Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 09:54, курсовая работа

Краткое описание

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
§1. ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Еліміздің кылмыстык кұкық теориясыңдағы, ғылыми дотринадағы, іс-әрекеттін. кылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың жиьнтығына қарамастан ұзақ уакыт бойы Казақстанның кылмыстық заннамасында тек кажетті қорғану мен мәжбүрлі кажетгіліктін белгісін кұраған екі норма ғана іске асырылып келді.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая на каз яз. уголовное право.doc

— 153.00 Кб (Скачать файл)

     4. Қол сұғушылық жасаған адам қылмыс жасаған уақытты 
үстінде немесе кылмыс жасағаннан кейін де, я болмаса кыл- 
мыстық жауаптылықка тартылуы мүмкін болған жағдайларға 
дейін де ұсталуға жатады.

     Арнайы  зерттеулерге қарағанда кылмыскерлердің 12%-і қылмыс жасағаннан кейін арада біраз уақыт өтіп барып қана қолға түсетін көрінеді. •

     5. Қылмыскерді ұстау, егер ол қысқа уакыт аралығында 
жүргізілсе заңды болып табылады. Қылмыскерді жәбірленуші, 
куәгер немесе баска да адамдар тез арада ұстап, тапсырулары 
қажет. Алайда, қылмыскерді ұзақ уакыт бойы жеткілікті 
негіздерсіз ұстау ҚК-тің 126 немесе 308-баптарына сәйкес жау- 
аптылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.

     Кылмыс  істеген адамды ұстаған кезде  зиян үшінші жаққа емес, тек қылмыскердін өзіне ғана келтірілуге тиіс. Қандай да болмасын жағдайларға байланысты қылмыскердің өміріне, ден-саулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде белгілі бір шарттардың болуы кажет.

     Олар  мыналар

     зардап  тигізудін қажетті болуы;

     арнайы  мақсаттың болуы;

     әрекеттін нақты жағдайларға сай болуы.

     Бұл шарттар заңды түрде қол сүғушыға зиян келтірудің дұрыстығын керсетеді.

     Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау  кезінде зиян келтірудің кажетті  болып табылуы мына жағдайларда:

     1) қылмыскердің әрекеті үшін түлғаға  (басқа адамға) онын өміріне, денсаулығына қауіп төндіруі жағдайында болып, кылмыскерге белгілі бір зиян келтірмей ұстау мүмкіндігі болмаса;

     2} қылмыскердің кашуға әрекеттенуі  немесе карсылык көрсетуі себепті  оған белгілі бір зиян келтірмей  ұстау мүмкін болмаса орын  алады.

     Қажеттлік мына үш факторға:

  1. қылмыскерге және ұстау кезіндегі онын әрекетіне:
  2. қылмыскерді үстайтын адамға;
  3. ұстау кезіндегі жағдайға байланысты сипатталады. 
    Кылмыс жасаған адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіру — тек қана оны ұстау, бас бостандығын шектеу мақсатымен ғана жүзеге асырылады. Ұстау мақсатымен қажетті түрде келтірілген зиян тиісті мән-жайға байланысты болуы керек.

     Кылмыстық кодекстін 33-бабының екінші бөлігінде  кажетсіз зиян келтіру жайында баяндалған: "Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян кажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстын сипаты мен қоғамдык қауіптілік дәрежесіне және ұстаудын мән-жайына корінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады".

     Заңда көрсетілгендей асыра сілтеуді былайша  түсінуге болады:

     а) қылмыс істеген адамды ұстағанда  істелген қылмыстың қаупінін сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда зиян келтіру;

     ә) ұстау жағдайына мүлде сәйкес келмейтіндей, оған байланыссыз салдар болса да шамадан тыс артық (кажетсіз) зиян келтіру Мысалы, болмашы зиян келтіріп ұстауға болатын болса  да, шамадан тыс ауыр, кажетсіз залал  келтіру, жарақат салу, ату, мүгедек ету т.б. әрекеттер.

     Заңда колданылатын, "ұстау кезіндегі  жағдайдың" мәнісі ретінде кең  ауқымды, әр түрлі объективті шарттарға  байланысты кылмыскерді ұстау кезінде  пайда болатын мән-жайларды айтуға болады. Мысалы, аса кауіпті қылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілетін зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға карағанда едәуір көп болатыны, түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-аткару кодексінің тиісті бабына сөйкес тұтқын орнынан қашкан әйелдерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Осыған байланыты жасөспірімдерді, әйелдерді, егде жастағы адамдарды, мүгедектерді қылмыс істеген кезде немесе одан кейін үстағанда оған колданылатын күштеу шараларын шектеу қажет.

     Зиян  келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын  қылмыскердің карулануына, қылмыс істеу  уақытына, орнына, жағдайына да байланысты. Қылмытскерді ұстау барысында онын өміріне қауіп келтіру кажетті  қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады.

     Қылмыскерді ұстаудағы шектен шығушылық қоғамға  қауіпті болып табылады және бұған  кінәлі адам қылмыстық жауаптылыкқа тартылады Алайда, қоғамға кауіптіліктің  бұл түрінің басқа қасақана қылмыс жасаудан кауіптілігі едәуір төмен. Сондықтан, шектен шығушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қылмыскердің өлімі кезінде (ҚК-тін 99-бабы) немесе кылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтірген кезде (ҚК-тің 110-бабы) тағайындалады. Мұндай жағдайдағы жасалған қылмыстар үшін жаза, әрине, касақана кісі өлтіру мең ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстарға тағайындалатын жазадан едәуір мөлшерде женіл болады.

     §4 АСА (МӘЖБҮРЛІ) ҚАЖЕТТІЛІК

     Аса кажеттілікке қатысты ҚК-тін 34-бабынын  бірінші бөлігінде: "Осы Колекспен  қорғалатын мүдделерге аса қажет  болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамнын немесе өзге де адамдардын өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды" делінген. Заңда көрсетілгендей, аса кажетгілік заңмен корғалатын мудделерді сақтап қалу үшін, зиян келтіру арқылы жасалатын кажетті жағдай әрекет. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек.

     Аса қажеттілік жағдайындағы әрекеттерді  кез-келген азаматтар жасай алады. Белгілі бір санаттағы азаматтар (мысалы, құқық қорғау органдарынын кызметкерлері, арнайы кызметкерлер және т.б.) төнген қауіпті тойтаруға міндетті болып табылады. Олардын өз міндетін орындамауы заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

     Іс-әрекет аса кажеттілік жағдайында жасалған болуы және онын заңды деп табылуы  үшін мынадай бірнеше шарттардың жиынтығы болуы қажет:

     Бірінші шарт төнген кауіпке қатысты шарт.

     Қауіп төніп тұрған және одан қорғану кезіндегі  аса қажеттілік жағдайындағы әрекет заңды болуы үшін әр түрлі қауіп  көздерінен туындайтын қауіп-катер:

  • белгілі бір адамның жеке басына, сол адамның немесе 
    бөгде адамдардың құқықтарына, коғам мен мемлекеттің заң- 
    мен корғалатын мүдделеріне төнуі керек;
  • нақты бар болуы керек;
  • шын мәнінде, анық болуы керек.

     1. Аса қажеттілікті тудыратын кауіптің көздері әр түрлі бо- 
луы мүмкін. Сондықтан оларды төмендегідей топтарға бөлеміз:

     а) Адамның өміріне, денсаулығына, бағалы материалдық 
мүліктеріне қауіп төндіретін табиғаттың немесе өкдірістік апат- 
тардың әсері (жер сілкінісі, дауыл, улы газдын таралуы жене т.б);

     ә) технжаның немесе әр түрлі механизмдердін бұзылуы, акаулығы;

     б) физиологиялық (суық, аштық) немесе биологиялык (әр 
түрлі аурулар болуы) процестер;

     в) адамның коғамға кауіпті әрекеті;

     г) жануарлардың (ит, өгіз, жабайы аңдар) шабуылы.

  1. Қауіп нақты болуы керек. Ол жоғарыда көрсетілген 
    мүдделерге тікелей төніп тұруы керек.
  2. Кауіп шын мәнінде анық (жалған емес) болуы керек. Яғни 
    заңмен корғалатын мүдделерге кауіп жөніндегі жорамал, елес- 
    тер емес нақты, шын мәніндегі кауіп тікелей төніп тұруы ке- 
    рек. Жалған қауіптің түсінігі, жалған корғанудын түсінігімен 
    ұқсас болып келеді.

     Екінші  шарт — төнген кауіптен қорғауға катысты  шарт. Аса қажеттіліктін, төніп тұрған кауіптілікті тыюға жататын заңды  шарттары мыналар болып табылады:

     а) Корғау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің  мудделерін корғауға бағытталған болуы керек;

     ә) Кажетті корғанудағыдай зиян қол  сұғушыға емес, баска, бөтен адамдарға (үшінші жаққа) келтірілуге тиіс;

     б) Аса қажеттілік жағдайында төніп тұрған кауіпті залал 
келтірмей тойтару, ешбір мүмкін емес болуы керек;

     в) корғау өз уақытында дер кезінде жүзеге асуы керек.

     г) Қорғану аса кажеттіліктің шегінен шығып кетеуі керек. 
ҚК-тің 34-бабының екінші бөлігіне сәйкес кұкық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тен немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылык тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылықка әкеп соғады. Аса қажеттілік те кажетті корғану сиякты занды және қоғамға пайдалы іс-әрекет болып табылады. Бірак, бұл екі институттың өзара  өзгешеліктері бар. Қажетті қорғануда қиянат жасаушыға келтірілген зиян, тойтарылған зиянан көп болуы мүмкін. Аса кажеттіліктің бұдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған зиян болған немесе орын алған зиянан гөрі көбірек болғанда ғана заңды болып саналады. Бұлардан баска, кажетті қорғануға қарағанда аса кажеттілік кезіндегі келтірілген зиян үшін, азаматтық-кұкықтық жауаптылық жойылмайды және де азаматтық іс жүргізу арқылы келтірілген зияннын орны толтырылуы мүмкін.

     §5. ОРЫНДЫ ТӘУЕКЕЛ ЕТУ

     Қазіргі ғылым мен техниканың күрт дамуы  кезенінде тәуекел кажеттілігі  көп туындап отыр. Бұл жағдай, яғни технологияны жетілдіру, өндірістік істер жургізуді үйрену, ғылыми тәжірибелер  жүргізу - заңмен қорғалатын мүдделерге қатысты тәуекелсіз жұмыстар жүргізу мүмкін еместігімен сипатталады. Сондықтан ҚК-тін 35-бабының бірінші бөлігінде қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық кодекспен қорғалатын мудделерге зиян келтірудің кылмыс болып табылмайтындығы бекітілген.

     ҚК-тің 35-бабы мынандай екі мақсатты көздейді: біріншіден, ғылым мен техниканын дамуының шапшандығын және адамның  денсаулығын сактауды камтамасыз ету; екіншіден, шыгармашылық, кәсіптік немесе шаруашылық кызметтерде орын алатын қажетгіліктерді қамтамасыз ету. Аталған кажеттіліктер тәуекелге барудын негізгі себептері болып табылады. Ал мұндағы мақсаттар тиімді жетістіктерге жету үшін туындайды. Тәуекел орынды болуы үшін онда мынадай бірқатар шарттардың болуы қажет:

  1. Тәуекел әлеуметтік пайдалы мақсатқа жетуге бағытталған 
    болуы керек (адамдардың өмірі мен денсаулығын корғауға, 
    мемлекет қорғанысын күшейтуге және т.б.);
  2. Алға қойылған әлеуметтік пайдалы мақсаттын, тәуекелсіз 
    жүзеге аспауы немесе жетістіктерге жету тәуекелсіз мүмкін 
    емес болуы керек;
  3. Тәуекелге бел буған адам заңмен қорғалатын мүдделерге 
    қажетті жағдайлардың барлығын жасаған болуы керек.

     ҚК-тін 35-бабының үшінші бөлігінде егер тәуекел ету адамдардың өміріне  немесе денсаулығына керінеу қатер  төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдык күйзеліске немесе езге де ауыр зардаптарға ұшырататын болса онда тәуекел ету орынды деп танылмайды делінген.

     Орынды  тәуекелдін аса кажеттілікпен белгілі  бір ұқсастығы бар. Ол ұқсастық мынада: екі жағдайда да қоғамға пайдалы  мақсатка жету коғам мүдделеріне зиян келтіру аркылы орындалады.

     Аса қажеттілікте адамнын әрекеті зиянды тойтаруға бағытталған. Орынды тәуекелде  әрекет коғамға пайдалы жана жетістіктерге  немесе қолда барды жақсартуға бағытталған. Аса кажеттілік жағдайында зиян үшінші жаққа келтіріледі. Ал орынды тәуекелде зиян тек қана бейтарап жакқа немесе қоғамдық мүдделерге келтіріледі. Аса кажеттілік жағдайында қауіпті тойтару арқылы сақтап қалған мүдделерге азырак зиян келтіріледі, ал орынды тәуекелде зиянның көлемінде ешкандай шек болмайды.

     §6. КҮШТЕП НЕМЕСЕ ПСИХИКАЛЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ

     Жаңа  Қылмыстық кодекстің 36-бабының бірінші  бөлігінде "Егер күштеп мәжбүрлеудін салдарынан адам өзінін, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен  корғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды" делінген.

     ҚК-тің 36-бабынын, екінші бөлігі бойынша психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде Қылмыстық  кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіңдігін сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе Кодекстін 34-бабының ережелері ескеріле отырып шешіледі.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар