Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;

2015 жылға – 98,7 млрд, теңге  көзделген.

Келесi жылдары республикалық  бюджеттен қаржыландыру көлемi жоспарланатын  кезеңге арналған тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы

 

 

Тек 2009 жылдың өзінде “Жол карта-сы”  шеңберінде 754 инвестициялық жобалар  бойынша 37971 жұмыс орындары ашылды, оларға 34658 жұмысшы орналасты, 1864 адам қысқа мерзімдік қайта даярлау  курстарында оқытылды, нысаналы топтарға арналған 8695 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, «Жастар практикасына» жұмыссыз жүрген 14971 жас маман еңбек дағдысын жетілдіруге жіберілді.2010 жылы да бұл  жұмыстар өз жалғасын тапты. Жалпы, жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру  мақсатында 441 инвестициялық жобаларды  іске асыру нәтижесінде 20 014 жаңа жұмыс  орындарының ашылуы жоспарланды. Жобаларды  жүзеге асыруға 18 587,9 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы  есебінен – 12 114,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен  – 6 473,0 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 17 963,0 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 96,6 пайызы игерілді. Есепті кезеңде 20 133 жаңа жұмыс орындары құрылды, оларға жұмыспен қамту органдарының жолдамаларымен 16 540 адам жұмысқа орналасты. Жұ-мысшылардың  орташа жалақысы 31,5 мың теңгені құрады. 333 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары  толығымен аяқталды, оның ішінде 111-і  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саланың  меншігінде болса, жол жөндеу жұмыстарындағы 133 нысанда, мектеп, аурухана және басқа  да әлеуметтік нысандардағы жөндеу жұмыстары  жүр-гізілген 85 нысанда, сондай-ақ, мәдениет саласындағы 4 нысанда құрылыс жұмыс-тары аяқталды.Жалпы, «Жол картасы» төрт негізгі  бағытта жүзеге асырылуда. Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары  ба-ғытында 204 инвестициялық жобаларды  іске асыруға жалпы 8 663,5 млн. теңге  қаралған. Оның ішінде су шаруашылығы  бойынша 15 каналға күрделі құрылыс  жұмыстары жүргізілсе, 44 нысанға  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу  жоспарланған. Оның нәтижесінде 20 654 гектар суармалы жер ауылшаруашылық айналымына қайта қосылады, 388 шақырым су шаруашылығы  нысандардың су өткізу қабілеті жақсарып, құрылыс кезінде жергілікті жерден 3276 адам үшін жаңа жұмыс орындары ашылады  деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданындағы 10,5 шақырым «Комсомол» және «Тасқұдық» каналдары қалпына  келтіріліп, 1493 га суармалы жер ауыл ша-руашылығы айналымына қосылды, жер-гілікті  жерден 155 адам жұмысқа тартылды. Ауызсу саласындағы 23 нысанның құ-рылыс жұмыстарына 2,1 млрд.теңге қаржы бөлініп, 1771 жұмыс  орны ашылды, ал 99 елді мекеннің ауыз су құбыры жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 874 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Электр қуатымен және газбен қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданындағы Құйған ауылын электрмен жабдықтау жобасына жалпы 8,0 млн. теңге қаралған. Соның нәтижесінде  елді мекеннің 73 тұрғыны бар 12 үй жарықпен қамтылды. Жалпы ұзындығы 8,7 шақырымдық электр желісі тартылды. Сол секілді  Бәйдібек ауданындағы Жоғарғы Жыланды ауылына 13 млн. теңге қаржыға 8,7 шақырымдық желі тартылып, 76 жергілікті тұрғын электр қуатымен қамтамасыз етілді. Түлкібас ауданындағы Амангелді және Жаскешу елді мекендерін газбен жаб-дықтау жұмыстарына 236,7 млн. теңге мемлекеттік қаржы қаралып, бүгінде бөлінген қаржы толығымен игерілді, 271 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жобаны іске қосу нәтижесінде жоғарыда аталған елді мекендерде 5 281 үй табиғи газбен қамтылды. «Жол картасының» екінші бағыты – жол жөндеу салсында 137 нысандарда қайта құру, жөндеу жұмыстарына 5 189,8 млн. теңге қаржы қаралып, 5 731 жұмыс орны құру жоспарланған, нәтижесінде 593,4 км жол жөнделеді деп күтілуде.«Жол картасы» бағдарламасы бойынша көзделген 5731 жаңа жұмыс орындары ашылып, оларға 4754 адам жұмыспен қамту орталықтарынан тартылды. Жалпы, 133 нысанда жол құрылыс жұмыстары то-лығымен аяқталып, пайдалануға берілді.Айта кету қажет, жаңадан салынған немесе жөндеуден өткен жолдардың құ-рылыстарына барлық құрылыс материал-дарының 90 пайыздан астамына отандық материалдар қолданылды: қазіргі кезде облыста асфальт өндіретін 21 зауыт, қиыр-шық тас өңдейтін 17 карьер жұмыс істеуде.«Жол картасының» аясында мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік ны-сандардағы жөндеу жұмыстарымен 95 нысан қамтылған. Бұл бағыт бойынша бюджеттен 4 469,6 млн. теңге қаржы қаралып, 49796 жұмыс орны ашу көзделген.

Білім салалсындағы 58 нысанда, денсаулық сақтауда 29 нысанның 21-інде құрылыс жұмыстары аяқталды.2010 жылы әлеуметтік қорғау саласындағы 3 медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (Түркістан, Көксәйек психоневрологиялық және Көксәйек жарымжан балаларға ар-налған медициналық-әлеуметтік меке-мелері) күрделі  жөндеу өтті. Аталған әлеуметтік нысандарда жоспарға сәйкес бірінде су тазарту  стансасы және қазандық желілері ауыстырылса, екіншісінде кір жуу, монша кешендері  толығымен жаңартылды. Нәтижесінде  мемлекет қамқорлығындағы-лар экологиялық  зардап шекпей, әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы жақсарған, құрғақ, таза мекемелерде  тұрып жатыр, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай монша, кір жуу  кешендерімен қамтамасыз етілді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында спорт  саласындағы 4 нысанның күрделі жөндеуден  өтуі нәтижесінде облыстың спорт  көрсеткіштері артып отыр. Жыл  басынан бері облыс спортшылары  спорттың 44 түрі бойынша ҚР чемпионаттары  мен біріншіліктеріне қатысып 257 алтын, 206 күміс, 210 қола медаль жеңіп алды. Жоғары спорт шеберлігі мен спорт  резервін дайындау бойынша 2010 жылдың 8 айында 17 халықаралық спорт шебері, 122 Қазақстан Республикасының спорт  шебері, 388 спорт шеберіне үміткер  спортшылар дайындалды. Сонымен қатар  «Жол картасы» бағдарла-масы аясындағы  төртінші бағыт — әлеумет-тік-мәдени саласындағы 5 нысанда жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

Инвестициялық жобаларға  сәйкес тиісті жұмысшы мамандығы  жоқ 1000 адам қыс-қа мерзімдік қайта  даярлау курстарында оқытылып шықты, 3 айлық курстарды аяқтағандардың 980-ні инвестициялық жобалар бойынша тұрақты жұмыспен қамтылды. «Жол картасы» бағдарламасының аясында еңбек рыногындағы қажетті сылақшы-бояушы, консервілеу операторы, аспаз, шаштараз, фермер тағы да басқа мамандықтар бойынша кәсіби оқыту жұмыстары кең көлемде жүргізілді.

«Жол картасының» шеңберінде облыста 2551 әлеуметтiк жұмыс орнын  ашуға республикалық бюджеттен 306,1 млн.теңге қаралды. Әлеуметтiк жұмыстың мерзiмi 6 айға созылады. Оған қатысушылардың орташа айлық жалақысы 35-40 мың теңгенi құрады. Оның 50 пайызы мемлекет тарапынан, қалғаны жұмыс беруші есебінен төленеді.Оралмандарды, мүгедектерді, жалғыз-басты және көпбалалы  ата-аналарды, аз қамтамасыз етілген  азаматтарды, әс-керден келгендерді, түзету мекемелерінен босағандарды т.б. санаттардағы азаматтарды біріктіретін нысаналы топтарға арналған 2881 әлеуметтік жұмыс  орындары 2010 жылдың 1 қарашасына 337 кәсіпорында  ашылып 286,1 млн. теңге толығымен игерілді.Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқан жұмыссыздардың 398-і немесе 14 пайызы тұрақты жұмысқа  орналасты. Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтар ауыл шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету және байланыс, сауда салаларында уақытша  жұмыс атқарды. Мысалы, Сайрам ауданындағы  ЖК «Райымкулов З», СТК «Болашақ», СТК «Базар Капка» кәсіпорындарына, Сарыағаш ауданындағы СТК «Даму», ШҚ «Алтын сәуір», СТК «Көктерек» сияқты мекемелерде жұмыс атқарса, Шымкент  қаласында әлеуметтік жұмыс орындары негізінен тұрғын үй-коммуналдық  қызмет көрсету, құрылыс кәсіпорындарындағы жұмыстарына қатысты.Биыл да «Жол картасы» шеңберінде «Жастар практикасы»  бағдарламасы ұйым-дастырылды. Бұл  бағдарламаға сәйкес 2009-2010 жылдары  жоғары оқу орындарын, колледждер мен  кәсiптiк лицейлердi бiтiрген, бірақ  қазіргі кезде жұмыссыз жүрген 6249 жас мамандарды жұмысқа тарту  көзделген: жұмыс мерзiмi 6 ай, жалақысы ай сайын бюджет есебінен 20,0 мың  теңге. Осы мақсатқа республикалық  бюджеттен 749,9 млн.теңге қаралды. Бүгінгі  таңға «Жастар практикасы» бойынша 1911 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, оларда еңбек дағдысын алуға жұмыссыз жүрген 8729 жас маман жіберілді.Әрине, жолданған жастардың зерек те ынталы белгілі бір бөлігі өздері барған кәсіпорындарда өздерінің біліктілігін дәлелдеді: жалпы бағдарламамен  қамтыл-ғандар жастардың 190-ы тұрақты  жұмыс-тарға орналастырылды.

Атқарылған жұмыстардың  нәтижесінде, 2010 жылдың 3 тоқсанына  облысымыздағы жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құрап, жылдың басындағы  көрсеткішпен салыстырғанда 0,8 пайызға  төмендеді.

Бүгінде «екі қолға бір  күрек» іздегендердің кәсіптік оқыту  арқылы оларды жұмысқа орналастыру  мақсатында елімізде «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш  бұл бағдарламаның негізгі мақсаты  – тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып  табылады. Бағдарлама аясында сұранасқа  ие мамандықтарға қайта оқытуға  мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама аудан орталығында жылма-жыл өз жалғасын табуда. Аталмыш бағдарлама арқылы пайдалы кәсіп көзін тауып оны әрі дамытамын деушілердің қатары көбеюде. Аудан бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жай-жапсары жөнінде Байғанин аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрғизат Есқалиевтен білген едік.— «ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру, «жастар бағдарламасы» және уақытша әлеуметтік жұмыс орындары көзделеді. Ал екінші бағыт бойынша ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдем жасалады. Сол сияқты үшінші бағыт тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ болғандықтан бағдарлама арқылы ондай адамдардың әлеуеті төмен елді мекеннен экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар төртінші бағыт инфрақұрылым жасату кезіндегі нысандарға жұмысқа жіберу.Бірінші бағытта 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орнына бөлінген 6 млн 780 мың теңге қаражат өз мәнінде игерілуде. 24 жеке кәсіпкер немесе шаруа қожалықтарымен келісім-шарт жасалып, уақытша алынған жұмысшылардың жалақысы субсидия арқылы төленуде. Яғни жұмысшы жалақысының 50 пайызын біздің мекеме 50 пайызын жеке кәсіпкер береді. Бұл бағыт бойынша 24 кәсіпкердің қарамағына 49 адам жұмысқа орналастырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 26 адамға өсіп отыр. Келер 2013 жылға 60 адамды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биылғы жылға Ақтөбе қаласында орналасқан колледждер мен лицейлерге оқуға (кәсіптік оқу, қайта даярлау, біліктілігін көтеру) барлығы 42 адам жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 14-і қысқа мерзімді курстарды оқып бітірді. Осы жылдың қыркүйек айында 5 адам оқытылатын болады. 2013 жылға 15 қатысушыны кәсіптік даярлау, 20 қатысушыны қайта даярлаудың қысқа мерзімді курсына оқыту жоспарланып отыр. Осы жылға «Жастар бағдарламасы» бойынша 50 жас маманды жұмысқа орналастыруға 9 млн 292 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ, қазіргі таңда 63 жас маман жұмысқа орналастырылды. 2013 жылы 40 жас маманды жастар бағдарламасы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарда тұр.Екінші бағыт бойынша шағын несие беру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, консультативтік қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ол бойынша биыл ауданда 8 адам оқытылды. Былтырғы жылы 22 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Қазіргі таңда «Ақтөбе Ауыл Микрокредит» ЖШС арқылы бұл мәселе қатаң бақылауға алынып отыр. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші бүгінде азаматша Г. Ниязова биылғы несие алушыларға зиян келтіруде.Биылғы жылы да «Ақтөбе Ауыл Микрокредит» ЖШС несиені 7,5 % несие берілетін болады. 2012 жылы микрокредит алуға 44 млн 500 теңге, ИКИ (инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым) жасатуға 15 млн 500 мың теңге бөлінді. Бұл бағытта да жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда мал шаруашылығына 14 адам, тігін шеберханасына 1 адам, жол бойы қызметі (қонақ үй) 2 адам, кафе-асхана, наубайхана ашуға 1 адам, шаштараз -1, автокөлік жөндеу-2, жиһаз, пластик терезе жасау -2 адам. Қазіргі таңда жоғарыда аталып өткендердің 13-і 26 млн теңге көлнміндегі несиелерін алып, өз істеріне жаратуды жоспарлауда. Алдағы 2013 жылға қатысушыға инженерлік-инфрақұрылымнан жәрдем беру жоспарланып отыр. Микрокредитке қажетті сома жыл аяғындағы сұранысқа сәйкес көбеюі мүмкін.Бағдарламаның үшінші бағыт шеңберінде тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ болғандықтан, бағдарлама арқылы ондай адамдардың экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған. Бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді. Яғни, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарынан әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына көшуге мемлекеттік қолдау көрсету. 2012 жылға әлеуметі төмен елді мекеннен әлеуеті жоғары елді мекенге 6 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе қаласынан салынатын үйлерге көшетін 6 отбасы комиссияға салынып, алдағы уақытта толық шешімін таппақ.Ал төртінші бағытқа тоқталар болсақ, биылғы жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына енгізілген бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауылдық елді мекендерді дамыту болып табылады. Яғни, төмендегідей инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асыру үшін беріледі. Атап айтқанда коммуналдық және көліктік инфрақұрылымды қайта өңдеу, орта және ағымды жөндеу жұмыстарына (су жүргізу, канализация, газ, жылу, электрмен қамтамасыз ету жүйелері, елді мекен және ауыларалық жолдар), әлеуметтік инфрақұрылымдарды қайта өңдеу, түбегейлі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарына (білім, денсаулық, әлеуметтік, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс орындары), абаттандыру (көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз қалған нысандарды жою, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, кіші архитиктуралық формаларды, қоршауларды, балалардың ойын алаңдарын жасақтау) салалары бойынша 23 адамға беріледі деп жоспарланып отыр. Осы бағыттар орындалған жағдайда жұмыссыздардың 50 пайызы жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жұмысқа орналасатын болады. Аталған жаңа бағыт ҚР Үкіметінің 30.03.2012 жылғы №378 Қаулысымен бекітілген. Алайда ауданға төртінші бағыт алдыңғы жылдың еншісінде.Халқымыздың әлеуеті жақсармай жұмыссыздардың саны азаймай, еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі.


 

 

2.3 «Жұмыспен қамту - 2020»  бағдарламасы және оны іске  асырудағы мәселелер

Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты  жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз.

Соның үлкен көздерінің бірі – 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарламаның  негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Биылғы жылы тағы да осындай 192 жобаны іске қосу жоспарланып  отыр. Осылардың негізінде жаңадан  сан мыңдаған жұмыс орындары ашылатын болады. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай  бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасында нақты айқындалған.

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың  іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек  нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен  өз бетінше жұмыспен айналысушыларды  жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің  белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін  жүктеді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының  Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру  барысында елде қарқынды дамушы еңбек  нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту  деңгейі тұрақты өсуде.

Алайда оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай  отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттілігінің объективті болжамы  жоқ. Еңбек ресурстары сапасының  төмендігіне және өндіріс пен  оқудың арасында нақты байланыстың  болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.

Жұмыспен қамтылған халық  құрылымында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы  ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми  еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып табылады.

Еңбек нарығында қалыптасқан  мұндай ахуалдың тікелей салдары  кедейліктің сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен  күнкөріс деңгейінен аз.

Табысы аз адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесінде жұмыспен қамтуға  және табыс табуға жәрдемдесудің  белсенді шаралары жеткілікті қолданылмайды.

Әлемдік тәжірибеде осы тектес проблемаларды шешу үшін еңбек нарығындағы  белсенді бағдарламалар (бұдан әрі  – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек  ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау  және қайта даярлау), жұмыс күшіне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеуді жетілдіру (жұмыспен қамту қызметтерін құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жігерін  жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік қолдау жүйесімен үйлестіру («құқықтар мен міндеттер» немесе «өзара міндеттер» стратегиялары, бұл  жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер  көрсетуге міндеттенеді, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды іздеуді  жүзеге асыруға міндеттенеді) арқылы жүзеге асырылады.

ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелі қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнімділігі мен жалақының  өсуін, әлеуметтік тұрғыдан – жұмыссыздықтың төмендеуін, еңбек белсенділігінің  артуы мен адам әлеуетінің дамуын болжайды.

Бастапқыда мұндай бағдарламалар  экономикалық күйзеліс кезеңінде және жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болған кезде қолданылған, ал қазіргі  уақытта – экономикасы ауыспалы елдердегі өнеркәсіптік қайта құрылымдаудың  кері әсерін азайту және еңбек нарығынан  айтарлықтай алшақ халықтың әлжуаз топтарын кіріктіру үшін қолданылады.

Осының негізінде қол  жеткізілетін оң нәтижелер ЕНББ әзірлеудің және қазақстандық еңбек нарығында  да қолданудың өзектілігін арттырып отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

Бағдарлама Мемлекеттік  бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды  жалғасы болып табылады, бұл ретте  дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі  тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән  беріледі

Бағдарламаны іске асыру  екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1-кезең – 2010 жылдан  бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте  2010 жыл пилоттық жыл болып табылады.

2010 жылы Бағдарламада  міндеттерді шешу үш бағыт  бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын  және әлеуметтік жұмыс орындарын  қоспағанда); кәсіпкерлік секторды  сауықтыру; экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

2010 – 2014 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

2-кезең – 2015 жылдан  бастап 2020 жыл аралығы. 

2015 – 2020 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

Бағдарламаны іске асыруға  республикалық бюджеттен 2010 жылы  
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

1) жаңа бизнес-бастамаларды  қолдауға 12 млрд. теңге;

2) кәсіпкерлік секторды  сауықтыруға 16 млрд. теңге;

3) экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.

Бағдарламаны одан әрі  қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына  арналған республикалық бюджетте көзделген  қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Облыстағы жұмыссыздар қатары 2010 жылдың 9 айында 1800 адамға кеміді. Жұмыссыздықтың төмендеуіне елімізде жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы» ерекше әсер еткен  еді. Ал бағдарлама аяқталған уақытта  статистикалық мәліметтер қаншалықты өзгеруі мүмкін.

Биыл «Жол картасы» бағдарламасы аяқталады. Бүгінгі күні бірқатар нысандардағы жұмыс бітуге тақау. Қайта даярлау  курстарындағы сабақ та көп ұзамай тәмамдалады. Бағдарламаның көздегені - қаржы дағдарысы кезінде жұмыссыздарды  қолдау болатын. Статистика мамандарының есептері бойынша, жетістіктер мол. Жұмыспен қамту органдарына келгендердің қатары екі есеге өскен. Олардың  көпшілігі жұмыс тапты. Биыл жұмысты  болғандар саны 2008 жылмен салыстырғанда  екі есеге өскен.  
«Жол картасы» бойынша 19 192 адам еңбекпен қамтылды. Бұл жылдары жұмысшы мамандықтар бойынша орын мол болды. 2009 жылы бағдарлама бойынша облыста 4,5 миллиард теңге игерілді. Ал биыл 5,4 миллиард теңге осы істі жалғастыруға бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар, мәдениет ошақтары қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы бұл тізімге мұрағаттардың ғимараттары да қосылды. Жұмыстың 53,5 пайызы күрделі жөндеу бойынша жүргізілді. Мердігерлікке негізінен кішкентай серіктестіктер жұмылдырылды. Яғни, «Жол картасының» кіші және орта бизнеске де пайдасы тиді. Енді бір жарым айда бағдарлама мерзімі аяқталады. Дегенмен еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары жұмыссыздық деңгейі бұрынғы межеге жетпейтінін айтады.

«Жол картасы» өзге де ұзақ мерзімді бағдарламалардың жүзеге асырылуына негіз болды. Екі жылдың ішінде өңірде 23 қайта даярлау орталығында 40 мамандық бойынша курсттар жүрді. Курс тыңдаушыларының 82 пайызы жұмыс тапты. Аспаздар мен  шаштараздар ауылдарда іске кірісті. Ал электрдәнекерлеушілер әлі де керек. Биыл курстан өткен 489 адам да бұл қажеттілікті толық өтей алмайды.  
«Бизнестің жол картасы - 2020»бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға жастар практикасына 966 адам жіберілді.

Солтүстік Қазақстан облысында  Жол картасы аясындағы «Жастар  тәжірибесі» бағдарламасына сай  осы жылы білім беру орындарының 1 025 түлегі жұмыспен қамтылады деп  күтілуде.

Жол картасының төрт бағыттарының бірі жастар тәжірибесін ұйымдастырып, оны өткізу болып табылады. Облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша, 2010 жылы осы жоспарға сәйкес 1 025 адам тіркеліп, республикалық бюджеттен 123 миллион теңге бөлінген. Маусымның 1-індегі жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 13,2 миллион теңгесі немесе қаңтар-мамыр  айларына арналған жоспардың 100 пайызы орындалған.  
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін азаматтармен басқа да қызметкерлер санаты секілді еңбек шарты міндетті түрде жасалуы тиіс. Тек бір айырмашылығы – еңбек келісімшартының мерзімі әр өңірге қарай алты айға дейінгі мерзімге жасалады. Өйткені «Жастар тәжірибесі» бойынша жас маман мекемеде алты айға дейін ғана еңбек ету құқығына ие. Бұл ретте олардан ҚР Еңбек кодексінің 31-бабында көзделген құжаттар талап етілуі тиіс.

Жастар тәжірибесі-бұл  жоғары оқу орындары,колледж бен  лицейді бітірген түлектер үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған  мүмкіншілік.

Бітіруші түлек Жастар тәжірибесін меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жастар тәжірибесіне қатысқан жоғары оқу түлектеріне  мемлекет тарапынан 100 % көлемде 15 мың  теңге төлем ақы жүргізіледі.Ал жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша  төлем беруіне құқылы. Жастар тәжірибесінің  ұзақтық мерзімі - 6 ай Жастар тәжірибесін  өтуге ниет білдіруші жоғары оқу  орындарын бітірген түлектерге

Жастар тәжірибесі дегеніміз  ЖОО, колледждер мен лицейді бітіруші түлектерге мамандық алғаннан кейін  алғашты тәжірибе алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырған  қосымша шара.

Жастар тәжірибесіне қатысушы жас түлектерге мемлекет тарапынан  ай сайын 100% көлемде 15 мың теңге айлық  төленеді.(салық төлемдерін есептемегенде).

Бітіруші жас түлектер Жастар тәжірибесіне меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жұмыс  беруші өзінің қалауынша қосымша  төлем ақы бере алады.

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары