Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:56, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, өйткені осы саланы әлде боса жетілдіру керек. Қазіргі таңда біздің инфляция болған жағдайымызға келсек мәз емес. Мен бір мәселені көтергім келеді ол - қызметкерлермен есептесу мәселесі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------3
Бөлім 1. Еңбекақы және еңбекақы төлемінің жүйесі.-------------------------4
1.1 Еңбекақының түрлері мен нысаны-----------------------------------------4-7
1.2 Еңбекақының формалары---------------------------------------------------8-16
Бөлім 2. Еңбекақыны есептеу есебі.---------------------------------------------17
2.1 Еңбекақы есептеу есебі---------------------------------------------------17-23
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар есебі. ----------------------24- 32
2.3 Қызметкерлермен есептесудің синтетикалық есебі.---------------33-40
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------------42
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------

Содержимое работы - 1 файл

ЕҢБЕК АҚЫ КУРСОВОЙ.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Көтеріңкі еңбекақы жүйесі әр түрлі мамандықтағы жұмысшылардан құралатын бригаданың жөндеу және басқа жұмыстарды орындау барысында қолданылады, Бұл жүйеде жалақы алдын ала белгіленген нормаланған тапсырма (уақыт нормасы, өнімділік нормасы) бойынша барлық жұмыс көлемінің орындалуымен анықталады.

  Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы.

 «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 48,73 бабтарына сәйкес сағат 22-ден таңғы 6-дейін түнгі уақыт болып есептеледі. Бұл жұмысқа кейбір тұлғаларға қатыстыруы шектелген (жүкті әйелдер, 18 –ден кіші балалар, денсаулық мекемесінен анықтамасы бар адамдар). Бұл мезгілде жұмыс істеушілерге  әр сағаты үшін 1,5 мөлшерден кем төленбеуі керек. (1,5 күндік еңбекақы)

Мысалы, жұмыскер  бір ай ішінде 25 сағат түнге мезгілде жұмыс істеді. Бір сағаттық тарифі 180 тг., сонда 180 х25 х 1,5  =6750 тг..

Демалыс пен  мереке күндердегі жұмыс және оның еңбекақысы.

  «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының  56,57,58,59 бабтарына сәйкес демалыс мезгілдер реттеледі. Бұл мезгілдерде жұмысшылардың келісімімен ғана  жіберіледі. Оның себептері:

   -төтенше жағдайларды  болдырмау немесе  өндірістік  апатты алдын алу үшін, шұғыл  істелінетін жұмыстарды аяқтау  үшін, бектіліген мерзімдерге үлгермей  жатқандарда.

 «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының  73 бабына сәйкес демалыс пен мереке күндеріндегі істелген жұмыстың еңбекақысы әдеттегі жұмыс күнінің еңбекақысы мөлшерінен 2 есе жоғары болуы керек (Мереке күндергі жұмыс 2 есе мөлшерде төленеді. Еңбек ақы орнына демалыс күндерін алуға да құқысы бар). Бұл өтем ақыны алмай демалыс күндеріне ауыстыруына да болады. Мереке күндері істеген сағаттарына қарай төленеді.

Түнгі және мереке күндердің еңбекақысы.

Жұмыскер  жұмыс  істеді 8.05 кешкі сағат 20-дан 9.05.таңғы 8-дейін ұзіліссіз.

  1. Түнгі мерзім 22сағаттан 6-ға дейін – 8 сағат.
  2. Мереке күндер сағаты 9.05. 0-сағаттан 8-ге дейін – 8 сағат.

Мереке және демалыс күндерінің жұмысы екесе  мөлшермен төленеді, немесе кейін  демалыс күндері беріледі. Түнгі  мерзімдегі жұмыс 1,5есе мөлшерде есептеледі.

Мысал. 5-ші разрядты кафе жұмыскері А.О. Серікова 8 наурыз күні таңертеңгі сағат 8-ден сағат 17-ге дейін, түсте сағат 12 мен 13 сағат аралығында үзіліс жасай отырып, жұмыс атқарды. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағатты құрады. Ұжымдық шартқа сәйкес мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу екі еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.

Мереке күнгі жұмыс  үшін еңбек ақы есептеу:

4-ші разрядты жұмысшының  күндік тарифтік ставкасын анықтаймыз 

6650 теңге            :               21,17          =       314,12 теңге

                                             жұмыс

                                        уақытының

                                         орта айлық

                                            балансы

2. Мереке күнге ақы  төлеу мына мөлшерді құрады:

314-12 теңге   х  2(екі есе мөлшер)  =    628-26 теңге

Мезгілден тыс  жұмыстың еңбекақысы

«ҚР –сы Еңбек туралы»  Заңының  45бабына сәйкес жұмыс уақытынан  тыс жұмыстың (жалғастырылып) істелуі  мезгілден тыс жұмыс болып  саналады ( төтенше апатты жағдайлар, үзіліс жіберуге болмайтын (тоқтатпайтын) жұмыстар, табиғи  оқиғаларда).

Мезгілден тыс  жұмыстың  еңбекақысы 1,5күндік еңбекақыға мөлшерінен кем  болмауы керек.

Құжаттауы: жүктелім (наряд) , табель.

Бос түрып қалу уақытының  төлемақысы. (74 бабында) ЖЕШ немесе ҰКС  қарастырылады.. Бос тұрып қалу – бұл, жұмыскер сол уақыт ішінде жұмыста болатын, алайда өндірістік процеске қатыспайтын, жұмыстағы лажсыз үзілістер уақыты. Жұмыскерлер, сол сияқты әкімшілік, бос тұрып қалуға кінәлілер болып саналуы мүмкін. Бос тұрып қалу жұмыскерлердің кінәсінен болмағанда жұмыс беруші ақы төлейді. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу жағдайы мен тәртібі жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен айқындалады. Ауысым ішіндегі бос тұрып қалу бос тұрып қалу туралы парақпен ресімделеді, жұмыс уақыты есебінің табелінде сол үшін белгі жасалады. Тұтастай ауысымның бос тұрып қалуы (жарықтың өшіп қалуы сияқты сыртқы себептерден туындаған) бос тұрып қалуға қатысқан жұмыскерлер тізімі қоса тіркеле отырып, акті жасаумен ресімделеді, сондай-ақ жұмыс уақыты табелінің есебінде белгі жасалады

Қызметтерді қоса атқарған (қызмет көрсету  аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша  болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу.

Сол өзінің ұйымында өз жұмысымен  қатар, жеке еңбек шартында келісілген басқа қызмет бойынша қосымша жұмыс атқарушы немесе өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындаушы қызметкерге қосымша ақы төленеді. Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейту) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы мөлшерін қызметкермен келісе отырып жұмыс беруші белгілейді және қызметтерді қоса атқарғандығы және қосымша ақы мөлшері туралы бұйрықпен ресімделеді.

Қосымша еңбекақыны есептеу үшін орташа еңбекақы алынады. Орташа еңбекақыны есептеу үшін есептік мерзімге дейін 12 ай уақыты есепке алынады. Ал, егер 12 ай толық істелменген мерзім болса онда нақты істелген мерзім алынады.

 Бұл есептеме кезекті  демалыс ақыны, пайдаланбаған   демалыс күндердің  ақысын  есептеу үшін да қолданылады:  нақты жұмыс істеген мерзімнің еңбекақысы және нақты жұмыс істеген мерзімнің күндері. Еңбекақы сомасын істеген күніне бөліп орташа еңбекақысы табылады, осы есептеп анықтаған соманы демалысқа шығатын күніне көбейту жолымен демалыс күндерінің еңбекақысы есептеп табылады.

Кәсіпорын жұмысшыларына  сыйлықақы төлеу. (70бабта)

Өндірістің тиімділігі мен жұмыстың сапасын арттыру  мақсатындағы қызметтердің материалдық  мүдделігін күшейту үшін сыйлықақы  төлеу жұйесі, жұмыстың жыл қорытындысы  бойынша сыйақы және материалдық көтермелеудің түрлері еңгізіледі.

Жұмысшыларға  кепілдеме және өтемақылық төлемдер. (80-88 бабтары)

  Бұларға жатады: медициналық  тексеру,біліктілікті арттыру мен  қайта дайындық, әлеуметтік төлемдерді  тағайындау, басқа жұмысқа ауыстыру. Осы себептердің бәрі келісім шарттарда қарастырылады.

«Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы» Заң жұмыс берушінің  қаражаты есебінен жұмыскерлерге әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді қарайды.

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге:

  • уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша;
  • жүктілігі және тууы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Емдеу мекемесі берген еңбекке  жарамсыздығы туралы парақ әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақылар тағайындау және төлеу үшін негіз болып саналады.

Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы жұмыс жасайтын азаматтарға айлық орта еңбек ақы есебімен төленеді. Күндік орта жалақы, есепті кезеңдегі есептелген еңбек ақы сомасын, тиісті кезеңге заңмен белгіленген календарға сәйкес бес күндік немесе алты күндік апталық бойынша жұмыс күндері санына бөлу жолымен анықталады. Жұмыскердің айлық жәрдамақысының мөлшері оның күндік орта табысын еңбекке жарамсыздығы парақшасына сәйкес төлеуге жататын күндер санына көбейту жолымен анықталады. Осыған орай уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша айлық жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он еселік шамасынан асып кетпеуі тиіс.

Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша  жәрдемақы:

  • жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысына қатушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға;
  • егер еңбекке жарамсыздық еңбек жарақатын алумен немесе жұмыскердің кәсіптік ауруымен байланысты болса, жұмыскерлерге 100% мөлшерде төленеді.

Уақытша еңбекке жарамсыздық  бойынша жәрдем ақы жалпы ережелерден өзге келесідей жағдайларда беріледі:

- отбасы мүшесі сырқат отбасы мүшесін күтсе, егер оны күтпеу, сырқат адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, ;

- 2 жасқа дейінгі нәресте ауырып  қалған кезде, анасына;

- келу және кері  қайту уақытын қоса алғанда  (30 календарлық күннен артық емес), жұмыскерді портездеу-ортопедиалық ұйымдардың стационарына жатқызылғанда.

Жүктілік және тууы бойынша жәрдем ақы, сондай-ақ перзентханадан тікелей  бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) жәрдем ақы:

- жүктілік және тууы бойынша  бүкіл демалыс ішінде немесе  бала асырап алған күннен бастап, баланың туған күнінен 56 күн  өткенге дейін айлық орта еңбек  ақы есебімен;

- жүктілік және туу  бойынша демалыс күндері туғаннан  кейінгі демалыс күндерімен 126 календарлық күндерге жинақталады және жәрдемақы бір мезгілде төленеді.

Жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында жұмыс беруші өзінің бастамасы бойынша:

- жұмыскерлерге (қызметкерлерге) көрсетілген дәрігерлік қызметті;

- жұмыс орнына жол  шығынын;

- сауықтыру және демалыс  үйлеріне жолдама ақысын;

- балаларды оқыту ақысын;

- тұрғын үй және  пәтер ақысын төлеуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Бөлім 2.Еңбекақыны есептеу есебі.

 

                                     2.1  Еңбекақы есептеу есебі

 

Әр түрлі кәсіпорындар еңбекақы бойынша есеп айырысуды мына құжаттармен жүргізеді: еңбекақы беру үшін бір мезгілде пайдаланатын есеп айырысу – төлем тізімдемесі; есеп айырысу тізімдемесі және жекелеген төлем тізімдемелері; әр жұмысшыға жасалатын еңбекақының арнайы есеп айырысу (жеке парақтар); жыл бойына пайдаланатын кітапшаға айналдырылған есеп айырысу тізімдемесі (ведомосы).

Тізімдеменің (ведомостың) «Есептелген» бөліміне құжаттардан  кесімді, мезгілден тыс және т.б. есептелген сома енгізіледі. «Ұсталғаны және есепке алынғаны» бөліміне салық  сомасы, сондай – ақ орындау парақшалары бойынша ұсталған сома жазылады; кредитке берілген тауар үшін есепке алынған сома, еңбекақы шотынан аванс және басқа да  ұстаулар, есепке алулар және төлемдер жазылады.

Табыс салығы еңбек ақыдан өткен ай үшін ұсталады. Айдың аяғында тізімдемеде әр қызметкердің төлеуіне тиесілі соманы есептейді және тізімдемені баланстайды. Өйткені ай үшін еңбекақы мен ағымдағы ай үшін аванс төлеуге тиісті сома, мерзімі (3 күн ішінде) көрсетілетін төлем тізімдемесі бойынша төленеді.

Бастық пен бас бугалтердің бекітілген қол таңбасынан (скрепка) кейін, яғни тізімдемені ресімдеуден кейін төлемді жүзеге асыру үшін кассаға береді.

Есептік айдың еңбек ақысы бойынша есеп айырысу үшін және өткен кезеңнің еңбекақысы туралы мәліметтерді алу үшін бухгалтерия әр жұмысшыға «Дербес шот» (Т – 54 формасын немесе Т – 54а формасын) толтырады. Дербесшот өткен кезеңнің еңбекақысы туралы мәліметтерді көрсету үшін қолданылады. Дербес шоттағы деректердің негізінде есеп айырысу – төлем тізімдемесі жасалады.

Үш күнде берілмеген еңбекақы қайтадан қайтарылады (депоненттелінеді) кәсіпорыноны сақтауға қабылдап алады. Бұл рәсім (процедура) былай іс жүзіне асырылады. Еңбекақының берілу мерзімі аяқталғанда кассир алынған ақша бойынша қол қойылған есеп айрысу - төлем тізімдемесін тексереді және берілген еңбекақыны жиынтықтайды. Еңбекақысын алмаған адамның аты – жөні жазылған бағанға «Алғандығы жөніндегі қолхат» мөртаңбасы (штамп) басылады немесе «алмаған» деп қолмен жазылады. Бұл жағдайда есеп айырысу – төлем тізімдемесі мынадай сомалармен жабылады – қол бар сомалармен беріледі және қайта қайтарылады. Қайтарылған еңбекақының талдамалық есебі берілмеген еңбекақы тізілімдегі талап етілмеген әр сома бойынша, берілмеген еңбекақының арнайы кітабымен немесе депоненттік карточкамен ұйымдастырылады.

Берілген еңбекақының  сомасын кассир тізілімге жазады. Оны кассир есеп берумен (отчет) бірге бухгалтерияға өткізіледі. 

Еңбекақы әр айдың  бірінші жартысында келесі есеп беру үшін, банкомат арқылы беріледі. Демалыс төлемақысы демалысқа бір күн қалғанда беріледі. Барлық аурухана құжаттары өткен айдың аяғына дейін бухгалтерияға өткізілетін болса, осы ай үшін есептелген еңбекақы төлеміне жатқызылады.

Қызметкер еңбекақысын  пластикалық карточкамен алуына болады. Дебеттік пластикалық карточканы қолда бар (қолма – қол) ақшаны алу операциясында пайдаланылады немесе карточка иесінің дербес карточкалық шотындағы (қалған) ақша көлемінде сауда нүктелерінде пайдаланылады.

Карточкалық шотқа ақша банкілік аудару немесе қолма –  қол ақшаны енгізу арқылы іс жүзіне асырылады. Бұл арада мынаны айта кету керек, шотқа ақшаның түсуі, оның пайдаланылуы карточка иесінің банк белгілеген нақты комиссиялық сыйақыны тариф негізінде, банк пен шот иесінің келісім шартына сәйкес алу мәні болып табылуы мүмкін.

Кәсіпорындар оның қызметкерлері үшін пластикалық карточканы енгізудің артықшылықтары мыналарға саяды:

    • пластикалық  карточкаға қызмет ететін шотқа еңбекақыны аудару бухгалтерия бөлімі мен ұйым кассасының жұмысын көп жеңілдетеді және ондағы ақша беру ісімен айналысатын қызметкерлердің саның азайтады (қысқартады);
    • банкомат және қолма – қол (наличные) ақша беретін пункт арқылы еңбекақының берілу барысындағы пластикалығ карточканы пайдалану кәсіпорын шығынын кемітеді және қолма – қол ақшаны алу, сақтау, тасымалдау мәселелерін шешеді;
    • еңбекақыны беру кезіндегі қарбаласты жояды;
    • кассалық жоспарды жасау рәсімін (процедурасын) оңайлатады;
    • кассалық жоспарды бұзатын – талап етілмеген қаражатты қайта қайтару мәселесін шешеді;
    • еңбекақы беруде кәсіпорынның жоспарсыз бос тұрып қалуын (наплановые простой предприятия) болдырмайды;
    • қызметкерлердің карточкалық шотына процент есептеуде кәсіпорын тарапынан шығынсыз нақты табыс оны жоғарлатады;
    • филиалы (тіпті басқа аймақтарда)бар кәсіпорын еңбекақыны бір орталықтан есептеуге мүмкіндік алады және қаражатты еңбекақыға инкасалау қажеттілігінен құтылады;

Информация о работе Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі