ішкі және сыртқы қаржылық нарығында инфляциялық тәсілмен қаржыландыруға көшуі; 5) шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жүзеге асырылатын төлемдердің уақытында болуы, тиімділігі және қауіпсіздігі саласында сапалы деңгейге жету және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін құруды кеңейту; 6) орта, ұзақ мерзімдік инвестициялық несиелеу жүйесінің негізін қалауы.

    Осылайша, Бағдарламаның  біржақты болуына қарамастан, нақты алғанда оны жүзеге асырылуына қол жеткізілді. Бәрінен бұрын, ақша-несиелік реттеудің тәсілдері мен құралдары дами түсті. Банктерді қайта қаржыландыру механизмі мәнді өзгерістерге ұшырады. Директивтік несиелер беру 1995 жылдың ақпан айынан бастап тоқтатылды. Орталықтандырылған қайнар көздердің есебінен берілетін несиелердің көлемі мен мерзімдері қысқартылды. Экономиканы несиелеу міндеті негізінен алғанда Ұлттық Банктен халық салымдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін қаражаттарын тарту және өздерінің жеке сыртқы қарыз алу жолдары есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз ету жүктелген екінші деңгейдегі банктерге көшті. Ұлттық Банк орталық банктерге тән міндеттерді атқаруға кірісті: олардың жойылу қаупін қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы алғанда ақша-несиелік және валюталық реттеу.

    1995 жылдың тамыз айында  Қазақстан Республикасының  «Банктер және  банк қызметі туралы» Заң шықты. Осы заң бойынша банк құрылымының негіздері, оларды құру және жою тәртібі, олардың қызмет ету тәртібі анықталды және екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгейіне – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орналасты, ал екінші деңгейіне -  басқа банктер кірді. Олар – мемлекеттік банк, депозиттік банк, инвестициялық банк, мемлекетаралық банк және шетел қатысуымен құрылған банктер. Нарықтық экономика принципінде құрылған банктердің маңызы зор. Банк жүйесінің бір қалыпты қызмет етуі бүтіндей экономиканың дамуына ықпал етеді.

    1998 жылдың соңына қарай Қазақстанның  екінші дәрежелі банк жүйесі екінші деңгейлі банктерден тұрды және банктік емес қаржылық мекемелер жүйесімен толықтырылды. Екінші деңгейдегі банктер корпоративтік бағалы қағаздарды инвестициялаумен және оларға диллерлік операция жүргізуден басқа, барлық банктік қызмет түрлерін көрсетеді, жүзеге асырады және қажетті капитализация деңгейіне қол жеткізеді.

    Сонымен қатар, 2003 жылы 6 наурызда «Микрокредиттік ұйым» туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар пайда болды. Олар Қазақстан Республикасының несие жүйесіне кіретін жаңа нысандағы мекеме болып табылады. Бұл мекемелер нарықтағы өзгерістерге байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерді қамтамасыз ету және оларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылған.

    Еліміздің банк жүйесінің дамуының қазіргі кезеңіндегі барлық проблемалар сыртқы және ішкі сипатта болады. Сыртқы сипаттағы негізгі факторларға мыналарды жатқызады: Қазақстан банктері өзінің дамуының соңғы жылдарында саясатта, экономикада және әлеуметтік салада күрделі қарама-қайшы және болжауға жатпайтын құбылыстардың ортасында қалып отырды. Банктік құрылым мемлекеттің жалпы экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Банк жүйесінің экономикалық дамуға қоса алатын және қосуға міндетті үлесі тиімді мемлекеттік басқаруға, банктік жүйенің қызметін реттейтін заңдарға, экономикаға және саяси ортаға, сондай-ақ, еліміздің салт-дәстүріне байланысты болады. Аталған факторлар банктердің дамуының және қызмет етуінің сипатын анықтайды.

    Банк  жүйесінің объективті түрде дамуының негізін қалаушы қағидаларының бірі – нарықтың барлық субъектілері үшін мүмкіндіктерінің теңдігі принципі, соның ішінде билік пен ара-қатынастарының теңдігі. Іс жүзінде Қазақстан егемендік алған күннен бастап банктік қызмет саласына мемлекеттің араласуы экономиканың басқа секторымен салыстырғанда орасан зор болды. Осыған байланысты банк жүйесінің Үкіметтік және басқа да мемлекеттік органдарға қатысты мүдделерін білдіру үшін банктердің экономикалық-саяси одақтар құру құқықтарын заңды түрде рәсімдеу ұсынылған болатын. Атаулы одақтың құрамына кіретін банктердің адал қызметін және өтемділігін бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік бақылау органынан тәуелсіз одақтың құрамына ревизиялық комиссиялар кіретін болды. Сонымен бірге мемлекеттің несиелік қызметін, бағытын және тәртібін қамтамасыз ету үшін, несие ісі туралы заң қабылдануы қажет. Бұл заң бақылау мен қадағалаудың нысандары туралы, қызметтердің коммерциялық мәні туралы, несие ісінде заң бұзушылықтар мен күрес жөніндегі нұсқауларды қамтуы тиіс.

    Сенімді банк жүйесі ұлттық валютаның тұрақтылығының және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың табысты болуының кепілі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның экономикасын реформалаудың барлық кезеңінде Ұлттық Банк еліміздің банк жүйесін сауықтандыру жөніндегі шараларды іске асырып отырды.

II бөлім. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру

2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының Орталық банкі

 

    Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.  
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа  елдердің орталық банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.

    Ұлттық  банк – заңды тұлға, дербес балансы  бар, өзіне тікелей бағынатын  төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі  салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерден өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның  құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы бар /7.,182 б./ 

    Ұлттық  Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының  Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

    Ұлттық  Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті басқару органы –  Директорлар кеңесі болып табылады.

    Ұлттық  Банктің негізгі  мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

    ־ мемлекеттің ақша - несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

    ־ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

    ־ валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

    ־ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

    Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

    ־ айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;

Информация о работе Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы