Вакцина – арнайы қорғаныспен қамтамасыз етуші препарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:39, реферат

Краткое описание

Әрбір адам баласын көптеген микробтар мен бактериялар қоршап, миллиондаған өмір формалары біздің сыртымызда да, ішімізде де, өмір сүріп жатыр соның ішінде вирустарда бар. Вирустар өте қарапайым болады. Ол генетикалык компьютерлік бағдарлама сияқты. Біздің ағзамызға түсе салысымен көбею және шабуыл жасаумен айналысады. Әуелі клетка ядросының ішіне кіріп, оны өзі өліп, вирус көбейтетіндей қылып бағдарламалайды. Бұл – кез-келген адам баласы ауырған кезде болатын құбылыс. Жаратқанның бізге нәсіп еткен табиғи иммундық қорғанысы болмаса, біз мынадай шабуылдардан аман қалмас едік. Адам ағзасының ең маңызды да және ең қуатты вирустарға қарсы қаруы ол – лимфоциттер.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Антигендерді алу технологиясы.
Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар – вакциналар.
Ақуызды антигендерге сәйкес антиденелері бар сарысуларды алу. Әдістің ұстанымы.
Жұмыстың әдістемесі: жануарларды дайындап, қандарынан сарысу алу.
3. Жұқпалы аурулар.
3.1 Емдеу және алдын алу шаралары.
3.2 Жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцина ролі.
4. Қорытынды

Содержимое работы - 1 файл

ВАКЦИНА КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 399.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сібір жарасы

     Сібір жарасы –  жіті жұқпалы ауру. Көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі  - сирек кездеседі. Аурушаңдықтың қоздырғышы - Bacillus anthracis – жоғары температурада қыздырғанда және қарапайым дезинфекциялау құралдарын пайдаланғанда жылдам жойылатын сібір жарасының бацилласы.

Жұғу жолдары

· Ауру жануарларды бағу кезінде

· Ауру жануарларды сою, ұшасын бөлшектеу, терісін сыдыру, өлексесін көму кезінде

· Ауру жануарлардан алынған өнімдерді пайдалану кезінде

· Ауру жұққан заттарды пайдаланғанда, топырақтан жұғу сирек кездеседі.

     Аурушаңдықтың клиникалық белгілері.

     Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызғылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды.

Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм. құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иленген терімен салыстыруға болады).

     Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері  жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.

     Емдеу.

     Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті әсерлі дәрі-дәрмектер (сібір жарасына қарсы гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда, тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу-алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет.  Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.

     Алдын алу шаралары.

·Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы -  жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі.

·Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды.

·Адам ағзасының сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады.  Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет.

·Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың  барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау - дерттің кең етек жайюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар сібір жарасына шалдығатынын естерінен шығармаса игі болар еді. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды.

·Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

·Қора, жайылымдардағы ауру малдар орналасқан орындар залалсыздандырылады.

     Шаруашылық иелері, ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада ветеринар маманға хабарлауы керек. Егер жануар аурудан өліп қалса, ветеринар маман келгенше өздігіңізден оны союға кіріспеу керек. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау - адамдар мен жануарлардың аталмыш дертке шалдығуына әкеледі. Бұған кінәлі тұлғалар қылмыстық жаупапкершілікке тартылады.

     Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға – тыйым салынады.

     Сібір жарасы – адамзат баласына «қасиетті от немесе парсы оты» атауымен ерте заманнан белгілі ауру түрі. Сібір жарасы – адамзат баласына «қасиетті от немесе парсы оты» атауымен ерте заманнан белгілі ауру түрі. Аурушаңдыққа толық сипаттама 18 ғасырда жасалған. Аталмыш дерт Сібірде кеңінен таралғандықтан сібір жарасы атауына ие болып, орыс дәрігері Андреевский сібір жарасының адам мен жануарға ортақ ауру екендігін және ол жануарлардан адамға жұғатынын дәлелдеп берді.

     Аурушаңдық Азия, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде көп тараған. Оның ошақтары Ресей, Татарстан, Қазақстан және тағы басқа да елдерде бар.

     Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 60 жыл ішінде 1700-ден астам сібір жарасы бойынша стационарлы-қолайсыз пункттер тіркелген. Бұл пункттерде жануарлар мен адамдар арасында сібір жарасы анықталған 2600 –ден ошақтар тіркелген.

     2010 жылғы 1 қаңтарға дейін Шығыс Қазақстан облысында тіркелген жалпы сібір жарасы бойынша стационарлы-қолайсыз пункттерден екеуінің (Жарам ауданының Әуезов пункті және Ұлан ауданының Ново-Канайка ауылы) белсенділігі жоғары болып саналады (бұл жерлерде аурушаңдық 4 жыл бұрын тіркелген).

     Қазіргі  медицинаның сипаттауы бойынша, сібір жарасы – жіті жұқпалы ауру. Көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі  - сирек кездеседі. Аурушаңдықтың қоздырғышы - Bacillus anthracis – жоғары температурада қыздырғанда және қарапайым дезинфекциялау құралдарын пайдаланғанда жылдам жойылатын сібір жарасының бацилласы.

     Аурушаңдықтың клиникалық белгілері.

     Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа («anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның айналасын қызыл түсті жиек қоршайды.

Алғашында қабыршақ көлемі үлкен емес, диаметрі 2-3 мм. құраса, бірте-бірте оның мөлшері ұлғайып, оның шығыңқы бөлігі тері деңгейінен төмен түсіп, түсі қап-қара болып, тығызданады (тығыздылығын иленген терімен салыстыруға болады).

     Сібір жарасын сипаттауға болатын белгілерге орталық қабыршақтың маңайына аурудың алғашқы күндері екінші қайтара сулы бөртпелердің шығуын жатқызады. Тері  жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы ауырады; алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.

     Емдеу.

Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті әсерлі дәрі-дәрмектер (сібір жарасына қарсы гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда, тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу-алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет.  Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.

Алдын алу шаралары.

     Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы -  жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі.

     Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды.

     Адам ағзасының сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады.  Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет.

     Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың  барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау - дерттің кең етек жайюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар сібір жарасына шалдығатынын естерінен шығармаса игі болар еді. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды.

     Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

     Қора, жайылымдардағы ауру малдар орналасқан орындар залалсыздандырылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Қазақстанда Н5N1 құс тұмауына қарсы ветеринария саласына арналған вакцина жасалды. Қазақстан Республикасы аздаған елдердің ішіндегі, құс тұмауына қарсы өз вакцинасы бар елдер қатарынан орын алды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 2008-2010 ж.ж. 22,3 млн. вакцина мөлшері жасалып, елдің вакцинаға деген қажеттілігі толығымен қанағаттандырылды.
    2009 жылы A/H5N1 тұмауына қарсы Kazfluvac белсенді емес вакцинасын жасау технологиясы денсаулық сақтау жүйесі үшін әзірленді. Санкт-Петербор тұмау ҒЗИ және токсикология институты базаларында, сонымен бірге ҚР ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығында (Алматы) A/H5N1 тұмауға қарсы Kazfluvac белсенді емес вакцинасын клиника алдылық сынау жүргізілді. 2010 жылы аталған орындарда вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары басталды.
    Ветеринарияға арналған жануарлар мен құстардың мынадай ауруларына қой күлі, ұсақ мал обасы, аусыл, құтыру, бруцеллез және туберкулезге қарсы 28 диагностикалық тест-жүйе мен 26 вакцина өндіру технологиясы әзірленіп, өндірісі ұйымдастырылды.

Қызылшаға және паротитке қарсы микрокапсулалы вакцина даярланды. Бұл вакциналардың артықшылығы капсула түрінде, қазіргідей баланың 9 айлығында емес, 5 айлық кезінен бастап ішке пайдалануға мүмкін екендігінде. Препарат клиника алдылық сынақтан өтуде, осы жылы клиникалық сынақтың бірінші фазасы басталады деп күтілуде.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет

 

Негізгі:

1.      Воронин Е.С., Петров А.М., Серых М.М., Девришов Д.А. Иммунология.- М. Колос-Пресс, 2002.-408с.

2.        Хаитов Р.М., Игнатьева Г.А, Сидорович И.Г. Иммунология.- М.: Медицина, 2000.- 432с.

3.        Радчук Н.А., Дунаев Г.В., Колычев Н.М. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология.- М.: Агропромиздат, 1991.-383 с.

4.      Алехин Р.М., Бакулов И.А., Третьяков А.Д. Ведерников В.А. и др. Руководство по общей эпизоотологии. Под ред. И.А.Бакулова, А.Д.Третьякова.- Москва: Колос.-1979.-с.30-88.

5.        . Алешукина А.В. Медицинская микробиология. Ростов-на-Дону: «Феникс». -2003.

6.        Микробиология и иммунология. Под ред. А.А.Воробьева. М.: «Медицина». -1999.

7.        Муромцев Г.С. и др. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. Москва ВО «Агропромиздат». -1990.

8.        Никитин Е.Б. Основы биотехнологии. Павлодар.-2004.

9.        Гилберт С.. Биология развития. В 3-х томах. Биология развития. М. Мир. -1993.

10.   Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. Принципы и применение. М. Мир. -2002. 589 с.

11.   Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития(Генетический аспект) М. МГУ. -2002.- 264 с.

12.   Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Воронин Е.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. 2-е изд. М. Высшая школа. -2003. 

 

Қосымша:

1.   Притулин П.И. Ускоренная микробиологическая диагностика инфекционных болезней животных и индикация патогенных микроорганизмов во внешней среде. М.: Россельхозиздат. -1966.

2.   Практикум по микробиологии. Под ред.А.И.Нетрусова М.:ACADEMА. -2005.

3.   Егорова Т.А., Клунова С.М., Живухина Е.А. Основы биотехнологии. М.: ACADEMА. -2003.

Информация о работе Вакцина – арнайы қорғаныспен қамтамасыз етуші препарат