Жүсіп Баласағұн (1020-?) ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 08:37, реферат

Краткое описание

Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі.

Содержимое работы - 1 файл

Жусип Баласугини.doc

— 58.00 Кб (Скачать файл)

    Жүсіп Баласағұн (1020-?) -

    ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері

    Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді  көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі. Осы принциптерді ұстанған еңбектің негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің сұхбаты іспеттес жүргізіледі. Адамгершілік, имандылықты насихаттайтын саяси-философиялық трактат идеясы әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастар жайындағы» ойлармен ұқсас. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

 

    

    Ж. Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды. Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, өкініп, қарттық туралы да айта келе, ол өзіне ақыл-кеңес беру арқылы, қоғам мүшелеріне ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған мына сөздері:

    «Сөзді  тура, ащы, қатты сөйледім,

    Түзу  сөзді ұғар түзу ел дедім.

    Оқушыға аса ауыр келмесін,

    Ашық  айтып, көрінгенді термедім!» (Құтты білік / Көне түрк тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. –А, Өлке, 2006. – 622 б.), - оның шын мәнінде ел жағдайына немқұрайлы қарамағандығын көрсетеді

    Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық көріністері өлең жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері мынада деп ойлаймыз: 1. Адам баласының қадір-қасиеті – білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілік – адамзат үшін ең қажетті қасиет; 4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды; 5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол; 7. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса, уәзірі де сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла. Қайырымды бол (Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2 том. – Алматы, 2008. – 185-187 бб.).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ даласының орта ғасырдағы  ғұламаларының 

педагогикалық идеялары.  

    Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік

мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.   
 

Жүсіп Баласағұни.          

 Түркі халықтарының  көрнекті өкілдерінің бірі, бұл  кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.        

 В.В.Бартольд пен  И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады.         

 Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1.         

 Поэманың өзінен  Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды  ақын, белгілі ағартушы, білімді  адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының,  түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.        

 «Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын  даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан  оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл,  Жетісу, Қашқар өлкесінде болған  шындыққа байланысты өрбітілді.  Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.        

 Идеясы жағынан  дастан имандылық, ізгілік рухында  жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың  «Құдатғу білік» түркі тілдес  халықтардың ішінде бізге жеткен  алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.

-----------------------------------------------------------------------------

Жүсіп Баласағұни. Құдатғу  білік. А, 1990, 60-68           

 Жүсіп Баласағұнидің  еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық,  өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде  жазылған педагогикалық және  психологиялық, философиялық тұрғыдағы  еңбек болып табылады.        

 Еңбекте отбасы  тәрбиесі, онда ата-ананың алатын  ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын  орнына ерекше мән береді.        

 Сонымен қатар  ғұлама ағартушы Құдадғу білік  Х.Сүйінішалиев айтқандай, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».1        

 Дастанда «Тіл туралы»  айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз!».         

 Дастанда білім,  ақылдың қасиеттері жақсылық  және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет  лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…

«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға  да тоналмас!». 
         Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».         

 Жүсіп Баласағұнның  осындай дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады. Дастанның соңында ақын қарттықтың келгеніне қоса достардың қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр, өзіне-өзі тоқату, ақыл-кеңес айтады.        

 Ортағасырлық Шығыстың  ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.

Информация о работе Жүсіп Баласағұн (1020-?) ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері