Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

                                                                                                                              

Кіріспе..................................................................................................................... 6 

1 Кәсіпорынның   жалпы   сипаттамасы   және   қаржы – шаруашылық   қызметінің   негізгі   көрсеткіштері........... 10

1.1 Кәсіпорынның  жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10

1.2 Кәсіпорынның  қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі  көрсеткіштері........ 13

1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19 

2 Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  талдау....... 33

2.1 Баланс активтерінің  құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау........ 33

2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37

2.3 Кәсіпорынның  несиелік қабілеттілігін анықтайтын  көрсеткіштер............... 42 

  3 Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау................................................................................................................... 48

3.1 Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48

3.2 Баланс  өтімділігін   талдау................................................................................. 55 

Қорытынды....................................................................................................... 60

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................... 62 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

      Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

      Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің мәні өте зор. Ол тек  бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

      Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп басқару жүйесіндегі негізгі орындардың бірі болып саналады. Ол өндіріс процесін, айналымды, және қолдануды нақты түрде көрсетеді, кәсіпорындардың қаржы жағдайын сипаттайды және басқару шешімінде негізгі қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп халықаралық қаржылық есеп беру стандартқа сәйкес және қаржы - шаруашылық  қызмет субъектісіндегі есеп жұмыстарының басты жоспарында тіркелген, принциптер мен ережелер негізінде құрылады. Бұл есеп жүйесі спецификаға, нарық реформасына, қажет құрылымына және барлық талаптарға, ақпараттарды қолданушыларға сәйкес келетіндей етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл шаруашылық субъектісі арасындағы қалыпты байланыстың дамуына сәйкес қаржы есепті нақты анықтауға, іскер серіктестік таңдауға және дұрыс шешім қабылдауға ғылыми негізде басқаруға, өндірістік және қаржылық шешімді негіздеуге, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын анықтауға, олардың іскерлік активтілігін және кәсіпкер қызметінің тиімділігін бағалауға қажет.  Дәлелденген ақпаратты алуда жекеменшік және кәсіпорын қызметкерлерінің формасына тәуелсіз шаруашылық айналымдарының калыптасушыларына баскаларының барлығы қызығуда, өйткені ол нарық капиталының тиімділігін жоғарылатады, оны бағалауға және  бірқатар экономикалық шешімдерді болжауға мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы нарықтық экономиканы  реформалау кезінде тұр. Оны реформалау жинақталған тәжірибені ұсынуды, эволюциялық процестерді және нарықтық реформаны меңгерудегі секірмелі қадамды айқындауды, шаруашылық субъектілердегі кәсіп иесі қызметінің басқару принциптері мен тәсілдерін анықтауды талап етеді.

     Қазақстан Республикасы Президентінің халқына арнаған «Қазақстан – 2030» жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуындағы соңғы мақсат экономикалық өсу, оның приоритеті  «бүгін, ертең келесі отыз жылда негізділердің бірі болады» деп атап кеткен болатын. Бұл мақсатқа жету ол басқару деңгейіне, объективтілікке, нақтылыққа, оперативтілікке және қолданылатын шешімдердің ғылыми негізділігіне байланысты. Нарықтық қатынастың қалыптасуы және осыған байланысты болып жатқан мемлекет экономикасындағы кардиналды өзгерістерді басқару тәсілдерінен бұрын басқа шараларды талап етеді [1].

     Нарықтық экономиканың негізгі принциптері (дербестілік, өзін-өзі қаржыландырушылық, өз бетімен орнын толтырушылық және т.б.) шаруашылық субъектілерінен өздері тұтастай өз қызметтерінің нәтижесіне жауап беруді және өз бетінше шешім қабылдауды талап етеді: өнімді қандай сапада және ассортиментте, қандай деңгейде шығару керектігін, нарықта бәсекелестікке қабілетті болуын, қандай бағада сату керектігін, кіммен қандай жұмыс туралы  қарым-қатынас жүргізуді, қосымша қаржы ресурстарын табудың тиімді нұсқауларын таңдауды және т.б. үйренуіміз тиіс.

     Қазіргі жағдайда шаруашылықты нақты орналасқан есептеу жүйесін беретін өз уақытылық, толық және дәлелденген экономикалық информациясы, шаруашылық субъектісінің күрделі экономикалық механизімімен басқару мүмкін емес. Осыған орай бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен маңызы артты. Өйткені ол тек шаруашылық қызметін көрсетіп қана қоймай, оның өзгеруіне тигізетін себептерді де анықтады. Басқару процесінің негізгі бөлігі бола отырып, ол мынандай мүмкіндіктері бар ақпараттар береді: оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды оптималды қолдануға, қызмет нәтижесін өлшеуге және бағалауға; қабылданған шешімде субъективтілікті шығаруға. Қаржылық есеп аудиттің негізгі объектісі болып табылады, оның негізі мәліметтердің нақтылығын анықтауға арналған болып келеді.

     Қаржылық  есеп берудің халықаралық қаржылық есеп беру стандартына көшуі алғашқы  бухгалтерлік баланстан басталады. Кәсіпорын алғашқы бухгалтерлік балансы  ҚХЕС бойынша жасауға  міндетті, ол дегеніміз кәсіпорының ҚХЕС өтуі 1 қаңтарға сай дайын болуы керек. ҚХЕС - бұл стандарт  тәжірибесін бухгалтерлік есепті ғана емес, ол қаржылық есеп берудің ақпаратын қолдауы мен ашуын қарастырады. Ең кәсіпорынның негізгі бухгалтерлік құжаты (документі) болып есеп саясаты саналады, сол шартпен құжаттың арқасында, есеп саясаты тура ҚХЕС бойынша жасалу керек, егер ол тура ҚХЕС бойынша жасалса, онда кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің дұрыс жасалғанына толық сенімді боласыз [2].  

     Кәсіпорынның  қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.                                                                                            

     Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.                                                                                                    

     Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

     Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді  анықтадым:

     - бухгалтерия саласында алған білімімді қолдану;

     - өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;

     - қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

     - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

     - қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;

     - кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;

     - кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;

     - жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

     Зерттеу объектісі ретінде «АБДИ Компани» АҚ компаниясы алынды.

     Зерттеу пәні Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары.

     Жұмыстың  теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

     Жұмыстың  тәжірибелік бөлігі «АБДИ Компани» АҚ компаниясының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

     Жұмыстың  теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В. Савицкаяның еңбектері болып табылады.

     Жұмысты жазу кезінде ғылыми  - теориялық  негіздерге сүйене отырып, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық есебі, талдаудың  мәні мен маңызы, есептеу тәсілдері  қарастырылған. «АБДИ Компани» АҚ-ның 2009-2010 жылдардағы қаржылық есеп берудің төрт нысанынан төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық мәліметтері алынған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 8 - кесте келтірілген. 

                 
 

1 Кәсіпорынның   жалпы   сипаттамасы   және   қаржы- шаруашылық   қызметінің   негізгі   көрсеткіштері 

1.1 Кәсіпорынның  жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы 

     КСРО  құлаған кезде, Қазақстан өнім жеткізушілермен барлық байланыстарды жоғалтып, біраз уақыттар бойы кеңсе тауарлары елге шалажеткізіліп тұрды, соған байланысты Қазақстан Республикасындағы кеңсе тауарлар нарығында белгілі ойыншылар болмады, міне сол кезде 1994 жылдың қыркүйек айында Қазақстандық АБДИ Компаниясы құрылды. АБДИ Компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерлерін көтерме топтамамен жеткізуден бастады, содан ассортимент кеңейе түсті. Жалпы республикада сұраныстың көп болып, АБДИ-дің сауда орталықтарында ұзын кезектер бола бастауына байланысты, сауда жүйесін кеңейту қажеттілігі туды. Жылдан жылға тауарлар ассортименттері мен сервистік қызметтер кеңейе бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша АБДИ-дің 30 фирмалық дүкендерінде 950-ден көп адамдар, оншақты филиалдар және бүкіл Қазақстан бойынша дилерлар қызмет атқарады және де бұл шек емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше дүкендер мен филиалдар ашуға дайындалуда.

     «АБДИ Компани» АҚ-ның максималды сервис жасаушысы бизнес стратегиясы болып  табылады. Тауралардың кең таңдау түрлері, барлық қызмет түрлері, жағымды орта, сонымен қатар тауарлар мен бағаның жағымды үйлесімділігі Компанияның үш деңгейде: бөлшектеп сату, көтермелеп сату және корпоративті сатуда сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруына рұқсат береді. Өзінің сауда желісі мен корпоративті қызмет көрсету Қазақстан Республикасы мен Орта Азия тұрғындарының барлығы үшін мектеп және кеңсеге арналған әлемдік дәрежедегі сапалы тауарды қол жетерліктей ету Компанияның мақсаты болып келеді. Компания менеджерлері даралап тіл табуы әр клиенттің және де олардың ішіндегі ең талғампаздарының сұранысын қысқа мерзім ішінде қарастырып және корпоративті клиенттер үшін айрықша жағдайларды ұсына алады. Ұсынылған тауарлар мен қызметтер ассортиментін оңтайландыру, өз тұтынушысына барынша географиялық жақындық, сату жолдарының қазіргі заман талаптарына сай технологиялар еңдіру және ұсынылған тауардың сапасын үнемі жақсарту саясаты Компания жұмысының негізгі қағидасы болып қалған.

     Сауда жүйесі және филиалдар.

     Қазақстанның  барлық ірі қалаларында компанияның  кең сервис жүйелері бар: Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Қызылорда. Қазақстанның 17 қалаларында 35 фирмалық дүкендер жұмыс жасайды, олардың ішінде 8 ірі гипермаркет және 16 супермаркеттер бар. Компанияның бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша 32 мың текше метрді, ал қойма орындары – 18 мың текше метрден көп жерді алады. Осындай тармақталған қызмет жүйесі арқылы Компания тұтынушылардың кең шеңберін толықтай көлемде қысқа мерзім ішінде қанағаттандыра алады. Бірыңғай архитектуралық стильдегі қазіргі заман талабына сай техника мен көліктермен қамтамасыз етілген компанияның супермаркеттері Қазақстанның әр қаласының беткерұстары болды. Қазақстанның барлық аумақтарында тауарлардың біркелкі ассортименті, қызмет көрсетуі, сату саясатының біркелкілігі, біркелкі құн саясаты дамыған. Филиалдар арасындағы шапшан байланыс бір уақытта және қысқа мерзімде бір қаладағы төленген келісім шарт бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырады. Өзіне өзі қызмет көрсету жүйесі, тауарларға деген еркін қатынас, штрих-кодтау жүйесі және түрлі кеңсе керек-жарақтарымен лық толған сөрелер сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады және сатып алу өрісін айтарлықтай жылдамдатады.

Информация о работе Қаржылық жағдай