Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 08:16, реферат

Краткое описание

Компьютерлерді сымды желіге біріктіру, әдетте, көптеген шығынды талап етеді. Сонымен бірге сымды желілер құрылғылардың кеңістікте орналасуына айтарлықтай шектеу қояды. Ал бұл кемшіліктер сымсыз желіде болмайды. Ақпарат тарату үшін сымсыз желі белгілі стандартқа сай жиіліктегі радиотолқынды қолданды.
Әдетте, сымсыз желі мобильді құрылғылармен стационарлі локалді желіге қосылу үшін қолданылады. Сонымен қатар «ыстық нүктелерді» құру үшін қолданылады. Мұндай нүктелерде тұтынушыға интернет желісіне ақысыз кіруге болады. Соңғы кездері үй желілерін жасауда сымсыз желіге деген қызығушылық артуда.

Содержание работы

Кіріспе
Желілік құрылғылар
Активті желілік құрылғылар
Пассивтік интеллектуалдық құрылғылар
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
3.1. Жұмыс станциясы
3.2. Желі серверлері
3.3. Желінің қатынастық торабтары
4. Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

желіге қосу қондырғылары.docx

— 34.55 Кб (Скачать файл)

Жоспар 

      Кіріспе 

  1. Желілік құрылғылар
    1. Активті желілік құрылғылар
    2. Пассивтік интеллектуалдық құрылғылар
  2. Компьютерлік желі
  3. Жергілікті желі

3.1.  Жұмыс станциясы  

3.2.  Желі серверлері 

3.3.  Желінің қатынастық  торабтары

4.  Желілік қондырғылар  өндіретін компаниялар

      Қорытынды 

      Пайдаланылған  әдебиеттер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Компьютерлерді сымды желіге біріктіру, әдетте, көптеген шығынды талап етеді. Сонымен бірге сымды желілер құрылғылардың кеңістікте орналасуына айтарлықтай шектеу қояды. Ал бұл кемшіліктер сымсыз желіде болмайды. Ақпарат тарату үшін сымсыз желі белгілі стандартқа сай жиіліктегі радиотолқынды қолданды.

      Әдетте, сымсыз желі мобильді құрылғылармен стационарлі локалді желіге қосылу үшін қолданылады. Сонымен қатар «ыстық нүктелерді» құру үшін қолданылады. Мұндай нүктелерде тұтынушыға интернет желісіне ақысыз кіруге болады. Соңғы кездері үй желілерін жасауда сымсыз желіге деген қызығушылық артуда. Ондай нүктені салу үшін бір үйге бір нүкте жарайды. Құрылғы қабылдағыш, жібергіштен және интегралді интерфейстік чиптен тұрады және көп мөлшерде интеллектуалдық функциялар мен күрделі электроникадан тұрады.

      Бұл нүктелер әр түрлі функциялар атқарады. Солардың ішінде компьютерлер тобын жеке желіге қосады және сымсыз бен кабельді бөліктер арасындағы желі бөліктерінде пайдаланылады. Бұл нүктелердің қарапайым консентратор екенін  ұмытпау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Желілік құрылғылар

      Желілік құрылғылар- компьютерлік желінің жұмысы үшін қажет құрылғылар. Мысалы: маршрутизатор, коммутатор, концентратор, платч- панель және тағы басқа. Әдетте желілік құрылғыларды:

  • активті желілік құрылғылар (АЖҚ)
  • пассивті желілік құрылғылар (ПЖҚ)

деп бөледі.

 

    1. Активті желілік құрылғылар

      Бұл құрылғылардың өзіндік «интеллектуалдық» ерекшеліктері бар. Яғни маршруттар, коммутаторлар (свитч) және тағы басқа активтік желілік құрылғылар болып саналады. Ал, қайталағыш концентратор АЖҚ емес, себебі олар байланыс қашықтығын арттыру үшін сигналды қайталайды және ешқандай интеллектуалдық қасиеті жоқ. Бірақ басқарылатын свичтар активті құрылғыларға жатады, себебі оларға «интеллектуалдық» қасиеттер берілуі мүмкін.

 

    1. Пассивті интеллектуалдық құрылғылар

      Пассивті интеллектуалдық құрылғылар дегеніміз- ешқандай «интеллектуалдық» қасиеттер берілмеген құрылғылар. Мысалы, кабель (коаксилді және виттік жұп (UTP/STP), вилка/розетка (RG11, GG45), қайталағыш, платч- панель, концентратор, коаксилді кабельдерге арналғанкабель және тағы басқа. Сонымен қатар пассивті құрылғыларға монтаждік шкаф және тіректерді, телекоммуникациялық шкафтарды жатқызуға болады. Монтажді шкафтарды типтік, арнайы және антивальді деп бөлінеді. Монтаждің типіне байланысты қабырғаға, еденге арналған түрлері бар. 

 

  1. Компьютерлік желі

 
      Компьютерлік желі — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

      Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.                                                                                                                      

      Интернет дегеніміз ғаламдағы миллиардтаған компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсетуге арналған, өзара байланыстырылған компьютерлер жүйелерінің жинағы

 

  1. Жергілікті желі

      Жергілікті желі — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

      Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар– желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

 

3.1. Жұмыс станциясы

      Жұмыс станциясы (ЖС) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

 

    1. Желі серверлері

      Сервер- желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

      Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі – файлдық серверге (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегіпайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады , қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини – ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

      Мәліметтер қоры сервері – мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері

- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін  қолдау;

- мәліметтер қорына сұраныстарды  қабылдау және өңдеу, өңдеу  нәтижелерін жұмыс станциясына  қайтару;

- мәліметтер қорына авторланған  қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды  есепке алу және сүйемелдеу  жүйесін қолдау, пайдаланушылардың  қатынас құру мүмкіндіктерін  шектеу;

- үлестірілген мәліметтерқорын  қолдау, басқа жерлерде орналасқан  мәліметтер қоры серверлерімен  әрекеттесу

функцияларын атқарады.

      Қолданбалы программалар сервері – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.

      Қатынастық сервер – жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.

      Қатынау сервері – тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.

      Факс-сервер – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.

      Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.

 

    1. Желінің қатынастық торабтары

      Желі торабы- компьютерлік желінің бір бөлігі ретінде басқа құралдармен байланысқан құрал. Тораб ретінде компьютерлер, ұялы телефондар, қалталы компьютерлер, сонымен қатар маршрутизатор, коммутатор сияқты арнайы желілік қондырғылар бола алады.

      Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер);

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер).

      Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

      Қайталауыш – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.

      Коммутатор немесе көпір – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

      Коммутаторда  жадында оның портымен МАС-  адрестің үйлесімділігі нұсқалатын  коммутация кестесі сақталады.  Коммутаторды қосқан кезде ол  кесте бос әрі ол оқу режимінде  жұмыс істейді. Бұл режимде  қайсы бір портқа түскен ақпарат  қалғандарына таратылады. Осы кезде  коммутатор кадрларды тексеруден  өткізіп, жіберушінің МАС- адресін анықтап, кестеге енгізеді. Уақыт өте келе коммутатор, өзінің порттарына арнап толық кесте құрады, және осылай трафик локалданады.

      Коммутацияның  үш түрі бар:

  1. Аралық сақтау. Коммутатор кадрдағы барлық ақпаратты оқиды, ондағы қателіктің болмауын тексереді, коммутация портын таңдап, оған кадр жібереді.
  2. Орап өтетін. Коммутатор кадрдағы тек адресі есептейді және осыдан кейін коммутацияны орындайды. Бұл режимде қателікті табу әдісі жоқ.
  3. Фрагментсіз немесе гибридті. Бұл режим орап өту режимінің модификациясы болып табылады.

     Коммутатор басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді. Күрделі комутаторлар коммутацияны OSI модемінің желілік деңгейінде басқаруға мүмкіндік береді. Оларды басқару Web- интерфейсінің протоколы,  SNMP, RMON негізінде жүзеге асады. Көптеген коммутаторлар басқарылатын қосымша функциялар атқару мүмкіндік береді. 

      Маршруттауыш – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Әдетте, маршрутизатор ақпараттық пакеттердегі алушының мекен- жайын қолданады және осы ақпаратты беретін жолдың маршрутизациясын кесте арқылы анықтайды. Егер кестеде мекен- жайға арналған маршрут болмаса, онда пакет тасталынады. Пакетті жіберу маршрутын анықтаудың басқа да әдістері бар, мысалы жіберушінің мекен- жайы пайдаланылған жоғары деңгейлі протоколдар және желілік деңгейлік пакеттерінің тақырыптарында болатын басқа ақпарат қолданылады. Кейде маршрутизаторлар жіберушінің және қабылдаушының мекен-жайының трансляциясын, анықталған ережелер негізінде ақпараттың транзиттік ағынының фильтрациясын жасай алады.

      Жаңа заманғы  маршрутизаторлардың жаңа моделдерінің  ерекшелігі болып 3G технологиясы бойынша USB модемнің көмегімен интернет желісіне қосылу есептеледі. Физикалық байланыс үзілгенде маршрутизатор автоматты түрде 3G сеть жұмысына қосылады.

      Көмей (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

      Амфенол, амфенольдік кабель- АТС пен басқа да коммуникациялық қондырғыларды монтаждау кезінде қолданылатын көпталшықты кабель. Аппаратура жағынан күрделі көпконтактілі ағытпа және көптеген виталық жұптары бар. Офистік АТС- ке арналған амфенольдік кабель. Әдетте 25 медтық жұптан тұрады, ал ағытпаның өзінде 50 пин бар.

      Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:

Информация о работе Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар