Кескіндеме өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:33, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан – алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден – бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................3

1 Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
1.1 Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы, түрлері.............6
1.2 Кескіндеме өнерінен жазылған табиғат көріністері..................13
1.3 Майлы бояумен жұмыстар орындау, құрал-саймандар,
материалдар және жазу технологиясы........................................17
1.4 Кескіндмедегі түстер, колориттер және жұмыстың
орындалу барысы.........................................................................22

2 Мектептегі бейнелеу өнері оқыту әдістемесі
2.1 Бейнелеу өнерін мектепте оқятудың маңызы мен міндеті......30
2.2 Тақырыптық сурет салу сабақтарын жүргізу әдістемесі.........32
2.3 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру .............................34
2.4 Бейнелеу өнері сабағында затқа қарап сурет
салудың маңызы мен орны..........................................................36

Қорытынды..........................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................42

Содержимое работы - 1 файл

бейнелеу өнері 3-курс..docx

— 71.40 Кб (Скачать файл)

Тақырыптық  картина болмысты мейлінше толық  және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әр алуан: ол тым  үлкен және өте кішентай болуы, сан  қилы техникалық құралдарымен жасалуы, аса әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.

Натюрморт та, пейзаж да портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болуы  мүмкін.

Мазмұнының  бағыты жағынан тақырыптық картиналарды өткен заман оқиғаларын баяндайтын тарихи картиналар, шайқастар мен  әскери жорықтарды бейнелейтін баталдық (соғыс сюжетті) картиналар және суретшілер өтіп бара жатқан өмірдің күнделікті көріністерін кейіптейтін тұрмыстық картиналар деп қабылдаған.

Орыс  өнерінде тақырыптық картина ХІХ  ғасырдың екінші жартысында мейлінше гүлденді. Бұл гүлдену орыс қоғамындағы  революциялық өрлеудің тікелей нәтижесі болды. Көркем сурет академиясын бітірушілердің И. Крамской бастаған 14 алдыңғы қатарлы суретшілері. Академиядағы керітартпа тәртіпке қарсы «бүлік» шығарып, диплом жұмысынан, сонымен бірге көптеген жеңілдіктерден бас тартты. Олар «Көшпелі көркем сурет көрмелерінің серіктестігін» ұйымдастырды және отандық өнер тарихына «көшпелілер» деген атпен енді. Олардың өнері қоғамдық әуенділікке толы және айқын көрінген публистикалық бағытқа ие болды. Олар салтанатты портреттердің және інжіл мен мифологиялық көріністерді бейнелеудің орнына өздерімен замандас халықтың өмірін бейнелеуге ден қойды.

И. Крамской, В. Перов, Н. Ге, Н. Ярошенко, И. Репин, В. Суриков сияқты суретшілердің картиналары  Третъяков галереясының негізгі  өзегін құрайды.

Контраст  «түстердің қарама-қарсылығы» көркемдік  әсерліліктің басты құралдарының бірі болып есептеледі. Тақырыптық картинада  контраст қандай да бір тәсілдерді салыстырудан және түстік дақтардың  орналасуына ғана емес, сонымен бірге  технологиялық және жеке-дара мінездемелерді салыстырудан да көрінеді. И. Репиннің «Запорождықтары» немесе В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» сияқты атақты картиналарын еске түсіріп көріңдерші. Фигуралар, адамдардың тұру жағдайы, қимыл  қозғалыстары бет- әлпеттері, осы бет-әлпеттердегі есшаралар, қала берді, кімдер қаншалықты әр алуан десеңдерші! Сендер кейіпкерлердің сипаттамасынан ұқсас екі деталъ таба алмайсыңдар бәрі әр түрлі, бәрі контрастқа құрылған!

Италъяндық  қайта өрлеу дәуірінің ұлы  шебері Леонардо да Винчи осыған үйреткен болатын: “Тарихи сюжеттерді салыстырғанда бірін екіншісімен күшейтіп отыру үшін көршілес тура қарама-қарсылықтарды, олар неғұрлым жақын болған сайын соғұрлым көбірек араластырып отырған, яғни сиықсызды көршілес әсемдікпен, үлкенді кішімен, кәріні жаспен, күштіні әлсізбен араластырып отырған жөн, және де мұны қаншалықты мүмкін болғанша сан құбылтып отырған жөн”.

В. Суриковтың жоғарыда аталған картинасында мұндай контрасттар толық дәрежеде пайдаланылған. Тобырға көз салып көріңдер - мынау басын иіп ұнжырғасын түскен жас бояр қыз, бірақ оның ту сыртынан тағдырға мойын сұнбаған монах қыздың қатал жүзі көз тігеді, үрейлі әйел жүздерімен қатар, аңғал күлкі езуіне үйірілген бала көрінеді.

Бұл контрастқа королистік контраста өзектес жатыр. Тобыр тым ала-құла  көрінеді, онымен ақ қар және бояр әйел Морозованың  қара киімі контрастқа түседі. Ал мұның  өзі дарманы сезінуді күшейте  түседі. Осы картинада контрастық салыстыру шексіз, бірақ, осыншалықты санқилы бола тұрып, бұл картина – біртұтас терең көркем образ. Қазіргі совет суретшілері бұрынғы шеберлердің дәстүрін жалғастырып келеді, тақырыптық кескіндеме олардың творчествасында жетекші орын алады.

Ал бүгінгі  таңда егемендік алып отырғанымызда  суретшілеріміз еркін тақырыпта  ұлттық дәстүрде шығармашылық жұмыстарын өркениетті елдерімен теңестіріп келеді.

 

1.2 Бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері

 

Пейзаж  негізінен табиғат көрінісіне арналаған  бейнелеу өнерінің жеке бір жанры. Пейзажда құбылыс пен табиғат көрінісін, жарық пен әуені, кеңістікті бейнелеу – адамның табиғатқа қатынасы мен дүниетанымының, ой мен сезімінің сәтті көрініс беруіне тығыз байланысты. Пейзаж жанры П.П. Рубенстің (Фландрия) өміршендікке толы, Ремрандтың (Голландия) терең драматизм сезіммен астасқан, Д.Веласкестің (Испания) қанық боялуы, Н.Пуссенің (Франция) қаһармандық әуен мен ойлыққа құрылған картиналарымен толықты. Кескіндемеші Дж. Констебл (Англия) және К.Коро (Франция) әсем табиғатпен қарапайым адамдардың күнделікті өмірі шынайлықпен бейнеленген поэтикалық туындылар салды. Алдын ала салынып алған нобайлар мен эскиздерді пайдаланып, табиғат көрінісін көлемді әрі көрікті етіп кескіндеген алғашқы суретшілірдің бірі («Шөп арбасы» 1821, «дән алқабы, 1828; ұллтық галареяда). Суретші еңбектері табиғаттың құбылмалы сәттерін дәл тұта білуімен ерекшелінеді.

Француз кескіндемешісі Коро Камиль өзінің шығармаларында табиғатта қарапайым әсерлі бейнеледі. Короның ауа мөлдірігін сәуленің жарқындығын бейнелейтін полотноларының компоизициясы ширақ, форма жағынан  айқын болуы классикалық дәстүрдің  әсері; бұл әсірсе оның тарихи пейзаждарында  («Гомер мен бақташылар» 1845, Сен-Лоно музейі/) байқалады. Кескіндемелерінде табиғат көріністері мөлдір мұнарағак бөлінді. («Дауыл екпіні», 1865-70, Москва). Коро табиғаттың бір сәтті құбылмалы қалпын сол сезінген күйінде кескіндеумен импрессионистік пейзаждың негізін салушылардың біріне айналды.

Дүние жүзінде  пейзаждың өркендеуіне XIX-XX ғасырдағы  орыс кескіндемешілерді И.К. Айвазовский (марина), И.И. Шишкин, Ф.А. Васильев, А.И. Куинджи, И.И. Левитан, В.А. Серов, А.М. Васнецов т.б. шығармалары пейзаж жанрының озық үлгілерінің біріне саналады.

Айвазовскийдің  «Дауыл», «Хаос», «Неополитан қызы»  атты суреттерінде шексіз теңіз айдынын  сидырып, оның дауылды күшімен тұңғиық  тереңдігін, толқын мен ойнаған ай сәулесін, күннің кешкі өрт шапағын, теңіз сұрапылымен алысқан жандар ерлігінде («Тоғызыншы толқын», 1950, Ленинград  орыс музейі) бейнелей білді: «Қара  теңіз» шығармасында теңіз кеңістігін, су мен сәуле қозғалысын табиғи көрінісінде  кенеп түсірген.

Орыс  реалистік пейзажының негізін салушы Шишкин Иван Иванович орыс пейзажы  жайлы эстетикалық ой пікірді  ұлғайтты, әрі орыс кескіндемесіне орман көрінісін бейнелеуді қалыптастырды. Оның орыс табиғатының сұлулығын кеңдігін көрсететін «Қара бидай» (1878), «Көз жеткіссіз орман» (1884), «Қарағайлы ормандағы таң» (1889), «Граф әйел Мордвинова орманы» (1891), «Ну орман» (1898) атты кең тынысты картиналарының авторы орыстың табиғат суретшісі Ф.А. Васильев салған «Нөсер алдында» деген картинада табиғаттың жан толықтар әсем көрінісімен үрейлі қалпы асқан шеберлікпен дәл бейнеленді. Ялтада жүріп «Дымқыл шабындық» (1872), «Иесіз диірмен» (1872-73) және соңғы шығармасы «Қырым тауларында» (1873) картиналарын салды.

Исаак Ильич  Левитан 1880 жылдардың басында күңгірт колоритпен бейнеленетін заттарды тым тәшпішпен көрсетуден арылып, бірте-бірте кең тыныстылыққа, табиғаттың аса нәзік күйлерін ашып көрсетуге, эмоциялық бейнені тұтас тұлғалауға («Күзгі күн» Сокольники 1879) ойысты, ал осы тұста салынған этюдтер сериясында («Өткел. Саввин свободасы» этюд, 1884) пішінде кескінге, көз ұшынан нюанс беретін колоритке ұмтылады. Еділ бойының сұлу табиғаты («Еділ бойындағы кеш», 1888) Левитанның басты тақырыбының біріне айналды.

Қазақ кескіндеме өнеріндегі алғашқы пейзаждық шығармалар XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың салған суреттерінен кездеседі. Аякөз, Мерке, Ум, Қарқара  бойы, Күнгей, Теріскей, Алатау мен Хан  Тәңірінің Мұзарт шындарын бейнелеген суреттерінде («Шатқалдағы керуен», «Тасма қаласының көрінісінде» т.б.) документтік дәлдікпен образдылық ұштасып келеді. Атамекені Сырымбет қыстауының, одан торанғылға дейінгі  ауылдардың топографиялық пейзажы  – ел қонысын бейнелейтін тарихи, мәдени мән зор еңбектер «Ханшаның  ескі үйінің сипаты», «Жылқы отары», «Корпустан елге демалысқа барғанда жазылмыш суреттер», «Бақсы», «Үш әйел» атты суреттердің  авторы Шоқан тас жазуларының  ондағы көне заманның қағазға айнытпай кейінгі ұрпақтың сол жазулар  шешуіне жағдай жасайды.

Қазақстанда пейзаж жанры Совет өкіметі орнағаннан кейін кең етек алды. Қазақ суретшілері  Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Ә. Ысмайылов, Қ. Ходжықов, М. Кенбаев, Н. Нұрмұхамедов, А. Ғалымбаева, О. Таңсықбаев, М. Темірғалиев, Т. Тоғысбаев т.б. туған дер табиғатын  әсерлі бейнелейді.

Әбубәкір  Ысмайыловтың «Қарағанды шахтасы» (1930-32) графикалық «Сарысу даласы» (1939-40) сұлу бояумен салынған топтамалары мен  «Торғайға таң атты» триптих, (1939-40), «Бурабай» (1971), «Екібастұз» (1974) атты картиналарында социалистік дәуіріміздің кең тынысы, туған жер табиғаттың сұлу көрінісі, тарихи және тарихи революция  тақырып маңайы бейнеленген.

Қ.Т. Телжанов «Домбыра әуендері», «Атамекен» екеуіде 1958, «Көкпар» 1960, «Тыныштық» 1964, «Қыз қуу» 1966 атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең  тынысы, әрі қанық бояулы триптихтардың  «Жол басы», 1966-70, «Бозаралдық», 1972 портреттердің  авторы.

О. Таңсықбаев «Туған өлке» (1951, Ташкент), «Қарақұм ГЭС-гі таң» (1957 Москва), «Шарбақ құрылысында» атты пейзаждық Советтік Өзбекстанның әсем табиғаты мен өлке тынысын шынайлықпен  бейнеледі. Қазіргі күнде Өзбекстан  мұражайында 500-ге жуық жұмысы сақтаулы.

Таңғы көріністерін жазған суретшілер атап айтқанда, олар: Орал Тансықбаев «Қарақұм ГЭС-дегі таң» (1957, Мәскеудегі шығыс халықтары  өнері музейі): орыс кескіндемешісі И.И. Шишкин «Қарағайлы ормандағы таң» (1889, Третьяков галереяда): француз  пейзажист Клод Лореннің орындаған  «Азан», т.б. көптеген шығармалары.

Кешкі көріністі  салғандардың бірі И.И. Левитан. Ол Еділде болғаннан кейін «Еділ бойындағы  кеш» (1888) тақырыбында сурет салған. Композициялық айқындық пен дәлдікке, түрлі түстерді тылсымдылықпен өзара  үйлесімде бейнелеу дәрежесінде  көтерілді («Кеш Алтын Қара су», 1889). 1890 жылдарындағы творчествасы сол кездегі  орын өнеріндегі жалпы стилистік  іздеулерімен тығыс байланысты («Жазғы кеш», 1900).

Ге Николай  Николаевич 60-жылдары шығармаларында жаңа Граковкада драмалық, философиялық, этикалық проблемаларды бейнеледі («Құпиялы кеш»).

Француз сұңғатшы Клод Лоррен библиялық, мифология  және постреалды сюжеттері бар мотивтерге арналған суреттер салған, циклді пейзаждар  орындалған («Кеш», «Түн»).

 

1.3 Майлы  бояумен жұмыстар орындау, құралдар-саймандар мен материалдар және жазу технолоиясы.

 

Суретшілер  пайдаланатын барлық бояулар – пигмент  қоспаса яғни дұрысын айтқанда бояғыш зат және қандайда бір байланыстырғыш заттар әдетте зығыр, кейде жаңғақ немесе көкнар майы болып табылады. Басқа  майлар пайдаланылмайды, немесе бұланып  ұшып кетеді, яғни, ұзақ уақыт кеппей қояды.

Майлы бояулар  кескіндемеде тек XVI ғасырда ғана пайдалана бастады. Олардың көптеген қалын етіп те, сондай-ақ астынғы түс айқын байқалып тұратындай, жеңіл, мөлдір етіп лессировкалап те жағуға болады. Кепкен кезде бұл бояулар өзінің түстік өң реңін өзгертпейді.

Аяқталып  біткен және кептірілген майлы бояумен  салынған картинаға бояулардың ашықтығын  арттыру үшін арнайы лак жағады, мұндай лак кепкен кезде шыны сияқты мөлдір пленка түзеді. Осы мақсат үшін мастика, даммара және акрил, пісте  лактары шығарылады.

Майлы бояумен  жұмыс істеу үшін көбіне №2, №12 түрлі нөмірлердегі жалпақ, қылшықты қыл қаламдар алынады. Маймен жұмыс істеген кезде бір қылқаламды ғана амалдай тұруға болмайды, өйткені жұмыстың бұл техникасында қылқалымды, мысалы акварельдегідей жұмсайды. Сондықтан суретшілер бір мезгілде бірнеше қылқаламдарды – қызыл, жасыл және басқа өрнектер үшін жеке-жеке пайдаланады. Ұсақ деталдарды салу үшін қолда жіңішке әрі жұмсақ қылқаламның болғаны дұрыс, бәрінеде жұмсақ қылышықты (күзен қылышты) қылқаламдарды пайдаланған жақсы болады.

Қылшықты  қылқаламдар серпінді және тығыс  топтастырылған болуы олардың жекеленген қылшықтары сорайып шығып тұрмауы  тиіс.

Нағыз шебер  өзінің барлық аспаптарын, әсіресе  қылқаламдарды үлгілі тазалықта  ұстайды, әйтпесе олар өте тез  жарамсыз болып қалуы мүмкін. Жұмысты  бітіргеннен кейін суретші қылқаламды қағазбен, одан кейін жұмсақ шүберекпен мұқият сүртеді, мұнан соң оларды керосинге салып қояды. Керосиннен алынған қылқаламдарды жұмыс  алдында тағы да қағазбен және шүберекпен құрғатып сүртеді.

Суретші өз жұмысын пайдаланатын политра  жоғары сапалы понерден немесе тақтадан жасалады, соңғысы жақсы.

Саусаққа  арналған тесіктің маңайы қалың, ал жеңіл  болу үшін жоғарғы және сол жақтағы  шетіне қарай өте жұқа болады. Политра  бояулардан майды сорып алмау  үшін, оған алдын ала оливті жақсылап сіңіріп, кептіреді. Жұмыс аяқтылысы мен әр ретте палитраны мастихинмен тап-таза етіп тазартып, газет қағазымен және шүберекпен сүртеді. Палитраны жууға болмайды.

Майлы бояулармен жұмыс істеу үшін сондай-ақ мастихин мен масленка керек. Мастихин кенептен де, палитрадан да қажетсіз бояуларды  алып тастайтын ерекше формалы серпімді пышақ. Кейде оны суретшілер қылқалам орнына пайдаланып, ерекше үлкен жағымдылар жасайды. Масленка – бұралатын қақпағы  және палитраға бекітуге арналған ерекше қысқышы бар шағын металл құты.

Студияда  немесе бейнелеу үйірмелерінде жұмыс  молъберттерде жүргізіледі. Жорық  жағдайында, табиғат аясында (немесе суретшілер айтпақшы, фанерде) жұмыс  істеу үшін этюдник деп аталатын ерекше жәшік пайдаланылады. Бұл  шын мәнін жұмыс істеуге қажетті  барлық қажетті заттар: палитра, бояулар, қылқаламдар, мастихин, қарындаш немесе көмір, еріткіш шүберектер, кенеп  немесе картон сиып кететін кішкене  жорық шеберханасы.

Информация о работе Кескіндеме өнері