Қылмыстық жауаптылықтың әкімілік, азаматтық, тәртіптілік жауаптылықтан айырмашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 20:27, реферат

Краткое описание

жалпы қылмыстық құқықтың ерекшелігігі, оның азаматтық, әкімшілік, тәртәптік құқықтардан айырмашылғы

Содержимое работы - 1 файл

реферат.docx

— 20.92 Кб (Скачать файл)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ  ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қылмыстық жауаптылықтың  әкімілік, азаматтық,

тәртіптілік жауаптылықтан айырмашылығы»

      

                                                                          Қабылдаған: Байкенжина  К.А.

                                                                Орындаған: Букенаева  П.

                                                                                      Ю-23к 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды-2011

Құқықтың  пайда болуы (нысандары)

 
Құқық әлеуметтік институт ретінде  мемлекетпен бірдей пайда болады. Көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, кұқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз  мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды  нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды  жаза қолданады. 
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады. 
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды. 
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тыйым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның негізінде қоғамдық қатынастарды әр түрлі деңгейде тәртіпке келтіруге мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижссі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.

Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен  рұқсат етілген тәртіп ережесі, ол ертеден  қалыптасып, ұзақ жылдар бойы қайталанған, адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма  ретінде бекітілгсн. Мемлекеттің  рұқсат беретіні барлық әдеттерге бірдей емес, тек өзінің мүдделеріне сай  ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары.

Қазақтардың «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін белгілі заңдары Қасым ханның есімімен байланыстырылды. Аталмыш заң ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеген. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастаған. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтаған. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейткен. Бұл заңға енген ережелер: 1) мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекауыл, тұтқауыл міндеттері)

       "Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды.

Тәуке хан өкіметінің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында “Жеті жарғы’’деген атау мен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағыын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауға шектеу үшін аян бай күресті.

“Жеті жарғы” көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны. 
-қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе оған ердің құнын төлеу (ер адамға- 1000 қой, әйелге -500); 
-ұрлық қарақшылық,зорлық зомбылықа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.  
-денеге зақым келтірілсе,оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ- 100 қой,шынашақ -20 қой);  
- егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады); 
- төре мен қожаның құны қарашадан 7есе артық төленеді; 
- егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді; 
- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; 
- өзіне- өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді; 
-егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп,одан өлі бала туса; бес айлық бала үшін- бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға- әр айына 1түйеден (анықтама үшін 100түйе- 300атқа немесе 1000қойға тең); 
-әйел зорлау кісі өлтіру мен бірдей қылмыс болып есептеледі Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс,егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;  
-егер ері әйелінің көзіне шөп салу кезінде ұсталса,өлтіруге қақылы,бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс,әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4сенімді адам теріске шығарса, әйел күмәнсіз деп табылып, жазадан босатылады; 
-Біреудің әйелін күйеуінің келісімісіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді,егер әйелдің келісімі мен әкетсе,күйеуіне қалың төлеп,қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;  
- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы қажет,сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады; 
- қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бүйырады; 
- құдайға тіл тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) тас пен атып өлтіріледі; 
- кәпір болған адам мал- мүлкінен айырылады; 
- құл өмірі құнсыз,ол қожайынның билігінде; 
- ата- анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;  
- Ұрлық жасаған адамүш тоғызы мен қайтарылуға тиіс; 
- ерінің ұрлығын біле тұра әйел мен баласы жазаға тартылмайды,өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналды; 
-өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады; 
-дан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс; 
- дауды шешу билер мен ақсақалдар ға жүктеледі; - куәлікке екі немесе үш адам жүреді; 
- билерге билік айтқан үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі; 
- егер айыпкер айыбын төлемесе,оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады; 
- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;  
- егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі.  
Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде бір қазақтың қару- жарақсыз келуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай- ақ қару ұстап жүре алатын кезкелген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал мүлкінің 20дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған  
Тәуке ханның “Жеті жарғысының” әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай- ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы, туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қылмыстық жауаптылықтың әкімілік, азаматтық, тәртіптілік жауаптылықтан айырмашылығы