Қаржы тәуекелін басқару теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Содержимое работы - 1 файл

каржы тауекели.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

        Қаржылық тәуекелді бағалаудың  басқа да аналитикалық әдістері  кеңінен қолданылады. Іскерлік  белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.

       Тәуекел деңгейінің  түрлі салыстырмалы  сипаттамалары жасалып, рейтингтер  анықталады.

        Тәуекелді бағалаудың перспективалы  әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді  дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.

       Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.

        Тәуекелді бағалаудың негізгі  әдісі кәсіпорынның қаржылық  жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  экспресс-талдау кеңінен тараған.  Оның мақсаты – кәсіпорынның  балансы мен қаржылық нәтижелер  және оларды қолдану туралы  есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

       Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:

                                          Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,

мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

                З – запастар мен шығыстар;

                Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа  мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық  қарыздар және басқа активтер;

                 Ис – меншікті қаражаттар көздері;

                 Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық қаражаттар;

                  К – қысқа мерзімді несиелер;

                  Р – кредиторлық қарыздыр.

        Қаржылық тәуекелді бағалау үшін  қаржылық тәуекел ықтималдылығын  сипаттауға мүмкіндік беретін  коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі  көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.

         Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық  тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.

         Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға, болашақта кәсіпорынның  даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.

       Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері  келсесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

        Кәсіпорынның тәуекелін бағалау  үшін рейтингілік әдіс қолданылуы  мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.

        Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:

- тәуекел факторларын анықтау;

- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;

- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.

        Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің  облысын анықтау қажет. Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.

         Тәуекел көлеміне (зона) салалар  ерекшеліктері, халық шаруашылығының  құрылымдық қайта құру жағдайында  сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.

        Саланың арнайы тәуекелдерін  ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары бар: 

- тәуекелсіз зона;

- минималды тәуекел облысы;

- жоғары тәуекел облысы;

- критикалық тәуекел облысы;

- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.

      1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны 

      Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар сферасымен түсіндіріледі.

      Тәуекел-менеджменті  тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ айтқанда, осы басқару процессінде  туындайтын қаржылық қатынастарды басқару жүйесі болып табылады.

      Тәуекел-менеджменті  басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.

      Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға  жету үшін қаражаттарды пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл  әдіске шешімді қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

      Тактика – нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әдістер  мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті ең оптималды шешім және берілген шаруашылық жағдайда оптималды басқару әдістері мен тәсілдерін таңдау болып табылады.

      Тәуекел менеджменті басқару жүйесі ретінде  екі ішікіжүйеден тұрады: басқарылатын ішкіжүйе (басқару объектісі) және басқаратын ішкіжүйе (басқару субъектісі).

      Тәуекел менеджментінде басқару объектісі  болып капиталдың тәуекелді салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық қатынастар  табылады. Бұл экономикалық қатынастарға сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші, кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және т.с.с.

      Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).

      Субъектінің басқару объектісіне әсер еті  процессі, яғни басқару процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір ақпаратты айналдыру  жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады. Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

      Тәуекел менеджментінің қызмет етуінде ақпараттық қамтамасыз ету ақпараттың түрлі  типтерінен тұрады: статистикалық, экономикалық, коммерциялық, қаржылық және т.б.

      Бұл ақпарат белгілі бір ықтималдылық туралы сақтық жағдайдың тауарларға және капиталға сұраныстың бар-жоқтығы және сұраныс мөлшері, өздерінің клиенттері, серіктестері, бәсекелестерінің қаржылық тұрақтылығы және төлемқабілеттілігі,бағалар, бағамдар және тарифтер, сонымен қатар сақтандырушылар шарттары жөнініде, дивидендтер және пайыздар туралы мәліметтерден тұрады /3,78б./.

      Кез келген шешім ақпаратқа негізделеді. Ақпараттың сапасы өте маңызды. Ақпарат  қаншалықты аутқыған болса, соншалықты  шешім анықты емес болады. Ақпарат  сапасы оны алған кезде бағалануы  тиіс. Ақпарат жылдам ескіреді, сондықтан ол жедел қолданылуы қажет.

      Тәуекел менеджменті белгілі бір қызметтер  атқарады.

      Тәуекел менеджментінің қызметтерінің екі  типі бар:

    • басқару объектісінің қызметтері;
    • басқару субъектісінің қызметтері.

      Тәуекел менеджментінде басқару объектісінің қызметтеріне келесілерді ұйымдастыру жатады:

      –  тәуекелді шешу;

    • тәуекелді капитал салымдарын;
    • тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстарын;
    • тәуекелді сақтандыруды; шаруашылық процесс субъектілері арасында экономикалық байланыстар мен қатынастарды.

      Тәуекел менеджментінің басқару субъектінің  қызметтеріне келесілер жатады:

      – болжамдау;

      – ұйымдастыру;

      – координациялау;

      – ынталандыру;

      – бақылау.

      Тәуекел менеджментіндегі болжамдау объектінің толықтай немесе оның бөлшектерінің  қаржылық жағдайын келешекте өзгерістерін қалыптастырумен түсіндіріледі. Болжамдау – белгілі жағдайды алдын ала көру.  

      Болжамдау жасалған болжамдарды тәжірибеде бұлжытпай жүзеге асыру міндетті емес. Болжамдау ерекшелігі бағыталған беталыстар негізінде басқару объектісінің  қаржылық жағдайын дамуының түрлерін анықтайтын қаржылық көрсеткіштерді құрудағы баламалылық (альтернативтілік) болып табылады.  Тәуекел динамикасында болжамдау өзгеріс беталысын эксперттік бағалау есебімен өткенді болашаққа экстраполяциялау негізінде де, өзгерісті тікелей елестете көру негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер күтпеген кезде болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді алдын ала елестете көру негізінде басқару менеджердің нарықтық механизм бойынша сезгіштік болуын және жедел шешім қолдануды талап етеді.

      Тәуекел менеджментінде ұйымдастыру белгілі  бір ережелер мен процедуралардың  негізінде тәуекелді капитал  салымының бағдарламасын өткізетін  адамдардың бірігуімен түсіндіріледі. Бұл ережелер мен процедураларға басқару органдарын құру, басқару  аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында арабайланысты бекіту, нормалар, нормативтер, әдістемелерді жасау және т.с.с.

      Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу жағдайында басқару  объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады. Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды жою бойынша жасалып жатқан шараларды қамтиды.

      Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді  басқару жүйесінің барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың  барлығының жұмысының келусішілігімен түсіндіріледі.

Информация о работе Қаржы тәуекелін басқару теориясы