Буаз саулыктарды азыктандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:36, реферат

Краткое описание

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.

Содержание работы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ...............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қозыны азықтандыру................................................................................13
2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары..........15
2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері...................................................18
2.4. Буаз саулықты азықтандыру нормасы....................................................22
2.5.Қозылы қойларды азықтандыру...............................................................26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Балнур Буаз саулык азыктандыру.doc

— 329.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Мазмұны

 

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ...............................................................................................3

1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................6

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қозыны азықтандыру................................................................................13

2.2. Қой азықтандыру  мөлшерлері мен мерзімдік азық  рациондары..........15

2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері...................................................18

2.4. Буаз саулықты азықтандыру  нормасы....................................................22

2.5.Қозылы қойларды азықтандыру...............................................................26

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................33

 

 КІРІСПЕ

 

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз  ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.

Қойдың өте көп жерге  тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде  себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы  қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға  төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана алатындығы мүмкіндік туғызады.

Осындай адам тіршілігіне  қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі шаруашылықтарда  көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп  иіріліп, түрлі жүн өнімдері тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет  сияқты ұлттық өнер бұйымдары дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт, ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.

Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады. Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Қой азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.

Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын  әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.    

Азықтандыру деңгейі  бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге  еттің сапасына ды ықпалын тигізеді.  Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық жағынан бағалы ета лу үшін қойды  әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.    

Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір  жердің жайылымын үздіксіз пайдалана  беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып  тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.     

Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек.  Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.

Қойдың маңызды биологиялық  ерекшеліктерінің бірі – шөп жайылымдарында өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін  жеуге бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 – 50 % , ірі қара 33 – 35 %, жылқы 27 – 34 % қана жейді. 

Қойдың қоректенетін  жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында  қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі  әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.

Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп  малдың белокқа деген қажетін  толық өтеу қасиетін айтады.

Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан құралатын қойдың қысқы рационында 25 – 30 пайыз шамасында қорытылатын протеин жетіспейді.  Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.

Курстық жұмыстың мақсаты – «Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру» пәнінен алыған білімді тереңдету. Қойларды, саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері туралы терең білім алу.

Курстық жұмыстың міндеттері – берілген мақсатқа жету барысында келесі міндеттер атқарылды:

  1. Қойды азықтандырудың ерекшеліктері туралы;
  2. Буаз саулықтарды азықтандыру рациондарымен танысу;
  3. Буаз саулықтарды азықтандырудың ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді.

 

1.1. Әдебиетке шолу

     А.И.Лопыриннің (1929) деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы жалқы төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде - 0,77 г, 40 күндігінде - 3,8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г, 120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз болса, 2,5-3 есе артық қажет етеді.

    Сларкевич В.В. мен Айва В.П., кейін К.Д.Филянский 1923-1936 ж.ж. ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын толық зерттеген, сол үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.

     П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады.

     М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі — қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды.

        Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық шешімге келді. 

          В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде қолға алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.

        В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанды.

       М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген.

      Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000 метрден астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген.

     П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына байланысты тарихи шолу жасады.

    Д.А. Кисловский(1936) дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесі жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н. Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, «үй малы адам еңбегінің жемісі болып табылады» деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда болуына сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның еңбегі мен техникасы деп санады.

     В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный (1931) Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың жаңа тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс істеді. Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының тәуірлері іріктеліп алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен шағылыстырылды.      Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.

       Қ.Сәбденовтың (2002) мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады. Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. 

     А.В. Модяновтың (1989) тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ затының қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш орылып, жиналғанда -51%  пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ затының қорытылуы 60,3, ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7% болған.

 Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың желінуі мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал енді қой организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін, азықтың желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін жоғарылатуға ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық енгізу қажет.

      Профессор А.С.Солун (1996) буаз және сүтті саулықтардың рационында жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты.

     Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың (1983)зерттеулері, жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі клеккалардың пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен организмдегі белоктың синтезі күшейіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады.

      Жүгеріде кобальт аз, осыған орай жүгері сүрлемімен мал дұрыс азықтандырылмаса жүннің сапасы да нашарлап кетеді. П.Н. Коршаковтың(1983) тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн қырқылған, әрі оның сапасы да жақсарған.

Информация о работе Буаз саулыктарды азыктандыру