Бастауыш сатыдағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:48, реферат

Краткое описание

Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австрияның Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейдтің "психоанализ" терминін еңгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады.

"Психоанализ" терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.

Үзақ мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд түлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель|бойынша психикалық өмірдің үш деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға, қосқан ең үлкен үлесі - бейсаналық үғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.

Содержимое работы - 1 файл

практикум.docx

— 27.94 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 

                           ЖОСПАР: 

       Негізгі бөлім 

  1. З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары  мен принциптері.
  2. К. Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы
  3. Гуманистік психология түлғаны тану
  4. А.Маслау бойынша тұлға теориясы
 

         Қолданған әдебиеттер.  
 
 
 
 
 
 
 
 

    Тұлғаның  психологиялық теориялары

             1.Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері

   Зигмунд  Фрейд  1856 жылы  6 мамырда  Австрияның  Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейдтің "психоанализ" терминін еңгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады.

   "Психоанализ"  терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.

   Үзақ  мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд  түлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель|бойынша психикалық өмірдің үш деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға, қосқан ең үлкен үлесі - бейсаналық үғымын енгізіп, ұғымсыз  түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.

     Сана деңгейі тура осы уақытта  сезінетін түйсіктер мен әсерлерден  тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде "қол жететін ес" деп аталады) тура осы сәтге сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғанын негізгі детерминаттары болады, олар: психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағатгануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, өлімге ұмтылу. 20-жылдардың басыңда З.Фрейд өзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымьн негізгі үш компонентке бөлді: ид, эго, жогаргы эго.

   "Ид" латынның "Ол" сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша "Ол" тұлғаның карапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстинктивті биологиялык оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид -ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын ей механизмді көрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.

   "Эго" (латын. "Эго" - "Мен") - шешім  қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемте байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі — ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау.

   "Жоғарғы  Эго" (латын. "sирег" - "жоғарғы"  және "еgо" - "мен"). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар жөне әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы "әлеуметгену" процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша "жоғарғы эгоның" қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд "жоғарғы    эгоны"     екі    жүйегеге бөледі:  ар-үят және  «эго-идеал».

Теріске шыгару. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны мойындамай,  бас тартса,  теріске шығару деп  аталатын қорғаныс механизмі жұмыс істейді. З.Фрейдтің    ойынша,    қобалжу    инстинктивті    импульстардан   шығады,  Эгоны болатын қауіп-қатерден сақтайгын сигналдарды атқарады.   Оған   жауап  ретінде   эго   жоғарыда  көрсетілген қорғаныс      механизмдерінің     тізбегін     қолданады.      Қорғаныс механизмдері     саналы     түрде     сезілмей     әрекет     етеді     және индивидиумның шьндықты қабылдауын бұрмалайды. 
 
 
 
 
 
 

      2. К. Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы.

   К.Г.Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, 
мәдениеттанушысы, "терең" психологияның практигі,психологияның "аналитикалық психология" деп аталатьш бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге үзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. Ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды.

   К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс «өнімдер және оның субъект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.

   З.Фрейд  көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.

   Біріншіден, З.Фрейд бойынша, либидо термині  индивидтің бұкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта объектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе, К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп көрсетеді.

   Екіншіден, З.Фрейд бойынша, невроз ерте балалық  шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К.Юнг бойьпшіа, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда.

   Үішншіден, З.Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс 
беретін, шынайы жағдайларда орындалмаган қалаулар мен 
қызығулар. К.Юнг бойъшша, түс көру - психикалықтың санадан тыс 
жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық 
тіл арқылы беріледі . Өзін-өзі жетілдірудің нақты өмірлік мақсаттарсыз қалыптасуі мүмкін   емес.   Бүл   процесс   балалық   шақта   толымсыз   сезімнің компенсациясы ретінде басталады.     Мәселен,  көптеген дөрігерлер өздерінің мамандықтарын  кішкентай кездерінде  өлімнен қорғуды және қауіп-қатерді жеңу тәсілі ретінде таңдайды.

   Әрбір  адам  өзінің  өмірлік  стилін таңдайды және  4-5 жастан бастап өмірлік  стиль қалыптаса бастайды.

   Қоғамдық  сезімнің ең маңызды аспектілерінің бірі кооперативті жүріс-тұрыстың дамуы болып табылады. Басқалармен бірлесп жүмыс жасағанньң арқасында адамдар өздерінің толымсыз сезімдерін жоя алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3. Гуманистік психология тұрғысында түлғаны тану. К.Роджерстін феноменологиялық теориясы.

       Гуманистік    психологияның    негізін    қалаушы,    американдық  гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог — К. Роджерс    ұзақ мерзімді       клиникалық   зерттеу   жұмыстарын   нәтижесінде   өзінің феноменологиялық    теориясын    және    осы    теорияға    сүйенген) "клиентке бағьпталатын терапиясын" қалыптастырды.

        К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты  бойынша конструктивтік,) реалистік   және   белгілі   бір   мақсаттар   мен   өзіңдік   жетілдіруге  ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті- аномалды   импульсивті   мінез-қүлық   реакцияларын   мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес   болмаған   жағдайларда   көрінеді  деп   есептеген.   Түлғаның жүріс-түрысы,     оның     субъективті     қабылдауы  мен терминологияларын да түсіне аламыз. Түлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-түрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субъективті қабылдайды және әр| құбылысқа субъективті  реакция  көрсетеді,  яғни  осы  субъективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.

   Феноменологиялық  психологияның негізгі тұжырымы бойынша,) феномендердің психологиялық шьндығы субъективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шыңдық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріңдегі негізгі мотив - ол өзіңдік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін| дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қальштастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.

      К.Роджерс  тұлғаның   өзндік   сана-сезімін,"мен"  тұжырымдамасын

қальптастыруға  негізгі мән берді, «мен» бейнесін толық көрсеткен.  "Мен" бейнесінің дифференсациялануын, субъективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды "мен" бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды "мен" мен реалды "мен-нің" арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды "мен" мен идеалды "мен" бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары.

     Невроздың негізгі себебі - идеадды  "мен" мен реалды "мен"  арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, "мен" тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар:

   1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және 
өзіндік "мен-нің" пайда болуы, "мен" тұжырымдамасының дамуы 
осыған байланысты. Позитивті қабыддау қажеттігі туа берілген, оның 
негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; 
екішніден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы.

   2. Қундылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі 
қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт-тұлғаның құндылық 
бағаларының қалыптасуы.

    3.  Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау.

   К.Роджерс  бойынша, толық мәнде өмір сүретін  тұлғаларға тән сипаттар:

   1) түрлі     бастан     кешірулерге    деген     ашықтық.     Бұл 
- қорғансыздыққа деген қарым-қатынас қасиеті;

  1. экзистенциалды өмір сүру бейнесі. Адамның өз өмірін дұрыс пайдалануы;
  2. эмпирикалық бостандық;
  3. креативтілік.

   Күңделікті  өмір жағдайыңда белгілі бір шығармашылықты қолдану. К.Роджерс бойынша, шығармашылық - өмір бейнесі, толыққанды өмір сүрудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мүңцай адамдар, әдетте, өз мөдениетіңде конструктивті, адаптивті өмір сүреді, сонымен қатар басқа өмір жағдайына тез бейімделеді.

    5) өзіне және сыртқы ортаға деген сенім.

   К.Роджерс  бойынша, тұлғалық дамудың негізгі әдісі өзін-өзі түзету және өзін-өзі күшейту больш табылады.

   К.Роджерс  өзін-өзі танытудың "санамен үғыну", "барабарлық", "белсенділік" сияқты маңызды сапалық сипаттамаларын анықтай отырып, оны адамды түрлі деңгейлерге үмтылуға мәжбүрлейтін күш-қуат деді.

     Өзін-өзі таныту ұғымы адамның  ішкі жан-дүниелік 
мүмкіндіктерінің, тұлғаның  бойынан      табылатын      жоғары саплық қасиеттерінің ұмытылысы ісепттес.

         Адамның өзін-өзі танытуы; — адамнъң өз күш-жігерімен, адамгершілік болмысымен зерделіде жөне шығармашылық мүмкінішліктерінің алға жылжуы.

     К.Роджерс   өзін-өзі  танытуды  жетілдіруді  өз  мүмкіндіктерінің  барлығын ашып көрсетудегі ағзалық  ағым ретінде қарастырады және  адам өз табиғатынан осы үшін бүкіл қажетті біліктілікпен қамтылған деп  есептейді.   Өзінің  зертгеулерінде  ол   "толыққанды  қызметтегі, адамды " қалыптастыруға ықпал ететін шарттарға (өзін және өзгелер сөзсіз қабылдау, конгруэнттілік, эмпатия) ерекше көңіл бөледі.

     Гуманистік  психологиядағы  түлғаның  мәні,   өзін-өзі танытуы туралы   пікірталастар   "қажеттіліктер"   рөлін   түсіну   айналасыңда шоғырланады. К.Роджерс өзін-өзі танытуға үмтылуды «түрткі беру» деп атауға болатын "барлығының субстраты" ретінде қарастырды. 
 

4. А. Маслоу бойынша тұлға теориясы.

          Абрахам Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниегі келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діңдар адам болған. А Маслоуға ол: "әрбір істеген ісің үшін құдай алдьңда жауап бересің", — деп ылғи ұрсып отыратьн. Осының нәтижесінде А Маслоу дінді жек көріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған.

   Ол  занды оқығысы келіп, Нью-Йорктегі Сити колледжіне тапсырды. Екі аптадан кейін өзінің адвокат бола алмайтын көзі жетеді де, Корнелск университетінде эклектикалық курсқа қатыса бастайды. Ол жас кезіңде Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген; кезіңде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жүмыс істейді.

   А. Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық; ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманисгік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.

Информация о работе Бастауыш сатыдағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы”