Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:59, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар нарығы –шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың саналуан түрлері сатылатын және сатып алатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвистициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін артыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың сан алуандылығымен қол жетеді. Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Ол әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвистициялау процесіне қатысты.

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері.doc

— 44.00 Кб (Скачать файл)

Бағалы  қағаздар нарығы мен  түрлері.

 
  Бағалы қағаздар нарығы –шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың саналуан түрлері сатылатын және сатып алатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл  нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвистициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін артыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың сан алуандылығымен қол жетеді. Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Ол әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвистициялау процесіне қатысты.  
 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықтайды. Тек осыдан тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды түрлі шығындарға тиімді етіп бағыттай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі тиісті құқықтық негіздерсіз де мүмкін емес.  
 “Бағалы қағаздар нарығы туралы” заңның қабылдануы қор нарығында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туып отыр. Бұл заңның қызмет аясы онымен бірге бір бумада (пакетте) қабылданған “Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы” заңдарымен іштей астарласып жатыр. “шаруашылық серіптестіктері туралы” заң күші бар жарлыққа түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, “акционерлік қоғамдар туралы” заң қабылданғаннан кейін қаржы нарығының қызмет ететін сферасы болып табылатын бағалы қағаздар нарығының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.  
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қысқаша мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпоындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 – 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30 ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы соммасы 110 млрд сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 % құрады.  
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жасау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рольін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарынан ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді. 

  Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақты шаруашылық келісім шарттарға негізделеді.Әлемдік қаржы дағдарысының  және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар нарығында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

  Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы. 
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретіне олардың мүліктік сипатын айтуцға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыруға тиіс. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акцияның соммасын алуға мүмкіндік береді. Сондай – ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның, фирманың, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.  
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: оларғы акциялар, облигациялар, мемлекеттің борышқорлық міндеттемелері, банктердің депозит және жинақ сертификаттары, ұлттық банктің мерзімді ноттары жатады. Бағалы қағаздарға банк иесін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорплық қолхаттар, өсиехат (өсиетнама), лоторея билеттері, сақтық полистері жатпайды. 
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, ондай – ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға берудің мүмкіндігін қарастырылады.  
 Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. 
Атаулы бағалы қағазбен кукәландырылған құқықтар онда аталған адамдар тиесіліболады.  
   Акция – қоғам ығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам жойылғаннан кейін оның қалған мүлкінің бір бөлігіне акционерлердің құқықтарын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация ұстаушының оны шығарған дамнан онда көзделген мерзімде нақты құнымен облигация немесе басқа мүліктік балама алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация деп атаймыз. Облигпация өзінің ұстаушысына облигацияның нақты құнының онда көрсетілген сиақыны (мүдден) не өзге де мүліктік құқықтық алуына құқық береді. 

  Облигациялардың мынадай түрлері болады: 
-    ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары. 
-    Кәсіпорындардың облигациялары.

  Ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды көптеген де төленеді. 

  Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарлығына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.  
Облигациялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигацияардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қарадаттары есебінен сатып алады.  
Коосамент – жеке тұлғаның немесе заңды ұйымның жүк жөнелтушіге берген және жүкті тасымалдауға алынғанын куәландыратын қолхат. 
 Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңды тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық бондар, облигациялар және басқалар. 

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері