Қазіргі жағдайда қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысныың өзектілігі. Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметік жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................................7
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ..........................................................7
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару.......................10
II. Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары..................................................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды ұйымдастыру...........................................................................................................
2.2 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы........................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Содержимое работы - 1 файл

курсовой.doc

— 130.50 Кб (Скачать файл)

Қазіргі жағдайда қаржыны басқару 

 

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3  

I. Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................................7 

1.1 Қаржыны басқару мәні мен  құрылымы ..........................................................7  

1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қаржысын басқару.......................10 

II. Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары.................................................................................................................

2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды ұйымдастыру...........................................................................................................

 

2.2 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы........................ 

Қорытынды............................................................................................................ 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысныың  өзектілігі.  Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметік жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Президент Үкімет актілерінің іс-қимылын бұзады (алып тастайды) не түгелдей немесе ішінара тоқтатады. Ол Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін қызметке тағайындайды, ол органдардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдайды.

Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет, бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық талдау нәтижелері, экономикалық – математикалық әдістер және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері ескеріледі, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлеседі деген сез. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты болып – Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі — бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Курстық жұмыс міндеттері:

  • қаржыны басқаруды ұйымдастыру;
  • Қазақстанда қаржыны басқару мәселелсін анықтау;
  • Қазіргі жағдайда қаржыны басқару жолдарын қарастыру т.б.

Кәсіпорындар  қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар  қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Қандай  кәсіпорын  болмасын  өзінен - өзі  тіршілік ете алмайды. Сондықтан  кәсіпорын  экономикасы  негізгі  объектісіне:

  • Кәсіпорынның  өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің  үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
  • Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
  • Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және   өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
  • өндірістік  техникалық  жағдайы мен  қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
  • кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.

Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  бюджет, қорлар алдындағы  міндетті  орындалмағаны  үшін  заңнамада белгіленген қаржы  санкцияларының жүйесімен анықталады.

Кәсіпорынның өзін - өзі  қаржыландыру барысын  зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі  қаржыландыруын қарастыру.

Кәсіпорындардың  қаржылық  жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді  сақтандыру   жүйесімен  және кәсіпорындардың  қаржы ресурстарына сақтық  компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің  артуымен күшейеді.

Кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың қажетті мақсаты – басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі  қаржы тәуекелдерінің  болуы.

Зерттеу  құрылымы: Берілген «Қазіргі жағдайда қаржыны басқару»  атты курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Қаржыны басқарудың теориялық негіздері

 

    1. Қаржыны басқару мәні мен құрылымы

 

Қаржыны басқару —  бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржы механизмі арқылы оның әдістерінің, тұтқаларының, ынталандырмаларының және санкцияларының көмегімен жүзеге асырылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

    • басқарудағы демократизм;
    • қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
    • басқарудың ғылымилығы;
    • орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
    • басқарудағы жауапкершілік;
    • шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы;
    • басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы).

Қаржыны басқарудың екі  қырын ажырата білген жөн:

біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды;

екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет, бұл басқару шешімдерін әзірлегенде экономикалық заңдардың талаптары, экономикалық талдау нәтижелері, экономикалық - математикалық әдістер және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйелері ескеріледі, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері ұтымды үйлеседі деген сез. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.

Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржыны басқаруды дұрыс  ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

Қаржылық реттеу —  бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік қорлар, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлеріне арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың  дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік  банктің пайызсыз кредиттері, сондай – ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келеді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып отыр.

 

 

    1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару

 

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.

Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер (басқармалар) жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымға пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды жасайды.

Министрліктер мен жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру туралы жұмыстарды жузеге асырып отырады.

Фирмалардағы, компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері).

Информация о работе Қазіргі жағдайда қаржыны басқару