Шыңғыс Хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой.

Содержимое работы - 1 файл

Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп.docx

— 27.48 Кб (Скачать файл)

Шыңғыс хан шыр  етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан  кейін де, тарихта түйіні бүгінге  дейін шешілмей, тіпті шешілуі  неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.

Шыңғыс қағанға  дейін де, кейін де тарихта аты  қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ  олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей  аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.

Ұлы қаған о дүниелік болғанымен, киелі рух адамзаттың ойына орала береді. Ол туралы мыңдаған кітаптар мен ғылыми мақалалар, бірнеше  кинофильмдер мен пьеса қойылымдар шығарылды. Шамамен осыдан екі жүз жыл бұрын қағанның мүрдесін іздеу басталғаннан бері жүзге жуық экспедиция ұйымдастырылып, қыруар жұмыстар жасалғанымен, сол баяғы ашылмаған құпия ашылмай келеді. Бұл мәселеге кейін оралармыз. Алдымен Шыңғыс ханның өмірі, шыққан тегі жөнінде соңғы кезде кәсіби тарихшыларымызбен қатар әуесқой тарихшыларымыздың да (М.Мағауин, Қ.Данияров, М.Қарғабаев, М.Қожырбайұлы, т.б.) үлкен ықыласпен қалам тартқанын атап кеткен жөн. Осы авторлардың еңбектері ықылым заманнан айтылып, тарихи қалыптасқан пікірлер мен тұжырымдарға жаңаша көзқараспен қарауға итермелейді. Қазақ тарихшылары кейінгі кезде Шыңғыс ханды әрісі түрік, берісі қазақ ету, тіпті керей, адай, найман, қоңырат, меркіт, т.б. рулардың біріне жатқызу ойларын ашық айтып та, жазып та келеді. Дегенмен, оның дүниеге моңғол болып келіп, моңғол болып озғанын ұмытпауымыз керек.

Шыңғыс ханның шығу тегіне байланысты соңғы кезде әлем ерекше қызығушылық танытуда. Моңғол зерттеушілері Шыңғыс ханды моңғол десе, қытайлық тарихшылар оның тегін қытай халқынан іздестіреді. Украин зерттеушілері де қағанның тегінен дәмелі. Мәскеулік генетиктер Моңғолиямен шекаралас болған Тува, Бурятия және Қалмақстан тұрғындарының 1,7 пайызында, тіпті, Алтай қазақтарында қағанның ДНК-сы 8,3 пайыз деп әлемге жар салып отыр. Шыңғыс ханның жоғарыдағы аты аталған халықтардың тегіне жататындығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Айтатындары - олардың халқының кейбіреуінде Шыңғыс ханның ДНК-сы (V хромасома) бар дейді.

«Ал енді осыны айтып отырған  ғалымдардың қолында Шыңғыс ханның өзіне тән ДНК бар ма? Әрине, жоқ. Моласы, сүйегі табылмаған соң ДНК қайдан болсын?» деп тұжырымдайды ғалым Төреғали Тәшенов. ДНК оның қай жақындарынан алынғаны да белгісіз.

Осы сияқты бір  топ батыс ғалымдары Еуразияның әр бөлігінен 18 халық өкілдері ер-азаматтарының ДНК-сына зерттеу жүргізгенде, көпшілігінің қан құрамдары бір-біріне өте жақын, тіпті ұқсас, бір «отбасының» жандарындай болып шыққаны АҚШ-тың «Адам генетикасы» журналында басылды. Олар Каспий теңізі мен Тынық мұхиты аралығындағы бүгінгі 16 миллионға жетіп жығылатын адамға ұрық қалдырған феномен Шыңғыс қаған деген қорытынды жасаған. Демек, бұл да ғылыми негізге сүйенбеген ақпар. Бірақ соңғы шыққан ғылыми жұмыстарға сүйеніп талдау жасауға, ойлануға, жаңа көзқарастар туғызуға, жеке пікір айтуға әркім де ерікті, тек тарихи принциптер мен заңдылықтар және деректер негізінде болуы керек. Сонда оны негізсіз ешкім меншіктенбес еді.

Сонымен, Шыңғыс ханның тегі кім?

Әкесі Есүкей - Қиат руының Бөржігін әулетінен. Күні бүгінге  дейін осындай пікір қалыптасқан. Онда Шыңғыс ханның да тегі осы Бөржігін. Шешесі Әуелен, бәйбішесі Бөрте әрісі  түркі, берісі қазақ тайпаларымен туыстас  Қоңырат руының қыздары екені «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын топчы» шежірелерінде, моңғол мен Шыңғыс хан тарихын зерттеп жүрген көптеген авторлардың еңбектерінде жазылған. Осыларға сүйеніп тарихтың терең қойнауына көз жіберсек, Қиат руы Шыңғыс хан дүниеге келгенге дейін үш жүз жыл бұрын Әмудария мен Сырдария арасындағы Мәуеренахр аймағында өмір сүрген. Қиат дейтін қала да болған. Бұл - ежелгі түрік тайпаларының мекені. Осыдан Шыңғыс ханның арғы тегі түріктер емес пе екен деген ой көптеген ғалымдардың (олардың ішінде осы жолдардың авторы да бар) көкейінде ұялайды да тұрады. Түрік түрік болып аталғанға дейін Қытайдың солтүстігі мен қазіргі Моңғолия жеріне ежелгі түрік тайпалары қалай барған? Біздің пікірімізше, ғұндардың Ұлы қоныс аударуынан бұрын ежелгі түрік рулары мен тайпалары осы аймаққа қоныс аударуы мүмкін деген ой туындайды. Түріктерден қорғану үшін салынған Ұлы Қытай қорғаны да осының айғағы сияқты. Олардың көптігіне таң қалған жергілікті тайпалар немесе түріктердің өздері көшпенділерді «мың қол» деп атап кеткенге ұқсайды. Осы тұста мынадай да ой келеді. Ежелгі моңғол жеріндегі тайпалар алыс-жақын жерлерге жорық жасап, көптеген сарбазды тұтқындап, соларды «мың құл» деп те атауы мүмкін ғой. Олар жергілікті тайпалармен сіңісіп, көпшілік болып «мың құл» атанып, кейін «моңғол» сөзіне айналуы да мүмкін. Ғалымдардың басым көпшілігі Шыңғыс хан тарих сахнасына шыққанға дейін еш жерде, ешбір деректе «моңғол» атауы кездеспейтінін алға тартады. Қазақ халқын құрайтын тайпалардың санатына кіретін рулардың ішінде де «моңғол» тайпасы жоқ. «Көшпенділер үшін «моңғол» сөзі рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді», - дейді М.Қарғабаев өзінің «Көшпенділер атлантидасы» атты еңбегінде. «Моңғолдың құпия шежіресін» жазғандар да моңғол туралы еш мәлімет бермейді. Авторлар Шыңғыс ханның этникалық тегін жазуды мақсат етпегенмен, ондағы кейіпкерлердің барлығы (ру-тайпалар, жеке тұлғалар) түркі ғұрыптарын ұстаған және есімдерінің түбірі де түріктерге жақындау. Шыңғыс ханның өзі алыс жорықтарға шығарда, кейде бір төтенше жағдайлар болғанда, биік төбеге шығып, түріктерше мойнына бұршақ салып Көк Тәңірге жалбарынатын болған. Мысалы, Шыңғыс хан әскерінің батысқа ұзақ жорық жасар алдындағы осындай сәтті «Шыңғыс хан» телехикаясында анық көрсеткен. Сонда, түркі тілді ортада моңғол тайпасының, кейін моңғол империясының ғайыптан тайып қайдан тап бола кеткені түсініксіз. Бұған себеп, көптеген қазақ тарихшыларының пікірі бойынша орыс тарихшылары мен аудармашылары «Құпия шежірені» орысшаға аударғанда (XIX ғ.) «мың қолды» немесе «мың құлды» «моңғолдар» деп моңғол халқын ойлап тапқан сияқты. Бұл Шыңғыс ханның түркілік еместігін дәлелдеу үшін жасалған әрекет деп айтудан басқа амал жоқ. Жазба дерегі болмаса халық та жоқ деп есептейтін еуроцентристік көзқарастың ықпалы сезіліп тұр.

Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу  жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының  Жалайыр тармағынан тарайтын түркі  деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген  түрімен аталады. Рудың таңбасы  айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба  Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт  бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.

Ал мағынасы одан да тереңірек, Шыңғыс ханды тікелей  біздің арғы Ұлы бабамыз етіп сендіргісі келген ақтаулық Мәмбеткерім Қожырбайұлының «Шыңғыс қаған - менің ұлы бабам» атты материалы «Алтын Орда» газетінің 26-30 нөмірінде (2008 ж.) жарияланған. Автордың пікірінше, арғы түріктерді былай қойып, Ұлы қағанды Қазақ - Кіші жүз - Байұлы - Адай - Келімберді - Мұңал екендігіне еш күмән келтірмейді. Әрине, Мәмбеткерімнің бұл тұжырымына кінә қоюға болмайды. Автордың өзі айтқандай «тектінің текті ұрпағы» болып жатсақ, асқақтана мақтануға болады ғой. Осы арада Талдықорған қаласынан Айдын Бекжановтың «Шыңғыс хан қазақ болса, моңғолдар кім?» (Алтын Орда, 31 шілде - 6 тамыз 2008 ж.) деген сұрағына жауап іздеген жөн сияқты.

Шыңғыс ханның тегі туралы әлі де талай еңбектер жазылып, әртүрлі талас пікірлер туындар. Өйткені кім де болса, әсіресе  ғалымдардың өз көзқарастарын білдіруі - құптарлық іс. Бұл мәселенің шешілу кілті - біздің пікірімізше, ұлы қағанның сүйегін тауып, оған тегін анықтайтын (ДНК) талдау жасалып, бұлтартпайтын дәлел анықталмайынша, әрқилы жорамалдар жалғаса береді.

Күні бүгінге дейін қаған  ғұмырнамасындағы құпиясы - өлімі мен денесінің қайда жерленгендігі. Шыңғыс хан таңғұттармен біраз соғысып, Қытай жерінде азын-аулақ демалып жатқанда, елге келіп жүрген саудагерлерден Жошы өзінің ұлысынан тыс жерлерді басып алып, аң аулап, сән-салтанат құрып жүр дегенді естиді де, оны өзіне шақыртады. Жошы келмейді. Ашуланған қаған Жошының желігін басу үшін әскерін жиып, аттанады. Жошының келе алмауының басты себебі - ол ауыр дертке шалдығып, төсек тартып жатыр еді. Дертінен айықпай о дүниелік болады. Жошының өлімінің себебі әлі де беймәлім. Кейбір аңыздарда ол аң аулап жүргенде, абайсызда серіктерінің садағының оғынан жараланған, ол асқынып өлімге алып келді десе, келесі бір аңызда құланның айғыры бір қолын шайнап тастап, содан жазылмапты дейді. Әрине, бұл келтірілген себептерден адамның өлуі әбден мүмкін. Бірақ шындыққа жақыны - Жошы обадан қайтыс болғанға ұқсайды. Оның сүйегі - Ұлытауда.

Отандық тарихта қалыптасқан пікір бойынша, Жошы 1227 жылдың жаз айларының басында (кейбір деректерде мамыр) қайтыс болды десе, «Шыңғыс хан» телехикаясында 1226 жыл деп аталады. Сонда Шыңғыс хан бір-бір жарым жыл баласының қазасына бармағаны ма? Шындыққа жуыспайды.

Жетпіс жастан асқан  шағында денсаулығының сыр бере бастауы және үлкен ұлының қайғысы Шыңғыс ханға оңай тимесе керек. Қалай болғанда да тұңғыш баласының өлімі қағанның қабырғасын қайыстырады. Денсаулығының нашарлауына қарамастан аңыз бойынша Жошыны жерлеуге атқа әрең отырып барып, кейін қарай арбамен алып қайтқан. Деректер бойынша, ол жол үстінде 1227 жылдың 25 тамызында қайтыс болған. Ал кейбір деректерде осы жылдың шілде айында деп те жазады. Жошы мен Шыңғыс ханның өлімінің арасы екі-үш айдан аспаған.

Шыңғыс хан өлімінің себептері  жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі  пікірлер бар. Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен.

Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан  таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен  кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин  атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек  алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан  қайтыс болыпты дейді. Содан кейін  Күрбелчиннің өзі сол маңдағы  өзенге суға батып жоқ болады. Ал ресми мәліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Біздің пікірімізше, Шыңғыс ханның өлімін тездеткен тұңғыш баласы Жошының қайғысы.

Жошыны жер қойнауына  беріп кері қайтып келе жатқан қаған  жол үстінде о дүниелік болғанын айттық. Аңыз бойынша, оның өлгені құпия  қалуы үшін жолда кездескендердің  барлығын өлтірген. Шыңғыс ханның сүйегін  моңғол жеріне апармай, Ертіс өзенінің бойындағы Шыңғыстауда жайлауда отырған бәйбішесі Бөртеге жеткізіп, күзет қойып, осы жерден қағанның өлімі туралы жария етіледі. Жер-жерден халық келіп, қағанмен қоштасу Шыңғыстауда болған сияқты. Қоштасу рәсімінен кейін аза тұтқан, жиылған елдің ығайлары мен сығайлары біртіндеп тарай бастайды. Ойланайық оқырман! Солардың өзінен Шыңғыс ханды қайда жерлейтіндігі құпия болғандығын аңғарамыз.

Ендігі үлкен мәселе қайда жерлеу керек?

Шыңғыс хан жаулап алған жерлердегі қатыгездігі үшін моласын қорлауы мүмкін деген оймен өз денесін ешкімге көрсетпей, белгісіз етіп қоюды талап еткен деседі. Ондай жағдай көшпенділердің тарихында болып тұрған. Әсіресе, хандардың, патшалардың, кісі ақысын жеп, елді зар еңіреткен байлардың молаларын бұзып, қорлаған жағдай ежелгі Моңғол, Қытай шежірелерінде айтылады.

Шыңғыс хан аса  құпия жағдайда жерленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Ол аңыздардың мазмұны әр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы.

Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының маңына жерленуі. Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі таңдап алған екен. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып, жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып: «Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!», - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап. Рашид-ад-Диннің мәліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді. Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман пайда болған.

Келесі аңыз бойынша, бір түрік  қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін.

Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында  жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып, жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап таратқан.

Марко Полоның жорамалы бойынша, «моңғолдар барлық ұлы басшыларын, қағанның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына жерлеген. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай тауына әкеліп қоюға тиіс» дейді.

Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде  жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі - Ішкі Моңғолия, екіншісі - Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі - атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды, өйткені, Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жерге жерлеу де көптеген халықтардың, әсіресе, түріктердің салтында бар емес пе? Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандыкі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Осы үш өңірдің  қатарына Қазақстанды да қосуға болатын  сияқты. Себебі қаған қайтыс болған кезде Аягөз маңында Бөрте  бәйбіше жайлауда отырғанын, Шыңғыс ханның осы маңда да көз жұмуы, оны бәйбішесіне алып келуі мүмкіндігі туралы айтқанбыз. Қай халықтың да өлген  адамды кешіктірмей туған жер  қойнауына беруі ертеден келе жатқан салт-дәстүр. Қағанды туған  жеріне жеткізудің қашықтығына және ауа-райының ыстығына байланысты әрі  қарай жүру қиын болғандықтан, үлкен  ұлы Жошының сүйегінің Ұлытауда жатқанын ескеріп, оның денесін сол  Аягөз маңында жерлеуі мүмкін. Ал, М.Қожырбайұлы «бабамыздың моласы Ақмола облысы, Атбасар үйезінде, Бағаналы-Балталы деген найман жайында, Қаракеңгір бойында сырлаған кірпіштен салған ескі екі бейіт бар: Алаш және Жошы хан. Міне, осы Алаш хан мазары деп жүргендеріміз Шыңғыс хан бабамыздікі» дейді. Сонда Ұлы таудағы Жошының қасына жерлеген болады ғой. Бұған не айтамыз? Шыңғыс ханның моласын жоғарыда аталған екі өңірден де іздеу ақиқаттан алыс кетпейді.

Информация о работе Шыңғыс Хан