Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:56, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, өйткені осы саланы әлде боса жетілдіру керек. Қазіргі таңда біздің инфляция болған жағдайымызға келсек мәз емес. Мен бір мәселені көтергім келеді ол - қызметкерлермен есептесу мәселесі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------3
Бөлім 1. Еңбекақы және еңбекақы төлемінің жүйесі.-------------------------4
1.1 Еңбекақының түрлері мен нысаны-----------------------------------------4-7
1.2 Еңбекақының формалары---------------------------------------------------8-16
Бөлім 2. Еңбекақыны есептеу есебі.---------------------------------------------17
2.1 Еңбекақы есептеу есебі---------------------------------------------------17-23
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар есебі. ----------------------24- 32
2.3 Қызметкерлермен есептесудің синтетикалық есебі.---------------33-40
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------------42
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------

Содержимое работы - 1 файл

ЕҢБЕК АҚЫ КУРСОВОЙ.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Еңбек ақы есептеу:

1. Бухгалтер С.К. Ибрагимованың  бірыңғай тарифтік сетка бойынша  қаңтар айындағы айлық кесімді  қызмет ақысы мен жалақысы  анықталады:

5000             х    1,91                            =              6654,44 теңге

1-ші разряд       10-шы  разрядтың

ставкасы            тарифтік коэффициенті   

№2 мысал. Бухгалтер С.К. Ибрагимова ақпан айында 12 жұмыс күнін атқарды.

Еңбек ақы есептеу:

1. Айлық жұмыс балансы 20 күн  кезіндегі ақпан айындағы бір жұмыс күнінің жалақысын анықтаймыз.

6654,44:20=332,72

  1. Атқарған уақыт үшін жалақы

332,72х12 күн=3992,66 теңге

Материалдық аядағы шаруашылық ұйымдары, меншік нысандарына қатыссыз түрде, ұжымдық шарттар жасау кезінде, салалық және аймақтық келісімдерде қабылданған тарифтік ставкалармен еңбек ақы қоры шегінде қосымша ақыларды көтеруге құқығы бар. Тарифтік ставкаларды көтеру барлық жұмыскерлер үшін бір мезгілде көрсетіледі.

№3 мысал. «Жалын» ЖШС-ның ұжымдық еңбек шартында 1-ші разряд ставкасы 12500 теңге мөлшерінде бекітілген. К.С. Асқаров менеджер болып жұмыс істейді, 9-шы разрядты, білімі жоғары. Қаңтар айында толық 21 күн жұмыс істеді.

Еңбек ақы есептеу:

«Жалын» ЖШС бекіткен 1-ші разряд ставкасына сәйкес менеджер К.С. Асқаровтың айлық кесімді қызмет ақысы мен жалақысын анықтаймыз.

12500                х                  1,78                =          22250 теңге

1-ші разряд                  9-шы разрядтың 

ставкасы                 тарифтік коэффициенті    

Еңбек ақы төлеудің мерзімдік-сыйақылық  жүйесі неғұрлым кеңірек қолданылады, еңбек ақы төлеудің бұл жүйесі кезінде еңбектің көлемі мен сапасы есепке алынады. Сондықтанда аталмыш жүйені қолдану кезінде, жұмыскерлердің жеке жауапкершілігі мен өз еңбегінің нәтижелеріне деген материалдық қызығушылығы артады. Сыйлықтардың мөлшері мен сыйлық беру көрсеткіштері, кәсіпорын әзірлеп жасаған сыйлық беру туралы ережелермен айқындалады.

№4 мысал. №1 дүкеннің жұмыскері А.Н. Исинаға еңбек ақы төлеу 5-ші разрядты сағаттық тарифтік ставка бойынша жүргізіледі. Қызмет көрсету сапасы мен сауда ережелерін сақтағаны үшін 30% мөлшерде сыйлық белгіленген. Қаңтар айындағы жұмыс уақытының жоспарлы балансы 168 сағат. Сатушы А.Н. Исина қаңтар айында 150 сағат жұмыс істеді және сыйлық берудің толық көрсетілген шарттарын орындады.

Еңбек ақы есептеу:

1. Бірыңғай тарифтік  сеткаға сәйкес, қаңтар айындағы  айлық тарифтік ставканы анықтаймыз.

5000                х               1,33                    =        6650 теңге

разряд                         разрядтың

ставкасы             тарифтік коэффициенті

2. Қаңтар айындағы  сағаттық тарифтік ставкасын  анықтаймыз

6650 теңге:168 сағ.=39-58 теңге

3. Жұмыс істеген уақыт  үшін нақты жалақы

39,58 теңге            х         150         =             5937 теңге

4. Есептелген сыйлықтың  сомасын анықтаймыз 

5937 теңге х 30% : 100% = 1781-10 теңге

5. Қаңтар айындағы  есептелген жалақының жалпы сомасы

5937 теңге + 1781-10 теңге  = 7718-10 теңге

Тікелей кесімді еңбек  ақы төлеу кезінде, жасалған өнімдердің нақты көлемі үшін белгіленген кесімді бағалар бойынша есептеледі.

Кезекті демалыс  күндердің еңбекақы есептелуі:

Жұмысшыларға ЖЕК және ҰЕК бойынша әрбір жұмысберуші  міндетті түрде жылсайын кезекті  демалыс беру керек. Заңға сәйкес демалыс 18 немесе 24,28 күндер болуы мүмкін. Және заңға сәйкес пайдаланбаған демалысын немесе келісім шартты бұзған кезде оның өтемақысын беру міндетті. Бұл ақылар есептемелер бойынша жасалады. Егер есепті мерзімде толығым қызмет жасаған болса осы еңбекақыны 12-ге бөліп, осыдан шаққан соманы жылдың орташа күнтізбелік күнге бөлу жолымен анықталады, одан шыққан сома демалыс күндеріне көбейтіледі.

Мысалы. Бугалтер Е.В. Михайловтың  демалыс есебі.

Е.В. Михайловтың 2007 жылдың қаңтар айының табелі бойынша 21 күннің 13 күні істелінген. Кәсіпорынның бұйрығы  бойынша оған 18 күн кезекті демалыс күндері берілді– 2007 жылдың 20 – сыншы қаңтарынан 6 – шы ақпанға дейін. Қаңтар айына келетін демалыс күнінің саны  - 12, ал ақпан айына – 6. Айталық еңбекақысы – 17 000 теңге. Есептік кезендегі (2006ж) еңбекақы сомасы – 140 000 теңгені құрады.

Есептік мерзімде есептелгені: қаңтар айы 17 000 теңге: 21 күн × 13 істелінген күн = 10 529,8 теңге

Есептік мерзімде орташа айлық еңбекақысы:140 000 теңге: 12 ай = 11 667 теңге;

Орташа күндік еңбекақысы 11 667 теңге: 29,66 күнтізб. = 393,35 теңге

Қаңтардардағы демалыс күндеріне: 12 күн × 393,35= 4 720,30 теңге

Ақпан айында : 6 күн × 393,35 = 2 360,10 теңге

Барлық есептелгені: 10 529,8 + 4 720,30 + 2 360,10 = 17 610,20 теңге

Мысалы. Егер есептік  кезең толық істелінген болса – оператор Л.И. Хориннің демалыс есебіне арналған орташа еңбекақы көлемі төмендегі кестеде келтірілген (28 күнтізбелік күн бекітілсе).

Орташа еңбекақы есебі

Айлар

Нақты істелінген уақыттың орташа еңбекақысы, теңге

Істелінген  уақыттың күнтізбедегі күн саны

Демалыс уақытына төлем, теңге

Уақытша еңбекке  қабілетсіздік (ауру құжаты бойынша) күндеріне  төлемақы сомасы,теңге

Қаңтар 2003ж

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым 

Шілде

Тамыз

Қвркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

7350

8929

10700

6340

8597

9860

10230

10156

10208

9980

10740

10530

14

14

31

21

31

30

31

31

30

31

25

31

 

 

 

 

 

5232

3168

 

 

 

 

3467

 

 

 

 

 

2300

 

113620

320

         ×

         ×


 

Демалыс есебіне арналған орташа күндік еңбекақы:

113620 теңге: 320 күнтізбе  күндері =355,06 теңге

 Демалыс төлемі: 355,06 теңге × 28 күн = 9 941,75 теңге.

Әйелдерге(66 – бапқа  сәйкес) жүктілік және туу (босану) бойынша босанғанға дейін 70 күнтізбелік күннен және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнмен (босанудан кейінгі асқынулар немесе екі және одан да көп нәрестелі болған жағдайда – 70 күнтізбелік күн) демалыс беріледі. Есептеу жиынтықталып (суммарно) жүргізіледі және әйелге демалыс толық беріледі және босанғанға дейінгі пайдаланған күндері ескерілмейді, оған қоса ұйымдағы жұмыс ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражат есебінен бұл кезеңдер үшін жүктілік және туу бойынша жәрдемақы беріледі.

Жаңа туған нәрестені  перзентханадан тікелей асырап алған  әйелге (еркекке) асырап алған күннен бастап нәресте туылған күннен 56 күн өткенше ата – ананың біреуіне демалыс беріледі және бұл кезең үшін жұмыс берушінің қаражатынан ұйымдағы жұмыстың ұзақтығына қарамастан төлемақы беріледі.

Жүктілік және туу (бала табу, босану) бойынша демалыстан басқа әйелге өз өтініші негізінде нәресте бір жарым жасқа толғанша оны бағып- қағуына еңбекақысыз қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақытында әйелдің жұмыс орны (қызметі) сақталады.

Бұл демалыс нәресте  бір жарым жасқа толғанша кез  келген уақытта толық немесе бөліп (по частям) пайдаланылуы мүмкін («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 66,67 - баптары).

Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жардемақы.

 Уақытша еңбекке  жарамсыз бойынша әлеуметтік  жәрдемақы жалпы ауруларға (сынық,  жүктілікті жасанды жолмен тоқтату,  туберкулез ауруына немесе кәсіби  сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстырудағы карантин) байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында және заңда қарастырылған басқа жағдайларда тағайындалады және төленеді.

Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақыны есептеу  және төлеу тәртібі Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1999 – шы жылдың 11 – ші маусымындағы №731 «Жұмысберушінің қаражат есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі туралы» қаулысымен бекітілген Нұсқауда баяндалады.  Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақыны емдеу мекемесі берген уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын парақша, егер бұл құжат болмаса, онығ нұсқалық көшірмесі (дубликат) негізінде есептеледі. Уақытша еңбекке жарамсыздықты куәләндыратын парақшаны беру тәртібі «Уақытша еңбекке жарамсыздық құжаты мен анықтаманы беру тәртібі тралы» ережеде баяндалған. Уақытша еңбекке жарамсыздық парақшасы және жәрдемақыға арналған басқа да құжаттар ұйымдар бухгалтериясында ақша құжаттарымен бірдей қатар сақталады.

  «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 87-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражат ебінен қызметтерге жалпы ауруларға ,еңбек жарақатына жыне кәсіби сырқатқа байланысты  уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша ,жүктілік және туу (бала табу,босану) бойынша ,сондай-ақ бала асырап алған әйелге (еркекке) әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Егер уақытша еңбекке  жарамсыздық еңбек жарақатымен  немесе кәсіби аурумен байланысты болса ,онда әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс  беруші еңбекке жарамсыз боп қалған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанша немесе мүгедектігі белгіленген 100% орташа еңбекақы көлемінде төлейді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің  қаражат есебінен берілетін жәрдемақы  қызметтерге негізгі жұмыс орны бойынша мынадай тәртіппен беріледі:

  • мемлекеттік мекемелерде – тиісті өзіндік ерекшеліктер бойынша ,сонымен бірге әлеуметтік салықтыңесептік кезеңі үшін есептелген  сома Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бұл есептік кезеңдегі уақытшаеңбекке жарамсыздық бойынша ,жүктілік және туу (бала табу,босану) бойынша жәрдемақы 1,5% шегіндегі тағайындалған сомаға кемітіледі;
  • басқа жұмыс берушілер - өзі қаражат есебінен, яғни жылдық жиындық табыс есептік кезең үшін есептелген еңбекақы қорынан 1,5 % шегінде уақытша еңбекке жарамсыздық  төлемі бойынша жүктілік және туу ( бала табу, босану ) байланысты дамалыс бойынша салық төлеушілердің шығын сомасына кемітіледі.

Жұмыс істеуші азаматқа уақытша еңбекке жарамсыздық  бойынша жәрдемақы орташа еңбекақы есебінен төленеді. Мұнда уақытша  еңбекке жарамсыздық бойынша  бір айлық жәрдемақы көлемі он еселік шамадағы бір айлық есеп көрсеткішінен аспауы керек.

Нақты қызметкердің бір  айлық жәрдемақы мөлшері оны  еңбекке жарамсыз парақшасына сәйкес төлеуге жататын күндер санындағы  орташа бір күндік еңбекақыға көбейтілу  арқылы анықталады.

Егер еңбекке жарамсыздық  өткен тоқсаннан басталып, ағымдағы тоқсанда аяқталса, жәрдемақы есебі мен оның көлемін бір айға шектеу бір айлық көрсеткішке сәйкес тоқсанды қолдану арқылы екі тәсілмен жүргізіледі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы еңбекақы төлеу үшін белгіленген мерзімді береді.

Қызметкерді емдеуге  арналған материалдық көмекті есептеу  тәртібі төмендегі кестеде көрсетілген.

«ААА» ЖШС қызметкерлерін емдеуге арналған материалдық көмектің көлемі

Қызмет атаулары

Ең аз шамадағы бір  айлық базалық еңбекақы, теңге

Қоғамдағы жұмыс стажы

1 жылдан

3жылға дейін

3 жылдан 5жылға дейін

5 жылдан 7жылға дейін

7 жылдан 10 жылға дейін

10 жылдан жоғары

Ең аз шамадағы базалық  еңбекақыдан % - індегі көмек мөлшері,

20%

30%

60%

80%

100%

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

5 топ

7000

7840

8550

10260

11460

1400

1568

1710

2052

2292

2100

2352

2565

3078

3438

4200

4704

5130

6156

6876

5600

6272

6840

8208

9168

7000

7840

8550

10260

11460


 Уақытша еңбекке жарамсіз кездегі жәрдемақы да орташа күндік еңбекақы мен ауырған күндерге көбейту жолымен анықталады (жұмыс күндер ескеріледі). Жұмыс бабымен болған жағдайдағы жасалған жарақат толығымен төленуге тиіс.

Егер есептік мерзім толығымен жұмыс жасалған болса, осы мерзімде есептелген еңбекақымен  сыйақылар 12-ге және айдың орташа жұмыс  күндеріне бөлінеді, осыдан шыққан сома ауырған күндерге көбейтіледі. Егер есептік мерзімде толық жұмыс жасалмаған болса онда нақты істелінген күндер есепке алынады.

 Жүктілік немесе  туу әйелдерге жәрдемақы төленерде  есепке 70 күн және 56 күн алынады. Бұл жерде ешқандай шектелген жағдайлар жоқ, есептелген  жәрдемақылар толығымен төленеді.

 

 

    1. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар есебі.

 

Еңбеақыдан  есептелгеннен кейін занға сәйкес міндетті түрде шектелген ұсталымдар бар, олар :

      • қызметкердің берешегі;
      • бұрын алынған аванс;
      • материалды жауапты адамның берешегі (ондай болса);
      • аванстық есептен берешек (болса);
      • жеке табыс салығы;
      • зейнетақы қорына аударымдар;
      • кәсіподақтық төлемдер (болса);
      • сот қағазы бойынша (болса) т.б..

Осыларға жеке тоқталып кететін болсақ:

Жұмыскерлерге (қызметкерлерге) есептелген еңбек ақыдан:

- Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес міндетті ұсталымдар: бұл – жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары, жеке тұлғалар кірістерінен табыс салығы;

- орындау құжаттары  бойынша өзге заңды және жеке  тұлғалардың пайдасына ұсталымдар: бұл - өндіруге сот шешім шығарған алименттер және басқа да сомалар;

- бүліну (бұзылу), жетпеушіліктен  болған немесе ақаулары үшін  материалдық құндылыққа келтірілген  шығындар;

- жұмыскердің (қызметкердің) өтініші бойынша: уақытында есептеспеген есеп бересілі болып алған сомалар, коммуналдық қызметтер ақысы, несиеге сатып алынған тауарлар үшін займды өтеу сомалары, кәсіподақ жарналары, жеке (өмірді) және мүлікті сақтандыру жарналары ұсталынады.

Қазақстан Республикасындағы  міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібіне сәйкес, жұмыс жасайтын азаматтардың еңбек ақысының 10% мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталып отырады.  

Жеке табыс салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасының Салық Кодексіне сәйкес ұсталынады.

Информация о работе Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі