Қазаққа қажет мамандық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:04, реферат

Краткое описание

Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді.

Содержимое работы - 1 файл

мамандық жетістік мерейі.docx

— 28.33 Кб (Скачать файл)

Биыл елімізде 165 мыңға жуық жеткіншек білім ошағын тамамдап, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үш мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар 11 жыл бойы «инемен құдық қазғандай» жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау.

 Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені – жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі – қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі – әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі – ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі – бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары», «қазаққа қажет қарекет қайсысы» деген сауалдарға ойланбайды. Шындыққа көз жүгіртсек, қай ата-ана болсын «әйтеуір оқып, қолына дипломын алса болды, ары қарай көре жатармыз» деп баласының ертеңіне көз сүзбейді.

 Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады,

 Балалықпен қоштасар  күн туады.

 Он жылдықтан  шыққандар оқу іздеп,

 Юрфакқа түсуге ұмтылады.

 Не демекпіз  шөліркеп дала жатса,

 Не болмақшы  теңіз, құм араласса?

 Жұмыс іздеп, уақытша келгендермен,

 Кешіп жатыр  өз күнін балабақша.

 Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,

 Заң маманы  болуды қалап бәрі.

 Ақиқатқа құштар ма, мына ұрпақ,

 Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

 Жастар арасында  әзіл-шыны аралас осы өлең белең  алса да, әзіл артында зіл жатқанын  анық аңғаруға болады. Себебі бүгінгі жастардың дені заңгер, экономист, қала берді, кеденші болуды армандайды. Сондықтан да қазір жоғары оқу орындарын бітіргендердің көбі, яғни 4-тен 3 бөлігі аталмыш мамандық иегерлері екен. Себебі жастар «заңгер болсам, ақшаны күреп табам», «экономист болсам, ен байлықты белшеден кешіп жүрем» деп ойлайды. Тіпті қыруар қаржы төлеп, баласын осы мамандықта оқытатындар да жетіп жатыр. Рас, ол мамандық иелерінің табысы өзгелерге қарағанда қомақты болар, бірақ бәрінің жұмыс тауып, айы оңынан туары екіталай. Аяғында бірі – базар жағалап, баласын асыраса, бірі – тіпті құрылысшы, күзетші болып, күнін күйттейді.

Информация о работе Қазаққа қажет мамандық