Қазаққа қажет мамандық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:04, реферат

Краткое описание

Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді.

Содержимое работы - 1 файл

мамандық жетістік мерейі.docx

— 28.33 Кб (Скачать файл)

Қазаққа қажет мамандық

 Сарапшы мамандардың  пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді.

 Күннен-күнге  заманауи технологиялардың сан  түрі шығарылып жатыр. Қазір кезінде арман болған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір «әттеген-айы» бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайтын оқушылардың көпшілігі физика мен химияға келгенде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады. Жапония, Корея, Қытай сынды Азия елдерінде сол техниканың небір түрлері жасалады. «Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар» деп кеуде кере мақтанғанымызбен, оларды игеруге келгенде өзгелермен иық тірестіре алмаймыз. Ал жоғарыда аталған елдерде, байқап қарасақ, қазба байлық та шамалы ғана. Бірақ олар тыңнан түрен салып, әлем елдерінің алдыңғы қатарына шықты.

 Елбасының нанотехнологиялық  орталықтар мен зерттеу институттарын  қалай болғанда да дамыту керектігін  айтқаны белгілі. Ал бұл саланы дамытсақ, химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдардың да дамуына мүмкіндік туады. Еліміздің облыстарындағы комбинаттар мен зауыттар 5400 техникалық мамандыққа зәру екен. Сонымен қатар аймақтар бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы салаларына қажетті мамандар саны 2010 жылы Ақмола облысына – 600-ге жуық, Ақтөбе облысына – 360, Алматы облысына – 865, Атырау облысына – 123, Шығыс Қазақстан облысына – 423, Жамбыл облысына – 387, Батыс Қазақстан облысына – 600-ден аса, Қарағанды облысына – 558, Қостанай облысына – 811, Қызылорда облысына – 1000-нан аса, ал Маңғыстауға – 575, Павлодарға – 387, Солтүстік Қазақстан облысына – 622, Оңтүстік Қазақстан облысына 500-ге жуықты құрапты. Бұл қажеттілік бүгінгі таңда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қамтамасыз етіліп жатыр.

 Мамандар «біздің  ұлттың бойынан техникалық мамандықтарды  игеруге құлықсыздық, қайта гуманитарлық  салаға беймділік себебі –  ұлттың технограттық санасының  әлсіздігінен» деген тұжырымға  келіп отыр. Сол себепті де жылдан-жылға техникалық, ауылшаруашылық мамандарын даярлауға мемлекет тарапынан бөлінген грант саны артып отыр. Мәселен, өткен жылы талапкерлерге барлық сала бойынша бөлінген 35 мың гранттың 11мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие аталмыш техникалық мамандықтарға бөлінген екен. Биыл да бөлінген жалпы грант санының 11 мыңнан астамы аталмыш мамандық салаларына бөлініп отыр. 

Ауылға да маман керек

 Өткен жылы  Алматы облысының бірқатар аудандарын  аралау барысында аудан басшылары  өздеріне «Жол картасы», «Жастар  тәжірибесі» бойынша келіп жатқан  жас мамандардың дені экономист,  заңгер мамандығы бойынша білім  алғандар екенін, бұлай бола берсе,  болашақта ауылды басқарар мамандардың  түгесілетінін айтып, қынжылып отыр. Мамандар болса, «ауыл шаруашылығына қажетті мал дәрігерлері, агрономдар, өсімдіктерді қорғау мамандары, инженер-механиктер, инженер-электриктер, жерге орналастырушылар, зоотехниктер жетіспейді» деп дабыл қағуда. Сонымен қатар елімізде балық шаруашылығы мамандарына, атап айтқанда, ихтиологтар, балық өсіруші-технологтар, балық шаруашылығы инженерлері және балық қорғау инспекторларына деген мұқтаждық салдарынан осы сала мамандарын ТМД елдерінен шақыруға мәжбүр болып отырғанымыз да жасырын емес. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі 663 аңшылық шаруашылықта тек бір-бірден ғана жоғары білімді мамандар жұмыс істейтін болса, олардың тек оннан бірінің ғана осы сала бойынша дипломы бар екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше мән береді. Атап айтсақ, 2009 жылы халыққа арнаған Жолдауында: «…Біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық», – десе, биылғы Жолдауында: «2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны төрт миллион тонна бидай экспортына тең. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, 100 мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріскөзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – ауылшаруашылық саласына машина жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады», – деп атап көрсеткен болатын. Әрине, бұл міндеттерді орындау үшін кәсіби мамандар қат. Ал өмір бойы қолын жылы суға малып отырған қала баласының ертең ауылға барып, кетпен, күрек ұстамасы анық. Тіпті ауылдан шыққан жастардың өзі де қалада қалуды мақсат тұтады. Сондықтан мектеп бітірген түлектің кез келгені ауыл шаруашылығы мамандығын даярлайтын оқу орнының есігін қаға қоймайды. Мәселен, өткен жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық, техникалық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 балдан 70-тен асыра жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер мен «Алтын белгі» иегерлері ғана ие бола алды. Осыдан-ақ «тесттен тауы шағылып аз балл жинаған түлектер ғана аталмыш мамандықтың ауылына бара ма» деген ойға қаласың. 

Қазіргі кездегі  мектеп тәжірибесінде бағдарлы сыныптарда оқытылатын «бағдарлы» және «бағдарлы  емес» пәндердің ара қатынасы туралы мәселе жеткілікті дәрежеде негізделмеген. «Бағдарлы» пәндерді тереңдетіп оқытудан «бағдарлы емес» пәндер жеңілдетілген бағдарламалар бойынша оқытылуда (тіпті кейде оқытылмайды да). Бұл пәндерді оқытудың негізделген әдістемесі жоқ. «Бағдарлы» оқу пәндерін тереңдетіп оқытудан оқушылар « бағдарлы емес » пәндерге тіпті назар да аудармайды. Ал бұл жеке тұлғаның әр түрлі салада өзін көрсете білу мүмкіндігін төмендетуге, оқушы мүддесі аясының тар болуына әкеледі. Көптеген оқушылар өздері қызығатын пәндерге ғана мән беріп, негізгі білім салалары бойынша жүйелі әрі терең білім ала алмайды. Көп ретте оқу жүктемесі мәселесін шешу үшін кіріктірілген пәндер енгізіледі, алайда негізгі білім салалары бойынша біріктірілген курстарды құрудың теориялық негіздері жеткілікті түрде зерделенбеген. Мектеп тәжірибесінде ұсынылатын мұндай курстар, негізінен, әр түрлі пәндер материалдарын эклетикалық қосу арқылы оқытылады.

 «Бағдарлы» пәндерді тереңдетіп оқытудан және оқушылардың жүктемесін арттырмау үшін «бағдарлы емес » пәндерді оқуға бөлінген уақыт тіпті азайтылған. Бұл пәндердің мазмұнының көлемін қалай қысқарту туралы айқын бағдар мен түсініктер жоқ.

 Бағдарлы пәндерді жүргізетін мұғалімдердің тым артық талаптарынан оқушылар сабақтан бос кездерін осы пәндермен айналысуға арнайды (қосымша тапсырмалар жасау, конкурс, олимпмадаларға және т. б. қатысу), бұл олардың үйлесімді дамуын тежейді. Бағдарлы саралау оқушылардың өздерінің танымдық қызығуларына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және тәсілдерінің басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым – қатынас стилі өзгереді және т. с. с.

 Білім мазмұнын  бағдарлы саралаудың негізгі  критерийлерінің біріне мектепте білім берудің негізін құрайтын ғылым негіздері зерделенетін пәндерді саралауға пәндік тұрғыдан қарау жатады. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәні түрлі міндеттерді атқара алады.:

 Ÿ жалпы мәдениеттің негізін қалауы;

 Ÿ оқушылардың арнайы дайындығындағы негізгі пән бола алуы;

 Ÿ басқа білім салаларымен қарулану үшін қажетті құрал ретінде көрініс табуы

 Әдетте қандай  да бір пәнді зерделеуге немесе қандай да бір іс- әрекет түрімен айналысуға қабілеттілік пен қызығу көбінесе, сәйкес келеді, өйткені әдетте бейімділік, ықылас және қызығу кәсіпті таңдау үшін ішкі негіздер болып табылады. Оқушылардың көбісі өзінің болашақ өмірін зерделенітетін саладағы жұмыспен байланыстырады. Мысалы, физиканы, математиканы зерделеуге қабілетті оқушы осы пәндерді қызыға оқып, өзінің болашақ мамандығын физика, математика саласындағы қызметпен байланыстырады.

 Оқушылар есейген  сайын олардың мүддесі мен  кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді.Педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниетпен пәнге деген қызығу арасында ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14-жвастан бастап кәсіпті таңдау нақты оқу пәніне дегенқызығумен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты болуы мүмкін (оқушы техника саласында жұмыс істегісі келеді). Вариативті (әр нұсқалы ) білім беру жағдайында оқу пәнәнің мазмұнын таңдап алуға әсер ететін факторларға оқушылардың қабілеттілігі мен мүддесі жататындығы атап өтілді.

 Мұндай тұжырымдар  мен болашақ еншінсіндегі істелер  игі шаралар туралы айтқан  ғылыми дәйекті болжамдарды Е.  Букетовтің өнеркәсіп-өндіріс саласы туралы жазған, мақаларынан көптеп кездестіруге болады. Тек біз сөз қылған Смайылов болжамдарына қарағанда Е. Букетов тұспалдары өзінің ғылыми тұрғыдан зерттеліп пісіп, жетілгендігімен шынайылығымен мәндірек маңыз беретіндігінде.

 Публицистика  жанрын зерттеуші белгілі ғалым  М. И. Стюфляева өзінің «Образные  ресурсы публицистики» атты ғылыми  еңбегінде «Публицистикадағы уақыт  пен кеңістік көрінісі» тарауында: «Публицистикалық шығармашылық дегеніміз, бұл шындықты деректі түрде жеткізу. Осы деректіліктің өзіндік эстетикасы, әдістері, формалары бар. Ал, олар болса, публицистиканы қалыптастыру кезінде терең мән-мағына алады», — дейді.

 Е. Букетовтің  публицистикалық мұрасын толық  зерделеген адамның (мейлі ол  шығармалар көлемді, шағын болсын) ең бірінші аңғарары барлығының нақтылығы, докменттілігі екендігі болар еді. Е. Букетов өз дәуіріндегі Қазақстан ғылымының белгілі бір уақыт ішіндегі болмыс-бітімін, тарихи тұрпатын, проблема-сипатын бұқара халыққа насихаттаушы, жәй ғана на-сихаттаушы емес, сол саланы еркін меңгерген, зерттеген ғұлама ғалым ретінде қазақ публицистикасы тарихында өзіндік орны бар қаламгер. Е. Букетовтің ғылыми публицистикасы ғылым үшін, ғалымдар үшін, сол салаға үміт артқан ұрпақ үшін барлық қасиеттерін жарқырай ашып көрсеткендігімен құнды болып қалатындығы да сондықтан. Е. А. Букетов мақаларының проблемалық сипатын сөз етпес бұрын ол кісінің өмір сүрген дәуіріне қысқаша шолу жасай кеткен орынды. Өйткені зерттеуші-ғалым М. И. Стюфляеваның төмендегі тұжырымы біздің бұл пікірімізді қуаттай түседі: «Публицистика уақыттың негізгі бір кезеңіне бағынады. Оның сипаты да, жазып отырған проблемасы да сол уақыт негізінде туындайды. Ең негізгісі ол нақты әлеуметтік мәселенің жүгін көтереді. Ондағы терең әлеуметтік мәселе бірден көрінеді және оны публицистиканың кез-келген элементінен көруге болады. Осы әлеуметтік мәселені уақыт өлшемсіз қарау мүмкін емес. Кез-келген қоғам белгілі бір тарихи кезеңге тән.

 «Қара металлургия  алыбы» атты мақаласында Орталық  Қазақстандағы ірі өнеркәсіп ошақтарының бүгінгі мен келешегі жайлы үлкен ғылыми болжам, сараптау жасайды. Мақаланың негізгі проблемалық сипаты, қоршаған орта, табиғаттың тепе-теңдігін сақтай отырып экономикалық жетістіктерге кеңінен жол ашу болып табылады. Тоқтауы мен тынымы жоқ тех-нологияның ол экономикасы үшін бүгін берер пайдасы емес, ертеңгі күнге әкелер зор қаупін автор өз мақаласында барынша ескертеді. «Үлкен істің кемшілігі де жетістігі де үлкен болады», — деген сөзі де ғалым адамның болашақты ойлағанынан туындаса керек. Бірақ Орталық Қазақстандағы қара металлургия алыбының ішкі қуаты мен Отанға келтірер өнім жолындағы бүгінгі істеліп жатқан жұмыстары мен болашақта атқарылар шараларын ғылыми негізде «Жіліктің майын шаққандай» жіктеп-саралап берген.

 «Қарағанды химиясы  және оның болашағы» мақаласында  автор: «Қарағанды облысының үлкен  химиясын бейнелейтін жалғыз  синтетикалық каучук заводы ғана  емес. Қарағанды металлургия заводының  кокс бөлімі мен химия заттары  қорының қоймасын тілге тиек  ете келіп, жалпы химия ғылымының ел мүддесіне, қаншалықты қажеттігін ғылыми дәлелдермен нақтылай түседі. «Болашақта таскөмір энергия күшінің шикізаты емес, түгелдей химия шикізатына айналмақ. Сондықтан Қарағанды облысы келешекте химия өлкесі болады», — дейді.

 Біз сөз еткен  қос мақаланың екеуі де өз  уақытысының үлкен проблемалық  жүгін көтеріп тұр. Дәл қазіргі  таңда да сол кезде көтерген Е. Букетов проблемасы, оның жазған ғылыми-тұжырымдары өзінің сапасын жоғалтқан жоқ.

Барлық мамандықтар  еңбек затына (қызметкердің ісі немен  байланысты) және еңбек құралдарына (ол машиналарды ма, әлде қол құралдарын пайдалана ма) және т.б. байланысты белгілі  бір типтерге жатқызылады. Ұсынылып отырған типологияны есепке ала отырып, әр мамандыққа оның қандай критерий бойынша қандай типке жататындығын білуге болады. Содан кейін өзіңіз үшін қалаулы еңбек құралын таңдай отырып, «мамандықтың мінсіз формуласын» жасай аласыз. Осыған байланысты, өзіңізге қай мамандық жақын, ал қайсысы келмейтінін түсінуге болады.

 Еңбек құралына  байланысты барлық мамандықтар  5-ке бөлінеді.

 Шындығында, бұл- өте долбарлы бөлініс. Мамандықты осы бес типтің біреуіне ғана жатқызуға болмайды (мұндай әдіс, тек кейбір бес еңбек құралының біреуіне ғана нақты сәйкес келетін, кейбір мамандықтарға ғана сай келеді) Психологтар әр мамандыққа қандай құрал жақын екендігін анықтайды, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Бұндай әр түрлі бағалау, берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байланысты, бізге бір топ ішіндегі мамандықтарды да айыруға  мүмкіндік береді. 

Информация о работе Қазаққа қажет мамандық