Президенттік институттың тарихы және қазіргі кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:12, реферат

Краткое описание

1990 жылдың 24-ші сәуірі күні Қазақстанның жоғарғы кеңесі «Президенттік қызметті енгізу» туралы шешім қабылдады. Биыл елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына тура 20 жыл.
1776 жылы АҚШ-та пайда болған Президенттік билік институты Қазақстанға Кеңестер Одағының кетеуі кетіп, іргесі шайқала бастаған тұста жетті - 1990 жылы.

Содержимое работы - 1 файл

Президенттік институттың тарихы және қазіргі кезең.docx

— 25.49 Кб (Скачать файл)

Президенттік институттың тарихы және қазіргі кезең         

  1990 жылдың 24-ші сәуірі күні Қазақстанның жоғарғы кеңесі «Президенттік қызметті енгізу» туралы шешім қабылдады. Биыл елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына тура 20 жыл.

  1776 жылы АҚШ-та пайда болған Президенттік билік институты Қазақстанға Кеңестер Одағының кетеуі кетіп, іргесі шайқала бастаған тұста жетті - 1990 жылы. Артынша алаш баласы бостандығын алды. 1993 жылы қабылданған конституцияға сай екі жылдай парламенттік-президенттік республика атандық. Егемендікке елдің еті үйренісе қоймаған елең-алаң шақта қос биліктің орнауы қолайсыздық тудырды. Сондықтан 1995 жылы ата заңға өзгеріс енгізіліп, Қазақстан президенттік республикаға айналды. Содан бері сол жолдан тайған емес. Ел тізгінін бір адамға тапсырған мемлекет талай тығырықтан шығып, талай асуды бағындырды.20 жыл тарих деңгейінен қарасақ көп мерзім емес. Дегенмен сол 20 жыл ішінде президенттік басқарудың арқасында ұланғайыр өзгерістер болды. Мемлекет, қоғам дамуының қай тұсын алсаңдар да сол өзгерістерге біз куә болып отырмыз. Мұндай өзгерістер сол президенттің өзіне негізінен байланысты.Мемлекетті басқару деген жоғарғы лауазым тұрғысынан әміршілік жүргізу емес.Кеңес Одағы тараған тұста Қазақстан қиын жағдайда қалғанын білеміз. Бірақ дұрыс саясаттың арқасында мемлекет ол тығырықтан шығып, қарқынды дамуды бастады. Бұл жерде президенттің еңбегін айта кету керек. Н. Назарбаев әлемге әйгілі көреген саясаткер.

    Әлемде мемлекетті басқарудың бірнеше институты бар. Соның ішінде көп тарағаны президенттік билік. Дегенмен әр елдің салт-санасына байланысты бір-бірінен өзгешелігі көп. Қазақстандық жүйенің де өзіндік ерекшелігі баршылық. Сол ерекшеліктер «Қазақстандағы билік сәулесі, Президент Нұрсұлтан Назарбаев» және «Қазақстандағы президенттік билік табысты 20 жыл» атты екі бірдей кітапқа арқау болып отыр. Мерейтойлық мәслихат барысында құнды еңбектердің таныстырылымы өтті. Биліктің бір қолда болуы Қазақстан халқының тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр.

  Қазақстан қазір саяси әрі экономикалық тұрақты мемлекет. Даму көрсеткіштері жөнінен ТМД-да алдыңғы орында.

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қазақстан Республикасының Президенті 

 

    Қазақстан Республикасының Президентi-мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

    Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

     Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

     Қазақстан Республикасының Президентi:

1) Қазақстан халқына елдегi  жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын  жолдау арнайды;

2) Республика Парламентіне  және оның Палатасына кезекті  және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын  шақырады және оның депутаттарының  Қазақстан халқына беретін антын  қабылдайды; Парламенттің кезектен  тыс сессиясын шақырады; Парламент  Сенаты ұсынған заңға бір ай  ішінде қол қояды, заңды халыққа  жария етеді не заңды немесе  оның жекелеген баптарын қайтадан  талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

3) Парламент Мәжілісінде  өкілдігі бар саяси партиялар  фракцияларымен консультациялардан  кейін келісім беру үшін Мәжілістің  қарауына Республика Премьер-Министрінің  кандидатурасын енгізеді; Парламент  Мәжілісінің келісімімен Республиканың  Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің  ұсынуымен Республика Үкіметінің  құрылымын айқындайды; Республиканың  Үкімет құрамына кірмейтін орталық  атқарушы органдарын құрады, таратады  және қайта құрады, Республика  Үкіметінің мүшелерін қызметке  тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін  қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін  қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің  антын қабылдайды; ерекше маңызды  мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына  төрағалық етеді; Үкіметке заң  жобасын Парламент Мәжілісіне  енгізуді тапсырады; Республика  Үкіметі мен Премьер-Министрінің,  облыстар, республикалық маңызы  бар қалалар мен астана әкімдері  актілерінің күшін жояды не  қолданылуын толық немесе ішінара  тоқтата тұрады;

4) Парламент Сенатының  келісімімен Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас  Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің Төрағасын қызметке  тағайындайды; оларды қызметтен  босатады;

5) Республика Президентіне  тікелей бағынатын және есеп  беретін мемлекеттік органдарды  құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) Республика дипломатиялық  өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды  және керi шақырып алады;

7) Орталық сайлау комиссиясының  Төрағасын және екі мүшесін,  Республикалық бюджеттің атқарылуын  бақылау жөніндегі есеп комитетінің  Төрағасын және екі мүшесін  бес жыл мерзімге қызметке  тағайындайды;

8) Республиканың мемлекеттiк  бағдарламаларын бекiтедi;

9) Республика Премьер-Министрiнiң  ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк  бюджетi есебiнен ұсталатын барлық  органдардың қызметкерлерiне арналған  қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң  бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;

10) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;

11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;

12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;

13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;

14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;

15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;

16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;

17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;

18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;

19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады;

20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;

21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады

 

 


Информация о работе Президенттік институттың тарихы және қазіргі кезең