Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 00:07, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6
1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21
2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21
2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26
3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер құрамы...........................................26
3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік баланыстын мәні..doc

— 383.50 Кб (Скачать файл)

          - меншiктi капитал;

          - баланс активiнiң 1 бөлiмi;

           - ұзақ мерзiмдi актив.

            көрсеткiшi бiрқатар маңызды талдау коэффициенттерiн есептеп табу үшiн пайдаланылады: кәсiпорынның ағымдағы активтерiн жабу коэффициентi (бұл көрсеткiштiң нормативтi мәнi 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициентi (бұл көрсеткiштiң нормативтi мәнi – 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалар.

     2.  Таурлы-материалдық қорлардың меншiктi және ұзақ мерзiмдi қарыздың қалыптасу көздерiнiң бар болуы. ( )

     Бұл көрсеткiш алдыңғы көрсеткiштi, яғни меншiктi айналым капиталының ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады: (Формула 7) 

                              

,                                     (7) 

мұндағы,   - ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер;

               - меншiктi айналым капиталы;

               - баланс пассивiнiң 11 бөлiмi.

     3.  Таурлы-материалдық қорлардың негiзгi қалыптасу көздерiнiң жалпы мөлшерi алдыңғы көрсеткiштi қысқа мерзiмдi несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады: (Формула 8) 

                                    

,                                           (8) 

мұндағы: - негiзгi көздер;

                - қысқа мерзiмдi несиелер мен қарыздар.

     Тауарлы-материалдық  қордың бар болуының үш көрсеткiшiне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерiмен қамтамасыз етiлуiнiң үш көрсеткiшi сәйкес келедi және оны меншікті капиталдың корреспондециялық шотынан немесе 12-кесте көрсеткіштерінен көруге болады және дәрежесi бойынша келесi төрт типке бөлуге мүмкiндiк бередi: [18]

     1. Қаржылық жағдайдың абсолюттi тұрақтылығы;

     2. Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

     3. Тұрақсыз қаржылық жағдайы;

     4. Дағдарысты (қауiптi) қаржылық жағдайы.

     Қаржылық  жағдайдың абсолюттi тұрақтылығы  мына теңсiздiкпен сипатталатын уақытта  қалыптасады: немесе

     Бұл теңсiздiк тауарлы-материалдық қорлар меншiктi айналым капиталымен жабылатынын көрсетедi, яғни кәсiпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсiз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседi. Оның үстiне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкiн, себебi әкiмшiлiк негiзгi қызмет үшiн қаражаттың сыртқы көздерiн пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейдi немесе пайдалануға мүмкiндiгi жоқ.

     Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсiздiкпен сипатталады: (Формула 9) 

                                    

                                         (9) 

Бұл келтiрiлген қатынас тиiмдi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорын  тауарлы-материалдық қорларды жабу үшiн әр түрлi “қалыпты” – меншiктi және қатыстырылған қаражат көздерiн  пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келедi.

     Тұрақсыз  қаржылық және қалыптасқан жағдай келесi теңсiздiкпен сипатталады: немесе .

     Бұл қатынас кәсiпорын өзiнiң тауарлы-материалдық  қорларының бiр бөлiгiн жабу үшiн  “қалыпты емес” болып, яғни негiзделмеген  болып саналатын қосымша жабу көздерiн тартуға баруына тура келетiн жағдайға сәйкес келедi (Кесте 6). 

     Кесте 6

     Меншікті  капитал шоттарының корреспондециясы 

Шаруашылық  операциялары Корреспондеция  шоттары
дебет кредит
1 Жарғылық капитал 5020 5010
2 Жарғылық капиталға

енгізілгендері:

материалдық емес активтер

негізгі құралдар

тауарлы-материалдық  қорлар

тауарлар

ақша қаражаттары

 
 
2730

2411-2417

1310-1317

1330                                  1010-1070

 
 
5020

5020

5020

5020

5020

3 Ағымдағы жылдың пайдасына

артық қор ретінде аударылғаны

5410 5310
4 Артық қордан залалды  жабу үшін қолданылғаны 5310, 5340 5410 ,5430
5 Ағымдағы кезеңде  шаруашылық            қызметтерінің қаржылық қорытындысы 6-бөлім

шоттары

5410

 

     Қаржылық  тұрақтылықты қоймада, жылдың соңында 14538 мың теңге тұратындайын өнiмдi және 1721 мың теңгенiң тауарын жылдам сату, жылдың соңында 1671 мың теңге құраған дебиторлық борышты тезiрек қайтару және кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық қызметiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату арқылы қалыпқа келтiруге болады. 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Нарықтық  экономика жағдайында бухгалтерлiк  баланс әртүрлi қолданушыларға негiзгi ақпарат көзi қызметiн атқарады. Кәсiпорын  балансы мүлiк иелерiн, менеджерлердi және басқарумен байланысты басқа да тұлғаларды кәсiпорынның мүлiктiк жағдайымен таныстырады. Баланс арқылы олар мүлiк иесiнiң материалдық мүлiктерiнiң көлемi мен сапасын бiле алады. Кәсiпорынды басқарудағы табыстылық нәтижесi негiзiнен осы кәсiпорынның мүлкi мен оның қандай көздерден құралғандығын көрсететiн шынайы әрi толық мәлiметтерге байланысты екенi даусыз. Бұл мәлiметтердi салыстыруда аталған мәлiметтер жалпылай ақшалай көрсеткiштер түрiнде нақты бiр датада көрсетiлуi тиiс, бiрақ мүлiктiң құрамын, оның қандай көздерден құралғанын толықтай зерттеу үшiн мiндеттi түрде оларды топтастыру қажет. Бұл аталғандарды бухгалтерлiк баланстың көмегiмен алуға болады.

     Бухгалтерлiк  баланста шаруашылық құралдарын құрамы бойынша және өндiрiстiк шаруашылық қызметi барысындағы рөлiн ақшалай  бағалайтын нақты топтастыру әдiсi бар. Баланс бойынша кәсiпорын үшiншi бiр тұлға алдында өз мiндеттемелерiн орындай ала ма, әлде оған қаржылық қиындықтар туындап отыр ма, осы жағын анықтай алады. Баланс арқылы кәсiпорынның есептiк кезең iшiндегi соңғы қаржылық қорытындысын анықтауға болады. Сол анықталғандар бойынша кәсiпорынның одан әрi қаржылық және материалдық қорларды сақтай алу және оны көбейту жолын жорамалдайды.

     Баланстағы  берiлгендердiң негiзiнде кез келген кәсiпорынның оперативтi қаржылық жоспары  құрылады, алынған кiрiске сәйкес ақшалай қаржылардың қозғалысына  бақылау жасалады. Бухгалтерлiк балансты құрудың басты көзi болып Бас кiтап табылады.

     Баланс  2 бөлiмнен: актив және пассивтен тұратын кесте түрiнде бейнеленедi. Қазiргi әдебиеттерде пассив сөзiнiң орнына “меншiктi капитал және мiндеттеме“ деген тiркестер қолданылып жүр. Активi деп шаруашылық құралдары топтастырырылған баланстың сол жақ бөлiгiн айтады. Пассивке шаруашылық құралдарының құралу көзi кiредi .Құралдар мен оларды құрастыру көздерiнiң арасындағы мұндай бөлiнушiлiк баланстың басты ерекшелiгi болып табылатын актив пен пассивтiң қорытындысының тепе-теңдiгiн қамтамасыз етедi.

     Баланс  активтерiнiң құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау –кәсiпорынның барлық мүлiктерiнiң және оның жекелеген  түрлерiнiң абсолюттi және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.

     Қаржылық  есептiң маңызды элементi болып  саналатын активтердi, талдау барысында, осы активтердiң нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерiстер зерттеледi. Активтердiң  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкiндiк бередi. 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

     1. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік туралы 2007 жылғы 28   ақпандағы №234-III Заңы

     2. «Қаржылық есеп» Ашимова А.А.    Алматы, 2007 жыл.

     3. «Қаржылық есеп» Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. Алматы 2001, Экономика.

     4. Жуйриков К.К. и др. «Финансовый анализ предприятия», Алматы, 2003 год.

     5. «Бухгалтерлік есеп принциптері 1,2» Баяхметов Т.Б., Нұрғалиева Г.Қ. Алматы 2007.

     6.  Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И.                                                        Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2003 ж.

     7.  Баймуханова С.Б. Бухгалтерлік есеп: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған, э.г.д., профессор Дүйсенбаев К.Ш. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: Издат.Маркет, 2005 ж.

     8.  Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп    принциптері: Оқу құралы. – Алматы: Экономик ' С, 2003 ж.

     9. Канке А.А., Кашевая И.П. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие – 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – М: Форум: ИНФРА – М, 2005 ж.

     10. Дүйсенбаев К.Ш. , Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау. (Оқу құралы.) – Алматы: Экономика 2001.

     11.  Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық.- Алматы: Экономика, 2004 ж.

     12. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.

     13. Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003

     14. Кеулімжаев Қ.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Оқулық. Алматы Экономика 2006

     15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит - Казахстан., 2002г.

     16. Ж.С. Толпаков «Бухгалтерлік есеп» Қарағанды 2009 ж. 
 
 
 
 
 


Информация о работе Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы