Қазақстан мен Франция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 12:57, доклад

Краткое описание

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстан Францияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып келеді. Қазақстан болса, Франциядан электр және электрондық бұйымдар және оның жабдықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, автокөлік, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын алады.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан мен Франция.doc

— 28.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан мен Франция

Қазақстан мен  Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстан Францияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып келеді. Қазақстан болса, Франциядан электр және электрондық бұйымдар және оның жабдықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, автокөлік, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын алады. Осы тұста айта кетейік, Франция элиталық тауарлар ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды жеткізеді.

Екі елдің бірін-бірі инвестициялау көрсеткіші де жыл өткен сайын жақсарып келеді. Франция Экономика министрлігінің деректері бойынша, Франция Қазақстан Республикасының экономикасына жалпы көлемі 2,005 миллиард еуро көлемінде қаржы салды. Ал Қазақстанның Франция экономикасына бағыттаған инвестициясы 10 миллион еуроны құрайды. Оның 4 миллион еуросы 2008 жылы салынған. Қазіргі кезде Қазақстанда Францияның бірқатар компаниялары табысты жұмыс істеуде. Әсіресе, екі ел арасындағы ынтымақтастық отын-энергетика саласында жақсы жолға қойылған. Мысалы, қазіргі кезде 40-тан астам франциялық компания Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетика, көлік және қызмет көрсету салаларында жұмыс жасауда. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 25 кәсіпорын ойдағыдай қызмет атқаруда. Бұл кәсіпорындар негізінен сауда, көлік-логистикалық қызметтермен айналысады.

Қазақстан-Франция қатынастарында алдағы уақытта қаржы-банк ынтымақтастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда “Сосьете Женераль”, “Натексис Банк Попюлэр”, “БНП Партба” және “Калион” банктерінің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кездесуі мен жүргізген келіссөздерінде нақтыланғанындай, екі мемлекеттің экономикалық байланыстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көптеген мәселелер талқыланып жүр.

Қазақстан мен  Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай  дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы саладағы байланыстарын жандандыруға бағытталған үкіметаралық келісім жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы байланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альянс Франсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139 елде филиалдары жұмыс істейді. Олар негізінен Франция үкіметінің франкофония және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы басты құралы болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Қазақстанның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр

Информация о работе Қазақстан мен Франция