Африка саваннасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Африканың жер қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер үлесі Оңтүстік - Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5 – і ғана өңделеді. Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі топырақтардың егіншілік үшін маңызы өте зор. Субтропиктер мен тропиктік белдеу топырақтары біршама құнарлы болып келеді, тек қосымша суаруды қажет етеді. Ал ылғалды экваторлық ормандардағы ферралиті топырақ, керісінше артық ылғал әсерінен шайылу мен үгілуге оңай беріледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .......................................................................................................2
1 тарау. Саванналар туралы жалпы түсінік ...............................................3
1.1.Саванна және сирек орман ұғымына анықтама беру .........................5
1.2. Саваннаның түрлеріне жалпы шолу ....................................................6
1.3. Субэкваторлық, тропиктік белдеудегі ылғалды, құрғақ, бұталы
саванна түрлеріне қысқаша сипаттама ......................................................8
2 тарау. Африка саваннасының қазіргі жағдайы .......................................9
2.1. Африканың географиялық орны .......................................................11
2.2. Африканың солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі саванна ...............13
айырмашылықтары мен ерекшеліктері ....................................................13
2.3. Саваннада кездесетін өсімдіктер мен жануарлар, қорғау
проблемалары .............................................................................................15
2.4. Африка аумағындағы ұлттық саябақтар, қорықтар .........................21
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................25

Содержимое работы - 1 файл

Африка саваннасы.docx

— 1.13 Мб (Скачать файл)

     айырмашылықтары мен ерекшеліктері

     Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі  ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.

     Африка  материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта  тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия  шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.

     Материктің  шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд  мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун  мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.

     Африка  жағалауында аралдар онша көп  емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.

     Атлант  мұхитында материктік және вулкандық  аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл  Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан- Томе, Аннобон.

     Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.

     Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен  тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

     Біздің  эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын  материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Арабия түбегінен арабтар өткен.

     XV ғасырда португалдықтар Индияға  апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және африка елдерін европалықтардың басып алуынынңбастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. ХІХ ғасырдағы зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі - Африканың eң ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі гсографиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843 -1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.

     ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ніл мен  Конго суайрығы облысын зерттеу  жұмыстарын орыс ғйлымы В. В. ІОнкер жүргізді.

     ХІХ ғасырдың бірінші жартысында түгел  континенттің тұтастай және оның жекелей  бөлшектері немесе елдері геогрйфиясы  ірі жинақталған жұмыстар жасалды.

     Африканы  зерттеудегі ірі бетбұрыс 1960 жылы басталды, өйткені ол кезде бұрынғы отарлардың орнына жаңа, жас тәуслсіз мeмлекеттер пайда бола бастады. Олардың үкіметтері социалистік елдердің, бірінші кезекте Советтер Одағының көмегімен аса бай табиғи ресурстарды: қазба байлықтарды, гидроэнергетикалық ресypстарды, жер асты су көздерінің қоры және т.6. іздестіруге және пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізуде. Сoнымен қатар Африканың әр түрлі аудандарында 6ілімнің сан алуан саласы үшін үлкен теориялық маңызы бap зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Олар: Шығыс Африканың рифтік зоналары облыстарын комплексті зсрттеу, антропогеннің палеографиясын , оньщ ішінде адамның пайда болғанға дейінгі жағдаятын зсрттеу тағы с. с.

     Біздің  елімізде Африка жөнінде ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен картографиялық материалдар жарық көріп тұрады. /5/ 
 
 
 
 

     5. Африканың  атласы. – М.: ГУГК, 1968.

 

     

     2.3. Саваннада кездесетін  өсімдіктер мен  жануарлар, қорғау

     проблемалары

     Экватордан  солтүстікке және оңтүстікке қарай  ылғалды тропиктік ормандар саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың  құрамы кедейленеді, тұтас орман  массивтерінің арасынан саванна  дақтары пайда бола бастайды. Бірте  – бірте ылғалды тропиктік  ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын  ағаштар немесе саванналар басып  кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды  кезеңнің қысқаруының және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін  кезеңнің пайда болуының ықпалымен  жүреді.

     Жаңбырлы  кезең 8 – 9 айға созылатын астық  тұқымдас саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты  боз шағыл тағы басқалалар. Жайқалған  астық тұқымдастардың арасында жекелеген  ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық  тұқымдас саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда  астық тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым  кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай ұшырасады.

     Оңтүстік  Америкамен және Азиямен байланыс кейінірек  үзілді, Африканың флорасьнда осы  материктердің өсімдіктерімен ортақ  жабық тұқымды өсімдіктердің  туыстары мен тұқымдастарының едәуірі  бар.

     Жылдық  жауын – шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториалды климaт белдеуінде ормандар гумусқа бaй күлгінденген латерит топырақтарда өседі. Ылғалды тропиктік ормандар материктің шамaмен 8% алабын aлып жатыр. Олар Kонго бассейнінде экватордан солтүстікке қарай 4˚с.е. дейін және экватордан оңтүстікке қарай 5˚о.е. дейін тараған. Сонымен қатар ормандар Гвинея жағалауын шамамсн 8˚с.е. дейін алып жатыр.Өзен атырауларындa және толысу кезінде су басып кететін жағалауларда, әсіресе Гвинея шығанағында мангр тоғайлары үстем.

     Алғашқы жаңбыр ормандары Конго қазан шұңқырының тек орталық бөлігінде сақталған, басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан солтүстікке қарай оларды аласа, қайта шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының солтүстік шекарасы маңында ормандар, бәлкім, орман өсімдігі үнемі өртеп отырудың нәтижесінде өз орнын саваннаға берген болар.

     Ариканың  ылғалды тропиктік ормандары  өзінің түр қүpaмының байлығы мен  алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың трониктік ормандарына  қарағанда біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын  алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы (llaeis guil1eensis), шарап пальмасы (Rhaplhia), сейба (Ceiba tоnnіngі), кола ағашы (Соlа nіtіdа) тағы басқалар құрайды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия кофе ағашы (Соffеа lіЬегіса) өседі. Лианалардың ішінде ерекше орынды ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы (Calamus) және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi – зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан) және азық-түліктік (тұқымдарынан) май бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла береді және сондай-ақ маргаринге қоспа ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы тропиктік елдердің плантациялық дақылы ретінде тек өз елінде ғана емес, сонымен, қатар Малайя архипелагының аралдарына кеңінен тараған. Оңтүстік америкадан әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары, какао ағашы, каучук көп жерде табиғи өсімдіктерді ығыстырып шығарады. Жергілікті халықтар баннан, маниок, батат өсіреді.

     

     Материктің, солтүстік – батыс және оңтүстік – батысындағы жағалауларда және тау беткейлерінің төменгі бөліктерінде мәңгі жасыл қатаң жапырақты  бұталардың астында субтропиктік қошқыл қоңыр топырақ тараған. Тау беткейлерінің  жоғарғы бөліктеріндегі жалпақ жапырақты  ормандардың астындағы топырақ  – тау – орманының қоңыр  топырағы.

     Африканың солтүстік – батыс шет аймағының  флорасының құрамында Оңтүстік Европаның  жақындығы байқалады. /6/ 

     6. Забродская М.П. Физическая география Африки. - М.: Просвещение, 1973.

     Көп доминионының алабында жатқан материктің оңтүстік – батысы африканың қалған бөлігінен үлкен түр өзгешелігімен  ерекшеленеді. Өзінің сыртқы көрінісі жағынан Оңтүстік Европалық немесе Солтүстік Африкалық маквиске жақын бұта қaулары семьялық тұрғысынан протейн, вepeск т. б.тұкымдастарға жататын эндемик туыстар мен түрлерден тұрады. Олар көбіне түкті болып келеді (ысалы күміс ағаш) және жпырақары сұрғылт немесе көгілдір реңді болып келеді. Шөптесін өсімдіктердің ішінде әсіресе лала гүлдер, құртқа гүлдер, амариллистер тұқымдастарынан баданалылар және тамыр сабақтылар жиі кездеседі.

     Африканын сондай-ақ  климаты  субтропиктік, бірақ ылғалдануы анағұрлым бір қалыпты қиыр оңтүстік-шығысында табиғи өсімдік жамылғысында субтропиктік қызыл топырақта темір ағаштан , сары ағаштан , кап үшкір жапырақтысынан, ағаш типтес папоротниктен, алып шөптерден (мысалы, стерлийий) тұратын мәнгі жасыл ормандар басым. Жағадан шалғай және сондыктан да неғұрлым құрғақ таулы үстірттерде қызғылт қара түсті топырақтар (ол негізгі вулкандық жыныстар кеңінен тараған аудандарда қара түсті топырақпен алмасады) субтропиктік далалардың шөпті астық тұқымдас өсімдігі басым.

     Кап флорасы дүние жүзіне әдемі гүлдейтін  көптеген әр түрлі сәнді өсімдіктер берді, бірақ тағамдык өсімдіктер Африканың  оңтүстік бөлігіне Европадан әкелінген. Көбінесе олap Европалық Жерорта теңізі алқабына тән дақылдар: цитрустар, жүзім шыбығы бидай және баска астық тұқымдастар.

     Мадагаскар  аралы флорасы жөнінен Африкаға қарағанда біршама ерекшеленеді, өйткені ол материктен әлдекашан бөлініп кеткен-ді. Ол флорасының кұрамы жөнінен Африкадан Азияға өтпелі жағдайда және онда эндемик түрлер көп (шамамен 75%). Жауын-шашынның солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай азаюына байланысты Мадагаскардың өсімдік жамылғысы да өзгереді: шығыс жағалауда және таулардың шығыс беткейлерінде ылғалды тропиктік ормандар басым, олар батысқа карай саваннамен және селдір орманмен, ал оңтүстік-батыстағы үстіртте-кұрғак бұталы даламен алмасады.

     Январьда  материктің оңтүстік бөлігі көбірек  қызады, ал сол:түстік бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды субтропиктік белдеу Сахараның солтүстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-Атланттық максимуммен түйіседі. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста қоңыржай ендіктердің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалына түседі.

     Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды  тоқырау орын тебеді де оған қарай  көршілес мұхиттардан да, солтүстік  жарты шардан да ауа ағылады.

     Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға  қарай қызған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негізгі үш ауа толқыны түрінде қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны деп аталады да экваторды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік бөлігіне дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шеткері жағы бойымен келе жатқан оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея жағалауына қарай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының солтүстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шеткері жағымен ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея шығанағының жағалауына жете алмайды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері соғып тұрады. Бірақ үлкен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында ең құрғақ ай болып табылады.

     Оңтүстік-Үнді максимумы январьда онтүстікке қарай  көп ығыстырылады. Ол Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс пассаттарына бастама береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді.

     Афрнканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері жағының ықпалында  болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен анағұрлым биік ендіктерден  салыстырмалы суық ауа массасының келуіне байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-шашын болмайды.

     Атлант  ауасының Үнді мұхитынан жететін  массалармен түйісетін ауданында фронт пайда болады, соған байланысты Калахиридің батысында жауын-шашын мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда біршама арта түседі.

Информация о работе Африка саваннасы