Стратегическое планирование

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Стратегиялық жоспарлау — кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау мүмкіншілігінсіз қалады.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Стратегиялық жоспарлау теориясының негізгі аспектілері 5
1.1 Стратегиялық жоспарлау мазмұны мен мәні 5
1.2 Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі 7
1.3 Банктің кәсіпкерлік ортасын талдау 13

2
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі 16
2.1 Каспий Банкі қызметін талдау 16
2.2 Банктің қызмет ету саласын талдау 24

3
Банк секторындағы стратегиялық жоспарлау жүйесі 31
3.1 Бенчмаркинг пен SWOT-талдау 31
3.2 Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Кур. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

    Ірі көлемді және бөлшек сауда ШОБ  мен корпоративті несиелендірудің  40%  құрайды.

    Несие портфолиосын құрушы:

    -48% 1 жылдан аз мерзімді 

    -75% ұттық валютада

    -86% кепілдікті

    -2% - NPLs

    Олар  негізінде несие институттары  31%, тұтынушылар депозиттері 28%, эмиссияланған қарыздық бағалы қағаздар, 22% міндеттемелік бағалы қағаздар 7%, басқа да міндеттемелер 1%, акционерлер 10% болып табылады.

    Банк  сонымен қатар мемлекетімізде бұл сегменттің дамып келе жатқанын ескере отырып, бөлшек бизнес секторына үлкен көңіл бөлуде. Жеке нарық несие қоржынын диверсификациялау және банк пайда базасын өсіруге сенімді құрал болып табылады. Есепті кезеңде жеке бизнес аясында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.

    

            

    7 - сурет - Бөлшек несие мен депозиттер 

    Қазақстанда ең ірі екінші орындағы сауда орындарына еи, негізінде 40 филиалдар, 74 РКО, 1 135 экспресс кредиттеу нүктелері бар болуы, және банктің стратегиялық бағыты банк қызмет орындарын әлі де кеңейте түсетіні сөзсіз. Оған негіздеме де 250 экспресс кредиттеу орындарын, 50 РКО ашуды тек 2006 жлыға жоспарлауы болып табылады.

    Стандартты (машина, ипотека, депозит) және экспресс несиелер (өнім,электронды бұйымдар немесе ақшалай) кредиттер баруде. 3Q2005 жылға дейін  426 976 экспресс несиелер шығарылған. 185 844 астамы жалпы алғанда $62 млрд құрайды. Тұтынушыларды несиелендіруде рыноктың 5% және бөлшек депозитер 4% иемденуде [16].

    Ендігіде 40 филиалда ШОБ несиелендіру жүргізіледі, аса қомақты несиелендіру бас офистің қатысуымен жүргізіледі. ШОБ ішкі критериясы:

    Активтер  $ 2.3 млн төмен

    - 250 жұмыскерлер қызмет көрсетуде.

    - Жылдық айналым $ 9 млн төмен

    - Жалпы ШОБ несиелері $ 1 млн төмен

    - Экспресс ШОБ несиелендіру $ 500 ден $ 5000 аралығында.

    Жалпы ШОБ несиелендіру пайыздық қойылымы 16% (экспресс ШОБ несиелендіру үшін 36% ). 31 март 2006 күніне $ 147млн несиелендіру портфолиосы жеткен.

    Каспий  Банкінің өзінің алдына қойған мақсаты  қазақстан халқының мұқтаждықтарын сапалы банк өнімдерімен қанағаттандыру болып табылады.  Осы міндетке қол жеткізу мақсатында банк қызметкерлері қажырлы еңбек ету арқылы қол жеткізуде. Банк философиясы үйлесімдік, әділдік, сенімділік, даму және парасаттылық қағидаларына сүйенеді.

    Осындай ірі жетістіктерге қол жеткізген банк аймақтық даму стратегиясына сәйкес филиалдар торабы мен есеп айырысу-кассалық бөлімшелер торабын дамытуда. Қазігі кезде банк 40 филиал, 81 РКО, және  1135 бөлшек сауда орындары экспресс кредиттеу қызметін көрсетуде (эксклюзивті жекелей айналысу). Қазақстан территориясында 100 астам қызмет түрін көрсетуде. 300 000 астам клиенттік базасы қалыптасқан, банк секторының 3,2 % иемденуде.

      Қазігі кезде банк 40 филиал, 81 РКО,  және  1135 бөлшек сауда орындары экспресс кредиттеу қызметін көрсетуде (эксклюзивті жекелей айналысу). Қазақстан территориясында 100 астам қызмет түрін көрсетуде. 300 000 астам клиенттік базасы қалыптасқан. КБ SWIFT, TELEX банктер аралық төлемдердің мұшесі, бұл банктік төлемдерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, сенімдігі мен тиңмдңлңгңн арттырады.  [17] 
 

    1.   Банктің қызмет ету саласын талдау
 

    Нақты ЖІӨ 2005 жылғы өсімі 9,1%, 2004 жылы 9,4% өсті. Қазақстанда 2007-2009 жылдары арасында нақты ЖІӨ өсімі 9 -13,5 % аралығында-өзгеріп отырды. Шетел валюта айналымы оның ең жоғары тарихи нүктесіне 3Q2005 жылы $13,2 млрд АҚШ құрады  (2003жыл желтоқсанмен салыстырғанда 50% жоғарылады). Соңғы 4 жылда инфляция тұрақты, CPI 6-8 % аралығында өзгетіп отырды. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

8 - сурет - ЖІӨ мен инфляция өзгерістері 

    Қазақстан мемлекеттік рейтингі ( Baa3 / BBB - / BBB - ) ТМД елдері ішінде ең жоғарғы болып табылады.

    Шетел валютасы резервтері 2009 жылғы мағлұматтар бойынша өзінің тарихи шыңына жетті $ 13,2 млн, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 50% өскендігін көрсетеді.

    Экспортқа бағытталған сауда және бюджет артықшылығы табиғи ресурстарға сұраныстың жоғары болуы есебінен үздіксіз өсуде. Бұл бюджет оңтайлылығының 2008 жылы 1,2%, 2009 жылы 5% артты [16].

    Банк  секторы дамушы сектор болып табылады, дүние жүзі тәжірибесі мен Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына көз сала отырып бұл сектордың дамуы әлі де бірнеше жылдар қарқынды болуы тиіс. 2004 жылы заңды тұлғаларды несиелендіру жалпы экономикалық коньютураның тұрақтылығымен және экономикалық өсіммен қатар дамып отырды. Осы жылы жалбы коммерциялық банктердің несиесінң көлемі 1 484 010 млн. тенгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 51,7 пайызға жоғары. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізуге несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі елеулі әсер етті. Көптеген коммерциялық және өнідірістік кәсіпорындар қысқа және орта мерзімді несие алуға мүмкіндіктері өсті [17].

    Қатаң реттеу мен заңды шектеулер ТМД  елдері ішінде ең терең қарастырылған. Қазіргі таңда банк мынадай ұйымдардың қатысушысы болып табылады:           

    - Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарттары

    - Қазақстан жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттерін) міндетті сақтандыру қоры;

    - Қазақстанның ипотекалық несиелерді сақтандыру қоры;

    - А, В, Р және К категориялары бойынша Қазақстан қор биржасы (KASE);

    - Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясын қарастыру (1999 жылдың 4 қарашасынан);

    - Халықаралық банкаралық S.W.I.F.T. және REUTERS телекомуникация жүйесі;

    - Қазақстанның сауда-өндіріс палатасы;

    - VISA International.

    Банктің қаржы нарығындағы әріптесі ( 100% КБ иелігінде): Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы (АХСТ)

    ЕДБ тарихи қалыптасқан алдыңғы эшелонын құрастырушылар 3 банк (сектор жалпы  активтердің – 62% жалпы депозиттердің  – 66% құрастырады).  2002 жылдан бері банк секторы міндетті халықаралық стандартқа өте бастады, нәтижесінде халықаралық рейтинг агенттіктері қорытындылауы боййынша халықаралық синдикаттық займдар ала бастады. KASE Қазақстандық Қор Биржасында Листинг “A” дәрежесімен акциялық сауда айналымында белсенділік танытуда, Зейнет ақы қорларының және ЖШС «Мемлекеттік Жинақ Зейнетақы Қоры» қаржылық активтерін депозитке орналастыруда.

    Көптеген  эксперттер тұжырымдауынша ТМД мен  Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан  банктері ең жағымды банктік жүйеге ие. Банктер Қазақстанда екі деңгейлі болып табылады. ҚР Ұлттық Банкі  бірінші деңгейлі жалғыз банк болып табылады. Қазақстан заңнамасына сүйенсек, ол үкіметтен дербес жұмыс істейді және Қазақстандық қаржы-несие саясатын іске асыруға, сонымен қатар мемлекеттік банктік жүйесін басқаруға жауапты. ҚР Ұлттық Банкіекінші деңгейлі банктерді бақылайды және олардың пруденциалды нормасын бегілейді (чартер капиталының минималды көлемі), банк ашуға және филиалдар мен есептік кассалық бөлімдер ашуға рұқсат береді. Екеінші деңгейлі банктер коммерциялық банктерден тұрады, олардың төртеуі ұлттық банктер. Шетелдік банктер өздерінің филиалдарын ашуға құқы жоқ, олар тек қосымша банктік бірлестіктерге қатыса алады. Банк салассы Банктер туралы заңымен және Ұлттық Банктің және Банктік заңдарымен реттеледі, сонымен қатар Ұлттық Банктің түрлі заңды пруденциалды нормалары [18].

    Көбінесе  келесі қаржыландыру көздерін қолданады:

    - Банктер (өзіндік көздер): ұсынылған көздер өте қымбат (орташа жылдық пайызы USD: 12%-18%) және қысқа мерзімде (12 айға дейін). Ұсынылған қаржы өнімдері несие, аккредетив және кепілдіктермен шектеледі.

    - Банктер (несиелік линиялар): несиелер салыстырмалы арзан (орташа жылдық пайызы USD: 12-14%) және ұзақ мерзімді (2 - 5 жылға дейін). Алайда, қаржыландыру бірнеше жағдайлармен шектеледі: бизнес , несиені қайта төлеу бизнестің айналымдағы активтерінен алынады.

    - Жекеше: несиелер тек қысқа мерзімді,аз көлемде және тек айналмалы капиталды қаржыландыруға арналады. Оған ұқсас несиелер 0% -60% USD жылдық орташа пайызды құрайды. 

    - Инвестициялық Қорлар (венчурлы капитал): қарызды және капиталды қаржыландыруды ұсыну. Ұсынылған көздер салыстырмалы арзан(average орташа жылдық пайызы USD:12- 14.5%) және ұзақ мерзімді (f2 -5 жылдық).Капиталды қаржыландыру инвестицияның мөлшерімен шектеледі, көбінесе  1 млнUSD аспайды.

  • Көптеген компаниялар аванстық төлемдер мен тауарлы несиелер арқылы айнымалы капиталды қаржыландыруда.
  • Қаржы Институттары кәсіпкерлікті АҚШ долларына эквивалентпен несиелендіруді вңғайлы көреді, потенциалды қарыз алушыларды қатты шектейді [19].

    Тәжірибеде  барлық банктер кепілдікті қарыз  беруге көп көңіл бөлуде. Алайда, кепілдікті активтер арқылы несие алу компаниялар үшін ауырға соғуда. 2002 жылы шілдеде банктер саны 39-ға  жыл басыдағы 44-тен қысқарды. Банктердің азаюы Ұлттық Банктің саясатына сай капиталдық қажеттіліктерді жоғарылату, институттарды біріктіру және несиелік бірлестіктер мен серіктестердің шағын институттарын кайта лицензиялау. Банктердің саны Ұлттық Банктің банктік іс-әрекеттермен шұғылданушы институттардың капиталдық қажеттіліктерін жоғарылату саясатын қолдануымен азая береді [20].

    Мемлекет  иелігінде 100%  екі банкке, жаңа құрылған Қазақстанның Даму Банкі мен Қазақстан ЭксИм Банкі; бір халықаралық банк; және 15 банк шетелдік қатысуы бойынша (яғни, кем дегенде акциялардың үштен-біріне иегерлік, меншік немесе басқарма резидент емес тұлғаларда) соның ішінде 11 аффилирленген шетел банктері болып табылады. ABN-AMRO Қазақстандағы шетел банктерінің ең ірісі. Citibank пен Hong Kong Shanghai Bank (HSBC) Алматыда филиалдарын 1998 жылы ашқан.

    Үш  ірі банк Казкоммерцбанк, Халық Банк және БТА Банкі жалпы банктер активтерінің 57,9% иемденеді. Маусым  2002 жылында, жалпы банктер активтері 934,7 млрд тенгеге жетті ($ 6,07 млрд), сонымен қатар біріккен банктік секторда жалпы капитал деңгейі 136,5 млрд (($ 877 млн) теңгеге ұлғайды, 2001 жылдың 122,1 млрд теңге салыстырғанда 11,8% өсті. Казкоммерцбанк, Халық Банк, Тұран-Әлем Банк және Темір Банкке шетел несие рейтингтік агенттіктері бағалау жүргізді.

    Шетел несие агенттіктерінің қарыздық келісім шарттары:

    - ЕБРР:

    - Саудалық көмек бағдарламасы

    - Микро-қаржыландыру бағдарламасы

    - Шағын және Орта Бизнесті Дамыту

    - Бидай Квитанциялық бағдарламасы

    -Nederlandse Financierings-Maatschappij Voor Ontwikkelingslanden N.V. (FMO)

    -Азиялық Даму Банкі

    Ислам Даму Банкі:

    -Сауданы Қаржыландыру Линиясы

    -Шағын және Орта Бизнесті Қаржыландыру бағдарламасы

    -Kreditanstalt fur Wiederaufbau (KFW): EUR 13,8 mio ШОБ қаржыландыру, Қазақстандық 3 банкке ғана беріледі.

    -«Hermes» Несие линиясы  [21].

    Халықаралық несие рейтингтері эмитенттің уақытылы және толық көлемде өзінің қаржылық міндеттемесін орындауға дайындығы мен ынталылығы жайында пікір білдіреді. Несие рейтингтік компанияла ұзақ уақыт қызмет көрсетуі негізінде несие қабілетті эмитенттер дифференциациясының ыңғайлы аспаптары ретінде қызу қолдау тапты. ҚР S&P, Moody’s  және Fitch халықаралық рейтингтік компаниялары еліміздің суверенді тәуекелдік рейтингін шетел валютасында Baa3 / BBB- / BBB-  етіп белгіледі. Бұл ТМД елдері ішінде ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар шетел валютасындағы банк депозиттері Ba1, ұлттық валютада  Baa1 етіп Moody’s агенттігі белгіледі [22].

          S&P агенттігі —   Тәуелсіз қаржылық ақпарат және  тәуекелділікті бағалау қызметінде  дүние жүзі көшбасшысы болып  табылады. S&P қаржы рыногі қатысушылары  аналитикалық материалдармен, электронды  ақпарат дазасымен қамтамасыз етеді, несиелік рейтингтерді белгілеу үшін тәуекелділікті талдайды, капитал және валюта рыноктарының жағдайын бағалайды, қорлар рейтингтерін белгілеу, корпаративті басқару сапасын бағалау және фундаменталды көрсеткіштерді есептеумен айналысады.

    ТМД елдерінде рейтингтік агенттіктер  халықаралық шкала бойынша және ұлттық шкала бойынша бағалайды. Ұлттық шкала дамушы елдерге жеке дайындалған және сұрыпталған (Қазақстан  мен Ресей).  S&P  — Аргентина, Бразилия, Мексика, Ресей және Тайвань  ұқсас шкалаға ие.

    S&P несие рейтингі классификациясы.

    Рейтингтің  негізгі түрі ұзақ мерзімді болып  табылады. Ең жоғарғы ААА мен ең төмен D рейтингі бола алады. АА мен  ССС арасындағы рейтингте « + »  және « - » белгілері қолданылады. Қысқа мерзімде А – 1 мен D арасында өзгереді. Олардың арасында да  « + » және « - » белгілері қолданылады.  

Информация о работе Стратегическое планирование