ДСУ-Дуниежузилик сауда уйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 00:29, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының БСҰ мүше ретінде кіруін зерттеу және осының арқасында тұрақты экономикалық өсудің қалыпты траекториясын құрастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

- Сауда саясатын реттеу мен сыртқы елдердің хал ахуалын Қазақстанның БСҰ кіруіндегі хал ахуалын зерттеу;

- Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық стратегияны іске асырудағы экономиканың деңгейлерін зерттеу;

- Қазақстанның БСҰ кіруі туралы талдама жасау.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дүниежүзілік сауданың мәні, формалары, түрлері.......................................5

1.2 Халықаралық сауда құқығының мәні, формалары, түрлері.........................7

1.3 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі мәселелері.11

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДСҰ-НА КІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан ДСҰ-ға кірудегі мақсаттары.........................................................14

2.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының ҚР-ң экономикасының дамуына әсері....16

2.3 Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi жағдайында агроөнеркәсiптiк кешеннiң мәселелерін талдау.................................................20

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Қазақстанның ДСҰ – на кірудегі басты мақсаты және оны жетілдіру жолдары .................................................................................................................24


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27ПАЙЛАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................32

Содержимое работы - 1 файл

ДСУ-Дуниежузилик сауда уйымы -Казахстан.docx

— 85.40 Кб (Скачать файл)

      Үлкен  қалалардан базарлар, жәрмеңкелер, мерзімдік  көпшілік аукциондары және сол тәрізді  қоғамдық орындар тұрақты немесе мезгіл-мезгіл белгілі бір жерде  барлық, мүдделілерді жөне бағаның  құрылуына әсер ете алатын тұлғаларды тұрақты түрде жинап отыратын өз мақсаттары болады және сөйтіп бұл  бағаларды экономикалық етеді.

      Сонымен тауардың өткізілу қабілеттілігінін әр тұрлі болуының себептері мыналар:

      Біріншіден, тауардың өткізілу қабілеттілігінің мөлшерін анықтайтын адамдардың саны біресе көп, біресе аз болады және мүдделі жинақталу  пункттері бағаның құрылуы кезінде  бірде жақсы, бірде нашар ұйымдастырылады.

     Екіншіден, кейбір тауарлар өздерінің өту қабілетіне сай рынокты барлық жерден табады. Мысалы, пайдалы үй жануарлары, астықтар, темірлер және т.б. үшін, жалпы тұтыну игіліктері үшін барлық жерде рыноктар бар және ең шағын қалалар мен  мекен жайлар белгілі мезгілде осы  сияқты тауарлардың рыногына айналады; керісінше, басқа игіліктер үшін (шикізат, шай) бір-бірінен алыстау  орналасқан рыноктар болады. Соңғылары  бір-біріне тәуелді болады.

      Үшіншіден, кейбір тауарлар бойынша белсенді әрі  дұрыс қойылған алыпсатарлық бар; ол рынокта пайда болған тауарлардың  көлемін, осы сәтге ол сұраныстың нақты көлемінен артып тұрса  да жұтып қояды; ал өзге шаруалардың  сауда айналымында алыпсатарлық болмайды немесе сонша-лықты дәрежеде емес, және рынок солармен толып  кеткенде не баға өте тез төмендейді, не жеткізілген тауарлар өткізілмей қалады.  

    1.3 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі мәселелері

    Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі  жөніндегі комитетінің атқаратын  қызметтері: Вашингтонда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі  аясындағы Құрама Штаттармен екіжақты келіссөздің кезекті отырысын өткізді.

    Вашингтонда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі аясындағы Құрама Штаттармен екіжақты келіссөздің кезекті отырысы  өтті. ұрама Штаттар алыс шетелдердің  арасындағы Қазақстанның негізгі сауда  серіктестерінің бірі. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 2,5 пайызы - осы Құрама Штаттардың үлесіне  тиесілі. 2006 жылы Қазақстан мен АҚШ-тың  арасындағы сыртқы сауда айналымы 1 567,3 миллион долларды құраған.  Құрама Штаттар - сондай-ақ, Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бірі. 1993 жылдан бастап 2006 жылдың қыркүйек айына дейін Құрама Штаттар Қазақстан экономикасына салған жалпы тікелей инвестиция ағыны 13,5 миллиард долларды құраған.

    ДСҰ бойынша келіссөздегі Қазақстан  Республикасының арнайы өкілі, Индустрия  және сауда вице-министрі Ж.Айтжанова  бастаған қазақстандық делегациямен болған келіссөз барысында бірқатар жүйелі мәселелер, атап айтқанда, экономикадағы  мемлекеттің ролі, сыртқы сауда қызметіне  қатысушылардың сауда құқықтарын қорғау тәжірибесі, зияткерлік меншікті қорғау мәселесі талқыланды. [9]

    Тараптар  Қазақстан рыногына импортталатын  ет-сүт өнімдеріне қойылатын талаптарды талқылап, Қазақстандағы қолданыстағы ветеринарлық және санитарлық шараларды  халықаралық талаптарға сәйкестендіру  жөніндегі алдағы қадамдарды анықтады.

    Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Инвесторлар кеңесінің 14-ші жалпы  отырысында ел экономикасына инвестия салушы ірі шетелдік компаниялардың басшылары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ықыласына  қолдау білдірді.

    Еуропалық Қайта құру және даму банкінінің президенті Жан Лемьер өз сөзінде «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген  табыстарды әлемдік нарықтағы ықпалдастықпен күшейту қажет» екенін атап өтті. 
- Президент мырза, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізді және әлемдік аренадағы аса маңызды әрі қарқынды дамып келе жатқан серіктеске айналды. Енді Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру аса маңызды, - деп атап өтті Ж.Лемьер.

    «Би Джи Групп» бас атқарушы директоры  Фрэнк Чапмэн «Біз бұл елдің жарқын болашағына сенеміз, сондықтан Қазақстан  басшылығымен қоян-қолтық жұмыс істеуге  дайын» екендігін жеткізді. 
Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің сәтті жүргізілуі туралы жаңалық қатты қуантатынын айтты.

    «Шеврон»  корпорациясының атқарушы вице-президенті Джордж Киркланд өз сөзінде Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын атап өтті және «Қазақстан нарықтық экономикаға икемделген ел ретінде танылғаннан кейін  ДСҰ-ға кіру өте орынды» екенін атап көрсетті.

    Қазақстанның  және бүкіл осы өңірдің халықаралық  сауда жүйесіне толық ықпалдасуына жетуде негізгі роль атқарып отырғанын  Дж. Киркланд мырза айтып кетті..

    Ел  экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі, «Миттал Стил Ко» компаниясының  бас атқарушы жетекшісі Лакшми Миттал да Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетіне  қолдау білдірді және біздің елімізді «экономикалық даму қарқыны бойынша  әлемдік көшбасшылардың бірі» деп  атады. 
Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қандай өркендеулерге қол жеткенін көріп отырғанын, Қазақстанның елдің болашағы зор екенін және  Президенттің көрегендігінің арқасында Қазақстанның қол жеткен табыстарына қазірде  басқа елдердің қызғанышын тудырып отырғанын атап көрсетті «Миттал Стил Ко» компаниясының бас атқарушы жетекшісі Лакшми Миттал.

    «Дойче  Банктің» Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі Бас Атқарушы директоры  Питер Тильс сөйлеген сөзінде  Қазақстанның «ДСҰ-ға кіруге дайын» дамыған  қаржылық секторын атап өтті.

    «Эксесс Индастриз, Инк» компаниясының президенті Леонард Блавитник алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін Қазақстанда тәуелсіздік  жылдарында жүргізілген «дұрыс экономикалық және саяси реформалардың үйлесімі»  деп атады.

    «Мицубиши корпорэйшн интэрнэшнл» компаниясының  президенті Хидето Накахара «Қазақстан экономикасының әсерлі даму қарқынын»  атап өтті және «қол жеткен табыстар мен  ел басшысының оң реформаларға деген  ұстанымы елдің ДСҰ-ға кіруге деген  шешімділігін көрсетеді»- деп атап көрсетті.

    Кореялық  «Самсунг корпорэйшн» компаниясының  президенті Ву Тэк Чанг Қазақстанға  әр келген сайын осы елдің жарқын болашағын қамтамасыз ететін таңғажайып өзгерістерді байқайтынын, осының бәрі Қазақстанды жақын арада Еуразия  орталығы ететініне сенетініні мәлімдеді.

    Сарапшылардың болжамдары бойынша біздің ел ДСҰ-ға келесі жылы өтеді. Қазақстан аталған  ұйымға мүшелікке қабылдау туралы өтінішті 1996 жылы берген. Келіссөздер процесі  кезінде арнайы жұмыс тобына қатысушы 38 елдің 8-і біздің елдің кандидатурасын қолдады. Олардың арасында Қытай, Түркия, Корея, Жапония бар. Басқа да қатысушы елдермен келіссөздер аяқталуға  жақын. Қазіргі кезде Дүниежүзілік сауда ұйымына 148 ел мүше.

    Қазақстан әлемдік өркениетті сауда қауымдастығы – Бүкіләлемдік сауда ұйымына  кіруге толық бел шешіп отыр, деп  мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

    “Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру әлемдік экономикаға интеграциялануына  байланысты. Осы орайда Қазақстанның әлем саудасының 95 пайызын иеленетін  Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі  өте өзекті бола түсуде”, - деп атап көрсетті Н.Назараев Алматыда өткен  мемлекет басшысы жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 14-ші отырысында сөйлеген сөзінде.

    Ол  атап көрсеткендей, Қазақстан үшін бұл тапсырманың өзектілігі сонда, республиканың тауар айналымының  көлемінің жартысынан астамы Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі, ал Ресей мен Украинаның бұл ұйымға кіруі кезінде бұл көрсеткіш 90 пайызға дейін өседі.

    Қазақстанның  Бүкіләлемдік сауда ұйымы шеңберінде қабылдаған қызметтер рыногына қол  жеткізу жөніндегі міндеттемелері экономиканың қаржылық, телекоммуникациялық  жнге транспорттық сияқты маңызды секторларын  әрі қарай ырықтандыруды көздейді, дейді президент.  
 
 

    2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДСҰ-НА КІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ 

    2.1 Қазақстан ДСҰ-ға кірудегі мақсаттары 

    Қазақстанның  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру жөніндегі келіссөз процесі толық  қарқынмен жүргізілуде. Қазақстан  ДСҰ-ға, өркениетті әлемдік сауда  кеңістігіне кіріп, әлемдік сауданың толық та жауапты мүшесі болуға және осы мүмкіндіктерді Қазақстанның экономикалық жаңғыру және халықаралық нарықтағы  бәсекелестік қабілетін нығайту  құралы ретінде пайдалануға ұмтылуда. Республиканың сыртқы сауда режимін  реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде ДСҰ нормаларына  сәйкес келтірілді немесе Парламентте  талқылануда. Қазіргі уақытта зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы  ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларына  сәйкес келтірудің бүкіл процесі  аяқталып келеді. [11]

    Қазақстанның  осы халықаралық ұйымға кіруі  оның өз заңнамасын ДСҰ талаптарына  сай үйлестіру арқылы экономикасының заңдық және нормативтік базасын  сапалы нығайтына септігін тигізетін  болады.

    Қазақстанның  ДСҰ-ға кіруге дайындық кезеңінде кеден  саясаты, халықаралық стандарттар  енгізу, мемлекеттік сатып алуды  жетілдіру, шетел инвесторлары және отандық бизнес мүдделері  арасында оңтайлы теңдестікті қамтамасыз ету  мәселелерін шешуіне тура келеді.

    Қазақстан ДСҰ-ға кірер жолда мынадай мақсаттар  қойып отыр:

    - қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына  қол жеткізуі үшін қазіргілермен  салыстырғанда алдыңғы қатарлы,  кемсітпеушілік шарттар алу;

    - дауларды шешудің халықаралық  тетігіне қол жеткізу; 

    - шетел инвестициялары үшін мейлінше  қолайлы ахуал қалыптастыру;

    - ішкі нарыққа шетел тауарларының, қызметтерінің және инвестициялар  легінің өсуі нәтижесінде отандық  өнімнің сапасын және бәсекелестік  қабілетін арттыру үшін жағдай  жасау;  

    - ДСҰ-ға мүше елдерде, атап айтқанда, банк саласында қазақстандық  инвесторлар үшін мүмкіндіктерді  кеңейту;

    - Қазақстанның халықаралық сауданың  толыққанды қатысушысы ретіндегі  әлемдік абыройын арттыру. 

    ДСҰ-ға мүшелік Қазақстанға сыртқы сауда  әріптестерімен өзара іс-қимылда  айқын ережелерге сүйене отырып, ішкі нарықты жетілдіру үшін қосымша  ынталандырулар жасауға мүмкіндік  береді. 

    Сонымен бірге, аграрлық сектор, сондай-ақ әлі  де қалыптасу кезеңінен шыға қоймаған және әзірге, халықаралық бәсекелестік қабілеттіктің өлшемдеріне сай  емес орта бизнес ДСҰ талаптары алдында  осалдық танытуда.

    Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін  арттыру үшін отандық бизнес ел ішінде бәсекелестікке шыдап қоймай, одан тысқары жерлерде де өз өнімдерін  және қызметтерін өткізу үшін жаңа нарықтар табуға тиіс. Осыған байланысты, ДСҰ-ға кіру оның тиімді пайдаланылуы елдің коммерциялық мүдделерінің сыртқы нарықтарға табысты жылжуын қамтамасыз ететін тетік ретінде қаралады.  

    ДСҰ-ға мүшелік экономика және Қазақстан  қоғамы үшін алаңдаушылықпен қатар, артықшылықтар да береді. Қазақстан  Үкіметіне бизнес қоғамдастығымен  бірлесіп, елдің өңдеу саласындағы  экономикасын дамыту және шикізаттық бағыттан біртіндеп арылу мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізу  қажет болады. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық саясаты, негізінен, ДСҰ  талаптары мен шарттарына сай  келеді.

    Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары  және парламенттік тыңдауға қатысушылар  ұсынылған материалдар негізінде  қаулы етеді:

    1. ДСҰ-ға кіру жолымен әлемдік  экономикаға ықпалдасу Қазақстан  Республикасы Үкіметі қызметі  басымдықтарының бірі ретінде  айқындалсын.  

    2. Қазақстан Республикасының Үкіметі  ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер  процесінде:

    - Қазақстанның сауда-экономикалық  саясатының негізгі басымдықтарына  сай келетін; 

    - отандық тауар өндірушілердің  және қызмет көрсетушілердің  бәсекелестік қабілеттілігінің  және экспорттық мүмкіндіктерінің  дамуына ықпал ететін; 

    - елдің ұлттық және экономикалық  қауіпсіздігі үшін қатер төндірмейтін  міндеттемелердің қабылдануын қамтамасыз  етсін. 

    3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

    - ұлттық экономикалық мүдделерді  ілгерілету мақсатымен экономиканың  басты секторларын одан әрі  кезең-кезеңмен ырықтандыруды жүргізсін; 

    - экономика және сауда саясатын  ырықтандыру дәрежесінің елдегі  институттық және адами ресурстармен  сәйкестігін қамтамасыз етсін; 

Информация о работе ДСУ-Дуниежузилик сауда уйымы