Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 09:54, курсовая работа

Краткое описание

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
§1. ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Еліміздің кылмыстык кұкық теориясыңдағы, ғылыми дотринадағы, іс-әрекеттін. кылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың жиьнтығына қарамастан ұзақ уакыт бойы Казақстанның кылмыстық заннамасында тек кажетті қорғану мен мәжбүрлі кажетгіліктін белгісін кұраған екі норма ғана іске асырылып келді.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая на каз яз. уголовное право.doc

— 153.00 Кб (Скачать файл)

     4. Мемлекет қызметтерін және мемлекеттік  органдардың өкілеттіктерін тікелей  орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақ-стан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі.

     308-бап.  Билікті не қызметтік өкілеттікті  асыра пайдалану

     1. Билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардын немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы екі жүзден бес жуз айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.

     2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, үш жүзден жеті жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшеріңде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, бес жузден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе езге де табысы мөлшеріңде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.

     4.Осы  баптың бірінші, екінші немесе  үшінші беліктеріңде көзделген  әрекеттер не ауыр зардаптарға  әкеп соқтырған әрекеттер:

     а) күш қолдану немесе оны қолданамын дел қорқыту арқылы;

     б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;

     в) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса,  жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.»;

     10) 310-бап мынадай редакцияда жазылсын: «310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

     1. Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұңдай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппулұл сала отырып, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырык сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер, үш жүзден бес жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сот-талған адамның уш айдан бес айга дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл саяа отырып, он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан айыру-ға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     3. Лауазымды адамдардың мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішіңде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілеттігін беруге әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасауы, жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу қуқығынан айыруға жазаланкады.»;

     11) 311-бапта: бірінші бөлікте:

     «Лауазымды  адамның», «лауазымды адамның» деген  сөздер «Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген  адамның», «мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

     «үш жылға дейінгі» деген сездер «бес жылға дейінгі» деген сөздермен  ауыстырылсын;

     екінші  бөліктегі:

     «Лауазымды  адамның» деген сөздер «Лауазымды адамның  нақ сол әрекеттерді жасауы, сол  сияқты» деген сөздермен ауыстырылсын;

     «үш жылға дейінгі» деген сөздер «жеті  жылға дейінгі» деген сөздермен  ауыстырылсын;

     үшінші  бөліктегі «үш жылға» деген сездер «жеті жылға» деген сөздермен  ауыстырылсын;

     ескертудің 2-тармағындағы «лауазымды адамның» деген  сөздер «мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

     12) 312-бапта:

     бірінші бөліктегі «Лауазымды адамға» деген  сөздер «Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген  адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;

     екінші  бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

     «Лауазымды  адамға пара беру, сол сияқты көрінеу  заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін немесе әлденеше рет пара беру немесе үйымдасқан топтың пара беруі  — »;

     ескертуде «Лауазымды адамға», «лауазымды адам», деген сөздер «Мемлекеттік қызметтер аткаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға», «мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам» деген сөздермен ауыстырылсын;

     13) 314 және 315-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

     «314-бап. Қызметтік жалғандық жасау

     1. Қызметтік жалғандық жасау, яғни мемлекеттік кызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамнын. ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі, егер бүл әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар  үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса, жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жуз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет,-

       үш жүзден бес жүз айлық  есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезекдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейіңгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеітерді, егер оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса, бес жузден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалакысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазәланады.

     315-бап.  Қызметтегі әрекетсіздік

     1. Қызметтегі әрекетсіздік, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін   орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мудделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейіңгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейіңгі кезендегі жалақысы немесе өзге да табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе  сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мелшерінде айыппұл салүға не бес жылға дейінгі мерэзімге белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалайды.

     4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктеріңде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды артқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

     14) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     1.349-бап  Коммерциялық сатып алуға не  сыбайлас жемқорлық қылмысқа  арандату

     1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару кызметтерін атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтары қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз ақша, мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттері     

     жүзден  үш жүз айлық есептік көрсеткішке  дейінгі мөлшерде немесе сотталған  адамның бір айдан үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге да табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады.

     2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға немесе оған теңестірілген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейіңгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. »;

  1. 351-баптың екінші бөлігі «Адамды» деген сөзден кейін «сыбайлас жемқорлық», деген сөздермен толықтырылсын;
  2. 352-баптын. екінші бөлігі «Адамды»деген сөзден кейін «сыбайлас жемқорлық» деген сөздермен толықтырылсын;
  3. 354-баптың төртінші бөлігі «жасалған» деген сөзден кейін «, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты» деген сөздермен толықтырылсын.

     2. 1997 жылғы 13 желтоксандағы Қазақстан  Республикасының Қылмыстық іс  жургізу кодексіне (Қазақстан  Республикасы Парламентінің Жаршысы. 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., №23. 416-құжат: 2000 ж., N З-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., №8, 53-қужат; №15-16. 239-құжат; N -17-18, 245-құжат, N 21-22. 281-құжат; 2002 ж., №4. 32. ЗЗ-құжаттар; №17. 155-құжат; N«23-24. 192-құжат):

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар