Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

Жұмыспен қамту саласындағы  маркетингтің қызметтері, ұйымдастыру  принциптері мен мақсаттары 2 - суретте  көрсетілген.

Жұмыспен қамтудағы экономикалық қызмет

-халықтың жеке мүдде-  лерін қамтамасыз ету;

-жұмыспен қамту саласында  қызмет

Мақсаты

Қызметтер

Ұйымдастыру

принциптері

-әлеуметтік тиімділікке  қол жеткізуге ықпал ету;

- қоғамның қажеттілігін  қанағаттандыру.

- жұмыспен қамтуда сұраныс  пен ұсыныс нарықтарын зерттеу;

- ғылыми зерттеулер мен  жобалар; 

Жұмыспен қамту саласындағы  экономиканың менің ойымша, әлеуметтік-экономикалық-этикалық бағыттылығы болуы тиіс, өйткені  жұмыс берушілер жұмыстан босатылған адамдарға жауапты болуы тиіс және халықты жұмыспен қамту органдары  сияқты қаланың және ауданның, оның ішінде ең алдымен аймақтардағы еңбек  нарығында тұрақты жағдайды сақтауға ықпал етуі тиіс.

Биліктің жергілікті органдарының, жоғары, орта арнайы және орта мектептердің басшыларына, жұмысшылар мен мамандардың  даярлығының кәсіби-біліктілік құрылымы мен көлемін, еңбектің аймақтық нарығының  қажеттілігіне сәйкестендіру және келістіруі қажет.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысы қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам  өмірін демократияландыру мен ізгілендіру  бағытында болып жатқан түбегейлі  жаңаруларға байланысты республикамыздың білім беру мекемелеріндегі шәкірттің  кәсіп таңдау мәселесіне жаңа талаптар қойылуда.

Меніңше, қазіргі қоғамымыздағы  белең алып бара жатқан жұмыссыздық  мамандықтың дұрыс таңдалмауынан  туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп есептейміз.

      Еңбек нарығының түсінігі. Қазақстанның жəне өзге де кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына жəне еңбек нарығының туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мəселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.

Қазіргі заманда  еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық жəне құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бұл қатынастардың субъектілері болып əрқайсысы еңбек нарығында ортақ жəне ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады. Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табумақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму жəне жұмыс беруші мен қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып,

реттеуші жəне үйлестіруші болып табылады. Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік ретінде де қарастыруға

болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады. Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады.

Аталған құқықтық кеңістіктердің шектері «қатып қалған» статикалық сипатқа ие емес. Еңбек нарығының құқықтық кеңістігінің шектерін өзгерту мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен байланысты. Халықтың жұмыс істейтін бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында да, бұл аумақтан тыс жерлерде де жұмысқа тұрып, одан өз еркімен шыға алады. Сонымен, еңбектің қозғалысы (халықтың көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттің еңбек  нарығындағы негізгі жəне басты функциясы – бұл еңбек нарығының өркениеттік нысандарын қамтамасыз ету жəне дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру мəселелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында – жұмыссыздық проблемасының туындауымен ден қойды. Дəл осы кезден бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі:

- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен;

- қызметкерлердің  жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен, жұмыссыздықтан қорғауға жəне еңбекке қатысты конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» туралы заңымен;

- халықты жұмыспен  қамтудың жəне жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;

- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 «Əлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарының ең төменгі санын (квотасын) белгілеу мəселелері туралы» қаулысымен; өз қызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін, еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен əлеуметтік-əріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен;

- Чернобыль апатынан  жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер жəне т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен жəне арнайы нормативтік құқықтық актілермен;

- ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының қолданылуына түсіндірме жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.

Бұл нормативтік  құқықтық актілердің мəні мыналардан көрініс табады:

1) олардың негізінде  халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік органдар құрылған жəне қызмет етеді;

2) жұмыссыздық,  жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс жəне т.б. осы сияқты жаңа түсініктерді бекітті;

3) жұмыссыз тұлғаның  мəртебесін бекітті;

4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын анықтады;

5) ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5-бабында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекітілді;

6) азаматтардың  халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын анықтады;

7) халықты жұмыспен  қамту жөніндегі уəкілетті органның жұмысын ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;

8) жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, соның ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту жəне кəсіби дайындығы жүйесін дамытуға жəне қоғамдық жұмыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысуын көздеді;

9) əлеуметтік  жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға мақсатты əлеуметтік көмек көрсетудің тəртібін анықтады.

Сонымен, халықты  жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:

- еңбекке жəне  кəсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;

- қызметінен  негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;

- тиісті жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның тегін көмегін алуды;

- жаңа кəсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді жəне біліктілігін тегін көтеруді;

- кəсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сəйкес тиісті мамандарды тауып беруді.

Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, жұмыс берушілер үшін де ерекше мəнге ие, себебі, олар жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс берушілер үшін қажетті мамандарды таңдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы бұл құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі уəкілеттік

органмен қарым-қатынасын реттейді.

Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның бірінші тарауында халықты жұмыспен қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы субъектілерге келесідей заңды анықтамалар берілген:

«Жұмыспен қамтылу – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жəне оларға

табыс немесе кіріс əкелетін қызметі». Басқаша айтар болсақ, жұмыспен қамтылған тұлға – бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде жүзеге асырушы, яғни, еңбек қызметіне қатысушы тұлға.

Бұл ретте ескеретін  бір жайт, ҚР Конституциясына жəне ҚР «ҚР еңбек туралы» заңына сəйкес азаматтарға өздерінің еңбекке қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиесілі. Заңдарда көздемесе, еңбекке мəжбүрлеудің қандай да бір нысанына жол берілмейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінде жазалау шарасы ретінде түзету жұмыстары көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек соттың негізінде ғана жүзеге асырылады.

Сонымен, азаматтардың жұмыспен қамтылмағандығы оларды жауапкершілікке тартудың негізі болып табылмайды. Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 2-бабына сəйкес, жұмыспен қамтылған халыққа мына азаматтар жатады:

1. жеке еңбек  шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (кызметі, кірісі) бар;

2. кəсіпкерлік  қызметпен шұғылданатын;

3. өз бетінше  жұмыспен айналысатын;

4. қосалкы кəсіпкерлікпен айналысатын жəне шарттар бойынша өнімді өткізетін;

5. жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері;

6. ақы төленетін  қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;

7. Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі əскерлерінде, Республикалық Ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімдерінде жəне өзге де əскери құрылымдарда қызмет етіп жүрген азаматтар азаматгар жатады.

Байқап отырғанымыздай, «жұмыспен қамтылғандар» түсінігі «қызметкерлер» түсінігіне қарағанда əлдеқайда кең. Себебі, қызметкерлер жұмыспен қамтылғандардың көпсанды болса да, бір бөлігін ғана құрайды.

Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің еңбек ресурстарын құрайды.

Жұмысқа орналасу – азаматтың жұмысты іздеу жəне иелену үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:

- азаматтың өзі  жұмыс іздеп, оған орналасуы;

- халықты жұмыспен  қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі уəкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы;

- азамат өзі  бұрын жұмыс істеген жəне кінəсіз қызметтен босатылған өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы;

- жұмысқа орналасудың өзге де тəсілдері.

Мысалы, квота  бойынша жұмысқа орналасу. Бұл тəсіл жұмысқа ораналасудың арнайы нысанын – көмекті қажет ететін тұлғалар үшін жұмыс орындарын сақтап, бұл жұмыс орындарына мүгедектерді, жасөспірімдерді жəне т.б. жіберуді білдіреді.

Заңда «лайықты жұмыс» түсінігіне мынадай анықтама берілген: «Тіркелген жұмыссыз азаматтар өзінің кəсіби даярлығына, еңбек стажына жəне бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесіне, жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сəйкес келетін жұмыс лайықты

жұмыс деп есептеледі». Мысалы, егер хирург дəрігерге медбикенің орнын, ал оқытушыға мектепте еден сыпырушының орнын ұсынса – бұл лайықты емес жұмыс болып табылады. Немесе құрылысшы- инженерге оның кəсібі жəне біліктілігі бойынша, бұрынғы жұмыс орнындағыдай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыста лайықты емес жұмыс болып табылады.

Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кəсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала кəсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас жəне өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың талапатарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.

Жұмыс лайықты  емес деп саналады, егер:

- ол жұмыссыздың  келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен байланысты болса;

- жалақысы бұрынғы  жұмыс орнындағы орташа жалақыдан төмен болса;

- еңбек жағдайлары  еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік нормаларына сай келмесе.

Ал кімдер жұмыссыз деп саналады екен? ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңында жұмыссыздарға мынадай анықтама берілген: «Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген жəне оған кірісуге дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар». Жұмыссыз мəртебесін иелену үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда тіркелу қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, жеке куəлігі, əлеуметтік жеке кодты (ƏЖК) беру туралы куəлік, еңбек кітапшасы (немесе еңбек қызметін куəландыратын өзге де құжат), арнайы білім, біліктілік туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары