Өңірлік инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып инновациялық қызметтің теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
қазіргі уақытта өңірлердің инновациялық белсенділігін қарастыру;
инновациялық процестерді талдау;
Қарағанды облысы деректеріне сүйеніп, индустриалды –инновациялық белсенділікті талдау;
Экономиканы модернизациялаудың индустриалды-инновациялық жолдарын қарастыру

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать файл)

    Орта  мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.

    Экономиканы құрылымдық қайта құру, экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялды-инновациялық дамуға өту қажет. Осы міндетті шешуде ел экономикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ірі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бағдарлама экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру үдерісіне, шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін мультипликациялау үшін шикізат емес салалардың дамуына жаңа серпін беруге арналған. Орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мақсатында жеке меншік секторда озық технологияларды енгізуге, жаңа экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістер құруға бағытталған жаңа бастамаларды ынталандыру көзделуде. Елде бизнес-ахуалды жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру және ішкі сұранысты ынталандыру, тауар нарықтарындағы тұрақты сыртқы баға конъюнктурасымен қатар экономиканың өсуіне ықпалын тигізеді. Экономиканың өсуі халықтың әл-ауқатының артуымен ілесе жүретін болады. Жан басына шаққанда ЖІӨ болжамдар бойынша 2016 жылы 18 мың АҚШ долларынан асып түседі.

    Дипломдық жұмыстың мақсаты болып инновациялық қызметтің теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • қазіргі уақытта өңірлердің инновациялық белсенділігін қарастыру;
  • инновациялық процестерді талдау;
  • Қарағанды облысы деректеріне сүйеніп, индустриалды –инновациялық белсенділікті талдау;
  • Экономиканы модернизациялаудың индустриалды-инновациялық жолдарын қарастыру

    Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде отандық және шет елдік ғалымдардың экономиканы модернизациялаудағы процесстерді жоғырылату жөніндегі ғылыми еңбектері, және осы тақырып төңірегінде жарық көрген ғылыми монографиялар мен мерзімді басылымдардағы ғылыми-теориялық мақалалар қарастырылады.

 

    1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

    1.1 Инновациялық түрде даму – қазіргі экономикадағы бәсекеқабілеттіліктің негізі ретінде 
     

    Бұл индустриялды дәуірдің электрондық-технологиялық дәуірге ауысуын инновациялық экономиканың мазмұнын негізінен базалық түсініктемеден бастағанымыз дұрыс.

    Тура  мағынасында инновация (ағылшынның - іnnоvаtіоn) қазақ тілінде жаңаны енгізу, жаңа нәрсені пайдалану үрдісі немесе ойлап табу мағынасын береді. Жаңа идея немесе инновация (ағылшынның – іnnоvаtі) жаппай қолдануға қабылданған сәттен бастап жаңа сапаға ие болады. Бұндай өзгеріс инновациялық үрдіс деп аталады, ал инновацияны нарыққа енгізу -коммерциялау деп аталады. Жаңа идея тек ғылыми-техникалық жаңалығы болған кезде, өндірістік сатылым және экономикалық тиімді болған кезде ғана технология түріне немесе жаңа өнім түріне көше алады.

    Инновация XIX ғасырда пайда болды деп саналады. Бастапқы кезеңінде ол кейбір элементтердің бір жүйеден екінші жүйеге енуі түрінде болды. Инновация заңдылықтарын үйрену тек XX ғасырдың басында ғана қолға алынды.

    1911 жылы австрия, кейін американ ғалымы ғалымы болған Йозеф Шумпетер «Экономика теориясының дамуы» еңбегінде инновация туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізді. Ол инновация үрдістері туралы былай дейді: жаңа технологияны қолдану кезінде пайда болатын жаңа өнімдер өндіріске жіберіледі, жаңа сатылым нарықтары, жаңа шикізат пайда болады және жаңа комбинациялық үрдістер ғылыми айналымға енеді.

    Й.Шумпетер инновация дамуының бес белгісін көрсетеді:

  1. Өндірістің жаңа нарықтық қамтамасыз етілуін немесе жаңа техника, технологиялық үрдістерді пайдалану;
  2. Жаңа қасиеттері бар өнімдер өндіру;
  3. Жаңа шикізатты қолдану;
  4. Жаңа нарық сатылымдарының пайда болуы
  5. Өндірісті ұйымдастырудағы және оның материалды-техникалық қамтамасыз етілуіндегі өзгерістер [5, 208 бет].

    Й.Шумпетер өзінің кәсіпкерлік туралы түсінігінде ең алдымен бұл саланың экономикалық прогрестерге маңыз беруі инновация рөлін жоғары бағалаудан басталады дейді: «өндіріске өзгерістер енгізудегі кәсіпкердің қызметі жаңа тауар шығару, ескі тауарды жаңа әдіспен өңдеу, жаңа шикізат көздерін ашқанда, материалдарды пайдаланғанда немесе жаңа нарық, саланы қайта құруда, т.б. өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді пайдалану».

    Бүкіл дүниежүзі соғысы алдындағы темір жол құрылысының басталуы, электроқуатты өндіру, бу қуаты мен құрылым, автомобиль, колониялдық кәсіпорындар - бұлардың бәрі тіпті шұжықтың жаңа түрі мен ерекше тіс жуғыш щеткасын шығаратын сансыз көп өкілдері бар үлкен құбылыстың көрсеткіштері. Міне, тура осындай қызмет - экономикалық организмнің қозғаушы күші болып, оның анда-санда «көтеріліп» немесе «құлдырап» отыруының басты себебі болып табылады, өйткені оның салдары жаңа тауар өндіруде немесе жаңа әдістерді пайдалануда тұрақтылықтың бұзылуына әкеледі.

    Жаңа  нәрсені ойлап табу, жасау әрқашанда қиын және жаңа затты сату ісі өзіндік ерекшелігі бар экономикалық қызметті көрсетеді, сондықтан да, барлық жаңа зат күнделікті үйреншікті құбыластардан айрықша болуы себепті ол кез келген ортада өз бағасын, өзіне лайықты орнын алуы қажет [6, 183 бет].

    Берілген  Й.Шумпетер сілтемесінде инновациялық (инновация) теориясының шеңбері анық көрсетілген: инновациялық қызмет кәсіпкердің басты міндеті; инновация-өнімдер мен инновация үрдістердің айырмашылығы, радикалдық (базистік) және жақсартушы, технологиялық, экономикалық инновациялар;

    Циклды  экономикалық тербелістердің инновациялық орны: ортаның қарсылығы және оған төтеп беру қажеттілігі.

    Кейбір  жағдайларда Й.Шумпетер өз теориясын жасауда ресей экономисі Н.Кондратьевтің еңбектеріне сүйенген. Н.Кондратьев экономикалық өмірдің тарихи кезеңдерін ұзақ толқында (цикл) 50 жылдық ұзақтықпен алуды ұсынған. Үлкен кезеңдерді дәлелдеуде Н.Кондратьев тауар бағасы индексінің қозғалысын, кейбір бағалы қағаздар бағамын, депозиттерді, салалық еңбекақы, ішкі тауар айналымдарын, көмір өндіру мен пайдалану және шойын қорғасын өндірістерін зерттеген. (Ағылшын, Франция, Германия, АҚШ материалдары негізінде).

    Н.Кондратьев 50-60 жылдар аралығындағы кезеңдіктің  трендін жасады. Ол оған әлемдік экономикалық тербелістің келесі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік берді: XVIII ғ. 80-ші жылдар аяғы - XIX ғ. 40-ы жылдары. XIX ғ. 40-шы жыл ортасы - XIX ғасырдың аяғы XIX ғ. - 1920 жыл (асып кететін фаза).

    И.Шумпетер Н.Кондратьевтің әдісін қабылдап, инновация табиғатының ұзақ кезеңдігін қабылдауды ұсынады.

    Бүгінде И.Шумпетер теориясының бірқатар элементтерін қолдануға негіз бар. Ол Н.Кондратьев гипотезасын дамытты, кесілген таралымдағы сәйкес кластерлердегі жаңатанымдардың өзара байланысындағы экономикалық дамудың серпінді қарқыны болатынын түсінді. Бұл үрдіске өзін-өзі реттеуші және толқын формасындағы сипаттама тән.

    Питирим Сорокин инновация теориясын  кең ауқымда түсініп, оған өнер, мәдениет, әлеуметтік және саяси қатынастарды кіргізумен қатар, ғылыми жетістіктер мен зерделімдерді, мемлекетаралық және азаматтық соғыстарды да жатқызды. Ол техникалық зерделімдердің динамикасын бес мың жылдық қоғам тарихында зерттеді. өте ірі жаңа танымдарға талдау жасап, олардың рухани өмірдегі мәнін қарастырады.

    Питирим Сорокиннің Н.Кондратьевтан ерекшелігі, оның тарихтың жалпы – даму тренін жоққа шығаруында. Ол тербелістерді (флуктуация) мәнсіз, мағынасыз деп санаған және инновация толқындарының рухани саладағы сандылық бағасын береді.

    Сонымен XX ғасырдың үш онжылдығында әсіресе, технологиялық және әлеуметтік-мәдени салаларда инновация теориясының іргетасы қаланды.

    Кондратьевтің пікір бойынша инновация теориясы дамуының екінші кезеңі – 40-ыншы жылдар мен 70-жылдардың арасында іргелі жетістіктер болмаған. Оның себебі, Екінші дүние жүзілік соғыс және соғыстан кейінгі жаппай қаруланумен байланысты. Ол кездегі ғылыми зерттеулер қолданбалы, практикалық мәнде болатын. Дегенмен инновация теориясында ілгері жылжу бар.

    Инновация жаңаны енгізуші ғылым ретінде жаңа әдістердің теориялық маңызды негізін қалайтын маңыздылығы Дж. Бернал еңбектерінде былайша айтылады: «ғылым кезеңдері негізінен экономикалық белсенділік пен техникалық прогресс кезеңдеріне сәйкес келеді». Технологиялық жаңалықтар қоғамның басқа саласындағы жаңа енгізулермен байланысты болды. Олардың әлеуметтік нәтижелері С.Кузнец еңбектерінде былайша аталып өтеді: «технологиялық жаңалықтардың үнемі пайда болып отыруы қазіргі уақыттағы экономикалық дамуға тән және оларға ілесе жүретін әлеуметтік жаңа енгізулер, бейімделуді жеңілдететін қажеттіліктер қоғам мен экономиканың құрылымына әсер етуші негізгі фактор болып саналады», және құқық саласына, институттық құрылымдарға, тіпті идеологияға да жаңа танымдар әкеледі [6, 184 бет].

    Қазіргі заманның өндіріс күштерінің даму үрдісіне заман өзгеруі келіп қосылды: индустриаландыру процесі аяқталуға жақын, ал оның орнына электрлі технология келе жатыр.

    Бұл жерде сөз жоққа шығарудың (Гегель бойынша) диалектілік түрі жайында қозғалып отыр, яғни ауысу кезеңінде өзгеріске түскен форма ескіден қалған жақсылықтардың бәрін жаңа формада сақтайды.

    XX ғасырдың 70-ші жылдарында бесінші технологиялық укладттың меңгерілуі және таралуына қарай жаңа теориялық ұмтылыс пайда болды. Дәуірлік және қондырғылық инновациялардың өндіріс құралдарының жаңаруына тигізген ықпалын, ғылыми еңбектердің, ақпараттың, сандық технологияның макроэкономика өлшемдерінің маңыздылығын арттырудағы әсерін бағалауға ұмтылыс жасалды. Жоғары технология - бұл әр мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында кез келген күрделі мәселелерді шешетін сала. Жоғары технологияның құлдырауынан шығып құрылымдық қайта құрулармен бәсекелестікке қабілетті тауар шығару және қызмет көрсетудің құралы. Инновациялы үрдіс, инновациялық қызмет, жаңалық енгізу, инновация, инновациялық белсенділік бұл контексте, бүгінгі экономиканы жетілдіруде негізгі шарт, сонымен бірге кең ауқымда қайта өндіруде ғылыми білімдердің материалдануындағы басты жағдай болып табылады [7, 155 бет].

    Инновацияның  өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

    Инновациялық  қызметті тиімді басқару үшін инновацияны  толықтай меңгеру қажет. Ол үшін біріншіден, инновациядан технологиялық процестердегі өнімдердің түрлі өзгеруілерін айыра білу керек: (мысалға, эстетикалық өзгерістер - түсі, формасы және де сондай сияқты); өнімдердің сыртқы немесе мәнсіз технологиялық, яғни параметрлеріне, құрамына, өнім құнына, оған енетін материалдар мен компоненттер құрамына аса ықпал етпейтін, өз қызметін өзгеріссіз күйде атқаратынын; берілген кәсіпорында бұрын шығарылмаған өндірісті меңгеру есебінен номенклатураның кеңеюінен; өнімдер нарықтарында әйгілі, ағымды сұранысты қанағаттандыру мен кәсіпорынның пайдасын көтерілу мақсатында.

    Инновацияның  жаңашажылдығы технологиялық параметрлер  бойынша және нарықтық тұрғыдан бағаланады. Осыларға байланысты инновацияның классификациясы құралады.

    Технологиялық параметрлері бойынша инновацияның екі тұрапаты ажыратылады:

  • өнімділік;
  • үдерістік.

    Жаңа  өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

    Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісі ұйымдастыруды өзгерту.

    Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

    Нарық үшін жаңашылдықтың типі бойынша инновация келесідейлерге бөлінеді: әлемдегі салалар үшін жаңалар; елдегі салалар үшін жаңалар; берілген кәсіпорын (кәсіпорын топтары) үшін жаңалар.

    Жүйедегі (кәсіпорындағы, фирмадағы) орыны бойынша келесідейлерді айрықша атауға болады:

  • кәсіпорындарға енудегі ииновациялар (шикізатты, материалды, машиналар мен құрал-жабдықтарды, ақпараттарды және тағы басқаларын пайдалану мен таңдаудағы өзгерістер);
  • кәсіпорыннан шығудағы инновациялар (өнімдер, қызметтер, технологиялар, ақпараттар және т.б.);
  • кәсіпорынның жүйелік құрылымындағы инновациялар (басқарушылық, өндірістік, технологиялық);

Информация о работе Өңірлік инновациялық саясат