Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 00:07, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6
1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21
2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21
2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26
3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер құрамы...........................................26
3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік баланыстын мәні..doc

— 383.50 Кб (Скачать файл)

 болып  Бас кiтап саналады.

     Баланс 2 бөлiмнен: актив және пассивтен  тұратын кесте түрiнде бейнеленедi. Қазiргi әдебиеттерде пассив сөзiнiң орнына “меншiктi капитал және мiндеттеме “ деген тiркестер қолданылып жүр. Активi деп шаруашылық құралдары топтастырырылған баланстың сол жақ бөлiгiн айтады. Пассивке шаруашылық құралдарының құралу көзi кiредi. Құралдар мен оларды құрастыру көздерiнiң арасындағы мұндай бөлiнушiлiк баланстың басты ерекшелiгi болып табылатын актив пен пассивтiң қорытындысының тепе-теңдiгiн қамтамасыз етедi. Баланс мәлiметтерi салық қызметiнде, несие мекемелерiнде және мемлекеттiк басқару органдарында кең көлемде қолданылады. Баланс бухгалтерлiк есеп концепциясының негiзiнде екi жақтылық принципi бойынша құрылады. Екi жақты теңдеудi мына түрде жазуға болады: (Формула 1) 

                  Активтер= Меншiктi капитал+Кредиторлық қарыз                (1) 

     Бухгалтерлiк  есептiң ағылшын-американдық әдебиеттерiнiң  аудармаларында екi жақты теңдеу келесiдегiдей  түрде көрсетiледi: (Формула 2) 

                                Активтер=Капитал+Мiндеттеме.                                      (2)

                   

     Капитал дегенде фирманың барлық капиталы емес, иесiне тиiстi, тек қана меншiктi капиталдың бiр бөлiгi ғана айтылады. Баланс теңдеуiнiң  сол жақ бөлiгiнде, Активтер құрамында  экономикалық субъектiлер алдындағы  дебиторлық қарыздар көрсетiледi. Оң жақ  бөлiгiнде мiндеттемелер – кредиторлық қарыздар көрiнiс табады.

     Мiндеттеме- бұл iс-әрекеттер нәтижесiнде қалыптасқан, заңды негiзде келесi төлемдерге: тауар, жұмыстар, орындалған қызметтерге  тиiстi қызмет ететiн құралдардың  көзi болып табылады. Баланстағы актив және пассивтiң қорытындыларын бухгалтерлiк баланстың валютасы деп атайды. Төменде бухгалтерлiк баланстың шартты формасы берiлiп отыр (Кесте 1):               

     Кесте 1     

     Бухгалтерлік  баланстың шартты формасы       

                          

Активтер Сомасы,          теңге Пассивтер Сомасы,

теңге

1.Ұзақ мерзiмдi активтер   1. Меншiктi капитал  
2. Ағымдағы  активтер   Ұзақ мерзiмдегi мiндеттемелер  
    3.Ағымдағы мiндеттемелер  

 

     Баланс  баптары бухгалтерлiк баланстың  негiзгi элементi болып табылады. Баланстың бiрыңғай баптары топтарға , ал топтар бөлiмдерге бiрiгедi. Баптарды топтастыру негiзiнде бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес бухгалтерлiк есеп бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының қаулысымен мақұлданған «Бухгалтерлiк баланс және қаржылық есептердегi негiзгi ашылымдар» негiзiнде баптарды топтастыруда келесiдегiдей баптар қарастырылған:

  • баланстың актив баптары үшiн - активтер қызметiнiң мерзiмi;
  • баланстың пассив баптары үшiн – пассивтердi өтеу принциптері және оларды өтеу мерзiмi.

     Қазiргi шаруашылық субъектiлерiнiң балансы келесiдегiдей бөлiмдерден тұрады:

     активтер:

  • ұзақ мерзiмдi активтер (негiзгi құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзiмдi инвестициялар, ұзақ мерзiмдi дебиторлық қарыздар);
  • ағымдағы активтер (тауарлы-материалдық қорлар, оның iшiнде материалдар, дайын өнiм, аяқталмаған өндiрiс, тауарлар, ақшалай қаржылар, дебиторлық қарыздар, оның iшiнде берiлген аванстар, алынған вексельдер және болашақ кезеңнiң шығындары, басқадай ағымдық активтер)

     пассивтер:

  • меншiктi капитал, жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, бөлiнбеген кiрiс,     (жабылмаған зиян ) есептiк және өткен жыл бойынша;
  • ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер, заемдық құралдар, кейiнге қалдырылған салықтар;
  • қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қысқа мерзiмдi несиелер және овердрафт, қысқа мерзiмдi кредиторлық қарыздар, болашақ кезеңнiң кiрiстерi.

     Жоғарыда  айтылған активтер мен пассивтердi бухгалтерлiк баланста орналастыру  ретi экономиканың барлық салаларында  және кәсiпорынның кез келген түрiнде  сақталады. Айырмашылық тек баланс валютасының үлес салмағында ғана байқалады. Сонымен, өндiрiстiк кәсiпорынның балансының активiнде негiзгi үлестi “Негiзгi құралдар” (машиналар мен құрал-жабдықтар)- 2410 және “Шикiзат және материалдар“-1310,  ауыл  шаруашылығы кәсiпорындарында  – “Жер”-2411 ,” Аяқталмаған өндiрiс”-1340 , сауда ұйымдарында –“Тауарлар”-1330 бабы алынады. Өйткенi, сауда ұйымдарының негiзгi қызметi тауар өндiру емес, оны өткiзу, таратудан тұрады.

     Бухгалтерлiк  баланс өзiнiң экономикалық мазмұны  жағынан кәсiпорынның шаруашылық құралдарының жағдайы мен оларды құрастыру көздерiнiң белгiлi бiр уақыттағы есебi және мiндеттi қаржы есебi формасының бiрi болып табылады. Есептiң қорытынды мәлiметтерi  айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есеп түрiнде көрiнiс табады.

     Баланстың бiрнеше түрлерi бар және оны толықтай түсiну үшiн  жіктелуін бiлуіміз қажет  және ол   кел есi белгiлерi бойынша  жiктеледi:

     1. Құрылу уақытына;

     2. Құрылу көзiне;

     3. Ақпарат көлемiне;

     4. Қызмет ету сипатына;

     5. Меншiк түрiне.

     Құрылу  уақыты бойынша - баланс мыналарға бөлінеді: енгiзу,                                                ағымдық, таратушы, бөлушi, бiрiктiрушi болып.

     Еңгiзу балансы - кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi осыдан бастап жүргiзiледi. Ол кәсiпорынның iс-әрекетiн бастайтын құндылықтарының сомасын анықтайды.

     Ағымдық баланс - ұйымның өмiр сүру кезеңiнде  жиi-жиi құрылады. Ағымдық баланс бастапқы (енушi), аралық және қорытынды (шығушы) болып бөлiнедi. Бастапқы баланс есеп жылының басында құрылады, ал қорытынды  баланс жылдың соңында құрылады. 

     Тарату  балансы – ұйымның таратылуы жағдайында жасалады. Бұл баланс басқа баланстардан ең бастысы, өнiмнiң өзiндiк құнын бағалауы бойынша ерекшеленедi. Тарату балансында  болашақ кезеңнiң кiрiстерi мен  шығындар баптары болмауы тиіс. Бiрақ фирманың бағасы (гудвилл, патент құны ) сияқты баптары болуы мүмкiн.

     Бөлу  балансы – кәсiпорындарды бiрнеше iрiлi-ұсақты құрылымдарға бөлу немесе бiр және бiрнеше құрылымдарды басқа  кәсiпорынға ауыстыру барысында  құрылады. Бұл жағдайда балансты тапсыру  балансы деп атайды.

     Бiрiктiру балансы – бiрнеше кәсiпорынның бiрiгуi барысында құрылады.

     Тазарту әдiсi бойынша баланс: баланс-брутто, баланс-нетто болуы мүмкiн.

     Баланс-брутто – бұл реттегiш баптарды өзiне қосушы баланс. Реттегiш баптарға негiзгi құралдардың тозуы - 2421 , материалдық емес активтердiң амортизациясы - 2700 жатады.

       Баланс нетто– бұл реттегiш баптары алынып тасталынған баланс. Бұл балансты пайдалану кәсiпорынның шаруашылық жағдайына анализ жасағанда тиiмдiрек. Мұндай баланстың мәлiметтерi кәсiпорынның басқаруындағы шаруашылық құралдарының сомасын шынайы сипаттайды. Баланстағы реттегiш баптарды алып тастау тазарту деп аталады.                                                                                                                                

     Құрылу  көзi бойынша баланс мүлiктiк (инвентарлық), кiтаптық, бас баланс болып бөлiнедi.

     Мүлiктiк  баланс тек мүлiктiк жазулар негiзiнде  құрылады. Олар қысқартылған және ықшамдалған  түрде балансқа енгiзiледi. Мұндай баланстар  жаңа кәсiпорындар пайда болғанда немесе кәсiпорын түрiн (формасын) өзгерткенде қажет етiледi.

     Кiтаптық баланс – түгендеудi қоспағанда тек  кiтаптағы жазулар (ағымдық есеп мәлiметi) негiзiнде құрылады.

     Бас баланс – кiтап жазулары және түгендеу мәлiметтерi негiзiнде құрылады.

     Ақпараттың көлемi бойынша – баланс даралаушы және жиынтық болып бөлiнедi.

     Даралаушы баланста тек бiр ғана ұйымның iс-әрекетi көрiнiс табады.

     Жиынтық баланс – бiрнеше дара баланстардың сомаларын механикалық бiрiктiру жолымен алынады. Бiрiккен баланстар  жиынтық баланстың бiр түрi болып табылады.

     Бiрiккен баланс – заңды түрде дербес, бiрақ экономикалық және қаржы қатынастары  бойынша өзара байланысты кәсiпорындардың  балансынан тұрады.

     Қызмет  ету сипатына қарай- негiзгi және негiзгi емес қызмет балансы болуы мүмкiн. Негiзгi деп кәсiпорынның жарғысына және профилiне сай қызметтi айтады. Басқадай барлық қызмет түрлерiн негiзгi емес деп атайды.

     Меншiк  түрiне қарай балансты мемлекеттiк, ұжымдық, жеке аралас  және басқадай ұйымдық деп бөледi. Олар негiзiнде  бiр-бiрiнен мүлкiнiң құралу көзi бойынша ерекшеленедi.

     Қазiргi уақытта сыртқы, iшкi , және мамандандырылған баланстар құру тәжiрибеде қолданылуда.

     Ішкi баланс – (барынша кең  түрдегi және жетiлдiрiлген) кәсiпорын және оның филиалдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне қаржылық талдау. Жоспарлауда, басқаруда және бақылау жұмысында пайдаланылуда.

     Сыртқы  баланс – сыртқы пайдаланушыларға арналып құрылады. Ол негiзiнен сыртқы пайдаланушылар үшiн толық,  жариялы  түрдегi ақпарат көзi болып табылады.

     Мамандандырылған  баланс – заң бойынша тек белгiлi бiр топтарға, мәселен, инвесторларға арналып құрылады. Оны құрудағы мақсат - баланстың бөлiмдерiн толықтай ашу болып табылады. Мұндай баланс iшкi баланс та, сыртқы баланс та болуы мүмкiн.

     Осы аталған бухгалтерлiк баланстарды 2-кестеде көрсетілгендей жiктеуге болады.

     Кесте  2

     Баланс  түрлерi және жiктеу белгiлерi 

Жiктеу белгiлерi Баланс  түрлерi
Көлемi және формасы бойынша Сальдолық (статикалық) Айналымдық (динамикалық)
Мазмұны бойынша Мүлiктiк

Қорытындылық

Ақшалай ағымдық

Құрастыру көзi бойынша Инвентарлық
Құрастыру мақсаты мен уақыты         бойынша Енушi (ұйымдық)

Операциялық (ағымдық, жылдық)

Бiрiктiрушi

Бөлушi

Таратушы

Қамтылған көлемi бойынша Қарапайым

Жиынтық

Қажеттiлiгi бойынша  Басқарушылық

 

     Статикалық  және динамикалық баланстың салыстырмалы сипаттамасы 3 кестеде қарастырылған. 

     Кесте 3

     Статикалық  және динамикалық баланстың салыстырмалы сипаттамасы 

 
Салыстыру облысы
Балансты түсiндiру, талдау
Статикалық Динамикалық
Пайдалану мақсатына қарай Субъект мүлкiнiң  көлемi,қаржылық жағдайы Қаржылық қорытын-

дының шығуы

Баланс  көрсеткiште-

рiнiң  қалыптасу не-

гiзiне қарай

 Түгендеу Бастапқы құжаттар
Баланс  активiнiң сипаты негiзiнде Құралдардың мүлiктiк  түрлерi Болашақ есептiк  кезеңнiң шығындары
Баланс  пассивiнiң сипаты негiзiнде Мүлiк түрлерiнiң  құрастыру көзi Шығын болатын  түсiмдер
Амортизацияның  сипатына қарай Уақыт  бойынша  мүлiктiң  құнын түсiру Құнын дайын  өнiмге өткiзу
 Қүнды  қағаздар бойынша Ағымдық  курс бойынша  көрiнiс табады Нақты тұтыну бағасы бойынша  көрiнiс табады
Салық салу негiзi бойынша  Мүлiк Кiрiс

 

     Құрылысына қарай баланс көлденең және тiкелей болып келедi. Шаруашылық субъектiсi осы екi түрлi балансты қолдана алады.  

     1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы  

     Бухгалтерлік  теңгерім (баланс) мекеменің қаржылық есептілігінің негізгі нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементгері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады.

Информация о работе Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы