Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 20:57, реферат
Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Ең алдымен осы сұрақтың жауабын тауып, осы мәселенің бетін ашып алған жөн. Адамзат мәдениетінің өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс табары да мәлім. Ендеше, біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да, жасалуына куәгері де болып отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні бүгін ғана пайда бола қалмағаны белгілі.
Қазіргі заманның техникасы
Электронды ақпарат құралдарының қазіргі заман мәдениетіндегі орны
Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Ең алдымен осы сұрақтың жауабын тауып, осы мәселенің бетін ашып алған жөн. Адамзат мәдениетінің өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс табары да мәлім. Ендеше, біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да, жасалуына куәгері де болып отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні бүгін ғана пайда бола қалмағаны белгілі. Оның мазмұндық желісі, құндылықтарының сұрыпталуы, қазіргі даму деңгейіне жеткізген техника-технологиялық, ақпараттық, әлеуметтік алғышарттары үстіміздегі ғасырдан әріде даярланғаны мәлім. Сонымен, ХХ ғасыр мен осы табалдырықты енді аттап үлгерген ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы мерзімдік тұрғыдан қазіргі заман мәдениетінің хронологиялық шектері болмақ.
Қанша жерден алуандылықтағы бірлік түп мақсатымыз десек те, әлемдік мәдениеттегі қазіргі жағдайды біз көбінде еуропалық өмір үлгісінің басымдылық танытуы деп қарастыруымызға негіз бар. ХХ ғасырда мұндай жағдайды еуропаорталықтық деп атағаны да белгілі. Олардың айтылуы, аталуы түрліше болғанмен, түп мән-мағынасы сол күйінде қалғандығын мойындамасқа болмайды. Еуроорталықтық болсын, батыстандыру болып аударылатын «вестернизация» болсын – Батыстың өндірістік даму деңгейі биік елдеріне тән өмір сүру тәсілі және стилі, сондағы құндылықтар мен экономикалық даму моделінің басқа елдерді экспансиялау процессі.
Еуропалық құндылықтар жүйесін орнықтыруға Еуропаның және одан кезінде бастау алған АҚШ-тың экономикалық, технологиялық және әскери басымдылығы қуат беріп отыр. Оның үстіне У.Черчилл айтыпты-мыс деп жүрген: «Ақпарат кімнің қолында болса әлем соның уысында» деген көріпкелдіктің орындалған заманында, әрине, қоғамдық пікір тудыратын ақпарат тасқынының 70-80 пайыздайын қадағалап отырған, көпшілік мәдениетін қалыптастыратын киноиндустрия өнімінің жартысынан көбін шығарып отырған англо-американдық, демек, бастыстық мәдениет өз өмірінің стандарттарын бүкіл әлемге үлгі етіп тықпалауы таң қаларлық жағдай емес.
Сонымен қазіргі заман мәдениетінің негізгі сипаттамаларына азғантай тоқтала кететін болсақ, мына төмендегілерді баса айту керек сияқты.
Қазіргі заман мәдениеті адам өмірінің қай саласында болмасын рационализмнің орныққандығымен анықталады. Рационализм – таным мен іс-әрекеттің түп тамырын адамның ақылымен байланыстырып пайымдайтын көзқарастар жиынтығы.
Рационализмнің
соңынан ерген ғылым-білім
Осы жоғарыда келтірілген рационализмнің тағы бір қисынды көрінісі субъективизмде, жеке тұлғалықта жатыр. Жеке тұлға құндылығы мойындалған жерде демократия түсінігі қатар тұрары белгілі.
Адамзат демократиялық принциптерден тиімділігі тұрғысынан асып түсетін адам қоғамын заңды түрде ұйымдастырудың, үйлестірудің әдісін әлі ойлап тапқан жоқ. Сондықтан қоғамның әлеуметтік тұрғыдан болсын, экономикалық тұрғыдан болсын дамуының оң динамикасын беретін демократиялық құрылыс басымдығын ешкім жоққа шығара алмайды.
Мәдениеттің прагматикалануы, яғни «пайда» ұғымы тұрғысынан негізделуі де осы қазіргі заманның айдары. Есеп, пайда және ұтымдылық – міне, бүгінгі прагматикалық әлемнің ұрандары осылар.
Қазіргі заман мәдениетіндегі компьютерлендіру үрдісі адамсыз технологиялар негізін салып, ақпараттандыру идеологиясын дүниеге әкелді. Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды. Өйткені қазірде ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам өмірінің барлық саласына әсер етіп отыр.
Ақпарат алмасу саласындағы жаңа технологиялық төңкеріс болып табылған – Ғаламтордың пайда болуымен етене байланысып жатқан әлемдегі адамзаттың өзара тәуелді байланысының қалыптасуы жаһандану үдерісін туындатты.
Міне, қысқаша
қайырсақ, қазіргі заман мәдениетіне
тән сипаттамалар реті осындай. Ары
қарай қазіргі заман
Компьютерлік технологиялар жетістігінің арқасында адамда жаңа «өмір сүру» кеңістігі (көзбояу болса да) – киберкеңістік пайда болды. Ол кеңістікте бүкіл әлем бізге монитор экранынан нақты шындық іспеттес болып көрінгенімен, ол өзінің қолмен ұстауға келерлік заттық тығыздығынан, қаттылығынан айырылған мөлдір әлем.
Ғаламтор постмодерн (модерн дәуірінен кейінгі) заманының ұлы гипермәтіні деуге болады. Қазірде ғаламтор бірнеше миллиондаған компьютерлер басын қосып отырған ашық жүйе. Ғаламтор әу бастан либералды мәнге ие. Онда көп нәрсеге рұқсат етілген. Ғаламторға ілінген мәтін еркін пайдалануға берілген мәтін. Сондықтан мәтін авторы Ғаламторға ілген өзінің шығармасын өзінен шеттетумен пара-пар әрекет жасайды деген сөз. Нәтижесінде авторлық құқық, гонорар сынды баспа мәдениетіне тән ұғымдар өзінің бұрынғы мәнінен айырылады.
Ғаламторды көз алдыңа жақсылап елестету үшін біз постмодерн дискурсының өзіндік ұғымы «ризомаға» жүгінеміз. Бұл терминді Жиль Делез бен Феликс Гварттари ботаникадан алған. Онда ризома – өсімдіктің неден ненің тарағанын анықтап білу мүмкін емес болатындай шатасып-тұтасып кеткен тарамдалып тамырлану түрі.
Ғаламторлық технологияларды
сипаттауда ризома таптырмас бейнелі
ұғым. Ризома табиғатынан
Бүгінгі қоғамды қоршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-80 жылдары қоршаған шындықтан мүлдем бөлек екендігі анық. Ол виртуалды шындық туындатқан ғайып болмысқа байланысты. Осы «виртуалды шындық» тіркесі қазір оңды-солды көп қолданылып жүргенімен, оның мағынасының түсініксіз, көмескілеу екендігі белгілі. Әдетте бұл термин компьютермен байланысты пайдаланылатындығы ғана анық.
Виртуалды шындық әлемінде бізге үйреншікті кітаби мәдениет мәтіні де түрөзгеріске ұшырап отыр. Бұрынғы бірөлшемді, бір сызық бойына тізбектелген бір жазықтықтағы түзу мәтін орнына көпөлшемді электронды гипермәтін келді. Гипермәтін кеңістігінде бірнешеме мәтіннің қатар орналасуы мүмкін, тіпті, мәтіндегі кез келген сөз немесе келтірілген автор туралы бүкіл керекті мағлұматты ала алатын басқа сайт парақтары тұруы мүмкін.
Кәдімгі кітапты оқып отырып біз оның кеңістіктегі шегінен аса алмаймыз, онда көрсетілген сілтемелер бойынша қызықтырған нәрсені ол кітапты тастап барып қана, басқасын іздеп тапқаннан соң оқи аламыз. Ал киберкеңістіктегі виртуалды шындықта орналасқан гипермәтінде біз бір мәтіннен келесі мәтінге алдыңғысында тұрып-ақ лезде өте аламыз.
Виртуалды шындық мәтін оқудың ғана емес, мәтін жасаудың да («жазу» деген сөзді әдейілеп пайдаланбай отырмын) жаңа жолдарын ұсынып отыр. Бүгінгі заманда көпшілік шығарма жазбайды, мәтін құрастырады. Құрастыру (аннан-мыннан, анадан-мынадан, тиіп-қашып…) – интермәтінділікпен анықталған жаңа шығармашылық түрі. Интермәтін дегеніміз мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы, мәтіндердің бір-біріне кірігуі. Бұл ұғым мәтінді жаңаша пайымдауға жол ашады. Интермәтіннің негізгі қасиеті оның іштей әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Интермәтін өзге мәтіндерге қатысты шығарылады. Ол тек бұрынғы мәтіндерге қатысты емес, өзінен кейін жазылған мәтіндерге де қатысты.
Қазіргі заман мәдениетін терең зерттеушілердің бірі Роллан Барт “Автор өлімі” туралы айтады. Айта кететін бір жай – бұл ХХ ғасырдағы зиялылар айтып жүрген көп “өлімдер” ішіндегі тағы бір өлім. Естеріңізге сала кетсек, Ф.Ницше “Құдай өлімі” туралы, О.Шпенглер “Мәдениет өлімі” туралы, М. Фуко “Адам өлімі” туралы айтты емес пе?!
Мәдениеттен оқу тәжірибесінің кетіп бара жатқан заманы.Оқу тәжірибесі кетіп, оның орнын теледидар мен видеоақпарат басып келе жатқандықтан кітап мәдени мінез-құлықты қалыптастырушылардың артқы шебіне өтті. Оқудан қалған адам миының маңызды бөліктерін жаттықтырудан да қалады, қиялдау, сезіну ұшқырлығынан, көңіл-күй сергектігінен және ойлау шапшаңдығынан айырылады. Бұл қасиеттер ақыл-ойды жұтатады, оның шығармашылық әлеуетіне зиян әкеледі. Сондықтан болар компьютербасты жастар өзімшіл, олар көңіл, көңілге қарау деген рухи-эмоциялық категорияларды елемейді, оларға экран тірі досты да, кітапты да, театрды да, тіпті, шынайы өмірді де алмастырғандай.
Желілік қауымдастық ретіндегі Интернет – Ғаламтор бүгінде жастардың ең бірінші тәрбиешісіне айналып отыр. Ал Интернетте тек қана оң мағыналы ақпарат таратылатындығына ешкім де кепілдік –бере алмайды. Мысалы қазірде әлемде 12 000-дай экстремистік сайттар бар көрінеді, соның 350-і орыстілді болса керек. Жаңа заман жаңа зорлық түрін алып келді, ол – ақпараттық зорлық. Әлі де болса біздің ақпараттану деңгейіміздің төмендігі (20-25%) белгілі бір мағынада игілік болып тұр. Өйткені интернетті қылмыстық топтардың өз пайдасына асыруы – үлкен әлемдік мәселе. Өкінішке орай, онымен күресетін нормативтік-құқықтық негіз жоқ. 2010 жылдан бері Еуроодақ әрекет жасап жатқанменен еш нәтиже шыққан жоқ. Тұрағы жоқ көшкіншілерді ұстау қалай қиын болса, Ғаламторды да реттеу соншалықты қиын.
Ғаламтор кеңістіктігіндегі адам белгілі бір мағынада номад, көшпеліге айналады. Ғаламтор шарлаушысы сол кеңістікте иен даланы ат жалына жабысып шауып өтетін көшпелі сынды желіп жүр деуге болады. Бірақ оның әлемі көшпелілердің ұшы-қиыры жоқ кең даласы емес, гипершындық, виртуалды шындық даласы. Тарихи көшпелі өркениет ат жалына жабысып өткен өркениет болса, бүгінгі күннің неономады (жаңа көшкіншілері) компьютер алдындағы орындыққа жабысқан өркениет, постмодерн өркениеті.
Әлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Шындықтан тез арда бас тартып, лезде-ақ сап-сау адам қалайша өзін фантазмдық экранның ғайып (виртуалды) кеңістігінің тұтқынына айналғанын байқамай да қалады. Осы тұста “ғайып (виртуалды) шындық” ұғымына тоқталу орынды. Түптеп келгенде “virtual” деген сөздің түбірі латын тілінен қас қылғандай “нағыз”, “ең ақиқат”, “шынайы” дегенді білдіреді екен, бірақ біз оны өз түсінігімізде “ойдан шығарылған шындық”, «шындық сияқты болып көрінгісі келген шындық» деп ұғынамыз ғой.
«Виртуалды» деген терминнің тарихына үңілсек, сөзтөркіні «virtus»-та жатқандығын жоғарыда атап айтқан болатынбыз. Ол ұғым ортағасырлық христиан философиясында абсолютті жалпы мәннің жалқы заттармен байланыстылығын түсіндіру үшін пайдаланылған. Содан бері ұмыт болуға жақындаған терминді физиктер жалған элементарлық бөлшектерді атау үшін қайта жаңғыртқан. Олар виртуалды бөлшектер деген тіркесті «мүмкін әлем» түсінігімен байланыстырған. Сөйтіп, 70-ші жылдардың соңына дейін терминнің электронды әлемге де, ақпараттық технологияларға да еш қатысы болмаған.
«Виртуалды шындық» ұғымын 1970 жылдардың соңында Массачусетс Технологиялық Институтында ойлап тапты деген де дерек бар. Ол шындықтың компьютер көмегімен берілген үшөлшемді макроүлгісін анықтау үшін пайдаланылған. Бастапқыда ол үлгілер әскери салада әлдебір техниканы сынақтан өткізу алдында, мысалы, ұшақты ауада айдағандай әсер ала отырып, ұшуға жерде даярлық жасау барысында қолданылған құрылғыларға қатысты айтылған. Ал Жарон Ланье терминді жаңа компьютерлік өнімдерге байланысты пайдалануы нәтижесінде термин көпшілік айналымға компьютермен бірге еніп үлгерді.
«Виртуалды шындық», «елес шындық», «ойдан шығарылған шындық» немесе «ғайып болмыс» – барлығы да ортағасырдан кейін философияның шеткері ысырып тастаған «виртуал» ұғымының қайтадан оның тезаурусына (сөздік қорына) белсенді енгендігін білдіреді.
Виртуалды шындық бар шындықтың тұтастығы, тұрақтылығы мен тәмәмдалғандығының орнына бөлшектік, өзгермелік, алуан түрлілік, аяқталмағандықты қойды. Виртуалды шындық шын өмірге зиянын тигізбей өз алдына балама әлем жасап алу мүмкіндігін берді. Компьютерлік графика мен онда болып жатқан оқиғаларға адамның (Ғаламтор желісіндегі компьютерді пайдаланушының) тікелей әсер ете алу мүмкіндігі қосыла келе виртаулды жасампаздықтың жаңа мүмкіндігін берген киберкеңістік дүниеге келді.
Енді міне, «виртуалды корпорация», «виртуалды ақша», «виртуалды ойын», «виртуалды оқу», және т.б. туралы да айтатын болып жүрміз осы күндері. Демек, виртуалдылықтың (ғайыптылықтың) әлеумет өміріне, адам өміріне терең бойлай енгені соншалық біз енді қоғамның виртуализациялануы (ғайыптануы) туралы айтуға мәжбүрміз.
60-80 жылдары канадалық
мәдениеттанушы Маршалл