Қазіргі заманның техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 20:57, реферат

Краткое описание

Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Ең алдымен осы сұрақтың жауабын тауып, осы мәселенің бетін ашып алған жөн. Адамзат мәдениетінің өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс табары да мәлім. Ендеше, біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да, жасалуына куәгері де болып отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні бүгін ғана пайда бола қалмағаны белгілі.

Содержимое работы - 1 файл

Электронды ақпарат құралдарының қазіргі заман мәдениетіндегі орны.doc

— 75.50 Кб (Скачать файл)

Виртуалды шындық шындықты имитацияламайды, оны симуляциялайды, яғни сол шындыққа ұқсас, бірақ өмірде жоқ өзіндік бір шындықты туындатады. Тарата айтсақ, имитация алдында тұрған даяр үлгіні қайталайды, ал симуляция жоқтың орнына жүріп, жоқтан барды (ғайыптылықты) жасайды. Симулякр – түпнұсқасы жоқ көшірменің көшірмесі.

Виртуалды шындық технологиялары бүгінгі адамзатқа пенденің қиял қойнауында не бар соның бәрінің орындалу мүмкіндігін сыйлайды. Нақты шындықта шек қоятын табиғи әлде әлеуметтік заңдардың болуына байланысты адам ойына келгенді жасай алмайды. Ал виртуалды шындық сол мүмкіндікті экран алдындағы адамға береді, адамның шығармашылық шекарасын кеңейтеді, жаңа әсерлер ұсынады. Мысалы, әлдебір себептерге байланысты ешқашан ұшақ жүргізбейтіндігін немесе бос кеңістікте жалғыз самғамайтындығын білген жан үшін қазіргі технологиялар ұшақты жүргізгендей немесе ғарышта самғағандай сезім сыйлай алады.

Қазіргі ғаламторлық  бағдарламалық технологиялық жаңалықтар виртуалды шындықта тіршілік етуді  адамға тартымды қылғаны сондай, тұлғалық ізденісі, қамкөңіл қылар толымсыздығы басым нақты әлемде тырбанған тіршілік еткеннен гөрі  фантасмагориялық елес әлемін экранға көзге көрінетіндей, құлаққа естілетіндей, керек десеңіз, ұнамаған жерін өзің түзететіндей етіп қойған ғайып әлем жағатын сыңай танытады. «Ақырын берсін!» дегеннен басқа амал жоқ.

Бүгінде виртуалдық әлем күнделікті өмір көрінісі болып, үйреншіктілікке айналды. Виртуалды  компьютерлік магазиннен тауар сатып  аламыз, болашақ салынар үйімізді қолмен салып қойғандай болып  жобалаймыз, хат жазғандай боламыз, хат алғандай боламыз, кітап оқыған сияқтымыз… Расында, осы бір “сияқтылық” әлемі – хат сияқты, бірақ олай деуге ауыз бармайды; кітап сияқты оқылады, бірақ кітап емес дегендей…. – тым көбейіп кетті.  Қарап отырсақ, “сияқтыланып” бара жатқан әлемде «адам сияқтыланбай», адам болып қалудың өзі қиынға түсетіндей көрінеді.

Қазіргі заман  бәрімізге белгілі ол-технология заманы. Технология заманы болғандықтан ол күнделікті жаңаруды талап етеді. Сондай-ақ көптеген кәсіпорындарды автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз ету  өте тиімді.  
Бағдарламалық қамтамасыздандыру-белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап 2-ге бөлінеді. Белгілі бір мақсатқа пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған. Сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар өзі жасап береді. ДК-ң кең таралуына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебап прграммалық жабдықтамаларының кең таралуы еді. Бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын автоматтандырылған жұмыс орны болып табылады.  
Автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың жалпы принциптері: жүйелілік, икмділік, орнықтылық, тиімділік әрқашан орындалуы қажет.  
Автоматтандырылған жұмыс орнының басқарылуы жүйелілік принципі- құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек.  
Икемділк принципі қандай да бір модуль арқылы құралатын жүйе ішіндегі барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігін береді. Бұл жүйенің икемдеушілігі деп аталады.  
Орнықтылық принципі- автоматтандырылған жұмыс орнының жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек. Яғни бұл кейбір бөліктеріндегі кемшіліктер оңай түзелетін жүйелердің жұмыс істеу қабілеті бұрынғы қалпына тез келуі болып табылады.  
Тиімділік принципі жүйенің жасаған және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты автоматтандырылған жұмыс орнының жоғарыда келтірілген принциптеріне іске асыруды интегралды түрде қарастыру болып табылады.  
Негізгі ДК болып табылатын автоматтандырылған жұмыс орнының функциясының шарты дұрыс қойылса және ақпараттарды өңдеу әдістері адам мен машина арасында дұрыс бөлсе жұмыс істейді. Сонда ғана жұмыс тым өнімділігін ғана емес сонымен бірге басқару тиімділігін басқаратын әдіс болып табылады. Қазірігі уақытта әр түрлі мамандық саласында ойлауды және еңбекті басқаруды интенсивтендіру жасалып ДК негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс орны кең ауқымды таралуда. Программалық қамтамасыздандыру кең ауқымда таралуда. Программалық қамтамасыздандыруды іске асырғанда программа мен техника арасында қарама қайшылықтарды болдырмауды қарастыру керек. Нақты мамандардың ДК негізінде жасалған автоматтандырылған жұмыс орнының ұйымдастырылған түрде қолдану нәтижесі адам мен машина арасындағы тосқауылды жойды.  
Тәжірибелерді, ғылыми ізденістерді талдау нәтижесінде автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын бірқатар талаптар анықталды:  
- маманның ақпараттық және оның есептеушілік сұранысын жаңаша қанағаттандыру;  
- қолданушының сұранысына аз уақытта жауап беру;  
- автоматтандырылған жұмыс орнының жұмыс істеу тәсілдерін үйренудің қарапайымдылығы және қарым-қатынасы, сенімділігі, қарапайым жұмыс істеуі;  
- қолданушының тез үйрену мүмкіншілігі;  
- қолданушыға қарағанда төзімділігі;  
- компьютер желісінің құрамында жұмыс істеу мүмкіншілігі;  
Жалпы программалық қамтамасыздандыру компьютер жұмысын басқаруды, жаңа программаларды қосу және өңдеуді қамтамасыз етеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
 
 
 
 
 
 

            M.Б.Ықсанов атындағы № 36 жалпы орта білім беретін мектеп 
 

 

Тақырыбы:Қазіргі  заманның техникасы 
 
 
 
 

  
 
 

       

                                                                        

                                                                          Тексерген:Хасимова  Алтынай Миндибаевна

                                                                           Орындаған:Муфтолла  Камила Ерланқызы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                        Орал 2011

Информация о работе Қазіргі заманның техникасы