“Кассадағы ақша қаражаттарының есебі”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:41, курсовая работа

Краткое описание

бухгалтерлік есеп жайлы

Содержимое работы - 1 файл

курс_Кассадагы акша.doc

— 329.50 Кб (Скачать файл)

    4.Касса  кітабындағы ақша операциялары мен кассадағы ақша тізімінің сәйкес келуін тексеру;

    5.Кіріс  пен шығыс бойынша кассалық  кітаптағы ақша ағымының деңгейін  тексеру; 

    6.Кіріс  пен шығыс ордерін тіркеп, күнтізбе  арқылы тексеру;

    7.Кассалық  операцияларды мекеменің банкке  қарасты ақша қатынасын тексеру;

    Инвентаризация  кезінде  кассадағы ақшаның жалпы  саны тексеріледі.

    Инвентаризацияға  арнайы акт толтырылады. Егер де кассада  ақша жетіспеушілігі анықталса, немесе ақшаның артық болу себебі актіге жазылады. Кассадағы бланктер саны саналып, олардың номерлері белгіленетін, қанша теңгеге толтырылғанын тексеріп, арнайы бланктер тіркейтін кітапшаға белгілеп жалпы ақша сомасын көрсетеді. [10, 24б]

    Сонымен қатар, кассалық операцияларды тексеру кезінде мынадай тәртіпті есте сақтау қажет:

    1.Кассир  мен жазба түріндегі келісім  шарттың болуы, материалды жауапкершілігі  жөнінде және де кассалық операцияларды  жүргізу жөнінде;

    2.Кассалық  операцияны жүргізу жөніндегі  нұсқауға байланысты ақшаны сақтауға, оны бір жерден екінші жерге жеткізу туралы, құжаттарды толтыру туралы міндетпен таныстыру;

    3.Қазақстан  Республикасының жергілікті республикалық  бюджеттегі ақшаны тез арада  инвентаризациялау, бланктерді тексеру,  қаржы айналым жағдайын, ақша  қорын тексеру;

    4.Кассалық  құжаттардың өз уақытында толтырылуы  және кассалық операциялардың  тәртібінің орындалуын тексеру; 

    5.Мемлекет  мекемеде қалған ақша лимитін  бақылап отыруын қадағалау;

    Қаржылық  жұмысты ұйымдастыру үшін шаруашылық субьектісі өзінің арнайы қаржылық қызметін қалыптастырады. Ол негізінен бухгалтерия және экономикалық жоспарлау бөлімдері түрінде көрініс табады. Қаржылық қызметтің іс-әрекеттерінің басты мақсаты кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономикалық өсу және пайда табуға арналған тұрақты алғы шарттарды құру болып табылады.

    Қаржылық  жұмыстың негігі мазмұны мыналардан тұрады:

  • қызметті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
  • қаржылық несие жүйесімен және басқа да шаруашылық субьектілермен өзара қарым қатынастарды ұйымдастару;
  • негізгі және айналым капиталын сақтап қалу және пайдалану рационалдылығы;
  • кәсәпорынның бюджет, банктер және сатып алушылар алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің уақытылы болуын қамтамасыз ету.

    Басқаша айтсақ қаржылық жұмыстың мәні коммерциялық іс-әрекеттің жүзеге асырылуына әсер ететін негізгі және айналым капиталының шеңбер айналымын қамтамасыз етуден және қаржылық қатынастарды қолданудан тұрады. [11, 72б]

    Кәсіпорын көлемі және оны ұйымдастыру құрылымы жаңа техниканы енгізуге, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға, өндірісті, өнімнің өзіндік құны деңгейін жоғарлатуға ісер етеді. Оларды негізгі өндіріс қорларының құны, өнімнің құны, жұмысшылар саны сияқты көрсеткіштер сипаттайды.  

    Кесте 1- БҚОФ  «Қазпошта» АҚ өндіріс көлемі 2007-2009 ж. 

 
 
Көрсеткіштер
Жылдар  Өсу қарқыны, пайыз 
 
2007
 
2008
 
2009
 
1
 
Тауарлы өнім құны (мың тг.)
 
1728810,0
 
1815015,0
 
1769985,0
 
102,3
2 Негізгі өндіріс  қорларының құны (мың тг.)  
279765,0
 
354495,0
 
683715,0
 
244
 
3
 
Жұмысшылар  саны
 
400
 
480
 
560
 
140
4 Таза табыс (мың тенге ) 60837,0 58496,0 54306,0 89,2
    Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері негізінде автормен құралған.
 

    Бұл кестені талдай отырып, біз өндіріс  көлемінің ұлғайғандығын көріп  отырмыз. 2009 жылы тауарлы өнім құны 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға ғана өсіпті. Ал тенгемен есептегенде  41175  мың тенгеге өскен. Ал 2009 жылы ол 2007 жылға қарағанда 2,4 есеге өскен, яғни 403950 мың тенгеге көбейген. Бұл құбылысты кәсіпорынның  талдау жасап отырған жылдар аралығында негізгі өндіріс қорларынымен жабдықталғанын көруге болады.

    Бұл жаңа негізгі құралдарды сатып алғандығын көрсетеді, сәйкес өндіріс көлемінің  ұлғаюына байланысты мамандандырылған жұмысшылар саны да 2009  жылы  2007 жылмен салыстырғанды 40 пайызға көбейгенін, яғни  160 адамға көбейгенін көрсетеді. (Кесте 2)

    Шаруашылық  әрекеті үшін негізгі құралдардың  құрамы мен құрылымын анықтаушы  мәні бар.  

    Кесте 2 - БҚОФ «Қазпошта» АҚ 2007-2009 ж.ж. негізгі құралдарының құрамы мен құрылымы. 

 
 
Көрсеткіштер
 
2007 жыл
 
2008 жыл
 
2009 жыл
мың тг. % мың тг. % мың тг. %
 
1
Жер 10650,0  
4
10650,0 3 10650,0  
2
2 Ғимараттар  мен құрылыс жайлар  
140145,0
 
50
 
176625,0
 
50
 
161190,
 
24
3 Машиналар мен  құралдар  
58950,0
 
21
 
81210,0
 
23
 
443640,0
 
65
4 Басқалай негізгі  құралдар  
70020,0
 
25
 
86010,0
 
24
 
68235,0
 
9
 
 
 
Барлығы
 
279765,0
 
100
 
354495,0
 
100
 
683715,0
 
100
    Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері негізінде автормен құралған.
 

    Екінші  кестенің мәліметтері бойынша талдау жасалып отырған жылдардың соңғысында негізгі құрал құрылымы бойынша неғұрлым көп үлесін машиналар мен құралдар - 65% құрайды. 2009 жылды 2007 жылмен  салыстырғанда 502590 мың теңгеге көбейген. Алдыңғы екі жылда көп үлесті ғимараттар мен құрылыс жайлар - 50% алған. Соңғы жылы басқа да негізгі құралдар құны 25% -дан 9%-ға дейін төмендеген. Негізгі құралдардың жалпы құны 403950  мың теңгеге немесе 2,4 есеге көбейді, бұл өндіріс көлемін ұлғайту үшін құрал жабдықтардың сатып алынуымен түсіндіріледі.

    Мамандандырылуын  сипаттайтын негізгі көрсеткіш  болып тауарлы өнім құрылымы табылады. (Кесте 3)  

    Кесте 3 - БҚОФ  «Қазпошта» АҚ тауарлы өнім құрамы және құрылымы 

Көрсеткіштер  
2007
 
2008
 
2009
Ауытқу-лар

(+;-)

мың тг. % мың тг. % мың тг. %
1 Баспа, кітап  т.б. өнімдерін тарату  
950850,0
 
55
 
1270515,0
 
70
 
1150485,0
 
65
 
+199635,0
2 Банктік қызмет көрсету  
345765,0
 
20
 
272250,0
 
15
 
180000,0
 
10
 
-165765,0
3 Редакциялық-баспа  іс-әрекеті  
259320,0
 
15
 
181500,0
 
10
 
265500,0
 
15
 
+6180,0
4 Басқа да қызмет түрлері  
172875,0
 
10
 
90750,0
 
5
 
174000,0
 
10
 
+1125,0
  Барлығы 1728810,0 100 1815015,0 100 1769985,0 100 41175,0
    Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері негізінде автормен құралған.
 

    Кестені талдау кезеңіндегі тауарлы өнім құрамы мен құрылымында қатты өзгерістер жоқ. Үш жыл ішінде көп үлесті баспа, кітап өнімдерін тарату алып отыр, жылдарға сәйкес 55%, 70%, 65%. Осы қызмет құны соңғы 2009 жылы 199635,0 мың теңгеге өсті. Банктік қызмет құны 2009 жылы 165765,0 мыңға төмендеді, өйткені негізгі іс-қызмет түрлерін, басқа да іс-қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулер 1125,0 мың теңгеге көбейді. Осы кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын көбінесе баспа өнімдерін таратумен айналысады екен. Ал банктік қызмет түрінің алатын үлес салмағы 20 пайыздан 10 пайызға дейін кеміген. Бұл құбылыс тұрғындардың  нарықта басқа да банкілердің қызметіне жүгінетіндігінің айғағы. Дегенмен кәсіпорын соңғы жылдары осы қызмет түрін алға қарай жылжыту мақсатында ХОМ-КРЕДИТ бағдарламасымен жұмыс жасап жатыр. Тұрғындарға тауаларды несиеге беріп, сол арқылы пайыздар алады. Ал жалпы алсақ кәсіпорнның тауарлы өнім құрамы жылдан жылға  2,3 пайызбен өсіп келеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның дамуының айғағы.

    Төменде көрсетілген 4 кесте көрсеткіштері БҚОФ  «Қазпошта» АҚ табысты кәсіпорын екендігін сипаттайды. 2009 жылғы өнімді сатудан түскен табыс 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өскендігін көреміз. Ал сатылған өнімнің өзіндік құны 38,9 пайызға  көбейген. Бұл жағдай көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының қымбат екендігін көрсетеді. Жалпы табыстың ең көп мөлшері 2008 жылы 815355,0 мың теңге алынған. Ал 2009 жылы 43,9 пайызға кеміген.   Кезең шығындарында көп үлесті жалпы және әкімшілік шығындар алып отыр, мысалы, 2007 жылы олар 88% тең. 2009 жылы  кезеңдік шығындар да 47,9 пайызға төмендеген. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс жылдан жылға көбеюде.2009 жылы оның көлемі 8,8 есеге көбейген.  Салық салынғаннан кейін де табыс алынды, оның ең көп мөлшері 2008 жылы 83565,0 мың тенге алынған. Таза табыс 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға төмендеген. Бұл өндіріс көлемі соған сәйкес өнімді сату көлемінің артып, кезең шығындарының 676845,0 мыңнан 353310,0 дейін түсіндіріледі.

    Нарықтық  экономика жағдайында шаруашылық субьектілерінің  қаржылық жағдайын талдау ролі маңызды. Бұл кәсіпорынның коммерциялық делдалдардың, жұмысшылардың, меншік иелерінің алдында  өздерінің іс-қызметі нәтижесі үшін толық жауапкершілікте болуы мен байланысты. 

      Кесте 4 - БҚОФ  «Қазпошта» АҚ 2007-2009 жылғы қаржылық-шаруашылық іс-әрекет нәтижесі, мың теңге  

 
Көрсеткіштер
Жылдар  Ауытқуы,

%

2007 2008 2009
1 Өнімді (қызмет, жұмыс) сатудан табыс  
1728810,0
 
1815015,0
 
1769985,0
 
102,3
2 Сатылған өнімнің 

өзіндік  құны

 
965280,0
 
999660,0
 
1341390,0
 
138,9
3 Жалпы табыс  763530,0 815355,0 428595,0 56,1
4 Кезең шығындары, соның ішінде жалпы және әкімшілік  шығын, сату бойынша шығын. Пайыз төлеу бойынша шығын.  
 
676845,0
 
 
732195,0
 
 
353310,0
 
 
52,1
5 Негізгі қызметтен  табыс  86685,0 83160,0 75285,0 86,8
6 Негізгі емес қызметтен  табыс 225,0 405,0 1995,0 886
7 Салық салуға дейінгі  қарапайым қызметтен табыс  
86910,0
 
83565,0
 
77580,0
 
88,9
8 Корпоративті  табыс салығы бойынша шығындар  
26073,0
 
25069,0
 
23274,0
 
89,2
9 Салық салудан  кейінгі табыс  60837,0 58496,0 54306,0 89,2
10 Таза табыс 60837,0 58496,0 54306,0 89,2
    Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері негізінде автормен құралған.

Информация о работе “Кассадағы ақша қаражаттарының есебі”