Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 00:07, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6
1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21
2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21
2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26
3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер құрамы...........................................26
3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік баланыстын мәні..doc

— 383.50 Кб (Скачать файл)

     Осылайша, мүлiктiң және ағымдағы активтердiң  мобильдiлiгiнiң өскенiне қарамастан, кәсiпорын басшылығы оның құрамындағы  өзгерiстердiң негiздiлiгiн және оның себептерiн бағалауы қажет, сондай-ақ кәсiпорынның ағымдағы активтерiнiң  жалпы сомасында маңызды көрсеткiштердiң бiрi болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.

     Кәсiпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемi, қозғалысы және түрi, яғни бұл борыштың пайда болу себебi әсер етедi. Дебиторлық борыштың \2100\ пайда болуы кредиторлық борыш \3300\ сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесi кезеңiндегi шаруашылық қызметтегi объективтi прцесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртiбiнiң бұзылуы нәтижесiнде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншiктi қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткенi оның бiр бөлiгi банктiк несиелендiрудiң нысаны болып табылады да кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiне ешбiр ықпал етпейдi.

     Кәсiпорынның дебиторлық борышы 2100 қалыпты және өтелмеген болып екiге бөлiнедi. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзiмi өтiп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиелiп жiберiлген тауарлар үшiн қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртiбiнiң бұзылуын көрсетедi. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негiзiнде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиiс.

     Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейiн оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебi дебиторлық борыштың барлығы бiрден өндiрiлiп алмауы мүмкiн. Оның қайтарымдығы өткен тәжiрибенiң, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негiзiнде анықталады. Бухгалтерлiк тәуекелдiң мәнi, сол өткен кезең тәжiрибесi болашақтағы зиянға сай келмеуi мүмкiн немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерiлмей қалуы мүмкiн. Нәтижесiнде зияндар елеулi дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын бiлуi керек.

     Қарыздың  қайтарылмау пайызы бiрнеше жылдардың  орташа мәлiметтерi бойынша есептеледi. Мысалы, есептеу үшiн 3 жылдың мәлiметтерi алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшiн дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттелiп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесiлердi зерттеу қажет:

  • бiр немесе бiрнеше негiзгi қарыз тұлғалардың үлесiне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келедi (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);
  • негiзгi қарыз тұлғалардың iшiнде бiреуiнiң борышты төлемеуi, кәсiпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;
  • қалыптасу мерзiмi бойынша дебиторлық борышты қалай бөледi;
  • ескi вексельдердi ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердiң қандай үлесiн көрсетедi;
  • тұтынушының пайдасына жеңiлдiктер (бағасын кемiту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнiмдi қайтару құқы.

     Дебиторлық  борыштың өтiмдiлiгi және сапалық көрсеткiштерiн зерттеу маңызды болып табылады.

     Сапа дегенiмiз – бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзiмiне байланысты болады. Тәжiрибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзiмi қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдығы соншалықты төмен болады.

     Дебиторлық  борштың мөлшерлi мезгiлiн сипаттау үшiн, оларды пайда болу мерзiмi бойынша  топтастыру керек.  
 

     3.2 Бухгалтерлік баланстың  пассивтер құрамы  

     Талдау жүргiзушiнiң келесi әрекетi баланс активiнiң құрылу көздерiн талдау болады. Бұл кезде кәсiпорын мүлкiнiң келiп түсуi, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсiпорнының өзiнiң де, қарызға алынған капиталдың да есебiнен жүргiзiлуi мүмкiн екендiгiнiң есте сақтау керек. Ал меншiктi капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетедi.

     Активтердiң  қорлану көздерiн талдау кезiнде меншiктi және қатыстырылған капиталдың көрсетiлген көлемi  белгiленiп, есеп беру кезеңiндегi олардың өзгеру себептерi анықталып, оларға баға берiледi. Бұл кезде өз меншiгiндегi капиталға басты  назар аударылады, себебi өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетедi.

     Меншiктi капиталдың көлемiн ғана анықтап қоймай, сонымен бiрге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткiш арнайы әдебиеттерде әр түрлi атпен берiлген, бiрақ оның мәнi бiр ғана – бұл коэффициентке қарап кәсiпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсiз екендiгiн және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсiздiк коэффициентiн меншiктi капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтыйды: (Формула 3) 

                                       

,                                           (3) 

мұндағы, - тәуелсiздiк коэффициентi;

               - меншiктi капитал;

               - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

     Бұл коффициенттiң өсуi кәсiпорынның қаржылық тәуелсiздiгi жоғары екендiгiн көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятынын көрсетедi.

     Меншiктi капиталдың үлесi төмендегенде тәуекелдiк өседi. Кәсiпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсiпорын қызметiнiң кеңейгенi немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкiндiк бередi. Қысқа мерзiмдiк несиелердiң төмендеуi және меншiктiк капиталдың өсуi кәсiпорын қызметiнiң қысқарғанын көрсетедi.

     Бiрақ бiрiңғай мұндай қортынды жасауға болмайды, себебi бұл қаражаттардың үлесi басқа факторлардың несие үшiн және дивидентке пайыздық мөлшерлемелер әсерiнен болуы мүмкiн. Егер несие үшiн пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердiң мөлшерлемелерiнен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсiрген дұрыс, ал егер керiсiнше болса, онда меншiктi капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелдi болады.

     20 - кестеден кәсiпорынның есеп беру жылындағы авансталған капиталдың қалыптасу көзi 53146 мың теңгеге немесе 16,6% өскенi көрiнiп тұр. Бұл өсу жылдың соңында меншікті капитал бойынша 348890 мың теңге болған, яғни 53828 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 18,2 процентке өскен, қатыстырылған капиталдың өсуiнен болған бұл кезеңде тәуелсiздiк коэффициентi 0,922-ден 0,935-ға дейiн немесе 1,3 пунктке артқан. Алайда бұл кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының өскендігiн дәлелдемейдi.

     Бұны  тәуелсiздiк коэффициентiне керi көрсеткiш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейдi. Оны тәуелдiлiк коэффициентi деуге де болады. Ол мына формуламен анықталады: (Формула 4) 

                           немесе ,                         (4) 

мұндағы, - тәуелділiк коэффициентi;

             - қатыстырылған капитал;

             - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

                 - тәуелсiздiк коэффицентi;

     Кәсiпорынның   авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы 5 кестеде қарастырылған.  

     Кесте 5

     2009 – 2010 жылдардың негiзiнде кәсiпорынның   авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы 

 
 

 
 
Көрсеткiштерi
2009 жыл 2010 жыл 2009 – 2010 жылдардың өзгерiстер Құрылымының өзгеруi, пункт (4гр.-2гр.)
сомасы, мың тг. үлес  салмағы % сомасы, мың тг. Үлес салмағы, % мың тг. (3гр.-1гр.) % (5гр.:1гр.*100)
1 
 
Авансталған капитал,

соның iшiнде:

-меншiктiк       капитал

-қарыздық  капитал 

320194 
 
 

295062

25132

100 
 
 

92, 2

7 ,8

373340 
 
 

348890

24450

100 
 
 

93,5

6, 5

+53146 
 
 

+53828

-682

+16,6 
 
 

+18,2

-2, 7

Х 
 
 

+1,3

-1 ,3

2 Тәуелсiздiк  коэффициент (1.1жол:1 жол)  
Х
 
0,922
 
х
 
0,935
 
х
 
х
 
+1,3
3 Қапржыландыру коэфициент (1 жол:1.2. жол)  
Х
1,28  
х
 
1,54
 
х
 
х
 
+0,26
4 Қатыстырылған капиталдың меншiктiк капиталға қатынасы коэффициентi (1.2жол:1.1жол)  
 
 
 
 
Х
 
 
 
 
 
0,085
 
 
 
 
 
х
 
 
 
 
 
0,070
 
 
 
 
 
х
 
 
 
 
 
х
 
 
 
 
 
+0,015
5 Инвестициялау коэффициентi  
х
 
1,497
 
х
 
1,65
 
х
 
х
 
+0,158

 

     Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесiн сипаттайды.

     Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсiпорынның сыртқы қаржыландыру көздерiнен тәуелдiлiгi жоғарылайды. Бiздiң кәсiпорнымызда оның деңгейi жылдың басында 0,078 (1-0,922), ал жыл соңында 0,065 (1-0,935) болды. Бұл көрсеткiш бiршама өскенiмен, талданып отырған кәсiпорын өзiнiң қаржылық тәуелсiздiгiн жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуелсiздiк коэффициентi оның қалыпты мәнiнен айтарлықтай жоғары.

     Келесi, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншiктi капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететiн қаржыландыру коэффициентi болып табылады. (Формула 5) 

                                      

,                                                  (5) 

мұндағы,    - қаржыландыру коэффициентi;

                - меншiктi капитал;

               - қатыстырылған капитал.

     Бұл коффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктермен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенiмдi кiрiседi.

     Бұл коэффициент кәсiпорын қызметiнiң қандай бөлiгi өз қаражатымен, ал қандай бөлiгi қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетедi. Қаржыландыру коэффициентi <1 болатын жағдай (кәсiпорын мүлкiнiң көп бөлiгi қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабiлеттiлiгiнiң өте қауiптi жағдайға жеткендiгiн және несие алуды қиындатқанын көрсетедi.

     Қаржылық  тұрақтылықтың абсолюттi көрсеткiштерi – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерiмен  қамтамасыз етiлу дәрежесiн көрсететiн  көрсеткiштер.

     Тауарлы-материалды қорлардың қалыптасу көздерiн сипаттайтын үш негiзгi көрсеткiш анықталады:

  1. Меншiктi айналым капиталының бар болуы ( ). Бұл көрсеткiш меншiктi капитал мен (баланс пассивiнiң 1 бөлiмi) ұзақ мерзiмдi активтердiң (баланс активiнiң 1 бөлiмi) арасындағы айырма ретiнде анықталады. Ол меншiктi айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюi кәсiпорынның қызметiнiң болашақтағы дамуын көрсетедi. Құрылысына қарай меншiктi айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады: (Формула 6)
 

                                    

,                                  (6) 

мұндағы, - баланс пассивiнiң 1 бөлiмi;

Информация о работе Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы