Стратегическое планирование

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Стратегиялық жоспарлау — кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау мүмкіншілігінсіз қалады.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Стратегиялық жоспарлау теориясының негізгі аспектілері 5
1.1 Стратегиялық жоспарлау мазмұны мен мәні 5
1.2 Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі 7
1.3 Банктің кәсіпкерлік ортасын талдау 13

2
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі 16
2.1 Каспий Банкі қызметін талдау 16
2.2 Банктің қызмет ету саласын талдау 24

3
Банк секторындағы стратегиялық жоспарлау жүйесі 31
3.1 Бенчмаркинг пен SWOT-талдау 31
3.2 Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Кур. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

          Айқын жасалған стратегия  – сән емес, бұл нақты қажеттілік және керемет нәтижелер [1].

    «Стратегия» сөзі гректің strategos, «генерал» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің әскери алаңда пайда болуы ешкімді таң қалдырмауы қажет. Strategos Александр Македонскийға әлемді жаулап алуға көмектескен.

    Стратегия банк миссиясы мен оның мақсаттарына жетудің детальді жанжақты жобалар  жиынтығын құрайды.

    Стратегиялық  жоспарлау объектісі — шаруашылық субъектінің болашақтағы қысқы  және ұзақ перспективадағы жағдайын қамтамасыз ететін іс-әрекеттері мен ұүрылымдық элементтері.

    Стратегиялық  жоспарлау теориясында үш негізгі  аспектіге бөліп қарастыруға  болады. Алғашқысы — әлеуметтік экономикалық. Ол әлеуметтік экономикалық дамудың нақты заңнамаларын зерттеуден тұрады.осы заңнамалар мен сандық көрсеткіштер барлық деңгейдегі стратегиялық болжаулар, жобалар мен бағдарламалар негізі болып табылады.

    Екіншіден — стратегиялық жоспарлау әдістемесі. Ол әлеуметтік экономикалық прцесстерді  білу инструменті және оларды мемлекеттік  реттеуде алынған білімдерді қолдану, сонымен қатар шаруашылық субъектілердің жұмысын жоспарлау болып табылады. Мұны іске асыру үшін, стратегиялық жоспарлау объектісінің, яғни жалпы экономикалық дамудың, оның бөлек жүйе асты мен коммерциялық ұйымдары, сонымен қатар жоспарлы жұмыстары процедуралары, логикасын жетілдіру, стратегиялық жоспарлар мәселелерін шешу методологиясы мен  әдістер жүйесінің мәні мен даму заңнамасы жайында толық ақпарат болуы керек.

    Үшінші  аспектісі — ұйымдастыру. Ұйымдастыру  органдар жүйесі шешетін мәселелерді шешу, мақсаттарды қою мәселелерінің жинтығын құрайды. Органдар жүйесі стратегиялық жоспарлау процесіне қатысатын  өз қызметтерін орындау, жұмыстарын ұйымдастыру, жұмыстар қорытындыларына ұйымдық форма беруден тұрады [4].

    Стратегиялық  жоспарлау ғылымы басқару ғылымымен және жалпы менеджментпен тығыз қарым-қатынаста болады. Экономиканы және әлеуметтік дамуды стратегиялық жоспарлауда  статистика, бугалтерлік есеп, шаруашылық іс-әрекеттерді талдау мен аудит сияқты экономика саласының функционалды ғылымдары қолданатын нақты көрсеткіштер мен әдістемелік зерттеулерді қоданады. Стратегиялық жоспарлау математика, техникалық білімдерге сүйенеді.

    Стратегия детальді жанжақты жобалар жиынтығын  құрайды. Ол жай бір индивид перспективаларына  емес бүкіл компания перспективалерына сай құрылуы керек. Басшы өзіндік жеке жоспарлары мен компания жоспарларын сирек жағдайларда ғана біріктіре алады. Стратегияда компанияның ғылыми техникалық потенциалы мен өндірістік және өткізу қажеттіліктерін есепке ала келе қойылған мақсаттарға жету жобаларын құрылады. Сондықтан ұлттық шаруашылық салалары, нарық, бәсекелестік және т.б. турасында үздіксіз ақпарат жинау мен талдау қажет.

    Стратегиялық  жопарлар жетістікке жетуде кепілдік бермейді. Сондықтан стратегия құрушы ұйым мотивация, бақылау мен ұйымдағы кеткен басқа да кемшіліктер негізінде жетістікке жете алмауы мүмкін. Сонда да, жоспарлау ұйымға қажетті бірқатар оңтайлықтар құруына жәрдемдеседі. Басшыла нақтыланған және жүйеленген жоспарларды қабылдау арқылы, шешім қабылдауды ақпарат кемшілігінен кететін кемшіліктерден оңай құтылады, яғна жоспарлау ішкі ұйымның мақсаттарын бірлестіреге көмектеседі [5].

      
 
 

    1.2 Стратегиялық жоспарлау  құрылымы мен жүйесі 

    Стратегияны жоспарлау жоғарғы басшылық орындайтын нақты, жүйеленген түрде болашаққа дайындықты әрекеттер жиынтығын құрайды.

    Оның  құрылымы:

    - Банк миссиясы

    - Мақсаттары

    - Нарықтың бастапқы жағдайы

    - Банк стратегиясына әсер етуші факторларды бағалау.

    - Банк мүмкіндіктері мен қауіп қатерлері

    - Шаруашылық портфельді дамыту стратегиясы.

        - Реттелуші факторлардағы стратегиялық өзгерістер.

    Ұлттық  экономиканың дамуы, оның бөлек ішкі жүйелері мен коммерциялық құрылымдардың  іс-әрекеттерін жоспарлауы реттеудің  жоспарлы ұйымдастырылуы стратегиялық жоспарлауқұрылымы болып табылады.  Ұлттық экономика динамикасы мен ішкі құрылымдық жылжулары, халықтың жұмыс бастылығы, басқа да әлеуметтік мәселелер шешу (өмір сапасы деңгейі, саланың жалпы дауы, әлеуметтік инфрақұрылымы), экология саласындағы іс-әрекеттер, ғылымды қолдау, қаржы көздері бағыты және т.б. макроэкономикалық стратегиялық жоспарлау көмегімен реттеу мәселелері турасында. Микродеңгейде немесе экономиканың алғашқы звеносында — стратегиялық бағдарламаларды және жоспарларды құру, олардың орта және ұзақ мерзімді перспективадағы іс-әрекеттері, өткір бәсекелестікте күрес жағдайында аман қалуға арналған қажетті алғышарттар құру.

    Банктің стратегиялық жоспары ақпарат түрі тарапынан анықтау өте қиын. Оның құрылымы көптеген банктерде түрлі  болып табылады. Алайда, осыған қарамастан стратегиялық жоспарда келесі компоненттер болуы тиіс.

    Банк  миссиясы. Ең алдымен стратегиялық жоспарлауда ұйым миссиясын белгілеу қажет. Ұйым миссиясын сандық түрде емес сапалық түрде орындау керектігін есте сақтау керек. Кейбір ұйымдар өз миссиясын қателесіп пайда терминдерімен бегілеуі оның қабылдаған стратегисы мен тактикасы нәтижесі  болып табылады. Миссия — ұйым өмір сүру недені, оның бағыты болып табылады. Миссия ұйымның статусын көрсетеді, оның қызмет ету бағыттары мен түрлі құрылымдық деңгейлердегі мақсаттарын керсетеді.

    Миссия  құрылымы келесі мағлұматтарды қамтуы керек:

    - Банктің жұмыс істеу саласы;

    - Ұйым қағидасын көрсететін әсер етуші сыртқы ортасы;

    - Ұйым мәдениеті

    Миссия  құрылған соң мақсаттар құру қажет. Мақсаттар ұйымның белгілеген уақытқа  жоспарланған нақты жетістіктері болып табылады. Мақсаттар қысқа және ұзақ мерзімді болыу мүмкін.одан басқа стратегиялық және қаржылық болып та бөлінеді. Біріншісіне бәсекелестер әсері болса, екіншісіне пайда көлемі мен дивиденттер көлемі кіреді.

    Жақсы өңделген мақсаттар келесі мәліметтерді қамтуы керек:

    - Мақсаттарға жету мүмкін болуы тиіс.

    - Мақсаттар ауыстыру мен өңдеуге келетін болуы тиіс.

    - Мақсаттарды өлшеуге мүмкіндік болуы керек- оларды құрғанда сандық өзгертулергі ензуге мүмкіндік болуы тиіс.

    - Мақсаттар нақты болуы тиіс – белгілі уақыты мен жету әдістері болуы керек,яғни есепке алвнув керек.

    - Мақсаттар үйлесімді болуы тиіс – ұзақ мерзімді мақсаттары мен қысқа мерзімді мақсаттары үйлесімділігі.

    - Мақсаттар бір-біріне қарсы келмеуі керек.

    Күрделі бірақ жетуге болатын мақсат болуы керек, бұл ұйымды ылғи дамыту мен жетілдіруге мүмкіндік тудырады.

    Мақсаттарды бегілеген соң күтілген нәтижеге байланысты менеджерлер стратегия  құра бастайды.

    Нарықтың  бастапқы жағдайы

    Нарықтың  бастапқы жағдайын талдауда нарықтық өндірістік мінездемедегі әрбір сегментті зерттеу рыноктің тартымдылық деңгейінің мінездемесін, сонымен қатар сегменттердің сапасы туралы шешімін стратегиялық жоспарда көрсетуге көмектеседі.

    Банк  стратегиясына әсер етуші факторларды  бағалау.Бұл стратегиялық жоспарлаудың өте маңызды компоненті болып табылады, өйткені мұнда бәсеке қабілетті бағалауға көңіл бөлінеді. Бұл бағалау рыноктік мүмкіндіктерді талдау кезеңінде жасалады, яғни нақтылай келсек — банктің микроортасын талдауда. Жоспарда банктің күшті және әлсіз жақтарының объективті бағасын қамтуы тиіс. Банктің күшті және әлсіз жақтары қызмет көрсететін рынок бөлігі, сапалық және бағалық көрсеткіштері бойынша көрсетіледі.

    - Банк мүмкіндіктері мен қауіп қатерлері

    - Стратегиялық жоспар нарықтық қауіп-қатерлерді, сонымен қатар банк қызмет ететін не қызмет көрсеткісі келетін нарық сегменттері бойынша мүмкіндіктерін бағалауы тиіс.

    Шаруашылық портфельді дамыту стратегиясы әрбір нарық саласы үшін бөлек құрылады, өйткені әрбір салада банк қызметі деңгейі, нарық саласына кіру тактикасы т.б. түрлі болады. Осыған орай инвестициялау бағыттары белгіленеді. Алайда, қаражаттарды салу алдында банк осы саланың әр біреуі айқын мақсат бегілеп қаражат көлемін белгілеуі қажет.

    Реттелуші факторлардағы стратегиялық өзгерістер.

    Рынок жағдайы жиі және күтілмеген сәттерде өзгереді, сондықтан стратегиялық жоспарлауда бәрін алдын-ала жоспарлау мүмкін емес. Пайда боған өзгерістер стратегиялық мақсаттар мен мәселелерді толықтай немесе ішінара өзгерте алады. 

    Бүгін Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінде жоспарлау жүйесі көп деңгейлі механизмді білдіреді. Стратегиялық жоспарлау банктік жоспарлаудың бірінші деңгейінде тұр, оған ойларды ұсыну, бастапқы мақсаттарды, шешімдерді қою және оларды шешуге негізгі тәсілдерді анықтау кіреді. [6] 
 

        1.3 Банктің кәсіпкерлік ортасын талдау. 

    Менеджментте  кәсіпкерлік орта түсінігі ұйымның  жұмыс істеуіне әсер ететін факторлар  жиынтығын атайды. Қандай да бір  ұйым ортасын екі бөлікке бөліп  қарастырады, олар; ішкі және сыртқы орта. Сыртқы орта, өз алдына микроорта мен макроортаға бөлінеді.

    Ішкі  ортада ғылыми-техникалық оптимизация  мен өндіріс пен өткізу іс әрекеттеріне бағытталған басқарушылық механизмін қосатын ұйымның шаруашылық организмі  түсініледі. Әңгіме ішкі орта жайында  жүргізілгенде ұйым өндірістік кәсіпкерлігі, қаржылық, сақтандыру, транспорттық және т.б. бөлімдерін қамтитын глобальді құрылымы туралы айтылады [7].

    Сыртқы  ортада, қоршаған ортада пайда болатын  барлық факторлар мен жағдайларды  айтуға болады, олар белгілі бір  ұйымның іс-әрекеттеріне қарамастан зор әсері бар, сондықтан кәсіпорындарда басшылық шешімдер қабылдануы керек.

    Ішкі  ортаны талдау.Ұйымның ішкі ортасы. Менеджет өзіне қажет жағдайда ішкі өзгермелілердің шекті теңдестігін құрастыратын ішкі орта ұйымдастырылуын құрайды және өзгертеді. Мұны істеуі үшін менеджер оларды білуі және айыра білуі қажет.

    Ішкі  өзгермелілер. Ұйым ішіндегі ситуациялық факторлар. Ұйым адам өз қолымен құрған қрылым  долғандықтан, ішкі өзгермелілер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауының жемісі болып табылады. Алайда, осы ішкі өзгерістер ұйым басшылығына толық тәуекелділікті көрсетпейді. Көбінесе, ішкі факторлар басшылық орындауы тиіс берілген тапсырма сияқты. Басқару механизмі басқару мен оның әсер ету бөлімдерімен қойылған мақсаттарға тиімді жетудің оптималды қарым-қатынасы болып табылады.

    Мақсаттар.Нақты, аяқталған түрде немесе қалаулы шешім, топ бірге жұмыс істеу арқылы жеткісі келетін асулар. Көптеген ұйымдардың негізгі мақсаты пайда табу болып табылады. Пайда табу ең негізгі көрсеткіш. ҚР Азаматтық Кодексінде коммерциялық ұйымдардың негізгі мақсаты пайда табу болып табылады. Мақсаттарды басшылық белгілейді және барлық  деңгейдегі басшыларға жеткізеді. Олар мақсатқа жетуде бірігіп жұмыс істеуде координация пройесінде түрлі тәсілдер мен әдістер  қолданады.

    Ұйымдық құрылым.Ұйымдық құрылым басқарушылар мен олардың қызмет ету аяларының барлық деңгейлерінде жай ғана қарым-қатынасты көрсетеді. Ол ұйымның бөлек бөлімшелері арасында мықты қарым-қатынасты орнатуға арналған және олардың арасында міндеткерліктері мен құқын белгілейді, әрине құрылым қойылған мақсатқа жетуге оптималды түрде жетуіне сай етіп құрылады. Онда басқару жүйесін жетілдіру туралы түрлі талаптар орындалады.

    Мәселелер. Белгіленген жұмыс, жұмыс сериясы, алдын ала белгіленген тәсілмен және уақытта орындалуы тиіс. Мәселелер материалдық, қаржылық, еңбек және т.б. ресурстар көлемі өсіміне байланысты үздіксіз өзгеріп отырады.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 - сурет - Негізгі ішкі орта іс-әрекеттері қарым-қатынастары 

    Ішкі  ортаны терең және тиянақты талдау басқарушылық шешімдер қабылдаудың алғышарты болып табылады. Экономикалық ақпарат — болып жатқан ішкі процестердің нақты көрсетілуі. Ондай ақпаратсыз және оны талдау ұйым іс-әрекеттерінің тиімді жұмысы мен өндірістік және өтімділік дамуынсыз мүмкін емес.

    Сыртқы  ортаны талдау.Сыртқы орта — шаруашылық субъектісі экономикалық қоғамдық және табиғи жағдайлар, ұлттық және халықаралық институттық құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың ұйым айналасында әрекет ететін және түрлі іс-әрекет салаларына факторлар жиынтығы болып табылады.

Информация о работе Стратегическое планирование