Халық аралық аспектілер теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа

Краткое описание

Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның себебі Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері.............................................5
1.1 Халықаралық сауда теориялары.....................................................................5
1.2 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары...................8
1.3 Халықаралық сауда субъектілері..................................................................11
2. ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі.......................................................19
2.1 Сауда саясатының құралдарының экономикаға әсері................................19
2.2 ҚР-ның сыртқы сауда айналымы..................................................................21
2.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы................................25
3. Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін Қазақстандағы қолданылып жатқан шаралар...............................................................................................33
Қорытынды...........................................................................................................45

Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................47
Қосымшалар..........................................................................................................48

Содержимое работы - 1 файл

НургульКурсоваяя.doc

— 415.00 Кб (Скачать файл)

     Сонымен қатар, қазіргі таңда үш мемлекет халықаралық нормаларды, соның ішінде кедендік шараларды оңайлату мен гармонизациялау туралы Киот Конвенциясының (1999 ж.26 шілде күні қабылданып, Қазақстан Республикасы 2009 ж.қол қойылған) ережелерін ескере отырып, Кедендік Одақтың Кедендік Кодекс жобасын дайындаған-ды.

     Жалпы айтқанда, бұл процесс оған қатысушы жақтардың заңдарын үйлестіру арқасында  бір кедендік одақ аумағында бизнес жүргізуді елеулі түрде жеңілдететін бірыңғай құқықтық алаңды құруда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.3 ҚР-ның сыртқы  сауда саясатының жүзеге асырылуы 

    Әлемдік экономикада соңғы онжылдықта қызмет көрсетудің халықаралық саудасының мәні артуда. Қазіргі уақытта қызмет көрсетудің әлемдік экспорты халықаралық  айырбастың шамамен ¼ - ін құрайды. Бүгіннің өзінде қызмет көрсетудің халықаралық саудасы өспелі түрде дамып, тауар айналымы өсімінің қарқынынан артып жатқандықтан, бұл сала халықаралық ынтымақтастықтың басты облысына айналады деп болжауға болады.

      Қазақстанның сыртқы тауар айналымында  Қытаймен тауар айналымы 8,1%-ды  иеленедi. Қазақстаннан Қытайға экспорт көлемi 2,4 млрд. AҚШ долларын, Қытайдан Қазақстанға импорт көлемi - 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан экспортының жалпы көлемiндегi Қытай үлесi 8,7%-ды, импорттың жалпы көлемiнде - 7,2 %-ды құрайды.

    Қазақстан Республикасының серіктес елдермен және тауарлар топтары бойынша экспорттың құрылымын келесі диаграммалардан (1,2) анық көре аламыз.

      Ескертпе  - 2008ж ҚХР ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде. 

                 Диаграмма 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылдың қаңтар-қараша  айындағы  серіктес елдермен экспорттың құрылымы 

        
 

Ескертпе  - 2008ж ҚХР ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде . 

      Диаграмма 2. Қазақстан Республикасының 2007жылдың қаңтар-қараша                   айындағы  тауар топтары бойынша экспорттың құрылымы 

      Қытай мен Қазақстан қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан   әрі   әлемнің   басқа   да   елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады.

   Көліктік  логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінің; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр. Инвестициялық  салымдардағы құрылысқа жұмсалған қаржының үлес салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28% құрайды.

     Қазақстанның  геосаяси жағынан орналасуы АҚШ  пен ШОС арасында алтын көпір болуға мүмкіндік береді. Үлкен есеппен алғанда, Орталық Азия, Ресей және Қытайға апаратын транзиттік экономикалық жол тасымалы Қазақстан арқылы өтеді.

      Әлемдік экономика экономикалық циклдарға  байланысты даму қарқынының  тежелу кезеңіне  енуде.  Қысқа мерзімді кезеңде  АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың әсерінен туындаған  ғаламдық қаржы нарықтарын  түзету аяқталады. Инвесторлардың  төмендету мақсатында  әлемдік капиталды қайта бөлу жүретін болады.

      Ұзақ  мерзімді кезеңде Қытай, Индия сияқты нарықтары дамыған  елдердің серпіні  әлемдік экономиканың  жеткілікті тұрақты даму қарқынын  болжауға мүмкіндік береді.

      Бағалау бойынша1  әлемдік ЖІӨ өсімінің орташа  жылдық қарқыны 2020 жылға дейін 4,2-4,4% құрайды,  әлемдік ЖІӨ 2020 жылға 117 трлн.  $ дейін екі есе өседі (Диаграмма 3).  

 

    Диаграмма 3. Елдерді 2020 жылға әлемдік ЖІӨ үлесі бойынша жіктеу 

    Әлемдік тауар нарықтарында  қолайлы конъюктура сақталады.  АҚШ-тың  Энергетика  департаментінің болжамды  деректеріне сәйкес  2008-2010 жылдар кезеңінде табиғи газ бен көмірдің әлемдік бағасы өзгеріске ұшырамайды,  ал мұнайға келсек,  тұтастай алғанда бұл шикізаттың бағасы аздап төмендейді деп күтілуде.

    Астықтың  әлемдік нарығында жағдай астықты  экспортқа шығаратын негізгі елдердің  экспорттық бажды енгізуі, Австралияда, Канада мен Еуропада  ауа-райы жағдайларының өзгеруі,  биоэтанол өндірісінің одан әрі қарқынды дамуы және  басқа факторлармен  айқындалатын болады.

    Экзогендік  факторларды талдау әлемдік экономиканың серпіні,  мұнайға әлемдік бағаның өзгеруі және сыртқы қарыз алу жағдайларына байланысты  дамудың үш нұсқасын қарастыруға мүмкіндік береді.

    1-нұсқада әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы және 2010 жылға дейінгі сыртқы қарыз алу жағдайлары бөлігінде тым  пессимистикалық  болжамдар  болжанады.

    Мұнайға әлемдік бағаның  бір барреліне 40 АҚШ доллары деңгейінде болады. Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарыз алу үшін жабық болады.

    2-нұсқада әлемдік тауар және қаржы нарықтарында жағдай тұрақталады деп болжанады.

    Мұнайға әлемдік бағаның  бір барреліне 50-70 АҚШ доллары арасында болады, сыртқы қарыз алу жағдайлары жақсарады.

    3-нұсқада мұнайға әлемдік бағаның бір барреліне 100 АҚШ долларынан жоғары деңгейінде сақталады, әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай жақсарады, екінші деңгейдегі банктердің  сыртқы қарыз алуына кең жол ашылады.

    2-нұсқа  неғұрлым шындыққа жақын. Ол  бағаның қалыпты төмендеуі мен  2010 жылдан бастап  сыртқы қарыз  алу нарығының ашылуын болжайды. Халықаралық сарапшылардың болжамдары  бойынша мұнайға әлемдік бағаның  күрт төмендеуі болжанбайды,  бірақ тауар нарықтарынан  алып-сатарлық  капитал ағымы болады. Қаржы нарықтарында түзетулер аяқталады, бұл олардың сауығуы мен  өтімділігінің өсімінен көрінетін болады. Экзогенді өлшемдердің  негізгі маңызы  осы нұсқа бойынша дамудың қалыптасқан үрдісіне  жақын.

    Республика аумағы арқылы    темір жол және құбыр көлігімен  шетелдік жүк тасымалынан түсім 16,3% - ға артты, Қазақстан жағының табысы көліктің басқа түрлерімен экспорттық тауарлар  тасымалы есебінен 25,5% - ға артты. Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудан табысы 2007 ж. 604 млн долларды құрады, жүк тасымалы бойынша қызметтер экспортында  олардың үлесі- 46%.

    Қытай бүгiнде Қазақстан мен Ресейдiң  негiзгi сыртқы саудадағы серiктесi, контейнерлiк тасымалдар көлем бойынша әлемдiк көшбасшы болып табылады - 2003 жылғы контейнерлiк айналым 48 миллион ТЕU-ден астам. Ресейдiң, Еуропаның және Қытайдың тауар айналымының жартысынан көбiн контернейлерде тасымалданатын жүктер құрайды. Бұл ретте контейнерлiк тасымалдардың ыңғайлылығы тасымалдардың мультимодальдығынан, жүк тиеу-түсiру жұмыстары уақытының қысқаруынан, "есiктен есiкке дейiн жеткiзуден" көрiнедi, бұл жүк тасымалдаудың осы саласына әлемде тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етедi.

    ЕурАзЕҚ пен БЭК–тің (Бірыңғай экономикалық кеңістік) интеграциялық бірліктері басымдылықтарының бірі болып көлік қызметтерінің жалпы нарығының және бірегей көлік жүйесінің қалыптасуы табылады. Көлік қызметтері саласындағы интеграциялық үрдістер Қазақстанға сыртқы сауда айналымының 34,5% - ға артуын қамтамасыз етті, соның ішінде ТМД елдерімен 14,4%. Минералды өнімдер (мұнай, газ, қазбалар) экспортының үлес салмағы экспорттың жалпы көлемінен 73,8% - ға дейін өсті. Тауарлар импорты Еуропалық монетарлық одақ елдерінен 18,4% - ға, Ресей Федерациясынан 27% - ға өсті.

    Кеден статистикасының деректері бойынша  Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың қаңтар-ақпанында 14,9 млрд. АҚШ долларын құрады және 2007 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 41,8 %-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт 10,3 млрд. АҚШ долларына (62,0 %) ұлғайды, импорт 4,6 млрд. АҚШ долларына (10,9 %) ұлғайды.

    Экспорттың  жалпы көлемінің ең үлкен үлесі  минералды өнімдерге тиді – экспорттың жалпы көлемінің 73,0 %-ы. Бағалы емес металдар мен бұйымдар оның 11,7 %-ын, химиялық өнімдер - 3,2 %-ын, азық түлік тауарлары және оларды өндіретін шикізаттар - 7,8 %-ын, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар – 2,3%-ын алады.

    Импорт  құрылымында едәуір үлесті машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар (импорттың жалпы көлемінің 41,6 %), минералды өнімдер (18,58 %), бағалы емес металдар мен бұйымдар (12,8 %), химиялық өнімдер (10,0 %), азық-түлік тауарлары және оларды өндіретін шикізаттар (8,2 %) алады.

    Республика  шетел инвестицияларының есебінен мұнайды өңдеуді қарқынды түрде өсіруде. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2010 жылға қарай басымдылықты тапсырма ретінде мұнайды және конденсатты күніне 2,0 млн. баррельге дейін (жылына 100 млн. тонна), газды күніне 95,8 млн. м3 –ке дейін (жылына 35,0 млрд. м3) өңдеу деңгейін ұлғайтуды көздеп отыр (6-сурет) .

    

   Ескертпе- ҚХР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтерінен алынды . 

       Диаграмма 4. Қазақстанның 2010 жылға дейінгі мұнай өңдеу динамикасы мен болжамы 

    Бүгінгі күні Қазақстаннан мұнайды экспорттайтын Қытай – Қазақстан мұнай құбыры, Ақтау порты арқылы су көлігімен тасымалдау, темір жол мұнай құю пункттері арқылы темір жол тасымалдары болып табылады.

    Еліміздің газ тасымалдау желісі 10 мың шақырымнан асып, жалпы өткізу қабілеті 190 млрд. текше метр болды. Мұнай құбырларының ұзындығы 7,4 мың шақырымнан асып, өтетін мұнай көлемі 40 млн тоннаға жуықтады. «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компаниялары мұнай-газ ресурстарын әлемдік аса ірі  тасымалдаушылар қатарына кіреді.

    Мұнай-газ  өңдеудің жедел артуы  мұнай-газ  тасымалдайтын жаңа көлік бағыттарын іске асыруды талап етеді. Осындай  жобаланып жатқан және қарастырылып отырған  көліктік бағыттарға:  Каспий теңізі арқылы Бакуға, Супса порты  арқылы Грузияға, Джейхан порты арқылы Түркияға, Батыс Қазақстаннан Тарим бассейні арқылы Батыс Қытайға, Парсы шығанағы арқылы Иранның ашық теңіз терминалына шығатын Транскаспийлік маршрут; Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Аравия теңізіне шығатын Орта Азия мұнай құбырының жобасы, Түркіменстаннан Еуропаға Каспий теңізі жағалауын бойлай  газ-құбыры т.б. жатқызуға болады.

    Қазақстанның  көлік жүйесі әлемдік жүйенің  бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері  даму концепциясында көлік қызметтері саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, интеграциялық үрдістерді тереңдету және халықаралық транзиттік жүк – жолаушы тасымалдарының көлемін көбейту қарастырылған.

    Әлемдік экономиканың дамуын болжамды бағалау  негізгі тауарлық ағым АҚШ – Еуропа – Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай үшбұрышында шоғырланатынын көрсетеді. Қазақстанның маңызды міндеті – Еуропа мен Азия арасында табиғи транизитті көпір болып табылатын елдің географиялық орналасуын толығымен өзіне тиімді етіп пайдалану.

    Осыған  қатысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей,  "Қазақстан бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр. Бiздiң мiндет - осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану". Бүгiнгi таңда тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жаңарудың "локомотивi" болуға қабiлеттi дамыған өңiрлiк орталықтардың экономикалық қызметiн жандандыруға, сондай-ақ өңiрлердiң ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану үшін алдыңғы қатарлы жобалар және сәйкесінше оларды жүзеге асыруға деген жаңа бағыттар қажет. Қазақстанның аймақаралық транзиттік орталыққа айналуының барлық алғышарттары бар.

    Қалыптасқан қолайлы геоэкономикалық және геосаяси алғышарттарды ескере отырып, Қазақстанда 2006 жылы негізгі құраушы құжат  – 2015 жылға дейінгі Қазақстан  Республикасының Көлік стратегиясы  қабылданды, онда саланың негізгі  басымдылықтары ретінде ұлттық көлік жүйесінің еуразиялық көлік жүйесіне интеграциялануы белгіленді.

    Қазақстанның EO елдерiмен, Қытай және Ресеймен сыртқы сауда құрылымы қазiргi кездегi әлеуетке сай келмейдi және Қазақстанның нақты  мүмкiндiктерiн көрсете алмайды.

    Қазақстанның  сыртқы сауда қызметiн одан әрi дамыту мақсатында сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту - тауар құрылымын әртараптандыру және трансұлттық капиталды ел экономикасына белсендi түрде тарту жолымен сыртқы сауда операциялары географиясын кеңейту қажет. Континентте ұтымды географиялық орын алып отырған Қазақстанда өз аумағы арқылы трансконтинентальды дәлiздердi дамытуға барлық жағдай жасалған.

Информация о работе Халық аралық аспектілер теориясы