Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі - соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-6 Ағылшын тілін оқыту – заман талабы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Сөйлеуді оқытудың мазмұны....................................................................6-13
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатындағы тиімді әдістер...................................................................13-17
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары.................................................17-18
2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді
жолдары......................................................................................................19-24
2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде..........................24-26
3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар
кешені.......................................................................................................27-29
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31-32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33

Содержимое работы - 1 файл

ТОЛКЫН КУРС.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

Бүгінде білімге деген  көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы  технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.

Қазіргі оқыту әдістемесіндегі  заманауи бағдар деп инновациялық білім  беру жүйесін атауға болады. Ал «Инновация» (лат. тілі. – жаңа, өзгеру деген мағынасын  білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен солардың аясындағы сандық және сапалық өзгерістерді білдіреді.

Инновация дегеніміз  – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық  енгізу, яғни, инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Инновация ұғымы алғаш рет  ХІХ ғасырда мәдениеттанушылар зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды берді. Инновация білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады.

Инновациялық технологиялар  оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді. 

Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі  негізгі шетел тілі ретінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды. Олар:

әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде бір  тілге тән болмаған қызметті атқаратындықтан  қазіргі әлемде әмбебап құрал  болуымен байланысты;

әлеуметтік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі  әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан;

экономикалық: әлемдік  экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда  әлеуметтік қалыптасу және өсу кезеңінің  құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін меңгеруді бағамдайтындықтан;

Ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде  сақталатындықтан, ағылшын тілінің  бүкіл әлемдік Интернет тілі болып  отыратындығынан мектептегі ағылшын  тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек.

Мектепте жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына көп  көңіл бөлінеді. Тілдік жүйенің дамуы  дегеніміз – жеке тұлғаның тілді  меңгеруі.

Оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының  көлемін анықтау;

Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының (бірізді, жүйелі, логикалық) презентациясы;

Қарым-қатынас құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру;

Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы жүйелі тапсырмаларды өңдеу;

Ағылшын тілін оқытудағы  рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын  ояту.

Ағылшын тілін оқытудағы 3 - 4 сыныптардың жаңа бағдарламасының  мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде  тілдік дамуын, ауызша және жазбаша сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған. Олар:

Лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.

Берілген білімді ауызша және жазбаша сөйлеу процесінде қолдану.

Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуальдық, қарым-қатынастық және дүниетанымдық  секілді негізгі құзырлылықтарды  анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:

Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимадиалық кабинет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптілділікке оқыту;

 

Мультимадиалық кабинет

Көптілділікке оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдары

 

Интернет ресурстары

 

Электронды оқулықтар, компьютерлік оқыту бағ/сы

 

Интерактивті модуль

 

Аудио-видео

Он-лайн режіміндегі тапсырмаларды  орындау, ақысыз электронды сайыстарға тізілу, «Макмилан» баспасынан шыққан оқу әдістемелік кешенін пайдалану, Интернет желісіндегі аутентикалық дыбысты мәтіндер негізінде тыңдап түсіну дағдысын жетілдіру

Лексика, грамматика, фонетика пәндеріне арналған дайын материалдар, оқуға арналған қосымша мәтіндер, жобалау жұмыстарына арналған материалдар

Форум, чат, вэб-квест (оқушылардың  жоба жұмысы пікірталас)

Жеке жұмысты істеуге  арналған тапсырмалар мен әдістемелік  ұсыныстарды қолдана отырып, видео  материалдарды көру


 

Көптілділік ұғымы –  шетел тілін меңгеруде сол  тілде еркін қарым-қатынас орнатудың  ең бір тиімді формасы болғандықтан, оқу-әдістемелік процессте Америка, Британия, және Корея мектептерінің озат әдістемелік тәжірибелері қолданылады. 

Ғылымның өсіп-өркендеуі  елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұымында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Шетел тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор

Инновациялық  жобалар - көптілділікке оқыту жүйесінің парадигмасы.

Мұның мақсаты - көптілділік  білім арқылы басқа халықтың тілне, мәдениетіне, тарихына құрмет сезімдерін қалыптастыру.

                                                                                                                                                                     


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беруді дамытудың  қазіргі кезеңінде жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік-әрекеттік  көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік  беретін оқытудың жаңа модельдері мен  технологияларын іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақсатты іске асыруда иинвациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Шетел тілін оқыту  процесін жеңілдету және жетілдіру  үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:

Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық  материалды жақсы меңгеруіне, оны  интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

Бейнефильмдер оқытушыға  оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына  жанастыруға мүмкіндік береді.

Сабақта бейнефильмдерді  қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады. Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сабақта бейнефильмдерді  қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқшының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. Сабақта  қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: документальды, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер.

Сабақта бейнефильмдерді  қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу.

Бейнефильмдерді сабақта  пайдалану жолдары:

Фильмді бірнеше кадрға бөліп көрсету керек.

       Сабақты ой ашардан бастау.

Фильмді көруге дайындық кезеңі:

а) таяныш, қажетті сөздермен таныстыру;

      ә) болжау сұрақтар қою;

б) хабарлама жасау.

Фильмді көрсету барысында  мына жайлар ескеріледі:

а) негізгі идеяны анықтау;

ә) басты ақпаратты  да, қосалқы ақпаратты да толық  түсіну.

Фильмді көріп болғаннан  кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі:

а) сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсініктерін тексеру;

ә) сюжетті талқылау;

б) рөльдік ойындар  ұйымдастыру.

Фильмді көрсету әдістер  де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын  шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан  қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. 

Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру  үшін бейнефильмдерді көрсету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете  алады, коммуникацияға бейімделеді.

2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде

Еліміздің әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында ағылшын тіліне сұраныс күн сайын өсе түсуде. Осыған сай ағылшын тілін меңгеру  арқылы ғана беделді қызметке қабылданып, мансабыңыз ілгерілей түсетіні анық.   

Ол үшін мектеп қабырғасынан алған білім тілдік дағдының негізін  нықтауға әрдайым сай келмейтіні заңдылық.

Шетел тілін үйренгісі  келетіндердің басым бөлігінің  кейбір қажеттіліктерге қолы жете бермейді. Олардың жеке үйретуші (репетитор) жалдауға да қалтасы көтермейді. Сөйтіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын жоғалту салдары білімнің де таяздануына алып келеді. Сол үшін, яғни, тілді ұмытуға жол бермеу үшін ағылшын сөзін үнемі тыңдап жүрген абзал. Осындай тыңдау тәсілінің арқасында көптеген үйренушілер басқа елдің тілін қысқа мерзім ішінде меңгеріп жатады. Егер де кімде-кім үйреніп жатқан тілін сол елге арнайы барып, тілді жетік меңгеруге мүмкіндігіне ие бола алмайтын болса, оған сүйеніш – аудиокітаптар. 

Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі.  Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады.

Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі.  Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады.

Кәсіби диктордың оқуындағы  аудиокітапты тыңдау, олармен бірлесе  оқу тіл үйренуді барынша жеңілдетеді. Американдық және британдық ғалымдардың  әр алуан зерттеулеріне сүйенсек, осыған ұқас тәсіл оқу материалында ұсынылған жаңа сөздерді жаттауға бөлінетін уақытты 30% дейін қысқартады. Бұған түрлі факторлар ықпал етеді, олардың ең маңыздысына мидің оң және сол жақ шарының синхронды жұмысы жатады. Бұл қабылданған білім мөлшері мен сөйлеуге дағдыландыруға жарамды  қосымша тәсілдерді ұлғайтуға жол ашады.       

Сөйтіп, аудиокітаптар  тыңдаушының сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның ауызша және жазбаша сөздерді түсінуін жеңілдетеді. Олар сөз дикциясы мен оның айтылуындағы жетістіктерге  арналған құрал сипатында пайдаланылады. Аудиокітаптар – бұл ақпаратты игеру мен жылдам түсінуге ықпал ететін құрылым, қуатты да икемді жүйе. Аудиокітаптардың көмегімен ағылшын тілі қарым қатынас құралы болып қалыптасты. Бүгінгі оқытушылардың басым бөлігі оқыту процесіне аудиокітаптарды енгізудің маңыздылығын жете сезінуде.  

Аудиокітаптарды қолданудан күтілетін нәтижелер:

Аудиокітаптар тілдік дағды  мен сауаттылық сапасын көтереді. Олар сөздік қорды қалыптастырып, ойда елестетуге ынталандырады, оқу шапшаңдығын  арттырады. Аудиокітаптардың көмегімен айтылу үлгілерімен, сөйлем құрылымдарымен танысуға болады.

2. Аудиокітаптар оқушылардың  оқуға деген ықыласын оятып,  уақыт бірлігіне қарай қабылданатын  мәліметтер көлемін көтеруге  септігін тигізеді.  
      3. Аудиокітаптар аудиториядағы тыңдармандарға тең мүмкіндік жасайды. Олар жеке адамның бойындағы қабілетіне қарамастан ұғынуға ынталандырып, осы замандық тіл мәнері мен тіл айналысын жетілдіреді. Нәтижесінде оқушылар бірлесе оқуға қабілетті болып, бірлескен мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға ниеттенеді.   

Сондай-ақ аудиокітаптар  жете талдап қарауға және негізгісін ажырату шеберлігін арттыруға ықпал  етіп, тілдік өзгерістер мен сөйлемдердің жинақылығын, жатықтығын және қалыптылығын құрылымдық безендіру дағдысын әрі  қарай жетілдіреді. 

 Аудиокітаптармен жұмыс әдістемесі кәдімгідей, бірақ, берер жемісі берекелі.  Бастамас бұрын мәтіннің жалпы ұғымын жинақтау керек.  Мұндағы негізгі ойды жете түсінуге танпыныңыз. Егер әңгіме не жөнінде жүріп жатқанын ұқпасаңыз, онда сөздіктегі әрбір сөздің мағынасы арқылы нақтылауғаболады.  
        - Тыңдаған кезде әрбір сөздің бұлжытпай айтылуына зейін қойыңыз.  
«Қанша көп болған сайын, ол үстіртін келеді, дұрысы аз, бірақ мұқият» принципін ұстаңыз. Сонда ғана, сөздік қорды толықтыру мақсатындағы мәтініңіз түсінікті болады, ал түсініксіз сөздердің мағынасын нақтылайсыз. Ол үшін кез келген шығарманың үзіндісін таңдап, оны толығымен ағылшын тіліне тәржімалаңыз. Сізге көптеген жаңа сөздер: эпитет, синонимдердің барлығы таныс болып қалады.                          .   
             Аудиокітаптар - ағылшын тілін меңгертуді жетілдірудің берден бір  тиімді (эффектілі) құралы. Әрине, оқу процесі әрдайым уақыт пен күшті қажет етеді. Дегенмен, тіл меңгеруде де әркімнің өзі жетер биігі бар!    

 

 

Информация о работе Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары