Буаз саулыктарды азыктандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:36, реферат

Краткое описание

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.

Содержание работы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ...............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қозыны азықтандыру................................................................................13
2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары..........15
2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері...................................................18
2.4. Буаз саулықты азықтандыру нормасы....................................................22
2.5.Қозылы қойларды азықтандыру...............................................................26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Балнур Буаз саулык азыктандыру.doc

— 329.00 Кб (Скачать файл)

Буаз саулықтарды мүмкіндігінше  жайылымда жайып, қажетті жағдайда майда пішен, ұнтақталған шөп пен сабан түйіршіктерімен, жеммен үстемелеп азықтандырады. Тірілей салмағы 50-60кг саулықтарға тәулігіне 2—3 кг ірі жемшөп, 1-2 кг шырынды азық жегізіп, буаздығының аяққы кезеңінде құнарлы жем мөлшерін 400—500 грамға дейін көбейтеді.

Дұрыс азықтандырылған  буаз саулықтар тірілей салмағын жоғалтпай, қондылығын кемітпей мерзімінде қоздап, жақсы дамып жетілген ірі  қозы (қозылар) туады да, жақсы желіндеп, қозысын уыз бен сүтке жарытады. Меринос тұқымының саулықтары тәулігіне қоздағаннан кейінгі 1-2-ші айда — 1—1,3 кг, 3-4-ші айда 0,8-1кг сүт береді. Қазақы қой саулықтарының сүтгілігі бұдан жоғары — 1,3—1,5 кг болады.

Кестеде келтірілген  нормалық көрсеткіштерден саулықтың  энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығының, әсіресе буаздығының соңғы апталарында күрт өсетінін көреміз. Соны ескеріп, саулық азығындағы қосымша жем мен пішен мөлшерін 15—30% молайтады. Сонда жылдық мұқтаждығы 560-600 а.ө., 6300-6600 МДж АЭ, 58-60кг қорытылатын протеин құрайтын саулық басына 1500-1700кг көкшөп, негізінен пішеннен тұратын 250-300кг ірі жемшөп, 400-500кг пішіндеме жұмсалады. Арзан табиғи маусымдық жайылым отымен саулықтың азықтандыру мұқтаждығы неғұрлым толығырақ қамтамасыз етілсе, одан қымбат басқа азық шығыны азайтылады.

Саулық сүттілігіне көк және шырынды жемшөп жақсы әсер ететіндіктен тәулігіне 2—4 кг сапалы сүрлем, 1—3 кг пішендеме, 1—2 кг тамыр жемістілер беруге болады. Саулық сүттілігіне байланысты жалқы қозы емізетіндеріне - 0,3-0,5кг, егіз қозы емізетіндеріне 0,5—0,7 кг жем береді. Буаз саулық азығымен салыстырғанда қозысын емізетін саулық азығында көмірсулар көлемі ұлғайтылады - «шикі» жасунық көлемі 22—24%-дан 24—27%-ға жеткізілсе, жеңіл қорытылатын қанттар мен крахмал көлемі (глюкозаға айналдырып санағанда) 16—18%-дан 18-22%-ға жоғарылатылады.

Қой уызы жеңіл ыдырап (ұлтабар сөлімен) жеңіл қорытылатын  альбуминді және глобулинді протеинге (17-23%) және майға (9-16%) бай. Уыз емген  қозылар жақсы тойынып, ас қорыту қабілеті күшейіп, түрлі ауруларға  шалдықпай өседі. Саулықтардың сүттілігін қозыларының күнделікті салмақ қосуынан байқайды. Қозылардың 100г қосымша салмағына 0,5кг ене сүті жұмсалады. Желіні сыздамауы үшін қоздағаннан кейінгі 2-3 күнде саулықтарға тек майда пішен беріп, басқа жемшөпті шектеп біртіндеп жегізеді. Жақсы жайылым отына қосымша құнарлы жем, қажетті мөлшерде ас тұзын береді. Жемге араластырған ас тұзымен бірге қой қораларында жалайтын түз кесектерін қояды.

 

2.4. Буаз саулықты азықтандыру  нормасы

Буаздылығының бірінші  жартысындағы тірілей салмағы 50-55 кг саулықтың қоректік заттарға деген қажеттілігін 2,5-3,0 кг сапалы шөп толығымен өтей алады.

Жаңа туған қозының  дені сау, ширақ болуы, жақсы жетілуі, ірілігі, өміршендігі, енесінің сүттілігі  бәрінен бұрын буаз саулықтың  қозылағанға дейін қоңды болуына  тікелей байланысты. Буаз саулықтарды азықтандыру жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастырғанда, қоректік заттарды қажеттенуін басшылыққа алады.

Саулықтарға буаздылығының  екінші жартысында бірінші жартысына  қарағанда қоректік заттар анағұрлым  көп керек. Бұл төлдің, құрсақтағы өсу зандылықтарына байланысты. Белгілі ғалым А.И.Лопыриннің деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы жалқы төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде -0,77 г, 40 күндігінде - 3,8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г, 120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз болса, 2,5-3 есе артық қажет етеді. Сонымен қатар қорытылатын протеин, фосфор мен кальцийге қажеттігі де артады.

Қой буаздығы 150-152 күнге  созылады. Саулықтың төл беруі, оны  ұрықтандыру кезеңіндегі қондылығына  байланысты. Арық саулық қойдың қондылығын қалпына келтіру үшін, ұрықтандыруға  әзірлеуде және ұрықтандыру кезеңінде азықтық өлшемді 0,2-0,3 кебейту ұсынылады. Буаздығының бірінші кезеңімен салыстырғанда жоғары төл алу, ұрықтандыруға әзірлеу кезеңінде саулық қойларды, сіңірімді белоктық заттарға, витаминге (әсіресе, каротинге, Е витаминге) бай шөбі жақсы жайылымға жаю қажет. Қондылығы нашар саулық қойға 0,2-0,4 кг жем азық және 1,5-2 кг сүрлем (бір бас саулық қойға) бір күнде берілуі тиіс.

Алайда, қойдың жақсы  ұрықтануы, көбінесе оның қоңы мен денсаулығына байланысты. Сондықтан күйекке 1,5-2 ай қалғанда ерекше күтімге алу керек. Яғни отардағы кәрі, ауру саулықтар   жарамсыздыққа   (бракқа)   шығарылады:   әлсіз   және арықтары бөлектеліп, олар дәрігердің бақылауы мен ерекше күтіміне қойылады.

Мынаны ескерген жөн: арық саулық та күйлеп, ұрықтанады. Бірақ бір айдан кейін ұрықтың тіршілігі тоқталып, оны органгом жойып жібереді, не іш тастайды. Мұндай саулықтар қысыр қалады. Қоңы ортадан төмен саулықтарға қарағанда, әдетте, қонды саулықтар қозыны 26-29 процент көп табады. Ен, жауапты жұмыс қошқарды күйекке қабылдау.

Биязы жүнді қойлардың  бойдақ және буаздылығының бірінші  кезеңінде 1 азықтық өлшемге сіңімді  белоктық затты етті-жүнді тұқымдар 30г, романов тұқымы 90 г мөлшерінде қажеттенеді.

Буаз саулықтар дұрыс  азықтандырылмаса: іштегі төл енесінің организміндегі қоректік заттарды пайдаланады. Осының нәтижесінде енесі арықтайды, әлсіз қозы табады, әрі енесінің сүті аз болады. Буаз саулықтарға берілетін азық рационын жасағанда шаруашылықта бар азықтың түрі және сапасы мен саны, саулықтардың қоңы, жасы, іштілігі (іштегі қозының өсу дәуірі) ескерілуге тиіс.

Егерде саулық қойлар ұрықтандыру уақытында арық болса, онда олардың көпшілігі қашпай қалады. Демек, қозылардың ірі, ширақ болып  өсуі саулықтарды күйек алу науқанына  дайындағанда, сол кезенде және буаз уақытында дұрыс азықтандыру байланысты.

Буаздылығының бірінші  жартысында саулықтардық қоректік қажеттілігін 2.5-3.0 кг сапалы шөп толығымен өтей алады. Буаздылығының екінші жартысында қой қоректік заттарды көбірек қажет  етеді. Сондықтан да көлемді ірі  азықты азайтып, орнына жұғымдылығы жоғары азықтарды енгізеді. Әдетте жем азық рационына осы кезден бастап қосылады.

Саулық буаздылығының  бірінші жартысына арналған рациондарда 1,10-1,15 азық өлшемі, 92-107 г протеин, 12-13 г кальций, 3.5-4.9 г фосфор бар. Ал, екінші жартысындағы рационда - 1,40-1,50 азық өлшемі, 150-165 г протеин, 14-18 г кальций, 4,5-6,5 г фосфор болады.

Қойдың жалпылама қоздауына  шамамен 15-20 күн қалғанда тәжірибелі шопандар денесі ауыр, егіз туады-ау деген  саулықтарды отардан беліп алып, жеке бағып күтеді. Оларға берілетін сүрлем мөлшерін азайтады, мүмкіндігінше сапасы жақсы бұршақ тұқымдастар шөбін және мал басына төулігіне 0,4-0,5 кг жем береді.

Саулық қойлардың буаздығының  үшінші кезеңінде энергия алмасуды қажет етуі 78%-ке дейін өседі. Биязы жүнді тұқымдастар - 8,5%-ке, етті-жүнді тұқымдар - 4.5%, роман тұқымдастары - 3,5%-ке жуық алмасу энергиясын қажет етеді. Егер аналықтардың қондылығы буаздылығының бірінші кезеңінде нашар болса 0,2-0,3 азықтық өлшем қосады.

Буаздылығының төртінші айлығында азықтық өлшем 40%-ке, қорытылған-сіңірімді белоктық зат - 30-40%-ке арттырылады.

Буаз саулықтарды қыстауда түрғанда күніне 1-2 рет ірі азықпен  азықтандырғаннан кейін суарады.

Саулықтарға 1 кг сүт түзу үшін 0.75-1.06 кг азық өлшемі, 80-90 г қорытылатын протеин қажет. Жоңышқа шөбінің ұны - 15, бидай сабанының ұны - 10, ет-сүйек ұны - 9, сірне -5.0 және ас тұзы - 0.5 пайыз. Бір килограмм түйіршікте - 0.8 азық өлшемі, 115г қорытылатын протеин, 17г кальцкй, 8г фосфор және 28 мг каротин болады.

Қорытылатын протеиннің көзі ретінде, ет-сүйек ұнының орнына - амидо-концентратты қоспаны, не мақта шротын, болмаса басқа да құрамында протеині мол азықтарды қолдануға болады.

 

 

4-кесте

Жүнді және жүнді  етті тұқымды буаз саулықтарды азықтандыру  нормасы, (тәулігіне бір басқа)

 

 

Көрсеткіштер

Буаздықтың алғашқы 12-13 аптасында

Буаздықтың соңғы 7-8 аптасында

2-2,3кг таза жүн қырқылатын  саулықтардың тірі салмағы, кг

50

60

70

50

60

70

Азық өлшемі

1.05

1.15

1.25

1.35

1.45

1.55

Алмасу энергиясы, МДж

12.05

13.5

14.5

14.5

16.5

17.5

Құрғақ зат, кг

1.75

2.05

2.2

1.9

2.1

2.3

Шикі протеин, г

160

170

185

200

145

220

Қорытылатын протеин, г

95

105

115

135

145

155

Ас тұзы, г

10

11

12

13

14

13

Кальций, г

6,5

7.0

7,5

8,0

9,0

9,5

Фосфор, г

4.4

4.5

5.0

5.5

5.8

6.2

Күкірт, г

4.0

4.5

0.8

4.6

5.0

5.3

Магний, г

0.6

0.7

4.7

1.0

1.1

1.2

Темір, мг

54

62

70

68

78

88

Мыс, мг

12

14

16

14

16

18

Мырыш, мг

40

46

52

54

62

70

Марганец, мг

60

69

75

81

93

106

Йод, мг

0.50

0.57

0.64

0.55

0.63

0.72

Каротин, мг

12

15

17

14

17

20

Д витамині, ХӨ

0,6

0,7

0,8

0.85

1.0

1.15


 

Сүт қоректілер  ұрғашылары буаздығының дамуның биологиялық  заңдылығына сәйкес эмбрионалдық даму барысында ұрықтың ұлғаюы буаздық  мерзімінің үшінші бөлігінде өрістейді. Соған сәйкес саулық жатырындағы  болашақ төлдің көлемі ұлғайып , салмағы ауырлауының       10-15 %  шамасында буаздықтың бірінші жартысында, ал қалған 85-90 % екінші жартысында қалыптасады. Сондықтан саулық буаздығының соңғы 4-5-ші айындағы екінші жартысында организмінің зат алмасуы 15-25 % жеделдеп, энергетикалы мұқтаждығы 30 – 40 % , протеиндік мұқтаждығы 40 – 60 % жоғарылайды.

Буаз саулықтарды мүмкіндігінше  жайылымда жайып, қажетті жағдайда майда пішен,  ұнтақталған шөппен сабан түйіршіктерімен , жеммен үстемелеп  азықтандырады. Тірілей салмағы 50 – 60 кг саулықтара тәулігіне 2 – 3 кг ірі жемшөп, 1 – 2 кг шырынды азық жегізіп, буаздығының аяқ кезеңінде құнарлы жем мөлшерін 400 – 500 грамға дейін көбейтеді.

 Дұрыс азықтандырылған  буаз саулықтар тірілей салмағын  жоғалтпай, қоңдылығын кемітпей  мерзімінде қоздап,  жақсы дамып жетілген ірі қозы туады да, жақсы желіндеп, қозысын уызбен сүтке жарытады. Меринос тұқымының саулықтары тәулігіне қоздағаннан кейінгі 1 – 2-ші айда 1-1,3 кг , 3-4 айда 0,8-1 кг сүт береді. Қазақы қой саулықтарының сүттілігі бұдан жоғары 1,3-1,5 кг болады.

Кестеде келтірілген  нормалық көрсеткіштерден саулықың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығының, әсіресе буаздығының соңғы  апталарында  күрт өсетінін көреміз. Соны ескеріп , саулық азығындағы қосымша жем мен  пішен мөлшерін 15-30 % молайтады. Сонда жылдық мұқтаждығы 560-600 а.ө, 6300-6600 мДж АЭ , 58-60 кг қорытылатын протеин құрайтын салық басына 1500-1700 кг көкшөп , негізінен пішеннен тұратын 250-300 кг ірі жемшөп, 400-500 кг пішендеме жұмсалады. Арзан табиғи маусымдық жайылым отымен саулықтың азықтандыру мұқтаждығы неғұрлым толығырақ қамтамасыз етілсе, онда қымбат басқа азық шығыны азайтылады.

Саулық сүттілігіне  көк және шырынды жемшөп жақсы  әсер ететіндік тен тәулігіне 2 – 4кг сапалы сүрлем, 1-3 кг пішендеме, 1-2 кг тамыр жемістілер беруге болады. Саулық сүттілігіне байланысты жалқы қозы емізетіндеріне – 0,3 – 0,5 кг, егіз қозы емізетіндеріне  0,5 -0,7 кг жем береді. Буаз саулық азығымен салыстырғанда қозысын емізетін саулық азығында көмірсулар көлемі ұлғайтылады – «шикі» жасұнық көлемі 22-24 % - ға жеткізілсе, жеңіл қорытылатын қанттар мен крахмал көлемі 16-18% - дан 18 - 22% - ға жоғарлатылады.

 

2.5.Қозылы қойларды азықтандыру

Қозылы қойды тәулігіне  кемінде 2 рет: таңертеңгі және түстен кейінгі азықтандырудан соң суару  керек. Ас тұзы әрдайым астауда болуы тиіс.

Шаруашылық жағдайына  байланысты қозылы қойды бірнеше  типті рационмен азықтандырады, олардың ішінде пішенді-дәнді, пішенді-сүрлем типті рациондар көбірек қолданылады.

Қозылы қойды пішенді-сүрлем типті рационмен азықтандырғанда  тәулігіне 0,6-0,8 кг бұршақ, 0,6-0,8 кг астық тұқымдас пішен, 1,5-2 кг сүрлем, 0,1-0,3 кг дәнді азық береді.

Төлдегеннен кейін 2-3 күн  бойы саулыққа жоғары сапалы пішен, түйіршіктелген қоша азықтар немесе шөп ұнын және жем береді. Содан кейін сүрлем мен жем (кебек, сұлы, күнжара т.б.) бере бастайды.

Қыс айларында қозылы қойдың сүйсініп жейтін азықтары-бұршақ, астық тұқымдас пішендер, пішендеме, сабан, азықтық қызылша, сүрлем, жүгері дәні, арпа және сұлы, бидай кебегі. Сүрлем мен кебек қозылы қойдың организміне  жақсы сіңеді, өрі сүттің молаюына елеулі әсер етеді.

Қыста қолда бағылатын  қозылы қой рационында 1,8-2,6 азық өлшемі, 192-206 г қорытылатын протеин, 18-20 г  кальций, 7,2-8 г фосфор болуы қажет.

Қозылағаннан кейінгі  алғашқы 2-3 күнде қойға тек қана сапалы шөп пен су береді, содан кейін барып сүрлем мен жем (кебек, сұлы, күнжара т.б.) бере бастайды. Әдетте, қыста қорада, кешендерде қозылаған қойлардың әрқайсысына жеке-жеке жемшөп беру (алғашқы кезде) қиын жұмыс. Сондықтан алғашқы 15-20 күн шамасында, оларды тек қана толық рационды түйіршіктелген азықпен қоректендірген тиімді. Бұл жағдайда түйіршіктелген азықты күнде үлестірмейді, оның 7-8 күндік мөлшерін өздігінен желінетін астауға (самокормушка) салып қояды. Мүмкіндігіне қарай ұнтақталған пішенге жем араластырған жөн. Қой көктемде қоздаса, онда пішен, сүрлем, пішендеме берудің қажеті жоқ. Бұл кезде қозылы қойға жайылымына қосымша 0,2-0,4кг жем берген тиімді.

Саулықтың қоректік заттарды қажет ету мөлшері жып бойына бір қалыпты болмайды, физиологиялық  күйіне қарай ои үш кезеңге бөлінеді:

1)     қозысын  ажыратқаннан күйекке түсуі аяқталғанға дейін;

2)    буаз кезеңі (буаздылығынын, бірінші және  екінші кезеңі)

3)     қозысын  емізетін кезең.

Салмағы 50 кг жүнді, жүнді-етті, етті-майлы, қаракөл елтірілі саулық қойларды күндік азықтандыру рациондары.

Қозысын емізетін қаракөл  қойы 4 айдын ішінде орта есеппен  тәулігіне 0,8-1.0 кг, қазақы құйрықты қой - 1,3-1,5 кг. қозысын емізетін биязы жүнді қой алғашында 2 айда - 1,2-1,5 кг, бұдан кейін - 1-0,8 кг сүт береді.

Саулықтар бірінші сүт бөлу кезеңінде екінші кезенге қарағанда азықтандыру мөлшері 30-40 процентке жогары болуы керек. Жалқы қозылы қойға тәулігіне әр басына 0,3-0,5 кг, егіз қозылыға - 0,5-0,6 кг, сүтті және көп қозылы қойға - 0,7-1 кг дәнді азық береді.

Информация о работе Буаз саулыктарды азыктандыру