Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

8 ғасырдың орта шеніне дейін қарлұқ қоғамында белгілі бір иерархиялық билік сатысы қалыптасқан көрінеді. Қарлұқ тайпасының басшысы жабғу (ябгу) лауазымына, ал оның көмекшісі - кудеркин лауазымына ие болды. Ру бірлестіктерінің басында елтеберлер, ал ру-қауым басында бектер отырды. Бектер мен елтеберлер, сондай-ақ, әскери басшылық қызметтерін де атқарды. «Түрік шежіресінде» Әбілғазы қарлұқ көсемдерінің сайлап қойылатындығы туралы: «өз ортасынан ең таңдаулы кісіні билеуші етіп сайлайды, ал ол олгеннен кейін тағы да басқа біреуін сайлап алады», - деп жазды ол [27.201.].

Жетісуды қарлұқтар жаулап алғаннан кейін 8 ғасырдың орта шенінен бастап, жабғу күллі тайпалардың билеушісіне айналады. Әйтсе де, билігі аса құзырлы емес еді. Өйткені ірі тайпалар мен рулар (шігіл, тухси, яғма) басшылары өздерінің еншілеп алған, сыбағалы ел-жеріне сүйеніп, олар жоғарғы билеушіден тәуелсіз болуға ұмтылды [30.94.].

8 – 9 ғасырларда қарлұқтар Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы үстемдігін нығайту үшін ұйғырларға қарсы соғыс жүргізіп қана қоймай, Мәуреннахрдың солтүстігі немесе Оңтүстік Қазақстанға кіре берістегі жерлерді жаулап алу мақсатындағы арабтардың қысымына төтеп беріп отырды. 8 ғасырдың аяқ кезінде жабғу Шаш түріктерімен және тибеттіктермен одақ құрды. Одақтастар ұйғырларды оңтүстікке қарай ығыстырып, қарлұқтар Жоңғарияны басып алған еді. Бірақ 791 жылы Бешбалық түбінде ұйғыр әскерлерімен болған шайқаста қарлұқтар оңбай жеңілді. 812 жылы ұйғырлар қарлұқ және тибеттіктерге күйрете соққы берін, оларды Ферғанаға дейін қуып тастады. Бұл оқиға қарлұқ жабғуын Моңғолияның Қарабалғасындағы ұйғыр қағанының билігіне бағынуға мәжбүр етті. Ал Жетісу және Ферғанада орныққан қарлұқтар Мәуреннахр жеріне басып кірген араб жаулап алушыларымен күрес жүргізді.

Бірақ арабтар Ферғананы жаулап алу мақсатынан таймады. Халиф әл-Махди (775 - 785) өз елшілері арқылы қарлұқтардың өздеріне бағынуын талап етті. Ұйғырлармен күресіп жатқан қарлұқ жабғуы өз тылының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл жолы халифтің талабын қабылдады. Алайда 712 - 793 жылдары Амир бен Джамил басқарған араб жасағы бұл жерден қарлұқтар әскерін ығыстырып шығу үшін Ферғанаға жіберілді. 9 ғасырдың басында Мәуреннахрда қарлұқтардың бас көтерулері жиілеп кетті. 806 жылы Рафи ибн Лейс жетекшілік еткен жергілікті халық Шаш түріктері және қарлүқ жабғуын арабтарға қарсы күреске шақырған еді. Жабғу әскері көтерілісшілерге 809 жылға дейін қолдау көрсетті.

Ибн-әл-Асирдың мәліметтері бойынша, көтеріліс басылғаннан кейін арабтар қарлұқтарға күш көрсетіп, Құлан қаласына дейін барды, бірақ табысқа жете алмады. 811 жылы халиф Мамун өз інісі Аминға қарсы соғыс ашты, осыны пайдаланып, қарлұқ жабғуы арабтарға бағынудан бас тартты, ал Отырар билеушісі оған алым-салық төлеуді қойған еді. 812 жылғы ұйғырлармен болған соғыстағы қарлұқтардың жеңілісін пайдаланып, арабтар оларға қарсы жорыққа аттанды. Отырар маңында араб қолбасшысы Фадл-бен-Сахл қарлұқ әскерін талқандап, жабғудың әйелдері мен балаларын тұтқынға алады. Жабғудың өзі қашып кетеді [37.168.].

9 ғасырдың орта тұсында Орта және Орталық Азиядағы қарлұқтар мемлекетінің тағдырына әсер еткен ірі-ірі саяси оқиғалар болды. Орта Азия халықтарының араб басқыншыларымен жүргізіп келген толассыз күресі салдарынан әлсіреуі жергілікті билеушілердің өз қара басының қамына қолайлы жағдай туғызды. Осыдан бастап Хорасан мен Мәуреннахрда жергілікті тохарларды билеген саманиліктер әулеті билік жүргізе бастады. 840 жылы шығыста қырғыздар ұйғырларға табанды қарсылық көрсетіп, жеңіске жетті. Жеңілгеннен кейін ұйғырлардың басым бөлігі Шығыс Түркістанға және Гансуға қоныс аударып, Тұрфан мен Гуанчжоуда жеке-жеке екі мемлекет құрды. Қарлұқ жабғуы аймақта қалыптасқан жағдайды пайдаланып, мұнан былай бұл өлкенің жоғарғы билігіне жалғыз өзі ие екендігін мәлімдеп, 841 жылы жаңа қаған лауазымын қабылдады [47.9.]. Әл-Масуди қарлұқтардың арасынан Афрасиаб және Ашина әулетінен хандардың ханы (қаған) шыққанын және ол аймақтағы күллі түрік тайпаларының үстінен билік жүргізе алатынын мәлімдейді. Ашинаның үрім-бұтағы болу қарлұқ көсемдеріне ескі ябғу лауазымын ысырып тастап, жаңа қаған лауазымын қабылдауға мүмкіндік берді.

766 жылы Жетісуда билікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті қарлұқ жабғуы басқарды. Ферғана қарлұқтарының күресі жандана түсті. 8 ғасырдың екінші жартысында арабтар халықты «тыю» үшін Ферғанаға бірнеше рет жорық жасады. Жетісу қарлұқтары өз тайпаластарын қолдады, осы себепті 792-793 жылдары Гитриф ибн Ата қарлұқ жабғуын ығыстырып шығару үшін Ферғанаға Әмір ибн Жамилді жіберді [6, 115]. 8 ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи оқиғаларға, көтерілістер мен бүліктерге толы. Арабтарға карсы және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы Муканна қозғалысы болды, оны Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың түрік тайпалары қолдады. Халық көтерілістері 9 ғасырдың бас кезінде де тоқталған жоқ. 806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған бүлік шықты, оған «Шаштың билеушісі өзінің түріктерімен», қарлұқтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер қатысты. Арабтар бүлікті басып, 810 жылы қарлұқтардың қаласы Құланға (қазіргі Луговое қонысы) жорық ұйымдастырды. Хорасанның билеушісі Мамұн 811 жылы халиф Әминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахлге маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, қарлұқ жабғуы бағынудан қалып тұрған кезде бастауға тура келіп тұр деп шағынады. Отырар патшасы бұрын төлеп жүрген алымын төлеуден бас тартады. Фадл Мамұнға жабғуға хат жазып, оның қазір иеленіп отырған аймақтарын сыйлыққа беріңіз, ал Отырар патшасынан рақымдылық ретінде бір жыл алым алмайтын болыңыз деп ақыл берді. Бірақ бітімге келудің сәті түспеді [9.294.].

Феодалдық қатынастар дамыды. Қалалар тізбегі Ыстықкөлден Исфиджабқа дейін созылды. Тараз қаласының оңтүстігінде Атлах, Жамукент қалалары Құлан, Меркі қалалары болды. Шу өзенінің алқабында Баласағұн, Іле өзені алқабында Қойлық, Екіөгіз қаласы бар еді. Қарлұқ қағандығының орталығы Қойлық қаласы болды. Қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Қарлұқ қағандығын басып өтетін Қытай мен Батыс елдері арасындағы ежелгі "Жібек жолы" қарлұқ елінің саяси шаруашылық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарды.

Қарлұқтар ұйғырлардан ойсырай жеңілген жылы (812 ж.) Фадл ибн Сахл Отырар аймағына басып кірді, онда шекаралық қамалдың бастығын өлтіріп, қарлұқтар жабғуының екі баласы мен әйелін тұтқынға алды, ал жабғудың өзін кимектер еліне барып бас сауғалауға мәжбүр етті. Бірақ бұдан кейін де жағдай тынышталмады. Араб тарихшылары Фарабтың, Испиджабтың және Шаштың арабтар үшін ең бір тынышсыз иеліктер болғанын атап өтеді [25.173.].

Қарлұқ мемлекеті Жетісу қалаларына сүйеніп, өз мәртебесін сақтап қалды Яғбудың баюына аббасид халифының гвардиясы үшін Түркі құлдарын сатуға көмектесті. Және Қытайға жүрген саудагерлерге Тараздан Ыстықкөлге дейін бақылау орнату көп пайда әкелді. Арабтар Ферғанадан қарлұқтарды қуып шығуға әрекеттенгеніне қарамастан, олардың ықпалы күшейе түсті. Ябғу үшін ең қауіпті жағдай халифтің белгілі қолдаушысы Әл-Манун Фадлх ибн Сахланың жорығы болды. Арабтар 812-817 жылдары Отырар аймағына жорық жасады. Онда қарлұқтардың шекаралық күзетінің бастығы өлтірілді. Содан соң яғбудың отбасы тұтқынға алынды. Ал қарлұқ яғбуының өзі қимақтарға қашып жетті. Басқыншылардан қарлұқтардың шекаралық отрядының жеңілуі қарлұқ яғбуы үшін батыс шекарада шиеленісті жағдай туғызды.

Ру басшыларының өзара билікке таласып, қырқысуы қарлұқтардың тұтастығын сақтауға үлкен кедергілер келтіре бастады. Осындай қырқыстардың нәтижесінде Қарлұқ қағандығы құлады. Сонымен қатар осы кезде араб басқыншылары оңтүстіктен еніп келе жатқан болатын. Құлаған Қарлұқ мемлекетінің орнына Қарахан мемлекеті құрылды. Ежелгі үйсіндердің атамекенін негізгі орталық еткен қарлүқ қағандығы 170 жылдан астам өмір сүріп, 940 жылы құлады. Қарлұқ қағандығы Орта Азия тарихында маңызды орын алды. Қарлұқтар – көшпелі оғыздар тайпасының бір тобы. Қарлұқ мемлекетінің батысында қыпшақ тайпалары мекендеді, ал оңтүстікте қарлұқтар Шығыс Түркістанмен шектесті. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің келуіне де қолайлы жағдай жасады. Ислам дінін қолдаушылар шықты. Қарлұқтар ислам әлеміне таяу тұрған түріктер еді. Сондықтан да мұсылмаңдық олардың арасына басқа түрік тайпаларынан ертерек таралып орнықты. Ең алғашқы ислам түрік мемлекеті болып табылатын Қараханиттердің орнығып, хандық құруына қарлұқтар айтарлықтай үлес қосқан болатын [20.69.].

Қарлұқтардың яғбуларынан шыққан Білге Күл Қадыр кейін Қарахан мемлекетінің қағаны болады [22.84.].

9 ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастады. Мауренахр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі мұнда жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағдай туғызды. 9 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен Мауараннахрды жергілікті Тахирилер мен Саманилердің әулеті
биледі, олар Бағдатқа салық төлеп тұрды, ал басқа жағынан шын мәнінде
тәуелсіз болды.

Араб үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат кұрамына кірген тек бір бөлігінде ғана жүрді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың ұланғайыр аймағында арабтардың жаулап алуының елеулі зардаптары тек 10 – 12 ғасырларда ғана білінді.

Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін, өз билігін нығайту үшін Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде әділетсіз соғыстар жүргізді. Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ, ол халифаттың қол астында болған жерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінде, ондағы этникалық және тілдік үрдістерде өз ізін қалдырды.

Бағындырылған халықтар зорлық-зомбылық көрді, жері мен малынан айрылды, екі жақты езгіге - араб ақсүйектері мен жергілікті шонжарлардың езгісіне түсті. Арабтардың Мауараннахрда жеңістерге жетуі Батыс түрік және Түркеш қағанаттарының ыдырауына себепші болды. Сонымен қатар сыртқы қауіп түрік тайпаларының: қарлұқтардың, оғыздардың топтасуына жағдай жасады [52.265.].

Зерттеушілер Муканна көтерілісі (776 - 780 жж.) талқандалғаннан кейін Мауреннахрда ислам біржола орныққан деп санайды.. Орта Азияның қызмет атқарушы шонжарлары халифтер сарайында барған сайын зор рөл атқарды. Орта Азия мен Таяу Шығыс жедел жақындаса бастайды. Осының бәрі халифатқа қараған түрлі халықтар мәдениетінің елеулі бірлігінің орнауына себепші болмай тұра алмады. Зерттеушілердің атап өткеніндей, Хорасан мен Мауреннахр мәдениеттерінің қосылуы ерекше жедел жүріп жатты [11. 6].

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бұл үрдістерден шет қалмады. Сырда-рияның орталығы да, Жетісу да халифаттың құрамына кірмегенімен, араб халифатының, ал содан соң Саманилер мен Қарахандар мемлекеттерінің саяси, экономикалық және мәдени қатынастары аясына тартылуы сияқты, Орта Азиядан біршама кейіндеп қалса да, олардың мұсылмандануы едәуір жедел жүріп жатты. Тарихшылар мен археологтардың зерттеулерінде мұсылмандар дүниесі өркениетінің ұлан-байтақ жүйесін құрушылардың бірі болып табылатын орта ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның қалалық өркениетінің едәуір ішкі бірлігі атап көрсетіледі [44. 161].

Сол кезде қала жағдайы өзгерді. Бірінші кезекте 6 – 8 ғасырларда болғанындай, қала феодалдың ордасынан әкімшілік орталыққа, мемлекет өкілі болып табылатын билік ордасына айналды. 9 ғасырдың басына қарай каланың елеулі өзгерістерсіз бүкіл орта ғасырлар бойы тіршілік еткен үлгісі қалыптасты. Қала мәдениетінің дамуында жаңа дін - ислам маңызды рөл атқара бастады [42.84.].

10 ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатуқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Богра-хан Харуб Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады [54.213.]. Мұсылман діні бірінші кезекте қалаларда таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кедердегі мұсылман топтары туралы айтады [54. 220]. Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш аралығында көшіп жүрген мұсылман түріктер туралы хабарлайды. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың 10 ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атайды [46.59.].

Археологиялық зерттеулер нарративтік деректемелердің мәліметтерін растайды. Құйрықтөбе қаласының жұртын казған кезде 10 – 13 ғасырдың басында салынған деп санайтын ғибадатханалы мешіт табылды. Төменгі Сырдариядағы және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары  неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген [36.242.].

10 ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы таралады. 10 – 11 ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман кабірлері Құйрықтөбеге жақын жерден табылды [49.165.]. 11 – 13 ғасырдың басында мұсылмандардың жерлеу ғұрпы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен тарай бастады. Исламның таралуымен қатар қала халқы арасында пұтқа табынушылық әлі де сақталады. Зерттеушілер Орта Азия халықтары үшін ислам олардың рухани-діни түсініктерін толық ығыстырып шықпағанын атап өтеді. Мұны археологиялык материалдар дәлелдейді.  Мұсылмандық табынушылыққа өте-мөте құлай берілгендер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды 766 жылы жаулап алып, онда саяси билігін жүргізіп тұрған қарлұқтар болды. Олар мұсылман дінін, тіпті сонау Мехди халиф (775-785) кезінде қабылдады деген пікір де бар[20, 16]. 893 жылы саманилік әмір Исмаил ибн Ахмет өз империясының солтүстік-шығыс шекарасын қауіпсіз етуге ұмтылып бақты. Бірақ Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан ұзақ уақытқа созылған қоршауға төтеп берді. Ақыры наурыз-сәуір айларында қала құлады.

Исмаил олардың астанасы Таразды басып алып, патшаның әйелін және 10000 адамды тұтқынға алды. Ол қолға түскендердің көбін өлтіріп, көптеген ат-көлігін алды, алғандарының бәрін санап шығу мүмкін емес, олжаны бөліске салу кезінде әрбір мұсылман салт аттыға 1000 дирхемнен келді. Тараздың әмірі жауға берілді және сансыз көп диқандарымен бірге исламды қабылдады, мұндағы үлкен шіркеу мешітке айналды.

Қарлұқтар исламды қабылдау арқылы Тараздың саяси тәуелсіздігін сақтап қалды. Қарлұқ басшылары саманиліктердің жергілікті иеліктерін өзге түрік тайпаларынан қорғауға міндеттенді. Соның нәтижесінде Тараз бен Исфиджаб саманиліктер қазынасына салық (харадж) төлеуден босатылды.

Әл-Мақдисидің хабарлауы бойынша, тек Талас пен Шу өзендері аралығында жатқан Қарлұқтың орда қаласының билеушісі бұрынғысынша Исфиджаб билеушісіне сый-сияпат жөнелтіп тұрды23. Саманиліктер сөйтіп күллі Исфиджаб округіне өз ықпалын жүргізіп, халық арасында ислам дінін таратуға күш салып отырды.

X ғасырдың алғашқы ширегінде қарлұқ бірлестігінің ұлан-ғайыр аумағында тайпалар арасында өзара бөлшектену күшейе түсті. Осыны пайдаланып, Қашқардың түрік қолбасшылары 940 жылы Баласағүнды басып алды. Қарлұқ мемлекеті күйреп, Шу өңірінде қарахандықтар билік орнатты.

Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)