Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)


Орталық Азиядағы  араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Дипломдық жұмыс

 

Жоспар

 

Кіріспе..........................................................................................................................3-9

1  8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті

1.1 Ерте орта  ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы  саяси тарихы.........................................................................................................................10-20    

1.2  Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32 

2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы

2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41   

2.2  Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52

2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60

 

Қорытынды.............................................................................................................

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе     

 

              Диплом жұмысының өзектілігі - 8–12 ғасырлар еліміздің тарихының елеулі кезеңдерін қамтиды. Ислам діні біріктіруші, бірлестіруші дін. Өзінің аясына кірген барлық халықтарды, ұлттар мен ұлыстарды өңіне, санына, байлығына қарамастан біріктірген, бір күмбездің астында араластырған дін. Сонау Балқан елдеріндегі түркі халықтары мен қазақтардың, ұйғырлардың еркін сөйлесіп, бірін-бірі ұғынысып жатқаны, әрине Исламның берекешілдігі, ұйымшылдығы. Ал, жағырапия жағынан түбімізде тұрған, бірақ басқа діндерге ауып кеткен хакас, тува, саха секілді түркі тілді халықтармен не орысша немесе аудармашы арқылы ғана сөйлесе аламыз. Демек, Ислам дінінінің келуімен қатар келген мәдениеттің түркілер үшін аса үлкен маңызы бар, ал арабтар үшін түркі халқының бергенінен алары көп болды. Сондықтан, мәдениеттерің өзара ықпалына зерттеу жүргізу бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып табылмақ. Ұзақ жылдар бойы әкімшілік - әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді, дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздің тарихы мен діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті, түркілердің қай заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, дін мен руханияттың қалыптасуына игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ даласына біздің дәуіріміздің 8 ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінін ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ислам діні қысқа уақыттың ішінде түркі халықтарының дүниетанымы, өмір салты, мәдениеті мен тәлім-тәрбиесінің бағыт-бағдарын анықтайтын серпінді күшке айналды[1.3.].

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды. Еуропалықтар үшін түрік және мұсылман атаулары мағынасы жағынан тым жақын сөздерге айналды, тіпті синоним болып кетті десек жаңылмаспыз. Түркілер Африка құрлығының ішкі аймақтарында, Еуропаның орталық елдерінде, Азия құрлығының көптеген түкпірлерінде исламдық құрылымдар мен ұғымдарды апарып орналастырған, әділеттіліктің белгісіне айналған мұсылман халқы болды. Түріктер бұрынғы діндердің ешқайсысына осындай берік болып, құрбандыққа жанын қиған емес еді.

Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы идеологиялық дағдарысқа ұшырағанда, түркі билеушілері ел үшін жаңа идея іздеді. Ал әлемдік діндердің бірқатары түркі мемлекеттерінде жетекші идеялық дәрежеге жетуге ұмтылып, миссиоиерлікпен айналысты. Солардың негізгілері христиаң, иудаизм және манихей діндері.Бірақ, бұл ілімдер түркілердің дәстүрлі дүниетанымымен рухани, өркениеттік тұрғыда сәйкес келе алмады. Осы дінді қабылдаған түркілер не осы дінді ұстанушы халықпен ассимиляцияға түсті, не өздеріне тән мәдени-шаруашылық ерекшеліктерінен, бұрынғы саяси белсенділіктерінен айырылды.

Осы кезеңдегі түркі қоғамындагы идеологиялық дағдарыстар жайлы .Д Нұрғазина өз еңбегінде "дәстүр солып, мағынасын жоғалтып, тіпті сол табиғи дін, мифология баяғысынан айырылып, өңін айналдырып, ішінен тоқырады, зайырланды. Өтпелі кезеңде түркілер өзара толассыз қырқыс үстінде, тіпті тәңіршілдіктің аз да болса рухынан, этикасынан айырылған дөрекі тайпалар еді, дәлірек айтсақ, затшылдық рухы, дүниеқоңыздық бойларын жеңген тобырға айнала бастаған. Айналысқандары - шабуыл, барымта, өз қандастарын тұтқыңдап, Хорезм мен Мәуреннахрдың базарларына апарып сатты" [7.82.] деп жазады. Л.Н.Гумилев діни идиологияның дағдарысы жайлы "халықтың пассионарлық қуатының төмендеуі этникалық жүйенің соңғы фазасы - ыдырауға жетелейді. Халықтың жауынгерлік рухы әлсіреп, соғысқа. келмеді. Тыныштықты қалады. Хан төңірегіне топтасқан адамдардан гөрі оған разы емес көңіл күйдегі адамдар саны өсті. Халық көңіл көтеруге              икем болды. Көшпенділер арасында ұрлық, соғыста жаны үшін қарсыластарына тұтқынға беріле салу етек алды" [4.266.] деп жазады.

 

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Ерте орта ғасырдан бері қараңғы ислам әлемімен түркі мемлекеттерінің араласуы, мәдениеттерінің өзара ықпалдастықтары қарастырылады. Негізінен арабтардың Орта Азияға келуінен бастап, ресми дін ретінде қабылданған тұсы – Қарахан мемлекеті кезеңіне дейінгі уақыттағы қарым – қатынастардың мәдени, саяси  нәтижелерін қарастыру.  Әлемнің көптеген елдерін жаулап алған арабтар жүрген жерлерінде дін таратуды негізгі нысанға қойды, бұл дегеніміз елдің мәдениетіне түбегейлі өзгерістер әкелу. Бұдан түркі қағанаттары  -  түргештер, қарлұқтар, қараханидтер тікелей өз бастарынан кешірді.

       Түріктер мен арабтардың мәдени байланыстары  пайда болғаннан бастап, араб тарихшылары мен географтары, саяхатшылары мен саудагерлері өздерінің еңбектеріне, қазақ жерінің сол кезеңдегі тарихы жөнінде жазып қалдырған. Бұл бағытта «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде көптеген еңбектер сұрыпталып, бір жүйеге келтіріліп  жарияланды.  Ислам діні түркілердің ұлттық қасиеттерін қорғап қана қоймай, одан әрі дамытқан фактор болды. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының ешқайсысы да арабтанбаған, керісінше арабтар, парсылар және монғолдар түріктеніп кетті. Мұны академик В.В.Бартольдтің сөздері дәлелдейді: "Түріктердің араб-парсы мәдениетіне толықтай берілуі ешқайда болған емес, түріктердің өз тілін жоғалтуы да ешқайда кездескен емес" [3.382.] Ислам әлемінде жаңа пайда болған түркі мемлекетінің жаңа қауымдастықта лайықты орынды иеленуді заңдастыруға бағытталған. Ислам дәуірінде Шығыстан келіп жаулап алушы халықтар туралы болжамдар исламдық діни жазбаларда, әсіресе хадистерде кең көрініс тапты. 10-11 ғасырлардағы Ислам әлемінің дін өкілдері үшін, академик В.В. Бартольд айтқандай, шығыстағы түркілер, батыстағы берберлер сияқты дінді құтқарушылар рөліне ие болды. Түркілердің батысқа қозғалысының алдын-ала болжайтын Мұхаммед пайғамбардан жеткен хадистер келтіріле басталды. М. Қашқари Пайғамбарымызға түскен хадистің бірінде "Менің шығыста бір әскерім бар, түрік деген, егер мен бір халыққа ашулансам,  оларды жазалауға осы әскерімді жіберемін" [5.196 .] деп келтірген.

Исламият дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіне, үйретілуіне, жоғары оқу орындарында (медреселер) сабақ ретінде оқытылуына мүмкіндік жасалды. Мұның бәрі де мұсылмандардың түрік тілін зерттеуге және үйретуге қатты назар бөлгенін дәлелдейді. Тәңір қолдауына ие түркі мемлекеті, түркі халқына қоса енді түркі тілінің, мәдениетінің даңқы дәріптелді. М. Қашқари бұл тұрғыда: "Егер сіз түрік жебесінен құтылғыңыз келсе, онда олардың тілін үйреніңіз!" [5.196.] деп шын мәнісінде осы кезде дәрежесі төмендеп, ассимиляциялық үрдіске іліне бастаған түрік тілін көтермелегісі келді. Ал басқа дінге енген түркі тектес халықтардың тілден және ұлттық қасиеттерден айырылғаны байқалады. Бұлғарлар мен мажарлар осының дәлелі.

              Дипломдық жұмыстың объектісі – орта ғасырлардағы түрік және араб мәдениетінің бір-бірімен өзара ықпалдасуы болып табылады.

Диплом  жұмысының мақсаты. Ғылыми ізденісті зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты 8 - 12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуінен бастап Қазақстан территориясындағы саяси өзгерістер мен мәдениеттер ықпалдастығын зерттеп зерделеу.  Осы кезеңдегі Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар құрылымының қалыптасуына, сауда – саттық, мемлекетаралық қақтығыстарға арабтардың тікелей ықпалының болуы. Бұл оқиғалардың бүгінгі күнде де маңызды екенін түсіндіру жұмыстың негізгі мақсаты болып табылмақ.

Міндеттері:

1. Еуразияның үлкен бір бөлігін қамтитын Қазақстан территориясында 8 - 12ғасырлардағы арабтардың келуі  қала мен дала мәдениетіне елеулі өзгерістер енгізді. Осы кезеңдегі мәдени ықпалдастықтарды зерттеп, зерделеу;

2. Ислам діні түркі тайпаларының арасына еніп, мемлекеттік құрылымға, мәдени жаңалықтарға, саяси оқиғаларға барынша ықпал еткенін қарастыру.

3.Ерте орта ғасырлардағы түркі оқымыстыларының әлемге мәшһүрлігі ислам дінінің әсері негізінде болды. Бұдан кейінгі мәдениеттердің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерін анықтап, ой түсінігімізді кеңейтіп, жүйелеу.

           Диплом жұмысының методологиялық және теоретикалық негізін тәртіп аралық тәсіл, салыстырмалы анализ әдісі, феноменологиялық анализ әдісі құрайды, сонымен бірге диалектика және тезаурус әдісі бар. Еңбекке мәдени-саяси тәсіл ортақ болып табылады.

        Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімі екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

         Еңбектің кіріспесінде таңдалған тақырыптың өзектілігі, оның ғылыми әдебиетте өңделген деңгейі көрсетілген, тақырыптың объектісі мен пәні, мақсаты мен міндеттері анықталған, таңдалған тақырып анализінің теоретика-методологиялық негізі ашылды. 

Бірінші бөлім 8 – 12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті. Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және VII ғасырдың бас кезінде жаңа діни жүйе - исламның негізінде мемлекет құрылды.  Мұнда феодалдық қатынастар калыптасып, нығайды, алайда рулық-тайпалық ұйым, әсіресе көшпелілер арасында әлі күшті еді.

   633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен жаулап алушылык жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына жақындады.

            Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың дәстүрлері мен тарихи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына қарамастан, ұзаққа созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келгенде олардың мәдениеті қабысуының нәтижесінде бірқатар халықтар үшін көп жағынан ортақ араб-мұсылман мәдениеті қалыптасты. Түркілердің Ислам дінін қабылдауының алғышарттары мен исламды қабылдау қарсаңындағы өміріне тоқталатын болсақ, 8 – 12 ғасырларда біртұтастығынан айырылған түркі ұлыстары жекелеген тайпалар мен билеушілердің табанды әрекеттеріне қарамастан, бұрынғы даңқы мен билігіне қайта қол жеткізе алмады. Олар іс жүзінде тәуелсіздіктерінен айырылып, қандай да бір дүниетанымдық бағдарсыз, саяси мақсатсыз, бей-берекет өмір кешті. Ортағасырлық түркі қоғамындағы идеология да дағдарысқа ұшырап, дәстүрлі билік өзгеріске түсті. Мысалы, 7 – 8 ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерін талдау барысында бақсылардың мемлекеттік маңызға ие тұлға екендіктері байқалмайды. Кейіннен түркі қағанатының әлсіреуімен діни идеология дағдарысқа ұшырағанда бақсы-шамандардың маңызды әлеуметтік рөлге ие болғандығын байқауға болады. Осы орайда «Худут әл-аламның» анонимді авторы: "түркілер әрбір әдемі, ғажайып нәрсеге табынды. Олар емшілерді құрметтеді. Оларды көрген бойда табынды. Бұл емшілер олардың өмірлері мен мүлкін иемденді", [2.83.] деп жазуына қарағанда бұрынғы шаман-бақсылар енді мемлекеттегі маңызды тұлғаларға айналғандығын байқауға болады.

Ислам діні басқа діндерден гөрі адамдардың өз әлеуметтік-тұрмыстық табиғатын барынша жетілдіруге жағдай туғызды. Ислам түркілердің бойында өмірлік белсенділігін арттырып, саясат, экономика, тіпті соғыспен шұғылдануға мүмкіндік беріп, түркі жұртының бойында рухани мен материалдық, ұлттық пен жалпы адамдық, қатаң билеу мен демократия арасында белгілі бір тума теңдестікті тудырды.

        Түркілер Исламиятты қабылдаған соң Ислам әлемінде өздеріне тән мәртебелі орынды иемденді. Алғашында арабтардың басқаруында болған олар кейінірек саяси және әскери салада аса маңызды күшке қол жеткізді. Жазба құжаттарда арабтардың түркілерді Исламнан бұрынырақ аз да болса білетіні туралы мәліметтер келтіріледі. Екі халықтың тығыз қарым-қатынасы халифа Әділетті Омар кезінде Иран мен Хорасан өлкелерінің мұсылман билігіне енуінен кейін басталды. Деректер халифа әл-Мансур дәуірін (754-775) түркілер Ислам әлемін терең сіңіп, үстем күш бола бастаған кезең деп белгілейді. Халифа әл-Мамүн билеген 813-833 жж. Орта Азия мен Қазақстан аймақтарынын маңыздылығы арта түседі. Оның билігі кезінде халифалықта түркілердің күш-қуаты мейлінше артады. Халифа әл-Мұгтасым (833-842) дәуірінде түркілердің халифат әскеріндегі маңызы одан әрі артып, әскердің басым көпшілігі түркілерден ғана құралатын болады. Олардың ішінен көптеген мемлекет қайраткерлері мен қолбасшылар шықты. Түркілерден құралған түмендердің қаһармандығы мен соғыс өнері мұсылман елдерінде ғана емес, сонымен қатар басқа да алып мемлекеттерде аңызға айналды. Бартольдтың пікірінше мұсылмандардың Византияны (395-1453) түбегейлі жеңіліске ұшыратуы халифалықта түрік билігі орнағаннан кейін ғана мүмкін болған [3. 83.].

         Ислам діні түркі халықтарының ұлттық қасиеттерін сақтап қалды, түрік тілі мемлекеттік мәртебеге жетті, ежелгі ақьндар мен қамдардың тілі деңгейінен көтеріліп, халықаралық тілге айналды. Түрікше ресми, әдебиет, өнер, ғылым тілі болды. Ислам дінінің ұстанымдарын берік ұстанған түркілер билеуші саптың алдыңғы қатарында жүрді. Мұның нәтижесінде түркілердің жерін шауып, үлкен қасіретке себеп болған моңғолдардың басым көпшілігі түріктеніп және мұсылманданып кетті. Оңтүстік Сібір мен Моңғолияда қалған моңғол тайпалары (бурят, калка т.б.) ғана бұл процестен тыс қалды, бірақ, олар қытай-тибет мәдениетінің әсеріне ұшырап буддизмді қабылдады [2. 325.]. Ислам дінін қабылдауы түркілер үшін қоғамдық өмірде және халықаралық сахнада жаңа бір саяси, әлеуметтік және мәдени келешегіне жолын ашты. Яғни, Ислам монотеистік діннің соңғы жетілген нұсқасы ретінде түркілердің этнопсихологиясына тез сіңіп бейімделген болатын. Мәселен, Ислам діні басқа діндерден гөрі адамдардың өз әлеуметтік-тұрмыстық табиғатын барынша жетілдіруге жағдай туғызды.

Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)