Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:40, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің 2007 жылғы Қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » жолдауында мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі - халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жылдамдатылған әкімшілік реформа жүргізу керектігі көрсетіледі. « Біз мемлекеттік басқарудың бірлескен басқару принципіндегі қоғамға ашық сапалы жаңа үлгісін жасаймыз. Біздің мақсат - Үкіметті жаңарту , жоғары сапалы мемлекеттік қызмет және нәтижелі басқару құрылымдарын құру. Олар мемлекеттік қызметтердің негізгі тұтынушылары - барлық азаматтар мен кәсіпкерліктердің талаптарына бағынуы тиіс».

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................

2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........

4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде....
4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................

8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі.................
14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл.........................
19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................


24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................

24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................

26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................

32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....

39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………

39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................
42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау...........
50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

54

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................

Содержимое работы - 1 файл

д1.doc

— 403.50 Кб (Скачать файл)

    - ақпаратты талдау негізінде процесстерді  басқару; 

    - стратегиялық көзқарас;

    - ішкі бөлімшелер, сондай ақ сыртқы  ұйымдар арасында серіктестіктің  дамуы; 

    - ұзақ уақыттық жоспарлау; 

    - жұмыс нәтижесіне ұжымдық жауаптылық, уақыт факторын есепке алу. 

    Қолданылатын  сапа үлгілерін жақсылап қарастырайық. «Жұмыста басымдық» үлгісі басқару  сапаларын қарастыратын Европа қорымен  дайындалған. Ол эмпирикалық негізде 10 жыл ішінде жасалған. Жергілікті мекемелер  әрекетін және жаңа құндылықтарды ендіру нәтижелілігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін тоғыз элемент (критерийлер) ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, ұйымның іс-әрекеті (мүмкіншіліктері) және оның жұмысы нәтижесінде не алынғандығы зерттеледі. Негізгі критерийлердің өзара байланысы 2 суретте көрсетілген. 

    Осылайша, « жұмыста басымдыққа » жету үшін тұтынушыларға, сондай ақ қызметкерлер мен бүтін қоғам үшін нәтижелерге жету қажет. Оны саясат пен стратегияны құруды, қызметкерлерді, ресурстар мен процесстерді басқаруды қамтамасыз ететін, серіктестік қатынасты орнататын басшылық арқылы жүзеге асыру мүмкін. Бұл үлгіні жергілікті ұйымдардың іс-әрекетін тексеруде қолдану олардың басым және әлсіз жақтарын, жақсартуды талап ететін сфераларын анықтауға және қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол қызметер сапасы мен жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуда маңызды өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туғызады, приоритеттерді анықтауға көмектеседі және басқа ұйымдармен салыстыруға

 негізқалайды.1,2 

      

    

      

    

      

    

    

      
 
 

      
 

    1 сурет «Жұмыста басымдық» үлгісі 

 Қорыта  келе, «Жұмыста басымдық» үлгісін қолдану өкіметтің жергілікті органдарына «Жақсы құндылықтар» концепциясын іске асыруға қол жеткізеді. Қоғамдық қызмет көрсеткендегі даму және стратегиялық мақсаттар мүмкіншілігі байланысын күшейтіп, тұтынушыларға назар шоғырландыруға, жақсартуды талап ететін аймақтарды анықтауға, қойылған мақсаттардың орындалуын мінездемелейтін көрсеткіштерді жасауға, ұйым іс-әрекетін мониторингілеуге, жаңартулар мен қызметкерлерді оқытуды қолдауға, өзін-өзі бағалау негізіндегі өзгерістер енгізудегі жауаптылықты жоғарылатуға мүмкіндік береді .

    Тұрғындарға қызмет көрсетумен байланысты, оның ішінде жергілікті басқару органының қоғамдық сектор ұйымының жұмысының жоғары сапасы үшін қолдаудың ерекше үлгісі бірегей ұлттық «Хартия белгісі» сыйлығы болып табылады. Ол министрліктер кабинетімен 1992 жылы бектілген және және конкурстық негізде беріледі. Конкурсқа қатысу үшін өз қызметіңнің сапасын бағалайтын 12-беттік форманы толтыру (әдетте осындай процедураға 25-30 күн кетеді).

    Бұл мәртебелі сыйлыққа ие болу үшін ұйымдарға  іріктеудің үш кезеңінен өту керек. Бірінші кезеңде көрсетілетін қызметтердің 10 критерий бойынша бағалауы өтеді:

    1) анық жасалған стандарттар;

    2) ашық және толық ақпарат;

    3) консультация және халықпен кері байланыс;

    4) таңдау мүмкіншілігі және қызметтер жетімділігі;

    5) қызмет пайдалылығы және азаматтар хұқығын сыйлау;

    6) қызмет жеткілікті сапалы болмаса апелляция мүмкіндігі;

    7) ресурстарды тиімді пайдалану;

    8) жаңашылдық енгізу;

    9) қызмет провайдерлерімен бірлескен жұмыс;

    10) тұтынушылар қанағаттануының деңгейі.

    Екінші  кезеңде эксперттер берілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Үшінші кезеңге қызметтерді жақсарту кепілдемелері және ең жақсы мекемені марапаттау шешімі кіреді.

    Таңдау және «Хартия белгісі» сыйлығын марапаттау механизмі конкурсқа қатысушыларға келесі мүмкіншіліктер береді:

    - олар көрсететін қызметтерді ең жақсы ұйымдар жұмыс стандартымен салыстыруға ;

    - өз жұмысының деңгейі жайында эксперттер мәліметін алуға;

    - жалпыұлттық мойындауға қол жеткізіп, абыройын бекітуге;

    - қызметкерлердің адамгершілігі мен қызығушылығын жоғарылатуға;

    - жұмыс нәтижесін жақсартуға (зерттеулер көрсеткендей, 97% конкурстың жеңімпаз ұйымдары мен олардың сыйлық алмаған 79% қатысушылары артынан өз істерін ұштауға шаралар қолдануға шешім қабылдайды).

      «Қызметкерлерге инвестиция» ұлгісі өз құрамы бойынша ұлттық стандарттар мен ұйым мақсатына жетуге арналған қызметкерлерді оқыту және дамытуға нәтижелі қаражат салу әдістерін құрайды. Бұл стандарттар төрт принципке негізделеді:

    - жоғарғы басшылықтың қызметкерлердің профессионалды дамуына қатысты міндеттемесі;

    - жүйелі қызметкерлердің оқытуға, дамытуға қажеттілігін зерттеу және қажетті жұмыс жоспарын жасау;

    - қызметкерлердің жеке дамуы мен оқуын ұйымдастыру;

    - ұйым қызметкерлеріне инвестиция нәтижелігін бағалау.3,4,5

    Бұл жүйені әр типтегі ұйымдарға енгізу 6 айдан екі жылға дейін созылуы мүмкін. Оны қолданудан пайданы ұйым, сондай-ақ қызметкерлердің өздері де алады.

    Келесі  схема бойынша жұмыс жасау  ұсынылады. Ең алдымен жергілікті оқу қоғамы стандарттары жайлы керекті ақпарат табу қажет, содан кейін салыстырмалы талдау жүргізу және стандарттар мен нақты жағдай арасындағы айырмашылықты бағалау, қызметкерлерді дамыту жоспарын жасау, оны іске асыру, бар стандарттар негізінде қызметкерлерге инвестиция нәтижелілігін бағалауды қамтамасыз ету қажет.

    «ISO – 9000» үлгісі жергілікті басқару органдарында оларды стандарттау және құжат айналымын жақсарту негізінде процессерді жетілдіруге көмектеседі. Ол 143 елде 270 мыңнан аса ұйым қолданатын басқару жүйесінің ұлтаралық сапа стандарты болып табылады. Оның ішіндегі 60 мың ұйым Ұлыбританяда және олардың әрекетін ұлтаралық стандарттармен салыстыруға, анықтама құралдары мен жұмыс сапасын жақсарту әдістемелерін жасауға мүмкіндік береді.

    Бірінші кезеңде процедураларды стандарттау  жұмысы жүргізіледі. Ол ресми құжаттарда көрініс табады. Кейін процесстерді сертификациялауды тәуелсіз бағалау  және стандарттармен салыстыру жүргізіледі. Осындай бағалауды Ұлыбританияда сауда және өндіріс министрлігі қарамағында жұмыс істейтін Аккредитация қызметі жүргізеді. Аккредитация еркін, одан өткендерге ұлтық аккредитация белгісін пайдалануға болады. Бұл азаматтарға ұйым тәуелсіз мекеме бектіткен, әлемдік стандарттарға сай, сапалы қызмет көрсететіндігін көрсетуі тиіс. Содан кейін жыл сайынғы ежегодные аудиторлық тексеру жүргізіледі.

      «ISO – 9000» үлгісін ендіру 6-9 ай  алады, Сол уақытта ұйымдар  үш құжатты дайындауы тиіс:

    - сапа облысындағы саясат;

    - сапа стандарты бойынша анықтама;

    - процедуралар бойынша жұмыстық нұсқаулықтар.

    Бұл жүйе уақыт пен ресурсты тиімді пайдалануға, қызметтерді жетілдіруге және тұтынушыларды  қанағаттандыру деңгейін көтеруге, қызметкерлер тарапынан жұмысқа қанағаттану, ұйымның беделінің көтерілуіне септігін тигізеді. Бұл жұмыста Британдық стандарттар институты үлкен маңызға ие.

    «Жергілікті басқаруды жетілдіру бағдарламасы»  әдетте «Жақсы құндылықтар » концепциясын іске асыру жұмысының бастапқы кезеңінде қолданылады. Оның мақсаты жергілікті өкімет органдарына өзгерістер бағытын анықтауда және жетілдіруді қажет ететін аймақты орнатуда осы концепция мәні туралы кең пікірталас тудыру.

    Бағдарламаға  бір топ қызметкерлер мен қалауынша  таңдалған бір сыртқы эксперт қатысатын ұйымның жұмысын бір апта тексеру кіреді. Зерттеу барысында жұмыс көрсеткіштерін стандартармен салыстыру және табылған сәйкессіздік себептері талданады. Содан кейін жұмысты ұштау жоспары жасалып, екі жыл ішінде нәтижелер мониторингі жүргізіледі.

    Барлық  көрсетілген үлгілердің іске асырылуы жүргізілген есеп бойынша  1 500 ф. ст. және одан да жоғары қаржы шығынын  талап етеді.

    Қорытындылай  келе, Ұлыбритания тәжірибесі нәтижелі болатын жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін құруда қазіргі Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін екендігін айта кеткен жөн. 
 
 
 
 

    2.3 Федеративтік Германия  Республикасындағы  федерация мен  жерлердің өзара  әрекеттестігі 

    Германия  өзіндік әрі күрделі жүйесі бар  федеративтік мемлекет ретінде танылады. Өздігінен федерация да, жерлер де жарамсыз болып табылады. Мемлекеттің мәнін олардың өзара қарым-қатынасы айқындайды. Федерация мен жерлердің арасындағы байланыс гомогендік (біртекті) ұстанымға негізделген:

    -федеративтік  мемлекет ретінде федерация секілді  жерде де республикалық конституциялық құрылым болу қажет;

    -халық  мемлекеттік үкіметтің жаршысы  болып есептеледі. Мұның астарында  үкіметтің азаматтық демократиясы  немесе көпшіліктің үстемдігі  жатыр. Халық мемлекеттік органдарды  қолдайды. Түрлі пікірлер мен  бір-біріне қарама-қайшы келетін көзқарастар саяси ортада еркін айтылу керек, сонымен қатар күндердің күнінде шағын топ адамдар үстемдік етуіне мүмкіндік бар;

    -жер  еркін іс-әрекетке ие. Мысалы, олар  Президентті өз жерінің  басшысы  немесе үкімет пен парламент  арасында федералды деңгейден басқа қарым-қатынас орната алады. Жер парламенттің мүшелерін сайлау кезінде сайлау құқығы, сонымен қатар сайлау мерзімінің ұзақтығы ерекше болуы мүмкін. Нақты шешім қабылдау үшін қарапайым халықтың, тұрғандардың немесе референдумның заң шығару бастамашылығы негізгі заңнан қарағанда әлдеқайда басым.

    - федерация мен жерде әлеуметтік  конституциялық құрылым болу  қажет. Мемлекет өз тарапынан  белсенді түрде халыққа экономикалық  және мәдениеттік қысым жасауына  жол бермей, әлеуметтік әділдікті  жүзеге асыруға міндетті. Әлеуметтік мемлекеттік міндеттерін жүзеге асыруға талпыну қоғамдық интеграциялық үлгінің әлеуметтік нарықтық экономиканың, білім алуға және әлеуметтік көмекте көрініс тапты;

    - мемлекет озбырлыққа жол бермей,  қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті.

    Федералдық  жер қауымдарға    және олардың  одақтарына (мысалы, қауым бірлестігі, аудандық маңызы бар қалалар, аудан  ауылдары және ландшафтық бірлестіктер) бөлінген. Дегенмен Германияның мемлекеттік  құрылымы 3 сатылық емес, жер мен  федерация деңгейінен құралған  екі сатылы болып келеді. Қауым ішкі жер  бөлумен сипатталады және олармен коммуналдық өзін-өзі басқару құқығы кепілдемесін береді.

    Федерация мен  жер арасындағы міндеттерді  бөлісу. Федеративтік Германия Республикасында  классикалық сызбаға көлденең бөлу өкілеттілігімен қоса (заңнамалық, атқарушы және сот билігі араларында) тігінен - мемлекетпен және оның бөлімдері бар. Тек федерация ғана емес, сонымен қатар жердің әрқайсысында меншікті парламент, өкімет пен соттары болады.

    Міндеттері  көлемі мен типіне байланысты төмендегідей жіктеледі:

    -заң  өкілеттілігі қызметінің көп  саласы федерацияның қолында;

    - әкімшілік басқару,  негізінен,  жердің құзіретінде;

    -сот  әділдігі мәселесін федерация  мен жер бір-бірімен өзара бірлесіп  шешеді.

    Бөлісудің мұндай түрі федерацияға басымдылықты кепілдік етеді.  Федерация өкілеттіліктің кең ауқымын иелене отыра, бірыңғай нормаларды белгілеу, орнату мүмкіндігіне ие. Жер бундесрат арқылы заң шығару үдерісіне қатыса алады, бұл оның елеулі өтемдік механизмі болып табылады.

    Жерлердің мүддесін қорғайтын федералдық заңдар тек бундесраттың келісімі болғанда ғана қабылданады. 

    Федерацияның  заң шығару құзіреті. Мемлекет пен  азаматтардың мүдделері бір жерден шығып, бірыңғай норманы талап еткен  жағдайда, мысалы,  федерация халықаралық қатынастар, қорғаныс, кеден және шекара күзеті сияқты мәселелерге қатысты заң шығару құқығына ие болады.

    Көптеген  облыстарда бәсекелестік заң шығару жұмыс істейді. Шындығында, мұнда  федерация басымдық, немесе доминанттық  сипатта болады.  Жерлер федералдық деңгейде реттелмейтін мәселелерге қатысты ғана заң шығара алады. Федерация іс жүзінде жерлерге мүлдем дерлік бәсекелестік аймақ (мысалы, қылмыстық, процессуалды, экономикалық, еңбек құқығы, қоғамдық көлік және тұрғын үй шаруашылығы, шетелдіктердің келуі мен олардың тұрақты тұруы, жиналыстар мен бірлестіктердің жұмыс істеуін, кеме қатынасы) қалдырмады.

    Федерация жерлердің шығармашылық мөлшерінің негізгі мазмұны мен бағытын  көрсетіп, бірқатар мәселелерді шешу үшін жалпы ұйғарым береді. Бұған  жоғарғы білім алудың жалпы принциптері, кино мен баспасөзге арналған жалпы құқықтық қатынастар, қоршаған ортаны қорғау,  ландшафтық жоспарлау,  территорияны реттеу, су шаруашылығы, көлікті тіркеу жүйесі сияқты мәселелерге қатысты шектеулі   заң шығару жатады. Федерацияда белгіленген нақты мәселелер туралы шешім қабылдау мүмкіндігі осылайша жерлердің құзырында қалады.

    Федерацияның  территориясын реттейтін заң  туралы жалпы ережелер ғана бар, ал экономика саласының құрылымдық жоспарлауы, әлеуметтік және мәдениет салалары тікелей әр жердің құзырына енеді.

    Жерлердің заң шығару құзіреті.  Федерацияның Конституциясына байланысты болмаса, Жерлер заң шығару құқығын іске асырады.  Бір қарағанда осының  арқасында  жерлердің заң шығару мүмкіндігі жоғары деген сезім қалыптасуы мүмкін. Іс жүзінде шындыққа жанасымды басқа ой дұрыс. Төменде көрсетілген мәселелер федерацияның ұйғарымынсыз жерлердің толық құзіретіне кіреді:

    -бірінші  кезекте білім беру, радио мен  телевидение сияқты мәдениет  саласы;

    -коммуналдық  саланың дамуы;

    -мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру мен қолдауға қатысты жалпы ережелер.

    Жерлер  мұнда әр түрлі мақсаттарды көздеп, өз жолымен жүруі де  мүмкін. Полицейлік құқық жерлердің деңгейінде реттеледі, бірақ полицейлердің  киімі бірыңғай. Мектептердегі білім беру жүйесінде біршама өзгешелік бар, дегенмен жерлердің мәдениет министрлері оны үйлестіру үшін көп жұмыс атқарып жатыр. 

Жер өкілеттілігі тек аймақтарға ғана таралмайды. Мысалы, телевидение толығымен жер  деңгейінде реттеледі. Дегенмен жер  федерация қабылдаған бағдарламаларды жасауға болады және ортақ аймақаралық телекомпания  құра алады.

    Басқару міндеттері. Германия үстел үстінде, кабинетте шешілетін, болып жатқан оқиғалардан алшақ болатын ірі  білім беру мекемелерден қашық. Сондықтан  федералдық билік, негізінен, тек ішкі қатынастарға қатысты, мысалы федералдық қаржы басқармасы, бундесвердің қызметі, федералдық шекара күзеті секілді аз ғана салаларға байланысты заңды жүзеге асыруға жауап береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары