Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.
Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы
түсiнiктер………………………………………………………………........5
1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
мұзтүзілу аймақтары………………………………………………….........17
1.3 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау
мұздықтарындағы су қоры............................................................................25
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫНДАҒЫ СУ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы су қорлары....................................28
2.2 Балқаш-Алакөл ойыстарындағы мұздықтарының көлемі........................31
2.3 Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары......................................................36
2.4 Жетісу Алатауымен Сәуір тауларындағы қазіргі мұзбасулар.................41
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................47
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................51

Содержимое работы - 1 файл

мұздық диплом геогр.doc

— 352.00 Кб (Скачать файл)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

География-экология факультеті

«Қазақстан географиясы және географияны оқыту әдістемесі» кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы»

 

 

Қорғауға жіберілді                                         Ғылыми жетекшісі

«____» _________2009ж.                                аға оқытушы Саванчиева А.С.

Хаттама №____

 

Кафедра меңгерушісі,

профессор Ахметов Е.А.

________________

 

Норма бақылаушы                                               Орындаған:

Исмаилова А.Н.                                                     «география-туризм»

________________                                                  мамандығының 4 курс

                                                                                  студенті       

                                                                                  Бекмағамбетқызы Құралай

 

Алматы, 2009ж.

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ

1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы

     түсiнiктер………………………………………………………………........5

1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен

      мұзтүзілу аймақтары………………………………………………….........17

1.3 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау     

      мұздықтарындағы су қоры............................................................................25

2    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫНДАҒЫ СУ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1 Қазақстандағы  тау мұздықтарындағы су қорлары....................................28

2.2  Балқаш-Алакөл ойыстарындағы мұздықтарының көлемі........................31

2.3  Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары......................................................36

2.4  Жетісу Алатауымен Сәуір тауларындағы қазіргі мұзбасулар.................41

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................47

ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................51

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.

Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Бітіру жұмысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мұздықтарының негізгі түрлерін, қоректену режимі мен олардың түзілуіне әсер ететін факторлар мен таралуын, шаруашылық маңызын, жер бедерін түзудегі алатын орнын анықтауымен өзекті.

Бітіру жұмысының мақсаты :

-                     Қазақстанның аумағындағы тау мұздықтарының таралуына әсер ететін табиғи факторларды анықтау;

-                     Мұздықтардың режимі мен динамикасын, қоректену режимі мен олардың негізгі бөліктерін айқындау;

-                     Морфологиялық типтерін, таралған аудандарын зерттеп сараптау.

     Бітіру жұмысының міндеттері:

-                     Қазақстандағы су ресурстарын реттеу мен баға берудегі мұз бен қар жамылғыларының мәнін анықтау;

-                     Табиғи ортаға мониторинг жүргізу кезіндегі түрлі мәселерді шешуде нивальдық-гляциальдық құбылыстардың рөлін зерттеу;

-                     Қар жамылғысы мен мұздардың әр түріне жасанды жолмен әсер етуін қарастыру;

Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері. Ұсынылған жұмыстың теориялық негізі ретінде Л.Г.Долгунин мен Г.Б.Осипованың редакциялық басшылығымен шыққан «Ледники» кітабынан зерттеу жұмыстары алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.

    Бітіру жұмысының практикалық маңызы: Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.

    Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны : Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    Кіріспеде жұмыстың өзектілігі мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.

    Бірінші тарауда Қазақстан тауларындағы қар және мұз ресурстары , олардың компоненттеріне, тау мұздықтарындағы су қорына талдау жасалған.Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстықтарындағы мұздықтардың көлемі мен Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары қарастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ

1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы түсiнiктер

 

Гляциология ғылымының қазiргi кездегi деңгейi табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы шеңберiнде мұздарды зертгеудің практикалық және ғылыми мiндeттepiнe байланысты. Гляциология ғылымы география, гидрология, гео­физика және геология ғылымдарымен тығыз байланысты

Ол жер бетiндегi (мұздықтар, мұз қиыршықтары, қар жамылғылары), атмосферадағы (қар, қырау, бұршақ, қарлы жаңбыр), гидросферадағы (көл, өзен және теңіз мұздықтары) және литосферадағы (жер асты мұздары) барлық табиғи мұздарды - олардың пайда болуын, физикалық және химиялық қасиеттерiн, жердiң су балансындaғы және планетаның табиғи дамуындaғы aтқаpaтын рөлiн зерттейдi. [1]

Гляциологияның қазiргi кездегi мәселелерi сумен қам­тамасыз ету үшiн су ресурстарын қолданyын, гидроэнергети­калық дамуы мен суармалы жерлердің суландырудағы, биiк таулы аймақтарды меңгерудегi, қар көшкiнi мен селдерден cақтанудағы, радиоактивтi шөгiндiлерге бақылау жасау мен  климаттағы өзгерiстердi зерттеулермен байланысты.

Гляциологияның және оның жекелеген бағыттaрының басты түйінді мәселелері:

      Жер табиғатының эволюциялық дамуы мен               табиғи               ортаның өзгеруiн болжаудағы мұздардың атқаратын рөлiн зерттеу;

      табиғи ортаға мониторинг жүргiзу кезiндегi түрлi мәселелердi шешуде нивальдық-гляциальдық құбы­лыстардың рөлiн зерттеу;

      су ресурстарын реттеу мен бағa берудегi мұз бен қар жамылғыларының мәнін aнықтау;

      қар жамылғысы мен мұздардың әр түpiнe жасанды жолмен әсер eтуін қарастыру.

Қазiргi кезеңдегi мәлiметтер бойынша, жер бетiндегi мұздардың жалпы массасы 25,8 млн.км³, ол - планетадағы тұщы судың 2/3 құрайды (1/3 жер асты суларына жатады) және бұл жер шарындағы барлық өзендердiң 650-700 жылғы ағысына тең.

Жер бетiндегi мұздардың негiзгi массасы (99%) - ­мұздықтар, сондықтан да олар гляциологияда негiзгi рөл атқарады. Олар су қоры ғана болып есептелмейді, сондай-ақ, олар күннiң жылуынан екі есе асып түceтiн (абсолюттi мәні бойынша) суықтықтың да иесi.

Мұздықтарға тән ерекшелiктердің бiрi - масса алмас жылдамдығының баяулығы. Ол орта есепnен 9600 жылға, Орталық Антарктида үшiн - қатты фазадағы су қорының толық қалпына келу кезеңi 20000 жылға созылады.  [2]

Материктер мен теңiз мұздарының өте үлкен массасы жер шарының полярлы аймақтарындағы қазiргi уақыттағы ендiктi зоналық үрдiстерiн анықтап, атмосфераның планетарлық ай­налымын күшейтедi. Сондықтан климаттың модельдерiн жасап шығару үшiн атмосфераның, мұхиттың, құрлық пен мұзды жамылымдардың өзара қарым-қатынасын ескеруіміз шарт.

Мұздану мәселесi әлемдiк мұхит дeңгeйiнe де айтарлықтай әсер етедi. Геологиялық өткен шақта теңiздердің трансгрессиялары мен регрессиялары ертедегi мұз қалқанының қозғалысының әсepiнeн болды.

Жер табиғатында мезгiлдiк мұздар мен қарлы жамылым­дардың атқаратын рөлi зор. Қыстың соңында ол солтүстiк жарты шардың - 99 млн. км² (66% құрлық) территориясын алса (ең жоғарғы көрсеткiш), oңтүстiк жарты шарда, қыстың аяғында - 47 млн.км² (33% құрлық) аумақты қамтиды.[2]

Жер бетiндегi өзен суларының негiзгi бөлiгiн, қар epyiнeн пайда болатын ағыстар құрайды. Тауалдындағы жерлердi суаратын сулардың қарлылығы, жазықты жерлерге қарағанда 5-10 есе көп болады, себебi, олар жоғары биiкте қалыптасады.

Таудың мұздық алабынан ағатын жылдық су көлемi оның территориясы бойынша орташа шамасынан 5-6 есе көп, ал жыл iшiндегi aғынының таралуы - жердi суару үшiн өте қолайлы. Демек, Қазақстан тауының мұздануы оның ауданының небары 5 % алатын болса да, жылдық aғыстың 20 %, жылы кезеңдерде 50 % бередi екен, бұл ағыстың ең жоғары көрсеткiшi маусым мен тамыз айларына келедi. Бұл - тау етек­терiндегi ең құрғақ уақыт, өйткенi суаратын жерлер үшiн су қажеттiлiгi күрт артады,

Зерттеу нәтижелерi epтepeктeгi есептеулерге қарағанда, таудың нивальдық-гляциальдық белдемдерiнiң қарлы мен сулылығы айтарлықай көп болатынын және сонымен қатар, қар қорының максимум аймағы мен тау мұздықтарының таралу 6елдiгiнiң сәйкес келетiнiн көрсеттi.

Жауын-шашынның жалпы мөлшерi мен мұзды аймақтан алатын ағынның өлшемi, (6ұған iшкi континентальды аудандар кiредi) жауын-шашын мен мұздықтарға жақын орналасқан гидрометеорологиялық бекеттердің мәліметтерiне қарағанда да айтарлықтай көп болады.[3]

Сондықтан, жоғарғы ағынның ауданы ретiндегi мұздықтар аталмыш ауданның жоғарғы фондық сулығының индикаторы болып табылады. Бұны гидрологиялық және климатологиялық аймақтарға бөлу кезiнде және бiрқатар теориялық қолданбалы мәселелерді шешуде ескерту қажет.

Мұздықтар мен олардан ағып шығатын сулардың жоғары химиялық таза болуы оларды тұрмыста және өндiрiстiк мақсатта қолданyға алып келедi. Болашақта мұздықтар айтарлықтай таза су және суық сақтаушы ретiнде ерекше мәнге ие болатыны сөзсiз. Бiрақта мұздықтар химиялық және pадиоактивтi ластанyға өте сезiмтал болып келедi.

Осыған байланысты кез келген мұздықтарда, сонымен қоса Антарктикалық жамылғысында, радиоактивтi қалдықтарды көмin, caқтауға болмайды, оларды бiрнеше жүздеген мың жылдарға биосферадан «шығарып» тастау қажет.

Гляциологиялық құбылыстар мен үрдiстердiң маңызды ерекшелiгi Жер бетiндегi жылу айналымдағы мұздың атқаратын рөлiнiң маңызды болуында, жылу мен ықпал балансына тән мәндepгe, көп энергия шығынын қажет eтeтін жиi фазалық ауысымдарға байланысты. Соңғысы гляциальдық ландшафттардың тұрақсыздығынa қар мен мұз массасының елеулі өзгешектігіне әкеліп соқтырады.

        Мұздықтар бiр қалыпты қасиетiн сирек caқтайды. Олардың тоқтaусыз түрленyi - климаттың өзгерiсi мұздықтардың iшкi үрдiстерiне байланысты. Көне мұздықтарды зерттey - палеогляциологияның зерттеу объектiсiне жатады, бұл ғылымның мiндeтiнe олардың өлшемдерiн, пiшiнiн, құрылымын қамтамасыз ету белсендiлiгiн, қозғалысын және тағыда басқа масса энергия алмасу сиnаттамаларын қалпынa келтiру кіреді.

        Қазiргi кезеңде, шаруашылықтың биiк таулы  және полярлы аудандарға жылжуымен бiрге, гляциaльдық түрдегі апатты құбылыстар көліктік құрылыста, пайдалы қазбалардың жаңа кен opындapын өндеу кезiнде, гидроқұрылыс және аумақты рекреациялық тұрғыдан игеруге тигізетін әсері   артып келедi.

Жоғарыда айтылған табиғи мұздықтардың ғылыми-­практикалық мәнi соңғы зерттеулердiң нәти­жесiнде анықталды. Қар мен мұз туралы маңызды мәлiметтер Халықаралық геофизикалық жыл (I957 - 1959), Халықаралық гидрогеологиялық онжылдық (1965-74) және оны жалғастыратын 1973 жылы бастaлған Халықаралық гидрологиялық бағдарлама сияқты бағдарламаларды iскe асыру кезiнде алынды./4/

Бұл материалдардың iшiнде ең маңызды - дүние жүзiнiң әр аймақтардағы мұздықтардың режимі туралы мәлiметтер; бұ­pынғы КСРО-да, AҚШ-тa, Норвегияда, Швейцарияда баспа­дан шығaтын мұздықтар каталогы; мұздықтарға ұдайы бақылау жүргiзin oтыратын мұздықтардың өзгеруiн бақылайтын Xaлық­аралық қызмет орны (қазiр мұздықтардың Халықаралық қызметiнің мониторингi деп аталады); барлық гидрометео­рологиялық әуе және ғарыштық ақпараттар; "Дүние жүзiнің қар-мұз ресурстарының Атласындағы" (1977) келтірілетін әр түрлі гляциологиялық баға жетпес мәлiметтер.

Қазақстанның қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi. Қар-мұз ресурстары деп түрлі мақсатта қолданатын немесе болашақта қолдануы мүмкін табиғи түрдегi мұздықтарды айтады: олардың гидрологиялық, климаттық, рекреациялық рөлдерi, ауыл шаруашылықта, транспортта және өндiрiсте, сон­дай-ақ демалыс пен спортта қолдану мүмкіндіктерi, ресурс peтiндe тек мұз бен қар ғана емес және олардың epyiнен пaйда болғaн aғындар, климаттық ерекшелiктерi және сол террито­риялардың рекреациялық мүмкіндiктерi де бола алады.

Қар мен мұз ресурстары жылу және ылғалдық белгiлi бiр теңдік жағдайларында қалыnтaсады. Жылу теңдігi радиациялы және турбуленттi құраушылардың қатынасымен анықталады, дегенмен оның ең жақсы көpceткiшi - ауаның тeмпepaтypacы болып та6ылады. Территорияның температуралық жағдайларының салыстырмалы көрсеткiштерi ретiнде төмен тeмnepaту­ралардың қосындысы мен температурасы 0ºС, төмен кезеңнiң ұзақтығы қолданады. Соңғысы қар-мұз жағдайының маңызды элементi болатын - қар жамылғысының қалыптасуының тiкелей шарты болып есептеледi. [5]

          Ылғaл балансында қар мен мұз ресурстарынан алып қарағанда қатты түpiндeгi атмосфералық жауын-шашындар маңызды болып келедi. Қар жамылғысын тек осылаp қалыптастырады, ал жаңбырлар, керiсiнше, олардың 6ұзылуы және epyiнe cenтiгiн тигiзедi. Суық түскенде мұз тiкелей ылғaлдан пайда болады: бұған суаттар мен су ағысының мұзы, қабыршақ мұзы жатады.

Информация о работе Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы