Абай Құнанбаев (1845-1904)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 13:55, реферат

Краткое описание

Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Содержимое работы - 1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 25.46 Кб (Скачать файл)

 

                 Абай Құнанбаев (1845-1904)

 

 

  Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.

  Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

  Әкесінің жұмсауымен  Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

  Абай және қазақ,  Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.

Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан  облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.Абай 8 жасында "Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан "Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.

Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.Абай өлеңдерін 10 жасынан ("Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. "Сап, сап, көңілім”, "Шәріпке”, "Абыралыға”, "Жақсылыққа”, "Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның "Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген "Қыс”, "Күз”, "Жаз”, "Жазғытұры” өлеңдері, "Масғұт”, "Ескендір”, "Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра

қалдырған. Қазіргі уақытта  ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.

Абай адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан әлемге ортақ тұлғалардың бірі болып саналады. Ол орыс және батыс әдебиетін де зерделей білді.

Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбайұлы.

Онан асқан бұрынғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола , Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Қай жерде ақындар жайынан не ақындардың сөздері жайынан әнгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам жоқ. Оның сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпраларынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайды біздің Әбубәкір, Секйдахмет, Ақмолдарымызсияқты.

1822 жылдағы «Қан сонарда» сияқты өлеңмен бастап, нені көріп, ненгі сезініп, нені жыр етіп толғанса, бәрәнде де әр дәрежеде реалистік шеберлікті танытады...

Осы өлеңдегі табиғат көріністерін,өз сезімін және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін сипаттағанда Абай өзінің жағаша қалыптаған ақындық мәдениетін танытады...

Бұндағы көретініміз қазақ  халқы мекен еткен қысы туралы, табиғат, бүркіт салуға салт атқа мініп шыққан анық қазақтың аңшылар тобы. Ермек үшін еңбек еткен ширақ, сергек, қажырлы әрекет үстіндегі адамдар. Көпшілік елдерде, бұл замандарда қолданбайтын бүкіт аңшылығы суреттелмек. Осы адам тобының мінездері, аңшылықты тәсіл- тәжірибелі, әр алуан динамикалық кесек әрекеттері толып жатқан ұсақ машық – мерзімі тұтас қазақтың өзіне тән тіршілігі боп шығыды.

Сөйтіп барлық нақтылы фактілердің, жеке реальностардың баршысы нағыз қазақтың өзіне тән шындықтармен қалыптанудың үстіне, тутасымен алғанда, осы өлең зор мәдениетті, ірі суретші тудырған шығарма екенін танытады. Сол өзгешеліктерін, ең алдымен, пейзаждан байқауға болады. Көз алдымызға қар басқан елсіз таудың тұрғылы, қан сонар күнгі анық болмыс күйін елестетеді. Анық қазақ сахарасындағы аңшылар ғана жүретін жым-жырт таудың елең-алаңдығы тыныштық шағын беруден бастайды.

Абайдың пейзажы, тауы шығыс ақындарының тұманды тұспалына да соқтырмайды. Қазақ ақындары айтатын фольклорлық «заңғар тау», «қара аспан тауларға» да бармайды. Жаңаша берілген тау бейнесі, кеше ғана өзіңіз жүріп өткен жерлердің, ауыр таулардың ой- қырын, жотасы мен қорыс тастарын, қия беттерін, оны қарға түскен іздермен дәл ғана, түгел көрсетіп отыр. Абай осы өлеңде өзі айтатын жайларды аса жақсы біліп, оны үлкен дәлшіл шындықпен жырлайтындығын танытады. Өлең композициясын алсақ, ауызша поэзияда жиі кездесетін ілгерлі-кейінді аттап түсіп отыратын, бірі ілгері, бірі кейіән орынсыз жүретін ауыспалы хал жоқ. «азын түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалды», - деп жазған Ахмет.

Сондықтан Абай сөздері жалпы түсінуіне ауыр екені рас. Брақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшіәлік. Олай болса , айып жазушыда емес, оқушыда.

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған....

 

 

 

 

 

 

 

 

               Солдатово орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

Тақырыбы: Махамбет  Өтемісұлы

                              Орындаған:Ракымова.А                                                                                             Тексеген:Кадырмышева. Ж.Е

                   

 

 

 

 

                       2012 – 2013 ОҚУ ЖЫЛЫ

          

  Мазмұны

 

 

    1. Жалпы мәлеметтер.
    2. Шығармашылығы.
    3. Атқарған қызыметтері.
    4. Өмірінің соңғы жылдары......

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

«Абай» энциклопедиясы.

                    Р.Н.Нұрғалиев

 

Интернет іздеу  құралдары қолданылған.

 


Информация о работе Абай Құнанбаев (1845-1904)