Туризм Қазақстан
Реферат, 12 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж.Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды.
Содержимое работы - 1 файл
Туризм.doc
— 35.00 Кб (Скачать файл)2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.
Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi.