Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 08:16, реферат

Краткое описание

Компьютерлерді сымды желіге біріктіру, әдетте, көптеген шығынды талап етеді. Сонымен бірге сымды желілер құрылғылардың кеңістікте орналасуына айтарлықтай шектеу қояды. Ал бұл кемшіліктер сымсыз желіде болмайды. Ақпарат тарату үшін сымсыз желі белгілі стандартқа сай жиіліктегі радиотолқынды қолданды.
Әдетте, сымсыз желі мобильді құрылғылармен стационарлі локалді желіге қосылу үшін қолданылады. Сонымен қатар «ыстық нүктелерді» құру үшін қолданылады. Мұндай нүктелерде тұтынушыға интернет желісіне ақысыз кіруге болады. Соңғы кездері үй желілерін жасауда сымсыз желіге деген қызығушылық артуда.

Содержание работы

Кіріспе
Желілік құрылғылар
Активті желілік құрылғылар
Пассивтік интеллектуалдық құрылғылар
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
3.1. Жұмыс станциясы
3.2. Желі серверлері
3.3. Желінің қатынастық торабтары
4. Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

желіге қосу қондырғылары.docx

— 34.55 Кб (Скачать файл)

- өнімділік;

- сенімділік;

- басқарылымдық;

- кеңейтілімдік;

- айқындық;

- жинақталымдық.

      Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері:

- жергілікті желілер (LAN – Local Area Network) ;

- ауқымды желілер (WAN –  Wide Area Network).

      Желінің масштабына байланысты түрлері:

- жұмыс топтарының жергілікті  желілері (бір ОЖ басқаруымен  жұмы істейтін компьютерлердің  кішігірім санын біріктіреді);

- бөлімдердің жергілікті  желілері (бір бөлімнің компьютерлерін  біріктіреді);

- кампустардың жергілікті  желілері (бірнеше кіші желілерді  біріктіреді);

- бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе  корпорация көлеміндегі компьютерлер  мен желілерді біріктіреді ).

      OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation — ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection -OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:

1) физикалық деңгей;

2) арналық деңгей;

3) желілік деңгей;

4) көліктік деңгей;

5) сеанстық деңгей;

6) көрсетімдік деңгей;

7) қолданбалы деңгей .

      Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген. әрбір деңгей салыстырмалы тәуелсіз, әрбір деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған әрекеттесу функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге беріледі. Сұранысты өңдеу нәтижелері жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің программалық және аппараттық әрекеттесуін сипаттау үшін интерфейстер және хаттамалар қолданылады. Екі көршілес деңгейлер арасындағы әрекеттесуді және олардың арасындағы берілетін мәліметтердің пішімін сипаттау үшін интерфейс (мысалы, Х.25 ) деп аталатын ережелер мен келісімдер орнатылады. Бір деңгейдегі объектілердің әрекеттесуінің, сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер арасында берілетін хабарламалардың көрсетім пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.

      Ауқымды есептеу желілері – бір-бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері үш құрауыштан тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері; жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар; байланыс арналарына байланыс құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі – интернет.

      Интернет  – түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радиомодемдер, т.б.) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді. Желілерді біріктіру үлкен мүмкіндіктерге ие болады. ¤з компьютерінен кез келген Internet абоненті басқа қалаға мәліметтерді жібере алады, Вашингтондағы Конгрес кітапханасының каталогын көре алады, Нью–Йорктағы Метрополитен музейінің соңғы көрмесінің суреттерімен таныса алады, IEEE конференциясына және әр түрлі мемлекеттердің желі абоненттерімен ойындарға қатыса алады. Internet – тің аса маңызды ерекшелігі - оның әр түрлі желілерді біріктіре отыра ешқандай иерархияны құрмайтыны, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқықты.

      Интернеттің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, тәуелсіз желілер кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері арқылы қосылады. Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі олардың өзіндік әкімшілік басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлттық желілер болады, мысалы – европалық EUNet, Россия университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Россияда Relcom).

      Интернетте алмасу режімдері, хаттамалары және адресациялау. Internet жүйесіне қосылу әртүрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:

- электрондық пошта (E-mail);

- телеконференция (UseNet);

- қашықтан қатынас құру (TelNet);

- файлдарды іздеу және  жеткізу (FTP);

- мәтіндік файлдарды меню  жүйесі көмегімен іздеу және  жеткізу (Gopher);

- құжаттарды гипемәтіндік  сілтемелердің көмегімен іздеу  және жеткізу немесе бүкіл  әлемдік өрмек (WWW – World Wide Web).

      Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай жұмыс атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі – телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасуға ұқсас.

      Интернет жүйесінде қолданылатын негізгі хаттамалар – TCP/IP ( Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol ) хаттамалар жиынтығы. IP – желілік деңгей, TCP – көліктік деңгей хаттамалары. Арналық және физикалық деңгейде мәліметтер жеткізу орталарының бар көптеген стандарттарын қолдайды, мысалы ЖЕЖ үшін – Ethernet және FDDI немесе ауқымды желілер үшін – X.25 және ISDN. Қолданбалы деңгейдегі маңызды хаттамалар – қашықтан басқару хаттамасы telnet, файлдарды жеткізу хаттамасы FTP, гипермәтінді жеткізу хаттамасы HTTP, электрондық пошта хаттамалары SMTP, POP, IMAP, MIME, желілік құрылғыларды басқару хаттамасы SNMP.

      Интернет жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес – ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік адрес. Ол екі бөліктен – желі адресі және осы желідегі хост адресінен тұрады. Хост (host -қожайын) – желіге тікелей қосылған, өзіндік адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдануға ыңғайсыз болғандықтан, IP-адрестерге символдық аттарды сәйкес қоятын механизм қолданылады, оны домендік аттар жүйесі (DNS – domain name system) деп атайды. Мұндай жүйеде пайдаланушы адресі екі бөліктен тұрады:

<пайдаланушы идентификаторы>@<домен  аты>

      Пайдаланушы идентификаторы және домен аты өзара нүктемен ажыратылған бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Домен атында негізгісі түпкі домен, әры қарай бірінші, екінші, үшінші деңгейлі домендер орналасады. Түпкі доменді InterNic таратады, бірінші деңгей әр мемлекет, келесі деңгей мекемелер типі үшін, т.с.с. тағайындалады, мысалы: kz –Казақстан, ru – Россия, su – постсовет мемлекеттері үшін, ca –Канада, uk – Ұлыбритания, us – АҚШ, ua – Украина, de – Германия мемлекеттері үшін анықталған ішкі домендер. Мекемелерге сәйкестікті анықтайтын ішкі домендер үш символдан тұрады, мысалы: com – коммерциялық мекемелер, edu – білім беру және ғылыми мекемелер, gov – мемлекеттік мекемелер, mil — әскери мекемелер, net – желілік мекемелер, org – басқа мекемелер үшін. Екінші деңгейдегі ішкі домен қала, аймақ аттарын белгілейді.

  1. Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар

      Lucent Technologies компаниясы телекоммуникациялық желілер, мәліметтер жіберу жүйесі, телефондық байланыс жүйесі және жоғары жылдамдықты доступты өндіруші болып табылады. Lucent Technologies компаниясының өнімдері индустрия талаптарына сай болып қана қоймай, ол сондай- ақ келесі дәуірдің архитектурасы бар жаңа желілер құрастыруда. Бұл желілер дыбысты, видеоны және мәліметтерді экономикалық эффектілік түрде интеграция жасай алады.

      Orckit Communications Ltd. компаниясы қазіргі заманғы жоғары жылдамдықты сандық модемдерді жасау және өндіруден лидер болып келеді. Бұл компания бар жұмысын DSL қондырғысын жасау және өндіруге арнаған әлемдегі жалғыз компания.

      Aviv Infocom компаниясы коммуникациялық жоғары жылдамдықты қондырғылар жасау және өндіруге негізделген. Ол қарапайым Home PNA- дан ВОЛСтерминалына дейін өндіреді. Aviv Infocom коммуникациялық қондырғыларды Кореяға негізгі жеткізуші болып табылады.

      Коресесс компаниясы аудио, видеомәліметтерді тарататын профессионалды желілік жүйелерді, қалыптастырудағы жоғары сапалы шешімдер бере алады. Ол кеңжолақты желілерге IP шешім жеткізетін әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

      Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

      Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады.         Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Дэвид Хьюкаби, Стив Мак Свери, «Руководство Cisco конфигуррированию коммутаторов»

     2. Брайан Хилл «коммутаторлар жайлы негізгі мәліметтер»

     3. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet. – Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000. 


Информация о работе Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар