Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 17:29, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Содержимое работы - 1 файл

багалы кагаздар нарыгы шыгар2.doc

— 159.00 Кб (Скачать файл)

    Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары.

      Екінші  топ, инвестициялық институттер, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:

      a) екінші деңгейдегі және инвестициялық  банктер;

      b) сақтандыру қоғамдары;

      c) зейнетақы қорлары және сол  сияқты ұйымдар.

      Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі  инвесторлардың, яғни занды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жүмсау мүмкіндіктерін іздейді.

      Үшінші  топ, және инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың  бағалы қағаздары әрқашан қауыпты. Статистика деректері дәлелдегендей олардың бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындары табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді.

      Төртінші  топ, бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді.

      Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды  және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттік заң  актілерде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар — оларды шығарушылар (эмитенттер) және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Мемлекет эмитент заң жүзінде белгілейді.

      Эмитент — заңды тұлға, ол мемлекеттік  орган немесе жергілікті басқару органы болуы мүмкін. Ал инвестор жеке адам немесе занды тұлға болуына құқылы. Олар бағалы қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Инвестициялық институттар — занды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әртүрлі болады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы — занды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары шарт. 

    1. Қор биржасы және олардың  қызметі

Қор биржасы  деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын негізгі нарық  орны. Қор биржаларында ірі банктер  қызмет етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі — "бурзэ", яғни әмиән деген мағынаны білдіреді. Экономикасы дамыған мемлекеттерге биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:

      - қор биржасы;

      - тауар биржасы;

      - еңбек биржасы.

      Сонымен, биржа —нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағазбен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісілген келу үшін кездесетін орын.

      Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптерде жүмыс істейді. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталынады. Биржаның басты органы болып "биржалық комитет" саналады, ал оның мүшелерін брокер немесе маклер деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатыса алмайды, яғни болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлер мен қатар өз есебінен ақша жұмсап, айналысатын дилер де жүреді.

      Сонымен, қор биржасы — бағалы қағаз  иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар  арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып  алу жөнінде мәміле жасайтын нарық. 
 
 

ІІІ.БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН  ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ

      3.1.Бағалы  қағаздар нарығын  дамыту мәселелері

    Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

    Мұндай  әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

    Бағалы  қағаздар нарығын  қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір   қалыптасқан.   Алғашқы   кездері   экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің  тиімді  қызмет атқару  жағдайларымен байланыстырьш   қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

    Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл  құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен  құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған,   1995  жылдың сәуірінде  «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы   есепке   алынып,   қор   биржаларында  тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Бағалы  қағаздар нарығын  жетілдіру жолдары
 

    Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.

    Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы - инвестициялық құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық) облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінде қалыптасқан қаржы дағдарысы Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының одан әрі қанат жайып дамуын осы күндері шектеп отыр.

    Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық  тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру  деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі  ұлттық  өндірісі  мен  нарығының шектеулі  болуында жатыр.

    Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық  қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен  ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып  экономиканың  реалды  секторына жұмсауды  қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан   тұрғындарының   қолында   айналымға тартылмаған 2-3  млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың  салымшыларға   беретін   сақтандыру   кепілдіктерін   (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр.  Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде  өсімін қамтамасыз  ету  мақсаттарында,  Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.

    Бағалы  қағаздар  рыногын  мемлекеттік   реттеу механизмі  келесі  бағытта  жүзеге асады:

    1. Мемлекет  бағалы қағаз рыногын  реттеп,  ұйымдастыратын заң жүйесін  қабылдайды. Бұл заңдар:

  • акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін  анықтайды және реттейді;
  • бағалы  қағаздарды  шығару тәртібін және акцияны  шығаруға  рұқсат алу  түрлерін анықтап реттейді;
  • бағалы қағаздармен  жүргізілетін  операциялардан  түсетін пайдаға  салық  кесімдерін реттейді;
  • биржаның  қызметін және  бағалы  қағаздармен  жүргізілетін  операциялар түрлерін анықтап реттейді.

    2. Мемлекет  мекемелері рынок   субъектісі ретінде бағалы қағаздар  рыногына шығады. Қаржы  ресурстарын  жинау  үшін  мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты бағалы қағаздарды  айналымға шығарады.

    3. Ұлттық  банктің  ақша –  несие  саясаты арқылы бағалы  қағаздар  рыногына  ықпал жасайды.  Басқаша  айтқанда, қор  рыногындағы  жағдай  айналымдағы ақша  көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты. 

    3.3. Бағалы қағаздар нарығының болашағы 

    Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

     Экономикалық  мәселелерге:

     •    нарықты реттейтін механизмнің  жоқтығы;

     •    нарықты     дамытатын     бірыңғай     көзқарас     жүйесінің жоқтығы;

     •    заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

     •    салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

     •    бағалы    қағаздар    нарығының   материалдық-техникалық негізінің  аздығы;

     •    нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі жатады.

   Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды. 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан - 2030»  Бағдарламасында  Қазақстан Республикасының  әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты  экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл – ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.

    Дүниежүзілік  тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканың ұйымдық  құрылымында бағалы қағаздар ры-ногының  болуының мәні зор. Бағалы қағаздар рыногы - жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен байланысқан индустрия. Ол тиімді, максималды әрі жедел пайдаланылуы мақсатында инвестициялық ресурстардың бөлінуін,

сонымен қатар оның экономиканың келешекті  салаларында шоғырлануын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы