Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыста

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң 2-бабында қылмыс-тық құқық қорғау объектiлерiнiң қатарына тұңғыш рет бейбiт-шiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгi мүддесi қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнде бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарға жеке тарау берiл-ген. Мұндай қылмыстар халықаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшiн жауаптылықтың негiзгi қайнар көзi Халықаралық әскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948) болып табылады. Осы Жарғыда бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың жауаптылығының негiздерi және олардың түрлерi: 1) бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар; 2) со-ғыс қылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсе-тiлген. Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидтi, 1974 жылы апартеидтi халықаралық қылмыстар деп

Содержимое работы - 1 файл

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.docx

— 38.26 Кб (Скачать файл)

Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

Кіріспе

Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң 2-бабында қылмыс-тық құқық қорғау объектiлерiнiң қатарына тұңғыш рет  бейбiт-шiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгi мүддесi қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнде бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарға жеке тарау берiл-ген. Мұндай қылмыстар халықаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшiн жауаптылықтың негiзгi қайнар көзi Халықаралық әскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948) болып табылады. Осы Жарғыда бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың жауаптылығының негiздерi және олардың түрлерi: 1) бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар; 2) со-ғыс қылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсе-тiлген. Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидтi, 1974 жылы апартеидтi халықаралық қылмыстар деп жариялады. БҰҰ-ның 1991 жылғы 43 сессиясы бейбiтшiлiк пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексiнiң жобасын қарап, оны мемлекеттердiң үкiметi-нiң қарауына, пысықтауына жiбердi. Осы көрсетiлген Кодекс жобасына сәйкес бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың 12 құрамы көрсетiлген.

Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу әлi аяқталған жоқ, мұның өзi мемлекеттердiң ұлттық қылмыстық кодексiн қабылдауда осы мәселеде белгiлi бiр қиындықтар туғызып отыр. Бiрақта Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi-нiң 4-тарауында халықаралық құқықтың жұрт таныған принцип-терi мен нормаларына негiзделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшiн жауаптылық көзделген.

Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi халықаралық құқық нормаларымен белгi-ленген Жалпыға бiрдей бейбiтшiлiк пен халықаралық қауiпсiздiк болып табылады. Осы қылмыстардың кейбiр құрамдарының мiндеттi белгiсi қылмыстың заты (Мысалы, ҚК-тiң 158-бабындағы — химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жоятын қарулар) болады.

Объективтiк жағынан осы топқа  жататын қылмыстар қоғам-ға қауiптi iс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар денi формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық кодекстiң 161-бабындағы қылмыс — экоцид құрамы үшiн қоғамға қауiптi зардап — экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтiк жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тiкелей қасақаналықпен, ал қайсыбiр құрамдар белгiлi бiр мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.

Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған есi дұрыс, жай адамдар. Кейбiр қылмыс құрамының субъектiсi – арнаулы субъект мем-лекеттiк жауапты қызмет атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164-баптың 2-тармағы). Тiкелей объектiсiне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегiдей топтарға бөлiнедi.

Бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар: Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу (156-бап). Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (157-бап). Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (158-бап).

Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану (159-бап). Жалдамалылық (162-бап).

Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид                (161-бап).

Халықаралық қорғау аясындағы адамдар  мен ұйымдарға қарсы қылмыс: Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап).

Әлеуметтiк, нәсiлдiк ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiндегi конституциялық принципке қол сұғу; әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру  
(164-бап).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Бейбiтшiлiкке  қарсы қылмыстар

 

1.1 Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу   (156-бап)

Қылмыстың тiкелей объектiсi — халықтар арасындағы бейбiт-шiлiк. Мемлекеттердiң бейбiт қатар өмiр сүруi және достығы.

Объективтiк жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзiнiң 1974 жыл-ғы 14 желтоқсандағы 3314 (ХХIХ) қарарында тұңғыш рет басқыншылықтың (агрессияның) анықтамасын берген. Онда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сай келмейтiн тұрғыда бiр мемлекеттiң өзiнiң қарулы күштерiн екiншi мемлекеттiң егемен-дiгiне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсiздiгiне қарсы қолдану немесе басқадай тәсiлдердi пайдалану арқылы оларға ықпал етуi басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетiлген.

Қылмыстың объективтiк жағы бiрнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның бiрiншiсi – басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбiт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерiн жүргiзудiң арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерiн жүргiзуге бағытталған әр түрлi әдiстемелiк құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекеттi белгiлеу, басқыншылық соғыс әрекеттерiн жүргiзудiң мерзiмiн және көлемiн белгiлеу әрекеттерi жатады.

Басқыншылық соғысты әзiрлеуге жоспарланған ұрыс әрекет-терiн жүзеге асыруға  арналған нақты iс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердiң санын күрт көбейту, азық-түлiк немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетiн жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс iсiне моральдық тұрғыдан бейiмдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес басқыншылық актiсiне: бiр мемлекеттiң қарулы күштерiнiң басқа мемлекеттiң аумағына басып кiруi немесе соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттiң аумағын бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерiн қолдану; басқа мемлекеттiң құрылықтағы, теңiздегi немесе әуедегi күштерiне қарсы шабуыл жасау,1 т.с.с. әрекеттер жатады.

Көрсетiлген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетiлген — басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру әрекеттерiнiң бiреуi iске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыс-тың субъектiсi арнаулы. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын лауазымды адамдары, оның түсiнiгi Қылмыстық кодекстiң 307-бабының 2-тармағында берiлген. Қылмыстық кодекстiң 156-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрi — басқыншылық соғысты жүргiз-генi үшiн жауаптылық белгiленген. Басқыншылық соғысты

жүргiзу деп тұтандырылған соғыс өртiн аяғына дейiн жеткiзу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерiн жалғастыруды айтамыз.

 

1.2 Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (157-бап)

Қылмыстың тiкелей объектiсi мемлекеттердiң  өзара бейбiт өмiр сүру және өзара  тату қарым-қатынаста болу мүддесi болып  табылады. Қылмыс объективтiк жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.

Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескi түрде болуы мүмкiн. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгi берулер арқылы болуы мүмкiн. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғыс-ты тұтандыруға қызмет етуi қажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа — кiнәлiнiң үшiншi бiр адамның қатысқан (митингiлерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын iс-әрекеттерiн жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мәтiнiн жұртқа жiберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулердi, плакаттарды, суреттердi көрнектi жерлерге iлiп қою сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың диспозициясында көрсетiлген iс-әрекеттi — басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған есi дұрыс кез келген адам.

Қылмыс субъективтiк жағынан тек тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты  қызмет атқарып отырған лауазымды  адам жасаған дәл сол әрекет — осы қылмыстың ауырлататын түрiне жатады (157-баптың 2-тармағы).

Бұқаралық ақпарат құралдарына  — баспасөз құралдары, радио, теледидар  т.с.с. жатады. Мемлекеттiк жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттiң мiндетiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiлiгiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызмет-тердi атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда белгiленген мемлекеттiк қызметшiлердiң жоғары, бiрiншi және екiншi лауазым санаттарына жататын лауазымда iстейтiн адамдар жатады (ҚК-тiң 307-бабының түсiндiрмесiнiң 2-тармағы).

 

1.3 Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (158-бап)

Қылмыстың тiкелей объектiсi бейбiтшiлiк қауiпсiздiгi және бейбiт қатар өмiр сүру қауiпсiздiгi болып табылады.

Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында  халықаралық шарттар бойынша  өндiруге тыйым салынған жаппай қырып- жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлерi, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға — ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға — уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелерiне басқадай әсер ететiн қарулар жатады. Биологиялыққа — әр түрлi бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсiмдiктердi жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.

Қылмыс объективтiк жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  халықаралық шартымен ты-йым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, алу немесе өткiзу арқылы сипатталады. Өндiруге көрсетiлген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттерi жатады. Алуға — көрсетiлген қылмыстың заттарын кез келген тәсiлмен — сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшiн алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткiзуге — көрсетiлген заттарды тегiн немесе ақы алып тарату әрекеттерi жатады.

Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетiлген осы әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.

Қылмыс субъективтiк жағынан тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Соғыс қылмыстары

 

2.1 Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану                 (159-бап)

Соғыс жүргiзудi реттейтiн бiрсыпыра заңдылық күшi бар халықаралық актiлер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы                      16 сәуiрде Парижде қабылданған теңiздегi соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдiретiн қаруды қолдануды жою жөнiндегi Декларация, 1899 және 1907 жылдары Гаагада қабылданған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы) және тағы басқалары.

Қылмыстың тiкелей объектiсi халықаралық құқық нормаларымен белгiленген соғыс жүргiзудiң құралдары мен әдiстерiн қолдануды реттейтiн қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтiк жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатыгездiкпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшiру, басып алынған аумақта ұлттық мүлiктi тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдiстердi әскери жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерiнiң қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтарының мүшелерi, қарсыласу қозғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететiн адамдар жатады. 1949 жылғы «Соғыс тұтқындарымен қатынас жөнiндегi» Женева конвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына iзгiлiкпен қарау белгiленген, оларға қатыгез-дiктi қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұтқындарға — соғысқа қатыспаған, бiрақ жау қолына түсiп қалған бейбiт тұрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбiт тұрғындарға қатыгездiктi қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұрғындарды күштеп көшiруге бейбiт тұрғындарды өздерi мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен ерiксiз көшiру, қоныс аудартулар жатады.

Басып алынған аумақта ұлттық мүлiктi тонауға — соғысушы жақтың өзi басып алған мемлекеттiң мүлкiн жою, қирату немесе оларды талан-таражға салып, өз мемлекетiнiң меншiгiне алу әрекеттерi жатады. Ұлттық мүлiкке — материалдық және рухани игiлiктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдiстердi, әскери жанжалды қолдануға адамзатқа қасiрет әкелетiн және қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдiретiн, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялық заттарды, жаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының халықаралық  шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою  қаруын қолдану осы қылмыс құрамының  ауырлататын түрi болып табылады (159-баптың 2-тармағы).

Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан  да ол осы баптың диспозициясында  көрсетiлген әрекеттердiң бiреуiн iстеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектiсi – 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.

Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

 

2.2 Жалдамалылық (162-бап)

Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1976 жылғы 30 қарашадағы №31/34 қарарына сәйкес жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану қылмыстық жазаланатын iс-әрекет деп танылған және барлық мемлекеттердi осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргiзуге арналған қылмыстық-құқықтық норма қабылдауға шақырған. Қауiпсiздiк Кеңесi 1976 жылғы осы қарарды қуаттап, 1977 жылы 7 қарашада өзiнiң арнаулы 32/14 нөмiрлi қарарын қабылдаған. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшiн қылмыстық жауаптылықты белгiлейтiн арнаулы бапты енгiздi. Қылмыстың тiкелей объектiсi халықаралық құқық нормалары белгiлеген соғыс жүргiзудiң құралдары мен әдiстерiн қолдануды реттейтiн қоғамдық қатынастар.

Информация о работе Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыста