Қазан төнкерісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:52, реферат

Краткое описание

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты

Содержимое работы - 1 файл

Қазан төңкерісі.docx

— 22.94 Кб (Скачать файл)

Ресейдегі азамат соғысының  өрістеуіне Антанта елдері дем берді  де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 

1918 жылы жазында  Кеңес елі үшін ең басты  майдан – Шығыс майданы болды.  Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды. 

1918 жылының аяғы  мен 1918 жылының басында Әліби  Жангелдин мен Амангелді Имановпен  Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 

1918 жылы тамыз  және 1919 жылы қазанның орта кезіне  дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады. 

1919 жылы орта кезінде  Қызыл армияның шабуылдарының  нәтижесінде Колчак әскерлері  екіге бөлінді. Олардың бір  бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді. 

Қызыл армияның Түркістан  майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады. 

Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. 

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы  қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты  нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол  жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар  пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді  бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды. 

1919 жылы 10 шілдеде  РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі  Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару  жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 

1920 жылы 30 сәуірде  РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды

Информация о работе Қазан төнкерісі